ЖАРАТЫЛЫСТАНУ — ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ

[add-bookmark]

Жаратылыстану табиғат туралы ғылымдар

жүйесі.

Дәл жаратылыстану бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы дүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім

ғылым).

Концепция (лат. Сопсерtio) — құбылыстармен әр түрлі сұрақтар туралы көзқарастар жүйесі; оны түсіну мен талқылау.

Пәнаралық ғылымдар — бірнеше жаратылыстану ғылымдарының қиылысында түрған жаңа ғылымдар.

Ғылымның дифференциясы — қайсыбір ғылымның

тар салаларын жасау.

Ғылымның интеграциясы (лат. Integег — бүтін) — күрделі ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты ғылымдардың жақындасуы мен байланысы.

Иерархизм — құрылымдық деңгейлер немесе кіші жүйелердің бағыныштылығы мен субординациясы-мен мінезделетін күрделі құрылымды жүйенің маңызды қасиеті.

Редукционизм — «жоғарғыны» «төменге» қосу, басқаша айтқанда барлық биологикалық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды — физикаға әкелетін ғылымның бағытгамасы.

Космогония — ғарыш өлеміндегі космостық денелер мен олардың жүйелерінің шыққан тегі мен дамуын (эволюциясын) зерттейді.

1.1. Жаратылыстану ұғымының мазмұны

«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.

Жаратылыстануды не нәрсе қызықтырады? Танымның осы өте кең саласының алдында тұрған проблемалар сан алуаи: ғаламның құрылысы мен пайда болуынан Жердегі керемет құбылыс — тіршілік өмірдің молекулярлық механизмдерін танып білуге дейін.

Ертеректе орыс тіліне «табиғат» деген сөздің синонимі ретінде өте кең тараған латын термині «натура» (паіига) енген еді. Осы сөздің негізінде тек қана европа елдерінде (Германияда, Швецияда, Голландияда) жаңа «Nаtиrwis-sепsсһаft» ұғымы пайда болып, бұл кейіннен халықаралық термин «натурфилософия» (табиғат философиясы) деген сөздің негізі болды.

Бүкіл Әлемдегі барлық заттардың құрылысы, пайда болуы, дамуы, құрамы немесе органикалық тіршілікті зерттеу проблемалары алғашқыда «физика» немесе «физиология» іліміне жататын. Сонау ерте замандарда Аристотель (б.з.д. 384-322) оларды «физиктер» немесе «физиологтар» деп атады, өйткені ежелгі грек сөзі «физис» «табиғат» деген ұғымға өте жақын, алғашында пайда болу, жасау дегенді білдірді. Мұндай анықтама XX ғасырда өмір сүріп отырған біз үшін біршама таңданарлық болуы мүмкін. Орта мектепте жаратылыстық ғылымдар деп әдетте физиканы, химияны, биологияны, астрономияны, географияны есептейді. Ал жоғары мектепте жаратылыстық ғылымдар саны оларды тар мамандандырылған пәндерге бөлуге байланысты көбейе түседі.

Қазіргі кезде жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер шеңбері айрықша кең. Жаратылыстық ғылымдар жүйесіне негізгі ғылымдар — физика, химия және биологиямен қатар көптеген басқа ғылымдар — география, геология, астрономия, тіпті, жаратылыстық және гуманитарлық ғылымдар шекарасында тұрған ғылымдар да, мысалы, психология енеді. «Психологтардың мақсаты адам мен жануарлардың мінез-құлықтарын зерттеу болып табылады.Бір жағынан психология жоғары жүйке қызметі физиологиясы саласында жұмыс жасап және мидың қызметін бақылайтын био-логтардың ғылыми жетістіктеріне сүйенеді. Екіншіден, бұл ғылым әлеуметтану саласынан да білімдерді пайдалана отырып, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстармен де шұғылданады. Мысалы,әлеуметтік психология қоғамдағы адамдар топтарының қарым-қатынасын зерттейді. Психология барлық жаратылыстық ғылымдардың білімдерін жинақтап, жаратылстық білімнің жоғарғы сатысы мен мақсаты Адам мен Қоғамды танып білу болатын ғылымдар арасына қойылған көпірше қызметін атқарады,

Гуманитарлық ғыдымдардың Табиғатты зерттейтін ғылымдармен өзара тығыз байланыста екені жақсы белгілі. Экономистерге география мен математиканы, философтарға натурфилософия негіздерін білмей болмайды; әлеуметтанушылар психологтармен өзара байланыста әрекет етеді, ал ескіден қалған суреттерді қалпына келтірушілер қазіргі заманғы химияның көмегіне жүгінеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Бізді қоршап тұрған күрделі дүниенің бастаулары .Табиғаттың ғажап үйлесімді құрылысында жатқандығын, онымен (Табиғатпен) үнемі өзара қарым-қатынаста болатындығын ұмытпауымыз керек. Мысалы, бірнеше күн ас-су ішпей керіңізші! Мүмкін, тыныс алмай өмір сүру тәсілін білетін шығарсыз? Біздің барлығымыз да — Табиғаттың перзенттеріміз. Ал оның зандарын зерттеп, танып білетін ғылым — табиғаттану немесе жаратылыстану.

Бұл ұғымның кең тараған екі анықтамасы бар.

1. Жаратылыстану — бұл Табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.

2. Жаратылыстану — бұл біртұтас бүтіндік ретінде қаралатын Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы.

Бір қарағанда бұл екі анықтама әр түрлі. Шынында да, олардың біріншісінде Табиғат туралы бір ғана ғылым жайында айтылады, ал екіншісінде, жаратылыстану туралы Табиғатты зерттейтін көптеген ғылымдар ретінде айтылған. Шын мәнінде бүл екі анықтаманың арасында үлкен айырмашылық жоқ, өйткені, «ғылымдар жиынтығы» деген ұғым жекелеген ғылымдардың қарапайым жиыны емес, керісінше, бірімен бірі өзара тығыз байланыстағы, бірін-бірі толықтырып отыратын жаратылыстық ғылымдардың бірыңғай кешенін білдіреді. Бұл бір ғылым.

Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы — ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды «іздеп таба отырып» зерттейді, Табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда сіздер, мүмкін, әрбір пәннің -химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқаған шығарсыздар. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.

Жаратылыстануды оқып үйрену не үшін қажет? Табиғаттың нақты біртұтастығын, Табиғаттағы сан алуан заттар мен құбылыстардың жасалу негізін және одан туындайтын микроәлемдер мен макроәлемдерді: Жер мен Ғарышты, физикалық және химиялық құбылыстарды өзара, өмір тіршілігімен, санамен байланыстырып тұрған негізгі зандарды дәл ұғынып түсіну үшін керек.

Жекелеген жаратылыстық ғылымдардың зерттеу нәтижелері арқылы Табиғаттың біртұтастығын танып білу мүмкін емес. Шындығында сіз адамның жекелеген мүшелерінің қызметін жақсы білесіз делік, бірақ сіз осы мүшелердің жұмыс жасау заңдылықтарын үнемі біле бермейтін шығарсыз. Сондықтан орта мектеп дәрежесінде пәндерді — физиканы, химия мен биологияны — жекелеп оқып үйрену Табиғатты біртұтастық тұрғысынан танып білудің алғашқы сатысы ғана бола алады, басқаша айтқанда, оның заңдарын жалпы жаратылыстық-ғылыми тұрғыдан танудың бастамасы деген сөз. Енді біз табиғатты танудың екінші сатысына шығуымыз керек.

Осыдан келіп жаратылыстанудың қос міндеттен тұратын мақсаттары шығады.

Жаратылыстанудың мақсаттары:

1. Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.

2. Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу.

Бұл — Табиғатты іс жүзінде танып білудің нәтижесіне байланысты шыққан бағдарлама.

 

Рейтинг: 0
0

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *