Бүріккіштердің өнімділігі мен тығыздығын тексеру

17 ноября, 2017 15:08

Бүріккіштердің тығыздығын тексеру үшін оларды ыдысқа орнатып, оларға жұмыс кернеуін береді жэне өшіреді. Бүріккіш тозаңдатқышынан бір минут ішінде бір тамшыдан артық отын шықпауы керек.

 

Бүріккіш өнімділігін одан шығатын отын көлемі шамасымен анықтайды. «ЛЕ- Джетроник» электронды бүрку жүйесі үшін бүркілу отынының көлемі 176 см3/мин-нен артық болмауы керек.

Бүріккіштерді тазалау үшін оларды қозғалтқыштан шешуге немесе шешілмеген күйінде де тазалауға болады. Қозғалтқыштан шешіп алынған

 

бүріккіштерді арнайы ультрадыбыстық қондырғыларда ғана тиімді тазалауға болады. Оны тазалау үшін 5-10 кг/см2 қысыммен спирт неме- се карбюраторды тазалауға арналған сұйықтық беріп, шеберханаларда бүріккіштерді тазалауға болады.

Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде «К-Джетроник» жэне «КЕ- Джетроник» үздіксіз бүрку жүйесінің отынды мөлшерлегіш-таратқышына арнайы кұрам беретін дербес құрылғы қолданады. Бұл жұмысты орындау кезінде отын келетін және қайта құю жанармай кұбырларын ажыратады, бензин сорғысын өшіріп тастайды.

Қозғалтқыштың бос жүрісін жұмыс қоспасының мөлшері (иінді білік айналу жиілігін) жэне сапалы (жану қоспасы кұрамын) бұрамалары көмегімен реттейді. Таратып бүрку жүйесі мен үздіксіз бүрку жүйесінің бос жүріс жүйесін реттеу жұмыстары ұқсас болып келеді.

і                      Отынды бүріккһи:

1 — электр айыргыіи; 2 — торлы сүзгілі енгізу арнасы; 3 — электромагнит орамы;

4 — тыгыздауыш; 5 — тозаңдату саңылауы; 6 — тозаңдату инесінің үясы;

7 — электромагниттік зәкірмен тозаңдату инесі; 8 — серіппе

Соңғы уақытта, мысалы, «Мазда-МХ-6», «Фольксваген» жэне басқа да автомобильдерінің электронды бүрку жүйесінде қоспа сапасы бұрамасы жоқ. Мұндай жүйелерде қоспаның сапасы борттық компьютермен анықталады және ауа мен жанармай қатынасына байланысты автоматты түрде реттеледі. Иінді біліктің қажетті айналу жиілігін орнату үшін ғана бос жүріс жүйесін арнайы бұрамамен реттейді.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля