Жаратылысты-ғылыми және гуманитарлы мәдениет

24 февраля, 2015 16:04

Итальяндық кернекті физик және астроном, дәл жаратылыстануды жасаушылардың бірі Галилео Галилей (1564-1642) бьшай деген: «Кім де кім жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін математиканың көмегінсіз шешкісі келсе, ол өзінің алдына шешілмейтін міндет қояды. Өлшенетін затты өлшеу керек және өлшенбейтінді өлшеуге келтіру керек».

Дәл жаратылыстануға қажетті математика қарапайым санау мен әр түрлі қарапайым өлшемдерден басталады (мысалы Евклидтың геометриясынан). Өз дамуына қарай дөл жаратылыстану бірте-бірте жоғары математиканың жетілген арсеналын қолданады.

Математика қисындық түйін және Табиғатты танып-білу құралы ретінде — ежелгі гректердің туындысы. Математикамен олар біздің заманымызға дейін алты ғасыр бұрын шындап шұғылдана бастаған. Б. з. дейінгі VI ғасырдан бастап гректерде Табиғаттың ұтымды құрылғаны жөнінде ұғым қалыптасты, ал барлық құбылыстар дәл «математикалық» жоспар бойынша өтеді деп есептеді. Табиғат философиясының негізін салушылардың бірі Платон (б.з.д. 428-384) өзінің философиялық мектебінің маңдайшасына ұран ретінде мына сөздерді жазды: «Геометрияны білмесең — кірме».

Галилео Галилей өз шығармаларының бірінде оппоненттерінің бірінің келтірген түкке тұрмайтын дәлелдерін салмақтай отырып, оларға нағыз философияны, тек қана математика тілін білетін адамға түсінікті, Табиғаттың ашық кітабы ретінде қарсы қояды.

Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Жаратьшыстанудың метафизикалық бастауларында» былай дейді: «Табиғат туралы кез келген жеке ілімде шын ғылымды онда математиканың қаншалықты барлығына (қолданылуына) қарап табуға болады». Осы жерде Карл Маркстың (1818-1883) мына сөздерін де келтіруге болады: «Математиканы қолдану сәтті бол-ғанда ғана ғылым өз кемеліне жетеді».

Салыстырмалылықтың жалпы теориясымен жұмыс жасау кезінде, одан кейін де А. Эйнштейн (1879-1955) математиканы, тіпті, оның ең жаңа және күрделі бөлімдерін зерттеп қолдануда 40 өзінің білімдерін жетілдіріп отырды.

Ұлы адамдардың барлық айтқандарынан (мұндай пікірлерді өте көп келтіруге болады) математиканы жаратылыстануға кіретін ғылымдарды тұтастырып біріктіретін және оған біртұтас ғылым ретінде қарауға мүмкіндік беретін «іргетас» деуге болады.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Anuar

0
Комментарии: 0Публикации: 17Регистрация: 15-05-2014

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля