«Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі»

13 ноября, 2017 14:09

Куспанов Фархат Бегімқанұлы
Ақмола облысы Целиноград ауданы Новоишимка ауылы
№32 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Эссе

«Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі»


Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби «ең бақытты ел-кедейі жоқ ел»-деген екен. Дүние жаралғалы жер бетіндегі барша адамзат баласы бақытты өмір сүруге һәм бақытты ел болуға талпынумен келеді. Мыңдаған жылдармен ұштасқан тарих толқыны да тек қана бәсекеге қабілетті ұлттардың атауын болашаққа жазу мен уақыт көшіне тек таңдаулыларын ілестіруде.

Себебі, уақыт-ұлы күш болса, тарих барша дүниені- елегінен өткізуші сарапшы. Осынау өмірде «қазақ» атауы пайда болғалы ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Қазақ тарихында біз ұялатын еш нәрсе жоқ», Қаз дауысты Қазбек бише айтсақ, «біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз…» қилы замандарды бастан өткеріп жиырма бірінші ғасырдың көшіне тәуелсіз ел болып ілестік. Көш жүре түзетілетінін, тәуелсіздік алғанына 25 жыл болған жаңа Қазақстанның жаңаша келбеті мен болымысы әлемге дәлелдеп үлгерді. Оған таңды – таңға ұрып айтар жетістіктер мен әлем жұртшылығы мойындаған Қазақ елінің атауы жеткілікті. Бүгінгі таңда қалай айтсақ та қазақ топырағы Алланың қалауымен әлемнің озық елдерінің арасында көк байрағы желбіреп, иық теңестіре тұратын қалде. Өзге жұртпен терезесі тең, керегесі кең.

Әрине, әңгімені сонау 1991 жылдан бастасақ та, бүгінмен қостасақта болар еді. Дегенмен, ең басты атап айтарымыз, осының бәрінде, еліміздің көшін сүйреуші, ұлт көшбасшысы, ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі екені анық. Кешегі Әбіштің босағасына біткен бала, күллі қазақ ұлтының бақыты екенін уақыт дәлелдеді. Осынау жаһандану дәуірінде, ақпараттанған заман ортасында ұлт пен тілді, дін мен ділді сақтап қалу өзекті мәселеге айналған тұста, ядролық қарудан бас тартып, әлемге өзінің бейбітшіл ұранымен танымал қазақ елі, бірнеше елдердің өзіне үлгі-өнеге.

Ел басы жүргізіп отырған саясаттың өзі біріккен ұлттар ұйымында мақталып, қазақ көшінің бағыты дұрыс, мақсаты айқын екені әлемдік үлкен додаларда сан мәрте айтылуда. Бір ғана қазақ ұлтын емес, бауырына 130 дан астам ұлттарды сыйдырып, сол ұлттардың діні мен ділінің өркендеуіне жағдай жасап отырған Қазақстанның достық саясаты да бүгінде әлем мойындаған дүние. Тыныштық пен бірлік, достық пен жасампаздық, гуманизм мен рухани жаңғыру бүгінгі еліміздің ең басты ұстанатын алтын ережесі. Елбасының бастамаларын ел үшін туған ерлер қостап, халқы ынтымақта отырған Қазақстан үшін бүгінгі мақсат-дамыған елдердің арасынан мәңгілікке ойып орын алу және мәңгілік ел болып қалу. Ел басы әр сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы бүгінгі ұрпақ пен келешекке ел көшін сүйрейтін білімді, салауатты жастардың қолында екенін айта келіп, жастарға нық сенім білдіреді. Абай айтпақшы, «адамзаттың бәрін сүй бауырым-деп» ізгілікті қоғамды қалыптастыра отырып, өз мүддесі мен мақсаттары айқын, жетік технологиямен қаруланған ел патриоттары болу бүгінгі сіз бен біз секілді жастардың міндеті. Атаның емес, адамның ұлы болып, өз елінің бір тетігіне кірпіш болып қалану да сіз бен бізге бейбіт күнде бұйырған бақыт пен өтелмес парыз.

Дүниеге көк бөрі болып келген, қазақ ұлтты бүгін әлемге барыс көзімен қараған батыл ел, осы елдің әр игі жаңа бастамаларына үн қоса отырып, ел көшін алға жетелеуге үлес қосуға талпынайық.

0

Автор публикации

не в сети 6 лет

ertis

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 07-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля