Жылқыны азықтандыру

11 февраля, 2015 16:05

Жылқы азықтандыруы оның атқаратын жұмысы мен беретін өніміне қарай ұйымдастырылады. Жылқы  атқаратын  қара жұмыс денеде зат алмасуын жеделдетіп, гликоген, май, ақзат сиякгы қоректік заттардың  ыдырауын күшейтеді. Демек,  атқаратын  жұмысы  ауырлаған сайын денеге азықпен бірге  түсетін қоректік заттар мөлшері де көбірек болуға тиіс.

Атқарылатын жұмыстың ауыр-жеңілдігі тасылатын жүктің  салмағы мен тасмалдау қашықтығына қарай анықталады.   Дене  энергиясының   әрбір   килокалориясы   425   кг/м   механикалық  жұмысқа тән.   Соншама  энергия шығынын қамтамасыз ету үшін  жылқы  азығы  тез  қорытылатын  қанттектес    заттарға (көмірсуларға)  бай болуы керек.  Бұл  заттар жетіспесе, жылқы денесіндегі гликоген мен май  энергия  көзі  ретінде  айналымға  түсіп,  ыдырай  бастайды.   Одан  кейін  ыдырайтыны  ет  ақзаты. Соның нәтиже-сінде жылқы тез арықтайды. Оған  жол  бермеу  үшін   нормалап     азықтан-дыру    қажет. Тұқымдық   жылқы  топтарының азықтандыру нормасы 32-ші кестеде келтірілген.

Жылқының  қарны  кішкентай, көлемі тар, сондықтан  жұмыстан  бос уақытта үзбей  ұдайы азықтанып отырады деуге  болады.  Демек,  аттың жұмысқа пайдалануын реттестіріп,   оның  тынығуына, түбегейлі   азықта-нуына   жағдай   туғызу   қажет.  Жылқыға берілетін жемшөп мөлшері  33-ші кестеде келтірілген.

Жылқының ас қорыту жүйесінің ерекшелігі-қарынға келіп  түскен азық кері қайтарылмайды, сондықтан оның жеген  жемшөбі, ішетін суы таза, сапалы болуы тиіс. Бұл түліктің  талғампаздығын қалыптастырады. Еті қызып, терле-ген жылқыны алдынала суьпу қажет. Демек оны азықтандыру  тәртібіне қатаң талап қойылады.

1. Биені  азықтандыру.

 

Бие  жасына, тірі  салмағына,  биологиялық  сәйкес азықтандырылады

/34-ші кесте/.

  1. Бие азықтандыру нормасы

 

Сауынды  биенің азықтандыру нормасы әр 1 кг сүтіне   0,33 азық  өлшемі,  35г  қорытылатын   протеин   келетіндей  етіп  жоғарытылады. Жеңіл  жұмыс атқаратын  биенің    азықтандыру  нормасы  30%   жоғары  болуға,  яғни  оған  қосымша  3-4 өлшемі берілуге тиіс. Қысыр биенің  100 кг тірі салмағына 1,4-1,5 азық өлшемі керек, ал буаздығының 3-ші айынан  бастап, норма 1,6-1,7,   буаздығының екінші жартысында 1,8-1,9, құлынын  емізіп жүрген кезде    2,0-2,1; сауылатын  буаз  биеге  2,12-2,15 азық өлшеміне   дейін   жеткізіледі.   Әрбір   азық   өлшемінде  105- 110 г қорытылатын протеин, 6-8 г кальций, 4-5 г фосфор мен 30 г каротин болуға тиіс.

Биеге   шалғын   пішені, астық-бұршақ  тұқымдастар   пішені    (100кг тірі салмағына — 2-2,5 кг),   тазартылған тамыр-жемістілер 5-10 кг), сапалы пішендеме, сұлы,   кебек, күнжара  мен шроттар  беріледі. Пішенді турап, ал дәнінің бір бөлігін (0,5-1 кг) көктетіп, мыжып   (сұлыны)   берген жөн.  Жазда оты  шүйгін  жайылымда  бағып  тәулігіне  30-50 кг көк азық жегізеді.

Биенің азығы мен суы таза, сапалы болуға тиіс. Өйткені   сапасыз,   ластан-ған  жемшөп  биенің  ас  қорытуын  бұзып,  іш   тастатуы  мүмкін.   Әсіресе   бұзылып, көгеріп  кеткен  бұршақ  тұқымдастар пішенінен сақтану керек. Буаз биені суық сумен  суаруға болмайды.

 

2. Құлын-тай, құнан-дөненді азықтандыру

Туғаннан  кейінгі  алғашқы айдан бастап, құлынды  қосымша   азық   жеуге дағдыландырады (үйретеді).   Ол   үшін   жеке  науаға  қосымша азық ретінде минералды қоспалар  ұнтағын (сүйек үны, бор, ас тұзын) араластырып салып, мыжылған сұлыға кебек, шөп  ұны мен күнжара қосады. Қоспаның  әрбір азық өлшемінде   110-120г       қорытылатын     протеин     болуға тиіс.   Оған  біртіндеп  үйретіп,  екі   айлығында   0,5-1кг,   енесінен   ажыратар   5-6 айлы-ғында 4-5 кг жегізеді.  Тұқымға қалдырылатын құлынға   7-8 айға дейін енесін еміздіреді.

Тай, қүнан, дөнен  өсіру  бағытына   сәйкес  азықтандырылады.   Әрбір 100 кг  тірі   салмағына 6-12 айлығында — 3 кг,   12-18 айлығында — 2,85 кг, 18-24 айлығында — 2,6   кг құрғақ  зат  беріледі. Еркек  құлынның азыққа деген     мұқтаждығы   ұрғашынікінен  10%  жоғары  болады. Дұрыс азықтандырылса құлынның салмағы ересек жылқы салмағының: 2 — айлығында  20-25% -іне,  6-айлығында  40-45%-іне,   12-айлығында  55-60%-іне,   18-айлығында    70-75%-іне, 24-айлығында  75-85%-іне   теңестіріледі. Құлын-тайдың    қоректік    затқа    мұқтаждығы.    35-ші    кестеде   келтірілген.

 

  1. Құлын-тай, құнан-дөнен азықтандыру нормасы 35-ші  таблицаның  жалғасы

Тай, құнан, дөнен  жазда   мүмкіндігінше  ұзақ  жайылымда   бағылады,   ал  қыста   оларға   аралас   астық-бұршақ  тұқымдастар   пішені,   пішендемесі беріледі. Жемнің   3/1   бөлігі  протеинге  бай  бидай  кебегінен, бұршақ    тұқымдастар    ұнтағынан,   күнжара мен  шроттардан құрастырылады. Сұлымен  қатар арпа, жүгері жармасы беріледі (құнанға 4-5 кг, дөненге кг).

 

3. Тұқымдық айғырды азықтандыру

 

Асыл тұқымды айғырды үйірге түсіруге дайындау  кезеңінен бастап азықтандырылуын күшейтеді. Басқа уақытта оның азығы орташа қоңды-лығын қамтамасыз ететіндей болса  жеткілікті. Өзіне қажет қоректік заттардың /32-ші кесте/ жартысына жуығын ол жайылым отынан алады. Қосымша азық  ретінде қажетінше ірі, шырынды және құнарлы азықтар беріледі.

Тәулігіне айғыр басына 20-30 кг жайылым отын жегізеді немесе  шабылған көк  шөпті   біршама солдырып (дегдітіп) барып  береді. 10-12 кг шалғын немесе аралас пішен,  10-15 кг шырынды  азық беріп,  үйірге түсер кезде олардың   мөлшерін  біршама  азайтады да, орнына  сұлы мен  құнарлы жем қоспасын (арпа, тары,  жүгері,   бұршақ,   күнжара,   шрот)   үлестіреді.   Құнарлы: азықтың   5-10%-ін  (қоректілігі      бойынша)   протеин  мен витаминдерге бай жануартектес азық (сүт, көк сүт, ірімшік, қант, ет-сүйек, балық ұны, жұмыртқа) ретінде  берген жөн.

Сұлыны мыжып, тары, жүгері, бұршақты ұнтатып, арпаны жарып  зығыр дәнін қайнатып, оның суына кебек, күнжара мен  шроттарды  шылап  береді.   Қыста сұлының бір  бөлігін  немесе  оның  арпамен   (жартылай)   араласқан   қосындысын   көктетіп  барып  жегізуге   болады,   Сөйтіп, үйірге   түсер   кезінде  айғыр рационының энергетикалық қуаттылығын 25% жоғарылатады.

 

4. Жұмыс атын азықтандыру

 

Қара жұмыс атқарған аттың жүк тарту күші оның  салмағының 12-16 процентіне, кейде тіпті 70-100 процентіне дейін   жетеді. Демек, салмағы 500 кг ат жарты тонна жүк тарта алады.

Ал енді осыған жұмсалған энергия қанша жерге (м) және қандай

жағдайда (жолмен, жолсыз ба, т.с.) тасымалдауына байланысты.

Сондықтан, жылқының  атқарған   жұмысы   кг/м     өлшемімен  белгіленіп, келесі топтарға бөлінеді /З6-шы  кесте/.

 

  1. Жылқы атқарған жұмыс сипаттамасы

 

 

Жегілген ат атқарған жұмыстың әр 100 кг километріне әдетте (тарту күші салмағының 12-16%-і) — 0,43, жүгі  жартылай  азайтылғанда (тарту күші салмағының  6-8%-і) — 0,55, төрттен бір бөлігіне дейін азайтылғанда (тарту күші салмағының 3-4%-і) — 0,8 азық өлшемі қажет. Тарту күші азайған сайын, жұмыс атының қоректік затқа деген мұқтаждығы арта түседі,  жұмыс атқаруға, жүретін жолдың  ұзаруына, өз денесін алып  жүруге жұмсалатын энергиясының (ол жылқының пайдалы механикалық жұмысының 25-30%-і) өсуіне байланысты.  Механикалық 425 кг/м жұмыстың жылуы 1 ккал. Жылқының   шын мәнінде атқарған жұмысы  бұдан  әлденеше есе жоғары. Әр  100кг тірі салмағына шаққанда жеңіл жұмыс атқару    үшін    —

0,0443; ауырлығы    орташа   жүмыста    —   0,0600;    ауыр    жұмыс атқару үшін — 0,0767 азық өлшемі қажет.

Бұл жұмыстарды құмдауыт, батпақты жолда не жолсызда жүріп атқаратын жұмыс атының азыққа деген мұқтаждығы 10%, ал жер жырту, шөп шабу жұмыстары кезінде 10-15% өседі. Мініс атының әр 100 кг тірі салмағына 1 км жол жүру үшін жай мінгенде — 0,02 азық  өлшемі, ал жегіп жүргенде — 0,03 азық өлшемі қажет. Жылқының атқарған жұмысына сәйкес келетін азықтандыру нормасы 37-ші кестеде келтірілген.

Қара жұмысқа алдымен қанттектес заттар (көмірсулар) энергиясы, содан кей і н май, ал олардың қоры  таусылған соң, ет өрімінің энергиясы жұмсалады, сондықтан жұмыс атының рационын денесіндегі зат алмасуына сәйкестіріп  кұру қажет. Атқаратын жұмысы ауырлаған сайын, рационға тез қорытылатын энергетикалық жемшөп көбірек қосылады, рацион құрылы-мында құнарлы азық үлесі өседі. 100 кг тірі салмағына берілетін ірі азық мөлшері жұмыс ауырлаған сайын 1,5-2  кг-ға дейін  төмендейді.

Жұмыс атын азықтандыру тәртібін қатаң сақтау қажет. Еті қызған, тері басылмаған атты суаруға болмайды. Оны алдымен суытады. Ол үшін алдына берілетін ірі жемшөптің жартысын  салады да, кейін шырынды азық  береді. Содан кейін суарып, жем жегізеді. Артынан ірі азықтың қалған жартысын алдына салады.

Жұмыс аты термен бірге сыртқа көп су, тұз шығарады. Күн сайын қажетті мөлшерде жылқыны таза сумен (40-50 кг) қамтамасыз етіп, әр 100 кг тірі салмағына жеңіл жұмыс атқарғанда — 6 г, орташа жұмыс атқарғанда — 7 г, ауыр жүмыс атқарғанда — 9 г ас тұзын береді.

Арықтаған атқа азықтандыру нормасы жемнің үлесін арттыру арқылы 3-4 азық  өлшеміне жоғарылатылады. 1 азық өлшемінде 80 г қорытылатын протеин, 5-6 кальций, 4-5 г фосфор, 10-15 мг каротин болуға тиіс.

Жеңіл жұмыста шамамен 6-8 кг пішен, 3-5 кг жаздық сабан, 2-3 кг жем, 10-15 кг пішендеме не сүрлем, ал жазда 30-40 кг көк  шөп  жеткілікті  болса, жұмыс ауырлаған сайын аумақты азық  мөлшері  азайтылып, орнына жем мөлшері 3-4 килограмға дейін көбейтіледі.

0

Автор публикации

не в сети 9 лет

slava

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 10-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля