Радиобайланыс принциптері

13 ноября, 2015 10:46

Сабақтың тақырыбы:  Радиобайланыс принциптері.

 Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға радиотолқындар және радиобайланыс туралы түсінік беру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару икем дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.
в) тәрбиелік: қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: теориялық.
Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, сұрақ – жауап, есептер шығарту.
Сабақтың көрнекілігі: қарапайым радио.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-20 минут

  1. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
    1) Радиотолқындар.
    2) Модуляция.
    3) Детектрлеу.
    4) Радиотолқындардың қолданылуы.
    5) Радиотолқындардың таралуы.
    4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі — 40 минут

ац

Попов Александр Степанович
1888 ж орыс ғалымы А. С. Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми  болжамын ұсынды. Бұл проблеманың  практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика – химия қоғамының мәжілісінде А. С. Попов әлемінде бірінші рет 250м қашықтықта сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.
Поповтың бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италияндық ғалым Г.Маркони  де шұғылданды. Ол 1897 ж.  Электормагнитті толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатындығы жөнінде патентті А. С. Поповтан бұрын алған. Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде өлшейтін синусоидалық электормагниттік тербелістердің аса манызды екенін көрсетті.

Радиобайланыстың дамуының ең маңызды кезеңі 1906 жылы американдық инженер Д. Форестің үш электродты шамды — триодты ойлап шығарумен байланысты. Триод негізінде 1913 жылы өшпейтін электрлік тербелістердің шамды генераторы жасалынды. Соның нәтижесінде электромагниттік толқын арқылы енді музыканы, сөзді, яғни дыбысты қашықтықта тарату жүзеге асырылды. Оны радиотелефондық байланыс деп атады.

Модуляция. Радиотелефон байланысын жүзеге асыру үшін, антенна күшті шығарып тарататын, жиілігі жоғары тербелістерді пайдалану қажет. Жиілігі жоғары өшпейтін гармониялық тербелістерді генератор, мысалы, транзисторлы генератор өндіріп береді. Дыбысты жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді, яғни басқа сөзбен айтқанда, модуляциялайды. Оны жиілігі төмен электр тербелістерінің көмегімен жасайды. Мысалы, жиілігі жоғары тербеліс амплитудасын дыбыстыкіндей жиілікпен өзгертуге болады. Бұл тәсілді амплитудалық модуляция дейді де, ал жиілік өзгерсе жиіліктік модуляция деп атайды.
Детектирлеу. Қабылдағыш ішінде жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістерден жиілігі төмен тербелістерді айырып, бөліп алады. Сигналды осылай түрлендіру процесін детектирлеу деп атайды. Детектирлеу нәтижесінде алынған сигнал, хабарлағыштың микрофонына әсер еткен дыбыс сигналына сәйкес болады. Жиілігі төмен электр тербелістерін күшейтіп алып, дыбысқа айналдырады және басқа мақсаттар үшін де пайдаланады.
Радиотолқындардың қолданылуы
Кез — келген электормагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Радиобайланыс үшін радиотолқындарды пайдаланады. Радиотолқындардың таралуы олардың толқын ұзындықтарына тікелей тәуелді болады. Қысқа толқындар ионосферадан және Жер бетінен көп қайтара шағылады. Қысқа толқындардың көмегімен шалғай аралықтармен радиобайланыс жүзеге асады. Ұзын толқындар жер бетін бойлай сырғанайды. Сондықтан оны шектеулі қашықтыққа пайдалануға болады.
Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп аталады. Радиолакация арқылы нысанның қозғалу жылдамдығын және одан бақылаушыға дейінгі арақашықтықты табуға болады. Радиолокациялық қондырғы – радиолокатор немесе радар – хабарлаушы және қабылдаушы бөліктерден тұрады. Радиолокаторлар ұшақтар мен кемелердің орнын анықтау, ауа райы қызметіне т.с.с. пайдаланылады.
Ол үшін кеңістіктің белгілі бір аймағына бағытталған электромагниттік сигнал тарататын арнайы радиотелескоптың антеннасы қолданылады.
Телехабар. Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес, сонымен қатар кескіндерді де қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Телевизиялық радиосигналдар тек ультрақысқа толқын диапазонында ғана жіберіледі.
Телехабарлық  радиосигналдар тек ультрақысқа толқын диапозонында ғана жіберіледі. Осындай толқындар әдетте антеннаның тікелей көру шегінде ғана тарайды. Сондықтан телехабармен үлкен атырапты қамту үшін телехабар таратқыштарды жиірек орналастыру және олардың антенналарын жоғарырақ көтеру керек.
Космостық радиобайланыс саласындағы жетістіктер «Орбита» делінетін жаңа байланыс жүйесін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл жүйеде ретрансляциялық байланыс спутнигі пайдаланады. «Молния» сериялы байланыс спутниктері аса созылыңқы орбитаға жіберіледі. Олардың айналыс периоды шамамен 12 сағ. Ультрақысқа толқындар ионосфераны тесіп өтеді. Сондықтан олар ғарышкемелермен байланыс жасау үшін пайдаланылады.
Телеграф пен фототелеграф сияқты едәуір ескі байланыс құралдары да жетілдіріліп жаңа мақсаттар үшін қолданылатын болды.
Адам сөйлегенде  дауыс  жилігі  80Гц – тен 12 000Гц, ал есту  мүмкіншілігі 16Гц – тен 20 000Гц аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның  жиілік  аясы     300Гц – тен 3400Гц – ке дейін    болғанда,  сөйлеген  дыбыс деңгейінің  90%, ал сөздің есту анықтылығы  99% табиғи  үнін сақтайды.
5. Жаңа материалды бекіту – 10 минут 
1. Бекіту сұрақтары:
Радиотолқындар дегеніміз не?

Радионы ең алғаш қай жылы кім ойлап тапты?

Радиобайланыс принциптері.

Радиотолқындар толқын ұзындығына байланысты қалай бөлінеді?

Ғарышкемемен байланыс жасау үшін қандай радиотолқынды пайдаланады?

Телевизиялық хабарлар тарату үшін қандай радиотолқындарды пайдаланады?

Радиолокатор және радар дегеніміз не?

 Сабақты қорытындылау-5 минут:
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үй тапсырмасы
Эссе «Радионың падалылығы»

Өте төменгі Милиметрлік, өте жоғары 3-30кГц 100-10км Су асты кемелер, радионавигацияда метерологиялық байланыс үшін
Төменгі Километрлік, ұзын 3-30кГц 10-1км Радио хабарларын 1500-1600м  диапазонында тарату мақсатында
Орташа Гектометрлік, орташа 300кГц-3МГц 1км-100м Радио хабарларын тарату 600-200м диапазонында тарату
Жоғары Декаметрлік, қысқа 3МГц-30МГц 100м-10м Радио хабарларын   75-16м диапазонында тарату мақсатында
Өте жоғары Метрлік, ультрақысқа 30МГц-300МГц 10м-1м Телевидение, радиолакация
Ультра  жоғары Дициметрлік 300МГц-3ГГц 1м-10см Радиорелелі байланыс,  телевидение, радиолакацияда
Шекті жоғары Сантиметрлік 3ГГц-30ГГц 1см-1см Өте жоғарғы жиілікті техника, спутник көмегімен космостықтық байланыста, радиоастрономияда
Гипер жоғары Миллиметрлік 30ГГц-300ГГц 1см-1мм Радиоспектрлік
Дицимиллиметрлік, субмилиметрлік 300ГГц-3ТГц 1мм-0,1мм Космостық байланыста
Ұзын инфрақызыл толқын 3ТГц-30ТГц 0,1мм-10мкм ИК-локация, байланысында
Қысқа  инфрақызыл толқын 30ГГц-300ГГц 10мкм-1мкм ИК — локация, байланысында, физикалық зерттеулерде
Жақын инфрақызыл толқындар, оптикалы толқындар, жұмсақ ультракүлгін 300ГГц-3000ГГц 1мкм-0,1мкм Оптикалық сызықтар көмегімен лазерлік байланыстарда
Ренген сәулеленуі <3000ГГц >0,1мкм Квантты генераторлардың рентгендік сәулеленуінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гаухар Нурсултанова

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля