Денсаулықтың әлеуметтік факторлары

7 октября, 2016 13:36

Денсаулықтың әлеуметтік факторлары:

 

Дәрістің жоспары:

  •  Кіріспе, актуальдылық
  •  «Денсаулық» және «қоғамдық денсаулық » ұғымдары
  •  Қауіп факторлары, топтары, түсінігі
  •  «Денсаулық сақтауды басқару» түсінігі
  •  Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау әдістемелігі және зерттеу әдістері
  • Ғылым дамуының қысқаша тарихы
  • Халық денсаулығы және оны зерттеу әдістері

 

Медицинадағы мамандықтардың көбісі әртүрлі ауруларды, олардың симптомдарын, клиникалық көріністерін және олардың асқынулары, диагностика және емдеу тәсілдерін оқиды. Осы немесе басқа аурулармен ауырғандар реабилитациясы, аурулардың профилактикасының негізгі тәсілдері туралы сирек жазылады.

Медициналық әдебиетте «рекреация» термині, яғни денісау адамдардың денсаулығынсақтауға бағытталған емдеу-сауықтандыру, профилактикалық  шаралар кешені туралы тіпті сирек жазылады. Адам денсаулы.ы, оның критерийлері, күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда оны нығайту және сақтау жолдары Қазақстан денсаулықсақтау және қазіргі медицина қызығушылық сферасында жоқ. Осымен байланысты қоғамдық денсаулық туралы айтпас бұрын, «денсаулық» терминіне анықтама беріп,бұл иерархиядағы қоғамдық денсаулық орнын анықтау қажет.

Сонымен, Бүкіләлемдік денсаулықсақтауды ұйымдастыру (БДҰ) 1948 жылы «денсаулық – аурулардың және физикалық дефектілердің жоқтығы ғана емес сонымен қатар рухани және әлеуметтік жағдайының жақсы болуы » деген анықтамасын берді.

Денсаулықты оқудың 4 деңгейін бөлу қарастырылған:

  1. – жеке адам денсаулығы.
  2. – этникалық немесе кіші топ денсаулығы – топтық денсаулық.
  3. – тұрғындар денсаулығы, яғни нақты административтік – аумақтық бірлікте (аудан,қала,облыс т.б.) тұратындар.
  4. – қоғамдық денсаулық – қоғам ел тұрғындарының, континент, әлем денсаулығы.

Қоғамдық  денсаулық  және денсаулықсақтау өзіндік медициналық ғылым ретінде профилактикалық қызмет көрсетудіөңдеу мақсатымен тұрғын денсаулығына қоршаған орта жағдайларының және әлеуметтік фактор әсерін оқиды. Қоғамдық  денсаулық  және денсаулық сақтау әртүрлі медициналық аспектілердің (әлеуметтік, экономикалық, басқармалық т.б.) кең шеңберін оқумен айналысады.

Түсініктің келесі анықтамасы анықталған: «Қоғамдық  денсаулық  — өмір қауіпсіздігін және сапаның оптимальдік деңгейін қамтамасыз ететін, тұрғындардың өмір салтын және қоршаған ортаәртүрлі факторлардың әсерімен негізделгенелдің маңызды әлеуметтік – экономикалық потенциалы».

Әртүрлі клиникалық  пәндерге қарағанда қоғамдық  денсаулық  жеке алынған индивидумдардың емес, ұйымдардың денсаулық жағдайын оқиды. Бұнда өмір жағдайы, өндірістік қатынас экономикалық кезеңдер жағдайын анықтаушы болып табылады.

Физика, химия, биология саласындағы ұлы ашушылар, тұрғындардың 20 ғасырдағы урбанизациясы, көптеген елдердегі өнеркәсіптердің дамуы, құрылыстың үлкен көлемдері,  ауыл экологиясының химизациясы тұрғын денсаулығына әсер етіп өзінің жайылымы бойынша эпидемиологиялық сипатқа ие болатын аурулар тұдырады.

Ғылыми – техникалық прогресс және қоғамдық  денсаулық жағдай арасындағы антропогонистік қарама-қайшылық біздің елімізде профилактикалық шараларды мемлекеттің бағалау салдарынан туындайды. Осыған орай  біздің ғылымның тапсырмаларының бірі болып осындай  қарама – қайшылықтарды шешу және қоғам денсаулығына кері әсерін тигізетін негативті көріністер мен факторларды профилактикасы бойынша ұсыныстарды өңдеу болып табылады.

Халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуы үшін тұрғын саны туралы ақпарат, оның болжалдарын анықтау маңызды орын алады. Қоғамдық  денсаулық   демографиялық процестерді  зерттей отыра тұрғын дамуының заңдылықтарын  анықтайды, перспективаны болжайды, тұрғын санын мемлекеттік болжау бойынша ұсыныстарды өңдейді.

Сонымен қоғамдық денсаулық бір уақытта әлеуметтік, тәрбиелік, биологиялық, геофизикалық  және т.б. факторлардың комплекстік әсерімен сипатталады. Бұл факторлардың көбісі қауіп факторы ретінде анықталуы мүмкін.  Аурудың қауіп факторлары дегеніміз не?

Қауіп факторы – аурулардың даму мүмкіншілігін жоғарылататын, олардың асқынуын және жағымсыз аяқталуын тудыратын өндірістік және қоршаған ортаның әлеуметтік, экологиялық, генетикалық, биологиялық, тәртіптік сипаттағы потенциалды қауіпті факторлар.

Аурудың тікелей себептеріне қарағанда (бактериялар, вирустар, микроэлементтер жеткіліксіздігі т.б.) қауіп факторы туындауына және ары қарай дамуына жағымсыз фон тудырады.

Қоғамдық  денсаулықты оқыған кезде факторларды келесі топтарға біріктіреді:

  • Әлеуметтік – экономикалық факторлар, (еңбек, тұрғын жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі, тамақтану сапасы және деңгейі, демалыс т.б.)
  • Әлеуметтік биологиялық факторлар (жасы, жынысы, тұқымқуалаушылық т.б.)
  • Экологиялық және табиғи – климаттық факторлар (тұрғын ортаның ластануы, орташа жылдық температура, экстремальдік табиғи – климаттық фактордың саны т.б.)
  • Ұйымдастырушылық және медициналық факторлар (тұрғындардың медициналық көмекпен қамтуы, медициналық көмек сапасы, мадициналық — әлеуметтік көмек т.б.)

РАМН академигі Ю.П. Лисицын денсаулықтың қауіп факторларын негіздейтін әсер ету деңгейлерін және топтамасын келтірген (кесте№1)

Факторларды сол немесе басқа топтарға бөлу шартты түрде алынған.

 

 

Денсаулық қауіп факторларын негіздейтін топтама.

Факторлардың денсаулыққа әсер ету сферасы. Қауіп факторлардың топтары Қауіп факторлардың үлестік салмағы %
Өмір салты Темекі шегу, ішімдікті пайдалану,балансталмаған тамақтану, стресстік жағдайлар,зиянды еңбек жағдайлары,гипадинамия, жаман материалдық тұрмыстық жағдай,дәрі-дәрмектерді шамадан тыс қолдану, жанұялық жағдай,жалғыздық,төмен мәдениеттік және білім деңгей. Урбанизацияның жоғары деңгейі. 49-53
Адам генетикасы, биологиясы. Тұқымқуалаушылық, дегенеративтік ауруларға бейім болу. 18-22
Қоршаған орта. Судың, топырақтың,ауаның канцерогендік және т.б. зиянды заттармен ластануы. Атмосфера көрінісінің кенеттен ауысуы.  Радиациялық, магниттік және т.б. жғары сәулелену. 17-20
Денсаулық сақтау Профилактикалық шаралардың әсерсіздігі медициналық көмектің  төмендеуі сапасы медициналық көмекті уақытында көрсетпеуі. 8-10

Медициналық ғылымның дамуы дәрігерді жаңа диагностика тәсілдерімен, емдеудің әсерлі заттарымен қамтамассыз етті. Осының барлығы бір уақытта дәрігерлер қызметінің жаңа ұйымдық формалардың өңдеуін талап етті.; Сонымен ғылымда басты орын алатын сұрақ болып барлық шаралардың тұрғын денсаулығына әсер етуін  оқу табылады. Бұл пән елдің қоғамдық әлеуметтік-экономикалық өмірінің маңызын ашады және тұрғындардың медициналық қызмет көрсетуін жетістіру жолдарын анықтайды.

Қоғамдық  денсаулық   және денсаулық сақтау туралы ғылымның екінші бөлімі денсаулық сақтауды басқарудың оптимальдік тәсілдерін, медициналық мекемелердің жұмысының жаңа формалары мен тәсілдерін, медициналық көмектің сапасын жақсарту жолдарын (ғылыми негізделген) өңдеу туралы.

Қоғамдық  денсаулықтың және денсаулық және денсаулық сақтауды зерттеудің өзіндік методологиясы мен тәсілі бар. Олар: статистикалық, тарихи, экономикалық , экспериментальдік, хронометражды зерттеулер, әлеуметтік әдістер т.б.

Статистикалық әдіс – көптеген зерттеулерде кеңінен қолданылады. Ол елді мекен денсаулығын және жұмыстың сапасын сонымен қатар әсерлілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тарихи әдіс. Әртүрлі тарихи даму кезеңдеріндегі оқылатын мәселені бақылап зерттеуге мүмкіндік береді.

Экономикалық әдіс. Жергілікті халықтың денсаулығын, мемлекеттің құрамдық пайыздылығының өте тиімді жолдарын анықтауға, Экономикалық денсаулық сақтауға және денсаулық мемлекет экономикасына ықпал жасауына мүмкіндік береді.

Медициналық мекемелерде және денсаулық органдарындағы қаржылық қызметтерді талдау сұрақтары, ақша қорын орынды шығындау, жергілікті халықты сауықтыру жөнінде денсаулық сақтаудың нәтижелі әрекетінің бағасы, осы әрекеттің экономикадағы әсері – барлығы денсаулық сақтау төңірегіндегі экономикалық пәнді құрайды.

Экспериментті әдіс. Жаңа эксперимент іздеу нәтижесінде медициналық мекемелерде және денсаулықсақтау қызметтерінде жаңа жұмыс тәсілін, формасын қосып алады.Көптеген зерттеулердекөрсетілген тәсілді қолданумен жүретін кешенді әдістемені айрықша қолданатынын айта кету кереу. Егер амбулаторлық емханалардың деңгейін, жағдайын халыққа көмегін және оның толық жетілдіру жолдарыноқуды үйрену міндеттелсе, ол статистикалық әдіс жергілікті халықтың сырқаттанушылығын, оның емханаларға хабарласу жиілігінен үйретіледі,оның түрлі кезеңдегі динамикасы, деңгейі тарихи талданады.

Зерттеуде хронометраждық зерттеулер тәсілдері қолданылуы мүмкін (медициналық персонал, жұмыстың хронометражы,уақыт жұмсауды талдау және т.б.) Сирек әлеуметтік тәсілдер пайдаланылады.(сухбат алу, анкеталық әдіс), ол оқу обьектісі туралы халықтың пікірін алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі болып емдеу – профилактикалық мекемелердің есеп беру құжаттары табылады; тереңдете зерттеу үшін материал жасау арнайы өңделген карталарда жүргізіледі.

Әлеуметтік —  гигиеналық зерттеуде тұрғындар денсаулығы және қоғамдық денсаулық алдынғы жылдары денсаулықты сандық бағалау туралы болды. Шынында, көрсеткіштер, индекс және коэффициенттер көмегімен әрқашан ғылыми зерттеулерде өмір сапасын бағалауға тырысты. «Өмір сапасы» термині отандық ғылыми әдебиетте соңғы 10-15 жылда қолданыла бастады.

БДҰ (1999ж) анықтауы бойынша, өмір сапасы — өзіндік реализация және жақсылыққа жету үшін мүмкіншіліктер беріледі және олардың қажеттіліктері (физикалық, эмоциялық, әлеуметтік және т.б.) қалай қанағаттандырылады, тұрғындармен және жеке адамдармен қабылдау дәрежесі және оптимальдік жағдай.

Біздің елімізде өмір сапасы деп өмірлік қамтамасыздандырылу жағдайларын және денсаулық жағдайын түсінеді.

Әлемде жалпы қабылданған «Денсаулық сапасы» түсінігінің жоқтығына қарамастан «Өмір сапасы» түсінігінің маңызды құрамдасы болып табылатындықтан қоғамдық денсаулыққа кешенді баға беруге тырысады (сапалық және сандық).

Қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау оқыту пәні ретінде болашақ мамандарды (дәрігерлерді) дайындау сапасын жоғарылатуға әсерін тигізеді; оларда тек дұрыс диагноз қойып және дұрыс ем тағайындау дағдыларын ғана емес сонымен қатар, медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұйымдастыру қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Медицинаның әлеуметтік мәселелері атақты оқымыстыларды да қызықтырды – Гиппакрат, Авицена, Аристотель, Везалиий т.б.

Ресейде әлеуметтік медицинаның дамуына  М. В Ломоносов, Н. И Доброславин,  Ф. Ф Эрисман үлкен үлес қосты.

20 ғасырдың екінші жартысында   Ресейде алғы интелегенция, фабрика – зауыттық медицина өкілдерінің қоғамдық қозғалысының әсерінен, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау туралы оқу пәне және ғылым негізі қалыптаса бастады. Қазан университетінде 19 ғасырдың 60 жылдарында проф. А. В. Петров студенттерге әлеуметтік гигиена және қоғамдық денсаулық бойынша дәріс оқыды. 19 ғасырдың аяғында Ресейдің көптеген университеттердің медицина факультеттерінде (Санкт-Петербург, Москва, Киев, Харьков т.б.) қоғамдық гигиена курстары оқылды. Сонымен қатар медициналық география және медициналық статистика. Бірақ бұл курстар эпизодикалық болды, жиі басқа пәндер құрамына кірді. Тек 1920 жылдан Германияда Берлин университетінде әлеуметтік гигиена кафедрасы ашылды. Бұл кафедраның оның негізін қалаушы неміс оқымыстысы социал-гигиенист проф. Альфред Гротьян басқарды. Осылай әлеуметтік гигиена ғылымы және өзіндік пән тарихы басталды. А. Гротьян кафедрасының соңынан Германия университетері және т.б. Еуропа елдерінде анологиялық кафедралар ашыла бастады. Олардың жетекшілері (А. Фишер, С. Нейман, Ф. Принцинг, Э. Ресле т.б.) ғылыми зерттеу жұмысын қоғамдық денсаулық және медициналық статистиканың маңызды мәселелерін өңдеуге бағыттады. әлеуметтік гигиненаның (Ресейде 1941 жылы осылай аталды) Кеңес билігі кезіндегі дамуы кеңес денсаулық сақтауының ірі ғалымдардың Н. А Семашко, З. П соловьева есімдерімен байланысты. Олардың қалаулары бойынша әлеуметтік гигиена кафедрасы ашылды.

Мұндай алғашқы кафедра 1922 жылы Н. А Семашко көмегімен 1 МГУ медициналық факультетінде ашылды. 1923 жылы З. П соловьева жетекшілігімен 11 МГУ да ашылды және А. Ф. Никитин прфессордың жетекшілігімен 1 Ленинград медицина институтында ашылды. 1929 жылға дейін мұндай кафедра барлық медициналық институтында ашылды.

1923 жылы әлеуметтік гигиенаның мемлекеттік институты ашылды, ол денсаулық сақтауды ұйымдастыру және әлеуметтік гигиена барлық кафедраларының ғылыми ұйымдастырушылық базасы болып кетті.

Социал – гигиенист оқымыстыларымен 20ғасырдың 1 жартысында ресейдегі санитарлық демографиялық процестерді оқу бойынша маңызды зерттеулер жүргізіледі. (А.М.Мерков, С.А. Томилин, П.М. Козлов, С.А. Новосельский, Л.С.Каминский және т.б.), тұрғындар денсаулығын оқудың жаңа тәсілдері өңделуде(П.А Кувшинников, Г.А. Баткис,). 30 жылдары Г.А. Баткис барлық медицина институттарының әлеуметтік гигиена кафедраларына оқу құралын шығарды.

ҰОС жылдары әлеуметтік гигиена кафедралары «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы» деп аталды. Бұл жылдары кафедраның бүкіл назары фронтты медициналық – санитарлық қамтамасыздандыру және тылда медициналық көмекті ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың өршулерін алдын-алу сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра жұмысы денсаулық сақтаумен қарым – қатынастарын нығайтуға арналды.

20 ғасырдың 2 жартысында ғылымның дамуына және оқытуға З.Г. Френкель, Б.Я. Смолевич, С.В. Курашев, Н.А.Виноградов, А.Ф.Серенко, С.Я.Фрейдлин, Ю.А. Добровольсвий, Ю.П.Лисицын, О.П.Щепин т.б. үлкен үлес қосты.

2000жылы кафедралар қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау деп аталды.

Отандық денсаулық сақтаудың дамуының қазіргі сатысында оның шаруашылықтандыру және қаржыландырудың жаңа экономикалық механизмдерін, жаңа құқықтық қатынастарына енгізгенде медициналық сақтандыруға өтуде болашақ дәрігерден тәжірибелік ұйымдастырушылық  дағдыларды және теориялық білімнің көлемділігін талап етеді. Әр дәрігер жақсы ұйымдастырушы болу керек, оған тәуелді медициналық персонал жұмысын нақты ұйымдастыру керек, экономика және басқару элементтерін білу керек. Бұл тапсырманы орындауда маңызды роль қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау кафедралары атқарады.

Тұрғындардың денсаулығы және оны оқудың тәсілдері.

Денсаулық түсінігі, оны бағалау, әлеуметтік негізделуі.

Қазіргі әдебиеттерде «Денсаулық » түсінігінің 100 аса анықтамалары бар олар жиі келесі формулировкаларға сай келеді:

  1. Денсаулық – аурулардың жоқтығы.
  2. Денсаулық және норма – терең түсінік.
  3. Денсаулық морфологиялық, психоэмоционалдық құраушылардың бірлігі ретінде.

Бұл түсініктер ортақ болып аурудан жақсы қарама-қарсылық ретінде түсіндіріледі, яғни «Денсаулық» түсінігі әлі күнге дейін «Дені сау емес» түсінігі арқылы түсіндіріледі. Сонымен, медицина және оның теориясы патология билігінде қалып отыр.

Қазіргі уақытта бұрыннан белгілі патология теориясымен қатар жаңа теория, денсаулық теориясы – санология – валеология дамуда.

Денсаулық ресурстары дегеніміз-  бұл ағзаның денсаулық балансын  қолайлы жағына қарай өзгертудегі морфофункциональдық жәнне психологиялық мүмкіндіктері. Денсаулық ресурстарын жоғарлату бүкіл Салауатты өмір   салтын сақтау шараларымен қамту болып табылады ( Тамақтану, физикалық жүктемелер, демалу және т.б.).

Денсаулық потенциалы дегеніміз- жеке адамның сыртқы  орта  әсерлеріне тұрақты үйрену мүмкіндіктерінің жиынтығы. Сыртқы орта реакцияларына тұрақтылық барлық жүйелердің   компенсаторлы — қабілеттілігіне  ( жүйке жүйесінің, эндокринді және   т.б.) және психиканың өзін-өзі реттеу механизміне негізделеді. (психологиялық қорғану және т.б.)

Денсаулық балансы дегеніміз – денсаулық потенциалы және оған әсер ететін факторлар арасындағы тепе- теңдік жағдайы.

Адам денсаулығы әртүрлі аспектілермен қарастырылады: әлеуметтік – биологиялық, әлеуметтік — саясаттық, экономикалық, моральды —  этикалық,  психофизиологиялық және т.б. Жалпы түрде денсаулықтың ауруларын анықтауға болмайды, тек адамдардың денсаулығын және ауруларын  бөліп қарастыру керек. Бұл адамға тек биологиялық, тірі организмге жақындасу емес, ол тіршілікке  био-психо-әлеуметтік түрде байланыс орнату болып табылады. Қазіргі адамдардың денсаулығы эволюция барысында  дамыған homo  sapiens түрінің нәтижесі болып табылады, бұл әлеуметтік факторлардың әсері осы түрге көбірек әсер еткенін көрсетеді. Олардың рөлі цивилизация дамуының барлық кезеңдеріне әсер етуі өсіп отырды.

Адам денсаулығы табиғаттың жаратылысы ретінде қарастырылады. Бірақ  әлеуметтік процестерге байланысты адам  денсаулығы өзгеріп отырады, ал табиғат заңы тек адамның фолрмалық қасиетін сақтап қалады. Адамның әлеуметтік және биологиялық ара қатынасы —  табиғатты танудың және денсаулығының сипаттамасын, сонымен қатар  биологиялық — әлеуметтік  категориясы  бойынша анықталатын ауру түрлерін  түсінуге  мүмкіндік береді. Бүкіл  дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында қабылданған денсаулық анықтамасы: Денсаулық- бұл тек физикалық кемістіктерімен арулардың жоқ болуы ғана емес, толық физикалық жан дүниелік және әлеуметтік жағдайлары. Денсаулық сақтау ұйымының құжаттарында көрсетілгендей, қоғам денсаулығы- бұл әлеуметтік сана. Қоғамдық денсаулықты бағалау үшін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі көрсеткіштерді тағайындайды:

  1. Ұлтық денсаулық сақтауға өнім бөлу
  2. Біріншілік медико- әлеуметтік көмек көрсетуге жағдай жасау
  3. Тұрғындарға медициналық көмек көрсету
  4. Тұрғындарды иммунизациялау дәрежесі
  5. Жүкті әйелерге арнайыландырылған мамандарға тексерілуге мүмкіндік жасау
  6. Тамақтану, соның ішінде балалардың тамақтану жағдайлары
  7. Балалар өлімінің дәрежесі
  8. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы
  9. Тұрғындардың гигиеналық сауатылығы

Топтың денсаулығын, тұрғындар денсаулығын және қоғамдық денсаулықты медико-әлеуметтік тексеруге келесі негізгі индикаторлар немесе көрсеткіш топтары қолданылады:

  1. Медико- демографиялық көрсеткіштер
  2. Арушаңдықтың көрсеткіштері
  3. Мешелдік акөрсеткіштері
  4. Тұрғындардың физикалық даму көрсеткіштері

Денсаулықтың әлеуметтік қамтылуын бағалаған кезде бірінші  ретте  өзіндік белгілерін, оған әсер етуші әлеуметтік  қауіп  факторларын, яғни организмнің компенсаторлы- бейімдеушілік механизмінің бұзылуын және патологиялық жағдайдың дамуын есте ұстаған жөн .

Демографиялық көрсеткіштер.

«Демография » термині гректің demos –халық, тұрын,  grapho – жазу, суреттеу сөздерінен шыққан. Сондықтан, демография- бұл тұрғындар туралы ғылым. Демографияның негізгі мәселелеріне халықтың жергілікті орналасу процестері мен тенденциялары, халықтың әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайлары, салт-дәстүрлері, экологиялық, медициналық құқықтары мен басқа факторлары кіреді. Өмір сүру жағдайлары ұқсас сол немесе басқа елдердің немесе сол территория бөлігі(облыс, аймақ, аудан, қала), мемлекет тобы, бүкіл әлем халқының жиынтығын құрайды(ел тұрғындары). Халықтың ең басты мәселесі-оның денсаулық жағдайы болып табылады.

Жалпы демография(экономикалық) және әләуметтік медицинадан медициналық демография ғылымы бөлініп шықты. Медициналық демография ғылымының атақты маманы профессор М.С. Бедный(1984) жазды: «Медициналық демография бұл-адамның денсаулығына және оның өзгеру тенденцияларына әсер ететін сапалық аспектілері, яғни адам популяциясының әлеуметтік және табиғи факторларымен қарым-қатынасын оқытатын ғылым».

Тұрғындарды статистикалық оқыту екі басты бағытта жүргізіледі:

  1. Тұрғындар статикасы.
  2. тұрғындар динамикасы.

Тұрғындар статикасы дегеніміз-белгілі уақыт аралығындағы тұрғындардың сандық құрамы. Тұрғындар құрамы негізгі белгілермен анықталады:жынысы, жасы, әлеуметтік тобы, мамандығы және оқуы, жанұялық жағдайы, ұлты, тілі, мәдениетілігі,сауаттылығы, білімділігі, мекен етуі, географиялық таралуы және тұрғындар тығыздығы.

Тұрғындар динамикасы дегеніміз – тұрғындардың қозғалысы мен  санының өзгерісі. Халықтың сандық өзгерісі миграция процестерінің әсерінен, механикалық қозғалыстан болады.  Сонымен бірге халық саны туылу мен өлімнің нәтижесінде өзгереді. Барлық елдерде нәрестелер өлемін бөлек қарастарады. (Бір жасқа дейінгі балалар өлімі) Табиғи қозғалыстың негізгі көрсеткіші ретінде келесілер қолданылады: түсік тастау,аналар өлімі,перинатальді өлім,әр түрлі жағдайлар бойынша өлім құрылымы және т.б.

Халық статикасы.

Халықтың сандық құрамын анықтауда басты сенімді негізгі әдіс ол халықты кезекті тіркеу болып табылады.Ең алғаш халықты тіркеу б.з,д.238жылы Қытайда жүргізілген.1846жылы Бельгияда еңбірінші халықтың ғылым принциптерінен негізделген тіркеу жүргізілген.Русте рациональды салық төлеу мақсатында халықты шаруашылық емес тіркеу жүргізілді.(үй,көше бойынша).

Ресейде   1918жылдан 1860 аралығында он тексеру жүргізілді «Кімде қанша  ерлерге арналған жуыну бөлмесі бар ».

1897жылы  Ресейде  жалпы тұрғындарды тіркеу жүргізілді.

ХХ ғғ бойы біздің елде жалпы сегіз тіркеу жүргізілді|: 1920,1926,1937,1939,1959,1970 және  1989ж.

Сонғы тіркеу Қазақстанда 1999 жылы  жүргізілді

Тіркеу алдында әлеуметтік- демографиялық таңдау жүргізіледі; ол тіркеу аралық кезеңінде халық құрамының өзгерісін байқауға мүмкіндік береді, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік дамуытуды жоспарлауға әсерін тигізеді. Таңдамалы әлеуметтік – демографиялық тексеру кең түрдегі  бағдарлама бойынша жүргізіледі және халық денсаулығын оқудың ақпаратты көзі болады, денсаулықты сақтауда әртүрлі  қызметтерді жоспарлауда қолданылады.

Тұрғындардың санына  ағымды баға беру жылына әр бір тіркеу аралығында жүргізіледі, ол жалпы жыл сайын туылатын және сол территорияға көшіп келушілер, өлім саны және көшіп кетушілер санымен анықталады.

Халық санын анықтау сол уақытта тұрып жатқан халық санымен анықталады, уақытша тұрғындармен қоса тұрақты тұрғындар қатарына белгілі бір территорияда үнемімі тұратындар уақытша тұрғындардан басқасы халықтың орташа жылдық саны.

Сол жылдың нәтижесі бойынша алынған бағадан  бастапқы және соңғы арифметикалық нәтижесімен анықталады.

0-14, 15 – 49,  50  жас және одан жоғары жастағы адамдар өсуші типтгеі тұрғындар қатарына жатады. Өсуші құрамы бойынша тұрғындар прогрессивті, регрессивті, стационарлы типтерге бөлінеді.

Егер 0-14  жас аралығындағы балалар 50 және одан жоғары жастағы халықтан көп болса, прогрессивті тип деп аталады.

Егер елу жас және одан жоғары жас аралығындағылар балалар санынан артса, регрессивті тип деп аталады.

Егер балалар саны мен елу және одан жоғары жас аралығындағы санымен тең болса, ол стационарлы типтдеп аталады.

Көптеген елдердің көзқарасы бойынша елу жастағылар еңбекке қабілетті топ болғандықтан өсуші құрамды анықтауда қоспайды.  Сондықтан, көптеген ғалымдар демографиялық қартаюды алпыс жас  және одан жоғарыларды  есепке алуды ұсынған. Егер жалпы халық санының 12% 60 және одан жоғары жастағы адамдар болса, онда бұл демографияның қартаю типі болып саналады. Тұрғындардың статика көрсеткіштері тәжірибелік денсаулық сақтауда маңызды  болып саналады.

Олардың маңыздылығы:

  • Халықтың табиғи қозғалыс көрсеткіштерін санау ;
  • Денсаулық сақтауды жоспарлау жүйесі;
  • Амбулаторлы- поликлиникалық және стационарлық көмек, жалпы және арнайыланған түрде;
  • Денсаулық сақтау мекемелері мен мүшелеріне сандық көрсеткіштерді санау;
  • Эпидемияға қарсы жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.

Әр бір амбулаторлы- поликлиникалық мекемелер өз ауданындағы халық санын және құрамын білу керек.

Халықтың механикалық қозғалысы.

Халықтың механикалық қозғалысы барлық адамдардың  көшіп қону нәтижесінде болады.

Миграция сөзі латын тілінен аударғанда орын ауыстыру деген мағана береді.

Сонымен, халықтың көшіп қонуы дегеніміз- бұл адамдардың тұрғылықты жерін ауыстыру. Миграция: Қайтымсыз яғни тұрғылықты жерін тұрақтандыру; уақытша- ұзақ уақытқа бірақ шектелген мезгілге орын ауыстыру; маусымдық- жылдың белгілі уақытында орын ауыстыру; маятниктік- үнемі жұмыс барысымен немесе оқу білім алуы бойынша орын ауыстырып жүруі. Сонымен қатар, сыртқы миграция – мемлекеттен тыс көшу, ішкі миграция — мемлекет ішінде орын ауыстыруды ажыратады.

Сыртқыға эмиграцияны жатқызамыз – азаматтардың  өз мемлекетінен басқа мемлекетке кетуі; Иммиграция  дегеніміз —  сырттан басқа мемлекеттен осы мемлекетке келуі.  Ішкі миграцияға аудан аралық, ауыл аралық көшуі, сонымен қатар ауыл тұрғындарының қалаға көшуі жатады, бұл урбанизация  процесінің құрамды бөлігі  болып саналады .

Урбанизация – қоғам дамуындағы қала рөлінің жоғарлау процесі. Урбанизацияның басты әлеуметтік белгісі  Қалалық қатынастар, Халықтың өмір сүруі, мәдениеті, құрылымдық күштердің  таралуы, орналасуы. Урубанизация көрінісі болып қалалардағы  индустрияның  дамуы, олардың мәдеинеттілік және саясаттылық қызметінің дамуы жатады. Ауыл тұғындарының қалаға көшуі, халықтардың маятникті қозғалысы, кішігірім қалалардан үлкен қалалрға  көшуі урбанизацияға тән.

Лиграциондық процестерді бағалау үшін көрсеткіштер қатары саналады.  Жиі қолданылатын көрсеткіштер: Мың тұрғынға көшіп келу саны, мың тұрғынға көшіп кеткендер саны, миграциондық  өсу, миграцияның эффективті коэфиценті. Бұл көрсеткіштер келесіде саналады:

Миграциондық өсу = келушілер саны – кеткен саны

Миграциондық өсу абсолюттік  және салыстырмалы есептелу  мүмкін.

Келушілер ( кетушілер) саны  мың =  келушілер саны / тұрғындардың орташа жылдық саны * мың.

Эффективтілк коэффициенті = миграциондық өсу / келушілер мен кеткендер қосындысы  * жүз %

Миграциондық процестерді оқу практикалық денсаулық сақтауда  маңызды болып табылады , атап айтқанда:

 

  •  Урбанизация процесі экологиялық жағдайды өзгертеді, жоспарлы медициналық көмек көрсетуді талап етеді медициналық мекемелер жүйесін өзгертеді, сырқаттанушылық пен өлім санының  құрылымын, ауданның эпидемиялық  жағдайына әсер етеді, туылу өзгерістеріне алып келеді;
  • Маятникті миграция жұқпалы аурулардың таралуын жоғарлатады, күйзелістік жағдайлардың өсуіне, жарақаттануды жоғарлатады;
  • Маусымдық миграция денсаулық сақтау мекемелерінің түсетін маусымдық ауырлықтың тепе теңсіздігін тудырады, халықтың денсаулық көрсеткіштеріне әсер етеді;
  • Түпкі халықтың денсаулық көрсеткіштері мигранттардың денсаулық көрсеткіштерінен ерекшеленеді.

 

Тұрғындардың табиғи қозғалысы

Медицина жұмыскерлері үшін табиғи қозғалыстың көрсеткіштері маңызды, оның ішінде туылу көрсеткіштері.

Туылу

Туылу бұл биологиялық  факторлар негізінде организмнің өзінен кейін ұрпақ қалдыру қабілеттілігі, яғни жаңа ұрпақтың пайда болу процесі.Қоғамда туылудың көрсеткіші тек биологиялық жағдайларға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік экономикалық процесттерге , өмір сүру жағдайына, салт дәсүріне, ұлттық құрамдарға  және басқада факторларға тәуелді.Туылудың интенсивтілігін анықтауды туылу  көрсеткіштерін қолданалады.Туылудың жалпы коффиценті  мына формула бойынша есептеледі.

 

1 жыл ішінде

Жалпы туылғандар саны

___________________________________ *1000

Халықтың орташа жылдық саны

 

Бірақ бұл процестің итенсивтілігін толық нақты бермейді, тек салыстырмалы жобасын береді.

 

1991 – 2007 жж Қазақстандағы туылудың динамикалық көрсеткіштері.

 

Жыл 1991 1995 2000 2003 2005 2007
Туылу көрсеткіші

 

Бұл өсуші интервал генеративті немесе әйелдердің жүкті болу кезеңі деп аталады.

Туылудың саны өсуші интервалға дейін және одан кейін де өзгеріссіз.

Сонымен қатар туылудың көрсеткіші жүктіліктің көрсеткішімен  анықталады. Әйелдердің генеративті кезеңі шартты түрде жеке интервалдарға бөлінеді.(15-19, 20- 24, 25- 29, 30-34, 35-39, 40-44, 45-49 жас).

Жүктіліктің жалпы коэффиценті келесі формуласымен анықталады .

1 жыл ішінде

ТУЫЛҒАНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ

____________________________________*1000

  • ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ

Орташа жылдық саны

 

ЖАС БОЙЫНША  ЖҮКТІЛІК КӨРСЕТКІШІ КЕЛЕСІ ФОРМУЛА БОЙЫНША ЕСЕПТЕЛЕДІ

 

Жасына сай әйелдердің туу саны

___________________________________________*1000

Жасына сай әйелдердің орташа жылдық саны

 

Туылу көрсеткіштері демография жағынан емес, медико әлеуметтік критериймен тұрғындарда қалпына келтіруде маңызы зор

 

Барлық балалар туылған кезінен  бір айға дейін туылу жеріне байланысты немесе ата анасының мекен жайына байланысты АХАЖ мекемелеріне тіркелуі тиіс.

ӨЛІМ

Белгілі жергілікті аймақты әлеуметтік,демографиялық бағалау үшін тек қана туылу көрсеткішін ғана емес өлім көрсеткіштеріде саналады. Туылу мен өлім көрсеткіштерінің өзара байланысы болып бір ұрпақтың басқа тұрғындарда үзілісіз қамтуы. Салыстырмалы өлімге баға беру жалпы өлім көрсеткішіне байланысты, ол келесі формуламен есептеледі.

 

1 жыл ішінде жалпы өлгендер саны

Өлімнің жалпы коэфициенті = _______________________________*1000

Тұрғындардың орташа жылдық саны.

 

 

 

Әдебиет :

 

  1. Ю.П. Лисицин, Н.В.Полунина «Общественное здоровье и здравоохранение» М: Медицина, 2002 г. стр 353-357.
  2. П. И. Вялков, Б.А. Райзберг, Ю.В.Шиленко

«Управление и экономика здравоохранением» учебное пособие для вузов.

М.: ГЭОТАР – мед, 2004 г. стр 8-93.

  1. И.С. Случанко, Г.Ф. Церковный «Статистическая информация в управлении учреждениями здравоохранения» 2-е изд. М., Медицина, 1983.
  2. Т.Ш. Шарманов «Долгое восхождение к праву на здоровье», Алматы, 1998.
  3. А.М. Мерков, Поляков Л.Е. «Санитарная статистика», Л., Медицина, 1974
  4. Актуальные проблемы социальной медицины и управления здравоохранением. // В сб.: Избранные лекции (под редакцией д.м.н. Кульжанова М.К.). – Алматы, 1994. – 175 с.
  5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – Санкт-Петербург, Петрополис. – 2000. – 910 с.
  6. Учебник «Социальная гигиена и организация здравоохранения». / Под ред. Лисицина Ю.П. — Казань, 1999.
  7. Белицкая Е.Я. Проблемы социальной гигиены. —  М., 1970.

 

1.Денсаулық көрсеткіштері және олардың анықтамасы ?

  1. Денсаулық негізгі көрсеткіштерін ата?
  2. Халықтың сырқаттануына түсініктеме бер ?
  3. Репродукциялық денсаулық деген не ?
  4. Адам ауруларының квалификациялық факторларын ата ?
0

Автор публикации

не в сети 3 года

erjan456

1
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 31-07-2016

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля