БЕИНЕЛЕУ ТӘСІЛДЕРІ

31 октября, 2017 15:37

Орхон жырларында «Олар бізден төрт есе артық еді», «есепсіз жау келді» деген тәрізді деректі-дерексіз ұлғайтулар болмаса, әсірелеу жоққа тән.

 

Бұл, біздіңше, аталмыш жырлардың өзін тудырған тарихи арналармен іргелес, жақын тұрғандығынан әрі олардың шежіре ретімен келетіндігінен болу керек. Өйт- кені, эпос неғұрлым өзін тудырған тарихи шындыктың желісінен қашықтаған сайын солғұрлым оларда әсіре- леудің мол болатындығын аңғарамыз. «Қобыланды»,

 

«Алпамыс» тағы басқа қазақ жырлары осыны аңғар- тады.

1.   Орхон ескерткіштеріндегі бейнелеу құралдарының ең молы эпитеттер:

Білге қаған (білге қағаң), кексіз түрк (анығ йоқ түрк), Темір қақпа (Темір қапығ), тәтті сөз (сүчіг саб), асыл қазына (йымшақ ағы), жырақ халық (йырақ бу- дун), әдепсіз ңылың (аңыз біліг), ақылды кісі, (білге кісі), батыл кісі (алып кісі), өш адам (анығ кісі), жа- ман сыйлық (йаблақ ағы), жақсы сыйлық (едгү ағы), біліксіз адам (біліг білмез кісі), кедей халың (чығай бу- дун,) кіріптар бектер (көрігме беглер), мәңгі тас (бенгү таш), көк тәңірі (көк теңрі), ңара жер, (йағыз иер), же- тім халық (өксіз будун), ұлы қаған (күліг қаған), жал- тақ қаған (йаблақ қаған), бек ұл (бегіліг ер оғул, пәк қыз (сілік қыз оғул), қасиетті жер-су (ыдуқ йір-суб), аш-жалаңаш халық (ічре ашсыз, ташра тонсыз будун), бейшара, мүсәпір халық (йаблақ йабыз будун), боз ат (боз ат), торы ат (торығ ат), арық ат (тұрұқ ат), ақ айғыр (ақ адғыр), шағын қол (аз ер), бүлікшіл ел (қамашығ іл), қара көл (ңара көл), қаракер ат (йа- ғыз ат), қырағы көз (көрүр көз), терең ақыл (білір бі- ліг) жазба тас (біртіг таш), қара қүм (қара құмұғ), көшпелі ел (йоруйур будуп), жасырын сөз (ічре саб), қызыл қан (кузул қан), қарулы жау (йоруқлүғ), атты әскер (төгүнліг атұғ), сары алтын (саруғ алтун), ақ күміс (орұң күмүш).

Ескерткіштердегі эпитеттерді түгел келтірумен қатар, ондағы тұрақты эпитеттердің астын сыздық. Жоғары- дағы мысалдарға қарап отырып, көне түркі дәуірінде жасалған бейнелеуші тіркестердің бізге фонетикалық жағынан да пәлендей өзгеріске ұшырамай жеткендігін көреміз.

2.   Сол сияқты, Орхон жырлары белгілі бір нәрсені көркемдеп жеткізу үшін оны басқа бір затпен де салыс- тыра суреттеуді кең қолданған. Ескерткіштердегі теңеу- дің үлгілері мынадай болып келеді.

1. Қаным қаған сүсі бөрі                          1. Әкем ханның әскері бөрі-

тег ерміс.                                                 дей бопты.

Иағысы қоң тег ерміс                            Жаулары қойдай бопты,

2. Қаныд субча йүгүрті Сөңүкүң тағча йатды
2. Қаның судай ағылды Сүйегің таудай үйілді.
3.               Түргіс каған сүсі Бол-
чудаОтча, борача келді
3. Түргеш халқының әскері Болшыда
Отша, бөріше келді.

 

4.  Иағумуз төгіре учук, төгерті

Біз чег ертіміз

5.  Екінті күн келті. Өртче кузуп келті

4.  Жауымыз тегіс жыртқыш-
қустай’ еді.Біз жемтік едік.

5.    Екінші күн келді.

Өртше жанып келді.

Бұл келтірілген мысалдардан соғыс суреттерін терең ашу үшін қолданылған теңеулерді көріп отырмыз.

Өз әскерінің күштілігін, басымдылығын көрсету үшін түркі халқының жауынгерлерін бөріге, жауларын қойға теңейді. Сұрапыл майданнан жосылған қан — селдей аққан суға, өліктер жоталы тауға теңеледі.

Ескерткіштердегі түркі халқына қарсы тұрған жау- дың бәрі қой аузынан шөп алмас момақан емес. Өйткен жағдайда Күлтегін, Тоныкөк көрсетіп жүрген теңдесі жоқ делінетін ерліктерден қадір-қасиет қалмас еді. Сол үшін де (түрк батырларының ерлігін дәлелдеу үшін), Жырларда жау қолы — жыртқыш құсқа, лаулаған өрт- ке, ашқарақ бөріге теңеледі. Түркі елінің ерлері осын- дай тажалдарды жеңіп барып зор даңққа ие болады.

3.  Орхон жазуларында троптың түрлерінен — алле- гория мен метонимия кездеседі.

Аллегорияны біз Тоныкөкке арналған жырдан көре- міз.

«Турук бұкалу Сезім бұкалу Аркада білсер Семіз бука Туруқ буқа тійін Білмез ерміс — тійін Анча сақунтум»
«Арық бұканьщ,

Семіз бұканыц
(Артта) барын білсе де,
Семіз бұканы,

Арық бұканы
Айыра алмас — дедім.
Осылай ойладым».

Бұл метафораның ұлғайтылған түрі. 1
1 I. Қазактың жырткыш кұс деуі осыдан шыққан болу керек. Жыртқыш кұс, ит-кұс деп казақ қаскырды да атай береді.

Ит-құстың бізде екінші мағынасы және бар. Ол құмай тазы. Кұмай тазы халықтың айтуынша ит пен кұстан жаралған. Қазак- тың осы кұмайы туралы Сергей Марков өзінің «Земной круг» (изд. Советский писатель, Москва, 1966, 21—22-беттер) атты кітабында өте орынды айткан. Бұл сөздің атауын Шөжеден кездестіреміз:

«Ақ серкесі Бошанның Алшынбай таз,

Жаз шілдеде ұшады итала каз.

Екі сөздің бірінде соқыр дейсің,

Касиетін бар болса басыңды жаз».

Халыктың айтуынша ұшқыр кұмай тазы осы Шөже акын ай- тып отырған итала қаздың (сарыала каз деп те айтыла береді) жұ- мыртқасынан шығады.

 

Бұл жерде Тоныкөк табғаштарға талай жыл кіріп- тар болған, өз ішінде бақталастық, күншілдік өріс алған түрк халқын ол азаптан құтқарар жолды іздеп отыр. Басқаша айтқанда, Тоныкөк: егер Құтлығты хан етсем, ел ішіндегі жақсы мен жаманды, күйлі мен күйсізді ажыратып, соның бәрін өштестірмей біріктіріп отыра алар ма екен деген ойға келіп отыр.

Ескерткіштерде троптың бір түрі метонимия даұшы- расады.

Мәселен:

1.   Будун боғзу тоқ— халық тамағы тоқ еді.

2.    Алтун, күміш, ісігті, кұтай бұнсыз анча бірүр табғач будун сабы, сүчіг, ағысы йымшақ ерміс. (Алтынды, кү- місті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы жұмсақ еді).

3.    Бірікі будуннығ от-суб қылмыдым.— Біріккен халық- ты от-су қылмадым.

4.    Тулуг, сабұғ алу олур тіді — Тіл, сөз алып отыр деді. Міне, бұл келтірілген мысалдардың кайсысында да

заттың не кұбылыстың қасиет — белгісі тура өз мағы- насында емес, басқа бір мағьінамен алмастырылып алынған.

Осының бәрі-дағы — жырды әр жағынан безендіру, көркемдеу үшін алынған бейнелеу құралдары. Ескерт- кіштердің әсерлі, тартымды болуының өзі осыларға бай- ланысты.

4.  Қүлтегін мен Тоныкөкке арналған жырларда ма- қал-мәтелді еске салатын әсем қиюласқан енегелі-өси- етті жолдар бар:

1.  Едгүті есід Қатығды тыңла

2. Ырғақ ерсер йаблак ағы бірүр

Ңығуқ ерсер едгү ағы бірүр

2. Ачсық тосық емезсен Бір тодсар ачсық емезсен

4. Өд төңіре йасар Қісі оғлу көп өлгелі төрүміс

5.   Қелүр ерсер күч үкүлүр

6.   Аруғ обуту йіг

7.   Иуйқа ерікліг топлағалу үчүз

8.   Иінчге ерікліг үзгелі үчүз

1.   Мұқият тыңда,

Терең ұқ.

2. Жырақ тұрғанға — жа- ман сыйлық.

Жақын тұрғанға — жақсы сый- лық.

3.  Аштықта токтықты біл- мейсің. Бір тойсаң аштықты білмейсің.

4.   Тағдырды тәңірі жасар, Адам баласы бәрі өлгелі жарал- ған.

5.   Қол қосылса, күш өсер.

6.    Өлімнен ұят күшті.

7.   Жұканы таптау — оңай,

8.   Жіңішкені үзу — оңай.

Талай тәжірибе негізінде қалыптасып барып тұрақ- ты көркем сөз тіркесіне айналған бұл секілді мақал-

 

мәтелдерден өмірдің өзінен туған ойлы тұжырымдарды, терең пайымдауды аңғарамыз.

Задында, мұндай өсиет-нақыл сөздер ертедегі жыр- ларымызға рең, көрік, әр берген ең басты құралдардың бірі болса керек.

Мақал-мәтелдің бірер жылда ғана туа салмайтын- дығын, талай ғасырларды аттап барып бұлжымас қағи- даға айналатындығын ескерсек, қазақтың: «Табы бірдің тәңірісі бар», «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы біт- пес», «Отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге таралар», «Ұлың — ұрымға, қызың — Қырымға», Барар жерің Бал- қан тау, ол да біздің барған тау», «Күштіде тәңірі жоқ», «Жазған құлда шаршау бар ма» тәрізді мақал-мәтел- дерін түркі дәуірінен келе жатқан көне мұралар деп есептейміз.

Тағы бір ерекше көңіл аударатын жәйт: сол ертеде туған мақал-мәтелдер дами келе бертінде ойы жағынан да, тіркесі жағынан да өзінің жетілген үлгілерін туғыз- ғанға ұқсайды.

Мәселен, «Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа», «Тоқтың жоқтығы бар, аштың тоқтығы бар», «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» немесе «Ат қадірін жоқ біл- мес, ас қадірін тоқ білмес» тәрізді қазақ халқының ма- қалдары Орхон жырларынан өзіміз келтірген «Аштықта тоқтықты білмейсің, бір тойсаң аштықты білмейсің» де- ген секілді мақалды тіркестің дамыған, жетілген түр- ліше үлгілері деп білеміз,

Сол сияқты, түркі ескерткіштеріндегі «жырақ тұр- ғанға — жаман сыйлық, жақын тұрғанға — жақсы сый- лық» тіркесі қазақтың «Алыстан арбалағанша, жақын- нан дорбала» дейтін мәтеліне көбірек ұксайды.

Бір ғана мақал-мәтел емес, басқа да кейбір лепті, елеңді тіркестердің өткірленген, ьіқшамдалған ұтымды түрлерін кездестіруге болады. Мысалы, Орхон жазу- ларындағы «Іші ассыз, сыртьі тонсыз»—дейтініміз дами келе бүгінде «аш-жалаңаш», «Түнде ұйықтамадым, күн- діз отырмадым» тіркесі «Түнде ұйқы, күндіз тыным» яки «түн ұйқысын төрт бөліп» болып өзгерген.

Немесе, ол кезде «күн ортасы, түн ортасы, күн ба- тысы, күн шығысы» деп сөйлейтін болса, бүгінде олар қысқартылып: түстік, терістік, батыс, шығыс деп қана айтылады.

Осы айтылғандардың бәрі де халық ойының, сөз саптау, тіл ұстартудың, сөйлеу мәдениетінің жетілуін, дамуын дәлелдейтін бағалы, деректі дүниелер.

 

Халықтың азаматтық тарихы, оның рухани байлық қоры бірден жасалмайды. Бүгінгі совет халықтары және оның қазіргі мәдениеті өзінің даму барысында сан ғасыр- ларды, бірнеше дәуірлерді өткерген. Әрбір дәуірдің өзіне лайықты мәдениеті, салт-дәстүрі, ұғым-нанымы, әдебиеті болған еді.

Әдетте ертеде жасалған ежелгі мұраларда тарих, мәдениет, әдебиет белгілірінің араласа жүретіні анық. Сондықтан да байыргы ескерткіштерді тек тарих мұра- сы, яки әдебиет үлгісі ретінде гана танып багалау дұ- рыс болмайды.

•Сіз танысқан Орхон ескерткіштері сондай мұрамыз. Онда халық тарихының көптеген құнды деректері де, халықтың сол кездегі ұгым-нанымының, салт-дәстүрінің көріністері де, ежелгі әдебиет белгілері де аралас. Оның үстіне аталған ескерткіштер тіл тарихының аса бағалы мұрасы болып есептеледі.

Әрбір елдің тарихы, оның мәдениет, әдебиетінің ше- жіресі жалаң ойдан жасалмайды, осындай ежелгі жазба мұраларға, шежірелерге сүйеніп жасалады.

Орхон жазбаларын оқи отырып түрк халықтарының алғаш қалыптасу процесін; өлең жасаудың, ақындық тәсілдің әдепкі адымдарын, бұл ескерткіштерді жасаған қауымның ой-дәрежесін анық байқауға болады. Тасқа басылып, еш өзгеріссіз жеткен Орхон жазуларының осындай деректік мәні өте-мөте күшті-ақ.

Ата-бабадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің үлкен мектебі бар. Бірі — өмір жайында терең толғанатын шежіре-шешендік, философиялық, да- нышпандық мектеп. Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан Қайғы, одан бұл өнер ғасырлар аттап кешегі біздің ұлы Абайдың қолына тиді. Екіншісі — өле- өлгенше көмейі күмбірлеп, жағы сембеген дария-даңғыл жыраулар мектебі. Мұның әзірге жұрт білетін түпкі ар- насы Сыпыра жырау. Оған іліктес Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар, Майкөт жыраулар аталады. Сондай ұлықты жыраулардың ең соңғы үздігі Жамбыл мен Нұрпейіс еді.

Ал Асан Қайғы, Сыпыра жыраулардан да бұрын та- лай-талай ойшылдардың ақын-жыраулардың өткендігі даусыз.

Мәселен, біз сөз еткен Орхон жазуларында, немесе одан беріректегі (IX ғасыр) «Оғыз-нама», «Қоркыт» тәрізді түрк дәуірінің әр циклды тарихи-шежіре, ерлік жырларында әлі де қалыптасып бітпеген, дараланбаған

 

ойшылдардың, ақын-жыраулардың аттары аталады. Ор- хон ескерткіштеріндегі Йоллығ-тегін мен Тоныкөк (VIII ғасыр), «Оғыз-намадағы» Ұлық Түрк (IX ғасыр), «Қор- қыт» аңыз жырларындағы дана Қорқыт (IX ғасыр) — осы ойымыздың айқын дәлелі бола алады.

Орхон ескерткіштеріндегі Тоныкөк талай ханға ақыл- шы болған, Қүлтегіннің жорықтарына дем берген қарт данышпан ретінде көрінеді. Демек, жыраулардың ақын- дық өнері, ойшылдығы оларды сол тайпалық дәуірдің өзінде-ақ ел құрметіне бөлеп, ру-тайпаның ақсақалы, ақылгөйі дәрежесіне дейін көтерген. Ол дәуірдің бектері мен хандары алдағыны сол жырауларға болжатып отыр- ған. Осы дәстүрді тіпті беріде (XVIII ғасыр) өмір сүр- ген Бұқар жыраудан да анық көреміз. Жорыққа шығар алдында Абылай үнемі алдағыны Бұқарға жорытқан. Ол Абылайдың түсін жорып, алдағы істі көбіне дәл бол- жап отырған.

Тоныкөкке, дана Қорқытқа жуық бейнені «Оғыз-на- меден» де көреміз. Ол—Ұлық Түрк. Ұлық Түрк де көп жасап, көпті көрген көне көз ақылшы, батыр бастаған жорық-сапарлардың айнымас серігі. Жас шағында атта- нып, жорықтан еліне қартайған шағында оралған Оғыз батырдың түсін жорып, Оғыздың тақтан тайып, тұғыр- дан түсетін мезгілінің жеткенін де болжайтын сол — Ұлық Түрк.

Егер, аты бізге жеткен ежелгі қазақ жырауларының әрі шетінен батыр болғандығын ескерсек, онда тапқыр- лығымен, болжампаздығымен, шешендігімен даралана- тын Ұлық Түрк «Оғыз-наманы» тудырушы жыраудың өзі болуға тиіс.

Задында Тоныкөк пен Асан Қайғы, Сыпыра жырау- лардың екі аралығындағы жеті-сегіз ғасырдай уақыт мөлшерінде де сөз өнерін дамытуға ықпал жасаған басқа да көптеген ақын-жыраулар өткендігі даусыз. Өкі- ніші — солар әлі күнге дейін анықталмай отыр. Қазір әбден толысқан, ең озық идеялармен қаруланған бүгінгі ғылымымыздың бұрынғы өткен ойшылдарды, ақын-жы- рауларды анықтап, олардың творчествосын маркстік- лениндік көзқарас тұрғысынан бағалауға мүмкіндігі толық жетеді.

Орхон жазбалары, «Оғыз-нама», «Қорқыт» тәрізді ескерткіштерден бөлек советтік тюркология ілімі «Құтад- ғу-біліг» (IX ғасыр); Ахмет Яссауи, Ахмет Югнаки, Сүлеймен Бақырғани (XII ғасыр); «Мұхаббат-наме», «Жүсіп — Зылиқа», «Гүлстан» (XIV ғ) тәрізді түркі

 

халықтарына ортақ мәдени мұраларды, ақындарды
атайды. Бұларды да арнайы зерттеу — кезектегі міндет.Орхон ескерткіштерін оқудан, танудан, зерттеуден туған ойлар, міне, осындай.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля