24 жаста миллионер атанған қазақ баласы

4 августа, 2017 10:58

Былтыр Ақтөбенің 24 жастағы жас бизнесмені Марат Әбиевтің жалпы байлығының көлемі 11 млн. долларға жетіп, Forbes журналының тізіміне кірген болатын.

Марат қалада алғашқылардың қатарында Ресейдің GPS-датчиктер фирмасының дистрибьюторы қызметін атқара бастаған. Көрші елдің өндірісшілері бастапқыда жас жігітке оншалықты сенбей, оның тауар үшін ақыны – 80 мың доллар ақшаны алдын ала төлеп қоюын талап етіпті. Өз кезегінде ақтөбеліктер де Марат ұсынған техникалық жаңалықтардың түгел өтіп кететініне оншалықты сене қоймай, тауар сатылып кеткенше, барлық соманы алдын ала жинап беруден бас тартыпты. Жас жігіт бірден осылай тұйыққа тірелген. Басқа біреу болса, осыдан соң қолын сілтеп кетіп те қалар ма еді, алайда Марат ондайлардың қатарынан болмай шықты. Ол ойлана келіп, тұйықтан шығудың өзіндік жолын табады – фирмадан өздерінің жақсы жүріп тұрған бренді үшін мұның өзінің ЖШС-ның атауын пайдалануды сұрайды. Осыдан кейін-ақ жұмыс жүріп сала береді. Ал Марат сататын заттарын бірнеше есеге ұлғайтып алғаннан кейін ресейлік компания оның серіктестігін бірнеше миллион долларға сатып алады. «10 жасымда көлік жуудан бастадым.

1999 жылы Қазақстандағы дағдарыс кезінде көптеген мұнай компаниялары жабылып жатты. Әкемнің жалақысын қысқартып тастады, ал анамды жұмыстан шығарып жіберді. Сол кезде баламын ғой «неліктен біз макаронды суға пісіріп жей береміз, неге бұрынғыдай ет жемейміз?» деп ойлайтынмын. Анам біз ғана емес, барлығы да сондай қиын шақтарды бастан өткеріп отырғанын айтты. Содан «өзім ақша табамын» деп шештім де базар жанында машина жуып жатқан балалардың қасына барып, қолыма шелек пен шүберек ұстап, машина жуа бастадым. Бір машина жуғанға 200 теңге. Күніне мың теңгедей тауып қуанышпен анама апарып беретінмін. Кейін басқа іске кірістім. Кейін желілік маркетингке ауыстым. Үйіміздің бірінші қабатындағы кеңседе әйел адамдар жиналып, әлдебір заттарды кіргізіп немесе шығарып жататын. Достарыммен алаңқайда футбол ойнап жүріп, әлгілердің істерін қызық көретінбіз. Сосын балалармен «тас, қайшы, қағаз» деген ойынмен бәстесіп, ұтылып қалғанымыз кеңсеге барып ондағылардың немен айналысатынын сұрайтын болды. Жеңіліп қалған мен сол мезеттен коcметика сатумен айналыстым. Тауар сататын өзімнің командамды жинау үшін достарымнан аналарын кеңсемізге келіп, біраз ақпарат тыңдап кетуіне көндіруін сұрап, «сникерс» шоколадын беретінмін. Ал оған анамның тамаққа деп берген ақшасын жұмсадым. Сөйтіп тобымдағы 8 адамның 3-уі белсенді жұмыс істеп, менің пайдама 5 мың доллардай қаражат түсірді. Соны мақтаныш көріп жүрсем, достарым «бұл әйел адамның жұмысы» деп күлген соң, ұялып тастап кеттім оны да», – деп еске алады Марат өзінің алғашқы табысын.

Марат өзі үшін жиналған ақшаның денін шет жақтан – Ираннан табады. Ол парсы жерінде шиеленіс орын алып, елге АҚШ қатты қысым жасап тұрған кезде тәуекелге бел буып, сол жақпен байланысады. Елді экономикалық санкция буып, әлемнің көптеген елдері өз азаматтарын алып кетіп жатқанда, ақтөбелік жас жігіт Тегеранға барады. Мұндағы бизнесін азық-түлік тауарларын жеткізуден бастайды. Артынша бірнеше шетелдік компаниялармен бірге тағы бір тәуекелге барып, азық-түліктен тапқан ақшасына танкер тасып алады. Мұның соңынан осы жақтан мұнай сатып алып, оны танкермен Қытай асырады. Осы операциялар Маратқа жоғарыда айтылған миллиондарды алып береді. Бүгінде М.Әбиев Қазақстанда қалай баюға болатыны туралы «Қазақстандық арман» атты кітапты оқырман назарына ұсынып отыр. Айтқандай, миллионер жігіт әзірге бойдақ. Әке-шешесімен бірге тұрады. Анасы құрылыс саласының маманы көрінеді. Әкесі бизнеспен айналысқан. Он жасында солардың жұмыстары тұрып қалғанда, көмектеспекші болып, өзі де жұмыс істеп көрген Марат бүгінде Forbes журналының тізіміне кірген елдегі санаулы жастардың бірі.

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Амалбек Жайбергенов

0
Комментарии: 0Публикации: 4Регистрация: 14-02-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля