Бүрку жүйесі бар қозғалтқыштыц отын беру жүйесін тексеру

19 ноября, 2017 15:11

Қозғалтқышты бөлшектеп бұзып-жинаудың жэне олардың ақаулық- тарын жою негіздері ауаны беру жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты.

 

Дроссельді келте құбырды тексеру. Дроссельді келте құбырды жөндеу оның ақауы бар элементтерін ауыстырумен байланысты, бірақ оның өзін қозғалтқыштан шешпейді. Дроссельді келте құбыр акаулары келесі аталғандар болуы мүмкін: бос жүріс реттеуішінің ақаулығы, келте кұбыр тығыздағыш төсемелердің тозуы. Келте кұбырды көп жағдайда дроссельді какпақшаны ауыстырғанда ғана шешіп жэне бөлшектейді.

Отынды беру жүйесі жалғаныстарының тығыздығын, қысым реттеуіші жұмысын жэне электрлі бензин сорғысының жұмысын тексеру отын берудің қысымын бақылау көмегімен жүзеге асырылады. Бақылау арнайы аспап көмегімен жүргізіледі. Манометрді де қолдануға болады. Ол үшін жүйедегі жанармай қысымын төмендетеді. Манометрді жүйеге орнатады. Жүйеде қысым тудыру үшін оталдыруды электрлі бензин сорғысының тоқтаған сәтіне дейін іске қосады. 10 секундтан кейін оны қайта іске қосып жэне манометр көрсеткішін бақылайды. Қысым қалыпты жағдайда болуға тиіс. ВАЗ автомобильдерінде қалыпты қысым 300 кПа шамасында. Егер қысым жок болса, оталдыру қосылып түрған кезде электрлі бензин сорғысының жұмыс істеп түрған-түрмағандығын тыңдап, анықтау қажет. Әдетте, сорғы жүмысының шуы мен реле шертулері естіледі.

2-3 секунд жұмыс істеп, сорғы тоқтауы керек, өйткені қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған кезде иінді біліктің жай-күйі туралы белгі элек- тронды басқару жиынтығына бармайды. Сорғыны қайта іске қосу үшін стартерді 20 секунд іске қоспай, тоқтай тұру керек, егер сорғы жұмыс істеуін тоқтатпаса, онда оның электрлі тізбегін тексереді. Егер қысым 10% төмендесе, онда ол жанармай қысымын реттеуішінің ақаулығынан неме- се жанармайды беру жүйесінің өткізгіштік қасиетінің төмендеуінен (сүзгі бітеліп немесе тозып кеткенінен) болады.

Егер қысым қалыптыдан 10% жэне одан да жоғары болса, онда отынның қайта бакқа құйылуының кедергісі жоғарылағаны. Бұл жағдайды тексе- ру үшін, қозғалтқыш бөліміндегі бакқа қайта қүйылу қүбыршегін шешіп

 

жэне оны ұшын қандай да бір ыдысқа енгізіп қою керек. Сорғыны қайта іске қосып жэне манометр көрсеткішімен жүйедегі қысымды тексереді. Егер қысым қайта қалыпты болса, онда отынды қайта құюдағы кедергінің жоғарылауы ақаулығын іздеу керек. Ал егер қысым бэрібір жоғары болса, онда отын қысымының реттеуішін ауыстырады.

Бос жүріс реттегішін тексеру. Реттегішті дроссельді келте құбырға орнатар алдында бекітіліс ернемегі мен клапанды реттегіш ақырғы нүктесіне дейінгі аралықты тексеру қажет. Егер клапан пайдалану нұсқаулығында көрсетілген шамадан артық шығып тұрса, ол реттегіштің бүлінуіне экеліп соқтырады.

Бензин буларын үстау жүйесін тексеру. Егер адсорбер тұрқысында сынық немесе бүлінген болса, онда оны жаңасына ауыстырады. Егер бензиннің ағуы байқалса, онда құбыршектердің тығыздығын тексеру қажет. Абсорберден жанармай аққаны анықталса, оны ауыстырады.

Электр цүралдарын тексеру. Шетелдік автомобильдердің электр құралдары көп жағдайда сенімді жұмыс істейді. Бірақ кей жағдайда ав- томеханик білуге тиіс ақаулықтар пайда болады. Кейбір шетелдік ав- томобильдер модельдерінде «Сһек епріпе» бақылау шамы жанады. Ол қозғалтқышты дереу тоқтату керек дегенді білдірмейді. Қозғалтқыш бұл жағдайда қолайлы жұмыс режиміне ауысады, бірақ ол пайда болған ақауды жойғанынша барынша көп қуат өндіре алмайды.

Аспаптар панеліндегі бақылау шамы жанғанда, ол жанармайды бүрку жүйесінің барлық ақаулықтары туралы ақпарат береді. Сонымен бірге апаттық режимге ауыстырғышты басқару аспаптары мен ақаулықтарды жазып отыратын құралдардың да кемістіктері туралы ақпарат береді. Ақауларды жазып отыратын құралдың есінде сақталған ақпараттарды ар- найы аспаппен қозғалтқыш тоқтағаннан кейін оқиды. Әрбір ақау құрал кодының бұзылғандығын білдіреді. Күрделі бүрку жүйесі сирек бұзылады жэне сенімді жұмыс істейді.

Газдагы көміртегі цүрамын тексеру. Жұмыс істелген газ құрамындағы көміртегі ьмөлшерін тексеру үшін қозғалтқышты жұмыс температурасы- на дейін қыздырады, қоспаны тұтандыру сэтін тексереді, қозғалтқыш жұмысын тоқтатып, даярлаушы нұсқаулығына қарай отырып, айналу жиілігін өлшегіш пен СО көлемін анықтаушы құралын орнатады. Содан кейін қозғалтқышты іске қосып, оны бірінші бос жүріс режимінде, содан кейін 20 секунд бойы 3000 айн/мин жұмыс істетеді жэне қайта бос жүріске келтіреді. Тексеру құралдарының көрсеткіші тұрақталғанша тосып жэне оны автомобильді пайдалану нұсқаулығындағы көрсеткішпен салыстыра- ды. Егер газдағы көміртегі құрамы рұқсат етілген көрсеткіштен элдеқайда жоғары немесе төмен болса, оны реттеу қажет.

 

Бүрку клапандарын тексеру. Бүрку клапандары тығыздығының бүзылуы кызып тұрған қозғалтқыштың іске қосылуын қиындатуы мүмкін. Қозғалтқыш бос жүріс режимінде жұмыс істеген уақытта бүріккішті тексеру керек. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде статоскоп көмегімен эр клапанды тыңдайды. Бүріккіш ашылғанда жэне жабылғанда тарсыл дыбыс пайда болады. Стетоскоп көмегімен бүрку клапандарының жұмыс істейтіні немесе істемейтіні анықталады.

Шыгын өлшегішін тексеру. Қозғалтқыштың іске қосылуының немесе күтпеген жағдайда тоқтауының негізгі бір себебі — шығын өлшегішінің жұмысында ақау болуы. Егер шығын өлшегішінің дұрыс жұмыс істеуіне күмэн туса, оны шешіп жэне тексеруге беруге болады. Бұл үшін аккуму- лятор батареясының «масса» кабелін ажыратып, штепселінің қысқышын қысып жэне штепселін шығарады, шығын өлшегіштің бекітілісіндегі бұрамаларды ажыратады жэне шығын өлшегішін тұрқысынан шығарып алады.

 

 

Ауа шыгуын өлшеуіш:

1 — өтем тілімі; 2 — бәсеңдеткіш камера; 3 — аіталма арна; 4 — қақпақша;

5 — қоспа сапасын реттеуіш бұрама; — ауа тасқыны

Қақпақша шығын өлшегіш сезгісін шешіп алғанда жэне қайта орнатқанда мұқият болу қажет, өйткені бұл сезгіні бүлдіріп алған кез- де жүйе істен шығады. Сезгіні шешіп алар алдында электр сымдарын ажыратады. Ал сезгіні орнына қайта орнатар алдында ішіне еш нәрсе түспегендігіне көз жеткізу қажет.

Егер қысым реттеуіші қатып қалса, онда қайта жіберу клапанының төсемесін ауыстыру керек.

Жұмыс істелген газды шыгару қүралдары тыгыздыгын тексеру.

Жұмыс істелген газдарды шығару құралдары тығыздығын тексеру үшін,

 

қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде газды шығару құбырына қысқа уақытқа мата тығындап қояды. Егер қозғалтқыш жұмысын аз уақыт ішінде тоқтатса, онда шығару құралдарының тығыздығы дұрыс. Ал егер қозғалтқыш жұмысын тоқтатпаса, онда тығыздығы бұзылған жер оңай анықталады, өйткені ол жерлерден газ жойқын түрде сыртқа шығады. Ке- рек болған жағдайда жұмыс істелген құралының элементтерін жөндеуге немесе ауыстыруға болады.

Отынды бүрку жуйесіне техникалық қызмет көрсету. Отын- ды электронды бүрку жүйесіне қызмет көрсеткенде ауа сүзгісінің сүзу элементтерін ауыстырады, жанармай құбырларын тексереді, жанармайды жұқа тазалау сүзгісін ауыстырады. Отынды электронды бүрку жүйесіне техникалық қызмет көрсету жұмыстары карбюраторлы қоректендіру жүйесінің жұмыстарына ұқсас болып келеді.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля