Жаратылысты-ғылыми және гуманитарлы мәдениет

[add-bookmark]

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылысты-ғылымнан басқа адамдар қарым-қатынасына, қоғамдық танымға, түйсікке қатысты ғылымның екінші бір үлкен бөлігі — қоғамтану ғылымы бар. Жаратылыстану ғылымының жетістіктері жаратылысты-ғылыми мәдениетке, ал қоғамтану ғылымының жетістіктері — гуманитарлы мәдениетке әкеледі. Бұл екеуі де жалпы адам-зат мәдениетінің қайнар көзі болып табьшады. Соныменен, мәдениет ұғымына анықтама берейік.

Мәдениет дегеніміз — адамның қолымен жасалған материалдық және рухани байлықтардың жиынтығы және де адамның осы байлықтарды жасау мен қолдана білу мүмкіншіліктері. Басқаша айтсақ,мәдениет — адамдардың іс-әрекетінің, тіршілігінің және қарым-қатынасының мағынасын, қоғамның даму деңгейін көрсететін қоғамдық маңызды информациялардың жиынтығы. Бұған мысал ретінде қоғамдағы әдет-ғұрып пен салтты, халықтың киім киісі мен тұрмыс архитектурасын, армияның құрылысы мен жабық-талуын, мемлекеттің қоғамдық-саяси құрылысын, тілдің дамуын, қоғамның білім жүйесінің, ғылымының, техникасы мен технологиясының даму деңгейін және т.б. келтіреміз.

Жаратылысты — ғылыми мәдениеттің қамтитын аймағы — жаратылыстану ғылымдарына, техникалық жетістіктерге, өнеркәсіптік технологияларға негіз болатын заттардың таза табиғи қасиеттері, олардың арасындағы байланыстар мен заңдылықтар. Ал гуманитарлы мәдениет — адамдардың бір-бірімен байланысын, қарым-қатынасын реттеуге бағытталған қоғамдық сана-сезіммен, рухани байлықпен байланысты мәселелерді қарастырады. Бүл сүрақтарды «адамтану» ғылымдары (философия, социология, этика, история, т. б.) және религия, мораль, құқұқ және т. б. ғылымдар зерттейді.

Жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттерді бөліп қарауға болмайды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне біздің оң мен сол қолдарымыз сияқты, есту мен көруіміз сияқты өте қажет. Бұл мәдениеттердің біртұтастығына мына мы-салдарды келтіруге болады. Біріншіден, жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттер — екеуі де адамның іс-әрекеті мен сана-сезімінің нәтижелері. Екіншіден, жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы мәдениет түрлері мен ғылымдары арасында ортақ «ше-каралық» мәселелер көп. Осы мәселерді шешу олардың бірігуін, жақындауын қажет етеді. Бұл, мысалы, экология, антропосоциогенез, гендік инженерия жөне т.б. мәселелер. Үшіншіден, мәдениеттің осы түрлері адамның өмірлік көзқарасын қалыптастырады; ал көзқарастың біртұтастық сипаттамасы болатынын білесіз — оң көзбен бір нәрсені, сол көзбен басқа нәрсені көруге болмайды.

Көп жағдайда жаратылыстану жетістіктері гуманитарлық көмекті қажет етеді. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының тез дамуы мен олардың жетістіктерінің нәтижесінде жасалынатын технологиялар адамдардың өмір сүруіне қатер төндіретін объектілердің (жетістіктердің) пайда болуына әкелуде (ядролық қару, гендік инженерлік монстрлар, адамды клондау, т.б.). Сондықтан осы жетістіктерге, осындай ғылыми экспансияларға гуманитарлық сұрыптама, заңдық және басқа да тежеуіштер қажет.

Кей жағдайларда теориялар мен гипотезаларды дәлелдеуде эмпирикалық нәтижелер жеткіліксіз болады. Осы жағдайда гуманитарлық әдістер көмекке келеді, мысалы, теорияның біртұтастығы, ішкі байланыстылығы, әдемілігі, сәйкестігі және т. б.

Гуманитарлық мәдениеттің барлық салаларында да жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері кең түрде қолданылады (мөлшерлік зерттеу әдістері, байланыс құралдары, компьютерлік технология және т.б.). Әрқашанда тек қана жаратылыстану техникалық ғылымдармен бірге адамзаттың даму барысындағы барлық кезеңді мәселелерді шешіп отырды.

Мәдениет, дәлірек айтсақ мәдени мұра, бұл негізінен бір тарихи дәуірден екінші дәуірге қоғамдық жинақталған тәжірибені беру түрі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай мәдениетті адамның қалыптасуы осы мәдени мұраны игеру арқылы жүреді. Тұрмыстық комфортты жасайтын техника мен технология жетістіктерін игеру негізінен еркениетті тұлғаның қалыптасуына әкеледі. Дамудың жоғары сатысына көтерілу үшін, ең аз дегенде, әрбір адам жоғары білім мен толық түрдегі тәрбие алу керек және де өзінің ой-өрісін ғылым мен мәдениеттің барлық салаларынан толықтырып отыруы керек. Творчестволық белсенді тұлға әрқашанда өзінің қоғамына мәдени мұраға кіретін жаңа байлықтар әкеледі.

Сонымен, қоғамдағы мәдениеттің жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлық аймақтары бір бірімен қиылысып, бірін-бірі толықтырып және бір-біріне әсер етіп тұрады.

 

Рейтинг: 0
0

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *