Ойлы болсаң,озып көр

13 декабря, 2015 17:53

          Сайыстың тақырыбы:

Сайыстың мақсаты:Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға үйрету.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға үйрету.

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі  біздің 3-сынып оқушылары арасында «Ойлы болсаң,озып көр » сайысымызға  хош келдіңіздер.

Сайысқа қатысушыларға сәттілік  тілеп, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Жүктеу: Ойлы болсаң,озып көр 

Бастауыш сынып мұғалімі:

Сайыскерлер екі топқа бөлінген:

  1. « Тұлпар» тобы
  2. «Барыс» тобы

Енді әр топ өздерін таныстырып өтсе

Сайыс мынадай  кезеңдерден тұрады:

1-кезең  «Кім білімді?»

2- кезең   «Тіл-өнер»

3-кезең      «Мені таны»

4-кезең  «Кім ойшыл?»

5-кезең     «Кім жылдам, ұшқыр ойлы»

6-кезең       «  Жорға »

 

1-кезең  «Кім білімді?»

-Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа  бірінші жауап беруге тырысыңдар.

Жауаптарың дұрыс болмаса ,келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға  болады. Сонымен

«Тұлпар » тобына

1.Қыс айларын ата./желтоқсан,қаңтар, ақпан/

2.Зат есім дегеніміз не?/заттың атын білдіретін сөзді/

3.Табиғат нешеге бөлінеді? /2/

4.Шаршы дегеніміз не?/барлық қабырғалары бірдей геометриялық фигура/

5.Ш.Уалиханов кім?/ Саяхатшы, ғалым/

6.Жүз жасаған ақын? / Ж.Жабаев/

7.Бір тәулікте неше сағат бар?/24 сағат/

8.16 желтоқсан қандай мереке?/Тәуелсіздік күні/

9.Отанды сүю неден басталады? /Отбасынан басталады/

  1. Баланың айласы мәтіннің авторы кім? /Ы.Алтынсарин/

«  Барыс     » тобына

1.Көктем айларын ата? /наурыз,сәуір,мамыр/

2Сан есім дегеніміз не? /заттың санын білдіретін сөздерді/

3.Тірі табиғатқа нелер жатады? /өсімдік, адам,жануар/

4.А.Құнанбаев қай жылы туған?/1845-1904/

5.Фигураның ауданын қалай табады? /ұзын*еніне/

6.Биыл Ұлы Отан соғысының неше жылдығын тойлаймыз?/70/

7.Дауыссыз дыбыстар  нешеге бөлінеді? /3/

8.Мәтін нешеге бөлінеді?

9.Қырдан келген жас қазақ әңгімесінің авторы кім?/М. Дулатов/

10.Қазақстан қай жылы Тәуелсіздік алды? 1991 ж 16 желтоқсан

1-кезең бойынша  әр топтың  ұпай санын атап айтсаңыздар сөз өздеріңізде

2-кезең Тіл-өнер

Бұл кезеңді «Тіл-өнер» деп атадық. Мұнда өздеріңнің орыс тілі бойынша қалай оқитындықтарың байқалады. Дайын болайық!

 «Тұлпар » тобына

1.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем-весна/

2.Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң.

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ             /мысық-кошка/

3.Жүз теңгең болғанша, жүз … болсын   /дос-друг/

4.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.   /кітап-книга/

Күнделік партаның ішінде жатыр.

Оқушылар мектепке бара жатыр. /ауызша аудару керек/

«  Барыс »  тобына

1.Футболшының  алаңдағы ойын заты / Доп-мяч/

2.Жеті қазынаның бірі-…….., адамды қорып жүретін досы           /ит- собака/

  1. Әр адамның шағын отаны / Отбасы-семья/

4.Ұшқан ……, жүгірген аң, бәрі тамақ /Құс-птица/

Сызғыш партаның үстінде жатыр.

Оқушылар мектептен келе жатыр.  /ауызша аудару керек/

2-кезең бойынша ұпайларын айтып өтсеңіздер.

3-кезең  «Мені таны»  Әр топқа суреттер көрсетіледі. Әр топқа 2 суреттен ол кісі кім ,қай жылы туған , шығармаларын атап өтсе 10 ұпай, ал тек қана аттарын айтса 5 ұпай.

4 суретті дайындау керек.

3-кезең бойынша ұпайларын айтып өтсеңіздер.

 4-кезең  «Кім ойшыл?»

2-топқа өлең жолдарын беремін. Сол бойынша ойланып сурет салулары керек

Және де бір-біріне көрсету арқылы  қай мәтін немесе өлең жолдары екенін табу керек.

1-топқа Қоян /М.Дулатов/

2-топқа Таза бұлақ /Ы. Алтынсарин/

Сурет салып жатқанда Айзаттың әні

4-кезең бойынша  ұпайларын берсеңіздер

5-кезең     «Кім жылдам, ұшқыр ойлы»

Стақандағы суды төкпей шашпай, екінші стақанға қасықпен тасып құю керек.болған соң есеп шығарып әділ қазыларға апару керек барлығын 1,5 минут ішіндеорындау керек.

1-топқа 64 /8+36/6=

                  300*2+200=

 

2-топқа      81/9+ 6*6=

                     900-600/3=

5-кезең бойынша ұпай сандарын айтсаңыздар.

6-кезең    «Жорға» 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпайға ие болады. 1 сұраққа 1 ұпай

1-топқа «Тұлпар»

1.Сиырдың пірі /Зеңгібаба/

2.Көру мүшесі /көз/

3.Жылқы сөзіне жұрнақ жалғаса кім болады? /жылқышы/

4.Президентіміз кім /Н. Назарбаев/

5.Саусаққа тағатын бұйым / жүзік/

6.Кесінді ұзын ба, түзу ұзын ба? / түзу/

7.Өшіру құралы /өшіргіш/

8.Күй атасы кім? / Құрманғазы/

9.Қосылғыштың мәні / қосынды/

10.Жылдан құр қалған жануар /түйе/

11.Өсімдіктің  негізгі және жер астындағы мүшесі /тамыр/

  1. Басты байлық /денсаулық/
  2. Абайдың әжесі /Зере/

14.9 мамыр қандай күн  /Жеңіс күні/

15.Есту мүшесі /құлақ/

2-топқа  «Барыс»

1.Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады? / сұрақ белгісі/

2.Төрт түлікті ата? / түйе, жылқы, қой, сиыр/

3.Балаларға білім беретін кім? /ұстаз/

4.Ең үлкен таңбалы сан /99/

5.Қой атасы / шопан ата/

6.қыс айларын ата /желтоқсан, қаңтар, ақпан/

7.Адамдардың қатынас құралы / тіл/

8.Қазақтың үш биін ата /Төле би, Қазбек би, Әйтеке би/

9.Жылбасы не? /тышқан/

10.Адам денесінің тірегі /қаңқа/

11.Орман дәрігері / тоқылдақ/

12 7 күн /апта/

13.9 *9 неше? /81/

14 Туынды сөз дегеніміз  не?

  1. Сендер қай жылғысыңдар?/2006/

Осымен сайысымыздың 6-кезеңі аяқталды.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын –өкпе

Әсері қалды жүректе

Қазылар берген бағалар,

Ұштасын айтар тілекке!

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан командалар марапатталады.

Жүктеу: Ойлы болсаң,озып көр 

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля