Мал азықтық бұршақ тұқымдастар Шығыстың ешкі шөбі (Козлятник восточный, Geleda orіcntalіs)

18 февраля, 2017 10:33

Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі.

2.Өсіру агротехникасы.   

Шығыстың ешкі  шөбі туралы алғашқы мағлұматтар оның  емдік және сәндік қасиеттеірне арналды. Германияда, Францияда 17 ғасырдың орта кезінен бастап дәрілік галеганы халық медицинасына пайдалана бастаған. Италияда оның көк балаусасын салатқа қосып пайдаланғанда жас аналардың сүті молайғаны байқалған. Сондықтан да оның грекше атауы “гала сүт және “агеин” әсер ету болып  тегін аталмаса керек. Яғни сүт қосатын өсімдік деп аталған.

Шығыстың ешкі шөбінің ашық гүлдерінің көп және ірі болуына байланысты оның жоңышқаға, бедеге қарағанда бал жинағыш қасиетінің жоғары екені көптеген бақылаулардан белгілі болды.

Бірақта шығыстың ешкі шөбінің басты ерекшелігі оның мал азықтық қасиетінің жоғары болуында.

Кавказда шығыстың ешкі шөбінің табиғи шалғындығын ертеден пішен дайындауға және  жайылымға пайдаланған. Ал Европада бұдан  200 жылдай бұрын ешкі шөбін мал азығына пайдалана бастаған. Әсіресе шығыстың ешкі  шөбінің бір ерекшелігі, оның көк балаусасымен малды ерте көктемнен бастап азықтандыруға болатындығында.

Шығыстың ешкі шөбінің мал азықтық маңызын оның бұршақ тұқымдасына жататынынан-ақ аңғаруға болады. Оның көк балаусасы мен пішенінің биохимиялық ерекшеліктерін зерттей келгенде ондағы  қоректік заттар мен протеиннің мөлшері жоңышқа мен бедеден асып түсетіні анықталды.

Бұл дақылдың мал азықтық қасиеті барлық вегетациялық кезеңде де төмендемейтіні белгілі. Мысалы оның тұқымын жинап алғаннан кейінгі қалған сабанында  мал азықтық қасиеті және қоректілігі жақсы сақталады.

Шығыстың ешкі шөбінің ерте фазада жинап алған көк балаусасы өте  бағалы мал азығы болып есептеледі де  ондағы протеиннің мөлшері жағынан белоктық құрама жемдерден кем түспейді. Малға мамыр айында берген көк азығының құрғақ затында протеиннің мөлшері 40% дейін болады. Содан кейін протеин мөлшері ептеп төмендейді де гүлдеген кезінде 25-30% (құрғақ затында) құрайды. Егер әр гектардан алынатын протеин өнімін есептейтін болсақ ол 20-30 ц шамасында болады.

Және де ешкі шөбінің пішені мен сүрлемінің қоректік затының қорытылу коэффициенті де жоғары: протеиндікі 67-76%, белоктікі –65-75%, майдікі-45-55%, клетчатканыкі-48-51% және азотсыз экстрактивті заттыкі-65-81% шамасында.

Шығыстың ешкі шөбінің 100 кг көк балаусасында  20-28 азықтық өлшем және 3,0-3,5 кг қорытылатын протеин болады, немесе бір азықтық өлшемге 115-158 г. қорытылатын протеин келеді. 100 кг сүрлемінде 20-22 азықтық өлшем, ал пішенінде-50-60 азықтық өлшем болады.

Шығыстың ешкі шөбін кептірген күйінде барлық малдар, әсіресе жылқы малы сүйсініп жейді.

Шығыстың ешкі шөбін сүрлемге астық тұқымдас шөптермен қосып салған өте тиімді. Өйткені оның құрамында калий мөлшері аздау 4-5% шамасында болады да белоктың мөлшері жоғары болады. Сондықтан оны шалғындық атқонақпен, субидайықпен, не болмаса қылтықсыз арпабаспен араластырып сүрлемге салса оның сапасы мен желінуі күрт артады.

Шығыстың ешкі шөбінің көк балаусасы шөп ұнтағын,  пішен ұнтағын,  түйіршіктерін,  брикеттерін жасайтын бағалы шикізат ретінде белгілі. Мал азығының осы  түрлерін құрама жемге араластырып шошқаға, құсқа, ірі қара малға берген өте тиімді екенін көрсетті.

Қорыта келгенде өзінің мал азықтық маңызы жағынан шығыстың ешкі шөбі бедеден, жоңышқадан, түйе жоңышқадан және  басқа да бұршақ тұқымдас дақылдардан асып түседі. Және де шығыстың ешкі шөбі  бұл дақылдарға қарағанда шаруашылықта пайдалану мерзімімен де ерекшеленеді. Сондықтан мал азығы өндірісінде ол негізгі қосымша дақыл ретінде пайдалануға да ыңғайлы болып есептеледі.

Шығыстың ешкі шөбінің мал азықтық маңызымен бірге оның агротехникалық маңызы да  жоғары. Мысалы,  ол жыртынды қабатында әр гектарда 200-250 ц дейін тамырлары және түбірлерін қалдырып топырақты азотпен байытып келесі себілетін дақылға жақсы алғы дақыл болады.

Бірақта шығыстың ешкі шөбін жан-жақты зерттеу жұмыстары 1932  жылдан Бүкілодақтық мал азығын зерттеу институтында (ВИК) бастау алады (С.Н.Симонов). Шығыстың ешкі шөбін зерттеу  жұмыстары институтта осы күнге дейін жалғасып келеді.

Қазақстанға шығыстың ешкі шөбі өткен ғасырдың 70-ші жылдары әкелініп зерттеле бастады. Алғашқы  зерттеу жұмыстары  Бүкілодақтық астық  зерттеу институтында (Ақмола) және Қазақтың ауылшаруашылық институтында  жүргізілді. Қазір зерттеу жұмыстары Қазақтың ұлттық аграрлық университетінде жалғасуда.

Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. Шығыстың ешкі шөбі кіндік тамырлы, тамыр жүйесі  жақсы дамыған өсімдік. Онда  жан-жаққа жайылған тамырлар көптеп кездеседі. Тамыры 60-70 см тереңдікке дейін орналасады. Тамырында 1500 данаға  дейін түйін бактериялары  кездеседі. Түйіндер бірінші жылдың аяғында ғана байлана бастайды.

Сабағы тік, ірі болып өседі, жақсы жапырақтанған, биіктігі 80-140 см дейін жетеді. Жапырағының түсі ашық-жасыл болып келеді. Жапырағы күрделі,  жұпсыз қанатты, ұзындығы 15-17 см болады. Бір жапырағында 9-15 данаға дейін ұзынша келген жапырақтар болады.

Гүлшоғыры-сиректеу ұзынша келген, 20-50 шақты гүлдерден тұратын шашақгүл. Гүлдерінің түсі көкшілдеу, күлгіндеу келеді, ұзындығы 1 см шамасында.

Бұршақбасы қосжарнақты ұзынша қылыш тәріздес, ұзындығы 2,5-4,0 см  көптұқымды болады.

Тұқымы  сары-ақшыл, жасыл түстес, ұзынша бүйрек тәріздес,  шетінде ойығы бар. Тұқымын сақтаған кезінде түсі қоңырланады. 1000 тұқымының массасы 5,5-9,0 г.

Шығыстың ешкі шөбі орташа көпжылдық өсімдік, сыртқы өсіру ортасына жақсы  бейімделеді, топырақтың құнарлығын және ылғалын көп керек етеді. Құрғақшылыққа да жақсы шыдайды. Және де бұл өсімдік көктемде су жайылған жерлерде су астында 12-18 күнге дейін шыдайды. Сол ерекшелігіне қарай оны өзен алқаптары мен лимандарға себуге болады. Ал топырақ құнарлығына қатынасын айтатын болсақ, оны үстеп қоректендіргенде өнімнің жақсы көтерілетінін айтуға болады. Бұл дегеніміз ешкі шөбінің потеницалды мүмкіншілігінің жоғары екенін көрсетеді.

Ешкі шөбі тұқымымен көбейетін өсімдік. Тұқымының өнгіштігін 6-8 жылға дейін сақтайды. Көп сақталған тұқымын көктемде сепкенде өскін бермеуі мүмкін. Ал оны күзде не болмаса қар түсер алдында сепсе көктемде жақсы көктеп шығады.

Тұқымы топырақ 8-100 қызғанда өніп шығады. Себу мерзіміне байланысты өскіні 7-10-15 күннен кейін шығады.

Шығыстың ешкі шөбі өсіп-өркендеуі бойынша жаздық топқа жататын өсімдік. Сепкен жылы ол жаздың аяғына дейін гүлдейді де, кейбір жылдары тұқым береді. Келесі жылы көктемгі көгеруі сәуірдің аяғында басталады.  Бірінші оруының өнімі тез қалыптасады. Маусымның алғашқы күндеріне оруға келеді. Екінші оруды екі айдан кейін жүргізеді.

Шығыстың ешкі шөбінің гүлдену кезеңі көбінесе маусым айында жүреді. Ал тұқымы шшілденің аяғында, тамыздың бас кезінде піседі. Сепкен жылы шығыстың ешкі шөбінің биіктігі 60-70 см келесі жылдары-80-140 см жетеді. Бірінші орған кезде  биіктігі 65-70 см, екінші ору сабағының биіктігі 60-80 см болғанда жүргізіледі.

Шығыстың ешкі шөбі қысқа төзімді өсімдік. Солтүстік және шығыс облыстарда таза күйінде 8-10 жылға дейін өнімін төмендетпей сақталады. Ал басқа  шөптермен қосып сепкенде 6-7 жылға дейін өнімін төмендетпей пайдалануға болады.

Өсіру агротехникасы.  Шығыстың ешкі шөбінің егістігін көп жылдай пайдаланатын болғасын жақсы танапқа орналастырған дұрыс. Көбінесе оны ферма жанындағы ауыспалы егістерге не болмаса одан тыс танаптарға себеді.

Егістікке таңдаған танап арамшөптерден таза, ылғалы және құнарлығы жоғары болуға тиісті.  Шығыстың  ешкі шөбіне ең жақсы алғы дақыл болып отамалы дақылдар есептеледі. Және де оны астық не болмаса  біржылдық мал азықтық дақылдардан кейін де себуге болады.

Шығыстың ешкі шөбін себуге топырақ дайындау жұмыстары оның алғы дақылына байланысты. Қара топырақты аймақтарда танапты қарашірігі тараған тереңдікте аудара жыртқан тиімді.

Егер де ешкі шөбін астық немесе отамалы дақылдан кейін орналастыратын болса, онда күзгі жиыннан кейін іле-шала танапты сүдігерге жырту  керек. Ал егер  ешкі шөбін күздік қара бидайды көк азыққа не болмаса басқа ерекше жинайтын бір жылдық мал азықтық шөптен кейін с ебетін болса, онда да танапты іле-шала жыртады да одан кейін оны қопсытады және тырмалайды.

Осылай етіп танапты өңдеп, арамшөптермен күресіп, жартылай пар ретінде күзге дейін ұстайды. Күзде топырақты аудара жыртқан кезде танапқа әр гектарына 50-70 т көң шашады және оған қоса фосфор –калий (90-150 кг/га ә.з.) тыңайтқышын береді.

Ерте көктемде ылғал сақтау үшін танапты тырмалайды.  Ауыр топырақты  жерлерде танапты тайыз етіп (15 см) жыртады. Ал орташа балшықты жерлерде тереңдете қопсытады (культивациялайды). Себер алдында  жүргізілген қопсыту кезінде танапқа азот -( 45-60 кг/га ә.з.) тыңайтқышын береді. Содан кейін танаптың бетін тегістеген дұрыс. Себер алдында танапты сақина катоктарымен тығыздайды.

Шығыстың ешкі шөбін ең қолайлы себу мерзімі ерте көктемде. Себу топырақ бетінің тұқым сіңіру қабаты +6-70С жылығанда жүргізіледі. Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында оңтайлы себу мерзімі болып мамыр айының орта кезі.  Ал енді көктем салқын және жаңбырлы болған жағдайда ешкі шөбін маусым айында да себуге болады.

Ешкі шөбін себу әдісі танаптың арамшөптерден таза болуына және сепкен дақылды не үшін пайдалануға жоспарланғанына байланысты. Көк шөп және пішен ұнтағын,түйіршіктер дайындау үшін ешкі  шөпті қатарлап сепкен тиімді (15 см). Ешкі шөбінен жоғары өнімді пішен, сүрлем алу үшін көбінесе кең қатарлап, қатараралығын 45-60 см етіп себеді. Осылай сепкен ешкі шөбі жақсы сүрленеді және оның сапасы, желінгіштігі артады.

Шығыстың ешкі шөбін қатарлап әр түрлі мерзімде шалғындық атқонақпен, субидайықпен қылтықсыз арпабаспен және тағы басқа астық тұқымдас шөптермен себу тиімді екенін көрсетті. Бұл жағдайда көктемде оңтайлы мерзімде қатараралығын 45-60 см ешкі шөбін себеді де жаздың аяғында оның арасына қатараралығын 15 см етіп  жоғарыда аталған шөптерді себеді. Тұқымды көкөніс сепкіштерімен (СОН-2,8) себеді. Осылай себілген танаптың көк балаусасын сүрлемге салуға, көк азық ретінде малға беруге өте тиімді. Сондықтан келешекте шығыстың ешкі шөбінің осылай себілген қоспасын шаруашылықта игеру өте ыңғайлы болмақ.

Жоғарыда айтқандай ешкі шөбінің тұқымын скарификациялау қажет. Скарификацияланбаған тұқымның өнгіштігі 30-40% аспайды. Ол үшін ешкі шөбінің тұқымы күкірт қышқылында 1,5-2 сағаттай ұсталынуы керек. Тұқым партиясы көп болған жағдайда оны арнаулы қондырғыштарда скарификациялайды немесе осыған беде үйкегішті (клеверотерка) бейімдеп пайдаланады.

Шығыстың ешкі шөбінің тамырында түйнектер жақсы байланып дамуы үшін, тұқымды себер алдында нитрагинмен инокуляция (жұқтыру) жүргізеді. Ол үшін алдымен бұрынғы ешкі шөбі себілген танаптан түйнек байланған ұсақ тамырларды қазып (әр гектарға 100-200 г керек болады) оны арнаулы ыдыста (ступа) жақсылап езгілейді де су құяды. Міне осы “ерітіндімен” себер алдында тұқымды суландырады. Осылай өңделген тұқымды сепкенде ешкі шөбінің өнімі 10-15% артатынын көрсетті.

Кеңқатарлап сепкенде әр гектарға 20-25 кг қатарлап сепкенде –25-30 кг өнгіш тұқым себіледі.

Астық тұқымдас шөптерді ешкі шөбінің қатараралығына себу мөлшері 50-60% себеді, яғни шалғындық атқонақты 6-7 кг, қылтықсыз арпабасты-9-12 кг, субидайығын (канареечник тростниковидный) –6-8 кг/га мөлшерінде алады. Ешкі шөбінің себу тереңдігі 1,5-2,0 см аспауы керек. Одан тереңдеу себілсе далалық өнгіштігі төмендеп кетеді. Тұқым бөртіп өніп шығуы үшін мол ылғал қажет. Сондықтан тұқым себілген танапты жеңіл тығыздағыштармен тығыздау жұмыстарын жүргізеді.

Тұқым себілгеннен кейін ол 7-12 күнде толықтай өніп шығады. Өскіндері алғашқы кезеңде баяу өседі де арамшөптермен өздігінен күресе алмайды. Сондықтан өскін  толық шыққаннан 10-15 күндей өткесін ешкі шөбінің биіктігі 3-4 см жетіп қатарлары анық көрінгесін бірінші рет арамшөптерге қарсы культивация жүргізіледі. Өңдеу жұмысын тереңдетпей өте сақтықпен жүргізу керек. Екінші рет қатараралығын өңдеу 20-25 күн өткесін жүргізеді. Одан кейінгі қатараралығын өңдеу жұмыстары арамшөптердің шығуына, топырақ бетінің қабыршықтануына байланысты жүргізіледі. Қатарда қалған ірі  арамшөптерді қолмен жұлып тастау керек.

Жаздың аяғында ешкі шөбінің өсімдігін фосфор және калий (45-60 кг/га ә.з.) тыңайтқыштарымен қоректендіреді.

Астық тұқымдас шөптердің қоспасын әртүрлі мерзімде себеді, бірақта екі рет культивация жүргізбей себілмейді. Осымен бірінші жылғы күтіп-баптау жұмыстары аяқталады.

Екінші және одан кейінгі жылдары жүргізілетін күтіп-баптау жұмыстары қиындық туғызбайды. Қатараралығы арамшөптерден таза танапты тереңдеткіш-қопсытқышы ілінген культивациямен өңдейді. Ал астық тұқымдас қоспалар себілген танапта тырмалау жұмыстары жүргізіледі. Осындай  жұмыстар танапты орып алғаннан кейін қайталанады. Танапты көбінесе фосфор, калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Егер өсімдіктің дамуы нашар болса оған азот тыңайтқышын береді. Танапты фосфор және калий тыңайтқыштарымен қоректендіру ерте көктемде, не болмаса күзде вегетация кезеңі тоқтағанда жүргізіледі. Азот тыңайтқышы тек қана көктемде не болмаса бірінші орудан кейін беріледі.

Мал азықтық бүршақ тұқымдастар  майбүршақ, бөрібұршақ,   ноқат, ноғаттық, мүйізді лотус, т.б.

1.Биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері. 2.Мал азықтық қасиеттері. 3.Өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

 

Май бұршақ (Соя, Qlycіne hіspіda)

Май бұршақ біржылдық бұршақ тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдік (47-ші сурет). Оны адамзат ерте заманнан әр салада пайдаланған. Майбұршақтың  отаны Оңтүстік-Шығыс Азия болып есептеледі. Осындағы елдерде оны біздің заманымыздан 6 мың жыл бұрын өсіріп пайдаланған. Россияға май бұршақ Қытайдан Қиыр Шығыс арқылы әкелінген. Қазақстанға май бұршақ өткен ғасырдың бірінші жартысында Россиядан әкелініп зерттеле бастаған. Қазіргі кезде оның өзімізде шығарылған сорттары мен будандары бар.

Қазақстанда қазіргі уақытта май бұршақ 15-30 мың гектар жерге өсіріледі. Келешекте оның көлемін 100-300 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр. Май бұршақ республиканың, оңтүстік-шығыс аймақтарында суармалы жерлерде өсіріледі.

Май бұршақпен барлық малдарды, құстарды азықтандырады. Мал азығына оның ұнын, күнжарасын, белоктың құрамасын, сүтін, көк  балаусасын, пішенін, пішендемесін, сүрлемін және шөп ұнтағын пайдаланады.

Оның дәнінде 35-45% белок, 17-25% май және20% жоғары көмірсуы кездеседі. 100 кг дәнінде 130 азықтық өлшем және 29 кг қорытылатын протеин бар. Күнжара  құрамында 40% белок, 1,4% май және 30% шамасында азотсыз экстрактивті заттар болады. Көк балаусасының 100 кг-да 20-22 азықтық өлшем және 3,5 кг белок болады. Май бұршақтан дайындалған мал азығының сіңімділігі 60-90%, ал протеинінікі-70-93%. Май бұршақты мал азығы рационына қосқанда оны белок пен амин қышқылдарымен сәйкестендіріп қана қоймайды, сонымен бірге басқа мал азықтарының да қоректілігін арттырады. Май бұршақтың белогі жеңіл қорытылады және биологиялық сапасы  жағынан еттің, сүттің және жұмыртқаның белогіне жақын.

Май бұршақтың дәнінде каротин, В1, В2, С, РР, Е витаминдері пантеондық қышқылдары, холин кездеседі. Және оның құрамында  ұйытатын К витамині болатыны анықталды. Дәнін ұн қылып малға бергенде ондағы лизиннің мөлшері құрғақ ашытқыдан кем түспейді де, сүт ұнтағынан асып түседі.

Май бұршақтың көк балаусасын таза күйінде  не болмаса астық тұқымдас шөптермен қосып малға береді. Және де одан белокты- витаминді шөп ұнтағын дайындайды. Май бұршақтың пішеніндегі белоктың, фосфордың, кальцийдің, каротиннің мөлшері, беде, эспарцет және астық тұқымдастарының пішенінен кем түспейді.

Май бұршақтың сүрлемін барлық малдың түрі сүйсініп жейді. Оның 100 кг 20,2 азықтық өлшем және 3,5 кг қорытылатын протеин бар. Оны  таза күйінде, немесе жүгерімен, қонақ жүгерімен, судан шөбімен қосып сүрлемге салады. Май бұршақты осылай сүрлемге салу тиімді екенін көрсетті (Хасенов Е.Х., 1973). Осындай қоспалардың 100 кг көк балаусасында 21 азықтық өлшем, 100 кг пішенінде-51 азықтық өлшем болады.

Майбұршақтың сабанын жемшөп ретінде толық пайдалануға  болады, өйткені оның құрамында 3,9-4,8% белок, 1,5-2,9% май, 34,5-38,9 клетчатка, 35,7-37,3% азотсыз экстрактивті заттар, 4,8-6,02% күл бар (В.П.Черноголовин, 1974).

Май бұршақ дәнінен  май алынғаннан кейінгі қалдық-май бұршақ күнжарасын малды семіртіп бордақылауға пайдаланады.

Май бұршақтан дайындалған жемшөптер малға және құсқа өте жұғымды, өйткені бір азықтық өлшемдегі протеин мөлшері көп.

Май бұршақтың агротехникалық маңызы зор. Бұл дақыл бұршақ тұқымдас өсімдік болғандықтан тамырындағы түйнек бактериялары арқылы атмосфералық азотты бойына сіңіріп, топырақ құнарлылығын арттырады. Сондықтан, май бұршақ басқа дақылдарға (қант қызылшасы, дәнді дақылдар, күріш, овощ және басқа дақылдар) жақсы алғы дақыл. Және де оны жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.

Қазіргі кезде республикамыздың оңтүстігі және оңтүстік-шығыс аймақтарында, әсіресе суармалы жерлер жағдайында май бұршақ егіп, өсіріп мол өнім алуға және өсімдік белоктарын көбейту проблемасын шешуге толық мүмкіндік бар.

Май бұршақтың әр гектардан дәнінің өнімі 20-40 ц шамасында, көк балаусасының өнімі 200-300 ц аралығында болады.

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Май бұршақ кіндік тамырлы, негізгі тамыры 2,0 м тереңдікке дейін жететін, ал қосалқы тамырлары мен тамыршалары жан-жаққа тарап өсетін өсімдік.

Май бұршақ тамырының тереңге бойлап өсуі түрлеріне және топырақтың сипатына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлер жағдайында май бұршақ тамырларының негізгі бөлігі (80%) топырақтың 0-40 см қабатында орналасады.

Май бұршақтың өсімдік жүйесі гүлдеу және шанақтардың жаппай пайда бола бастау кезінде өте жылдам өседі. Бұл кезеңдерде  майбұршақ жапырақтары тез өсіп, жалпы құрғақ заты тез құрала бастайды.

Майбұршақ өсімдігінің негізгі және жанама тамырларында ұялық түйнектер бар.  Бұл түйнектердің пайда болуы ұядағы бактерияларға байланысты. Дақыл жақсы өсіп дамыған жағдайда бір өсімдік тамырында 20-58 және одан да көп түйнектер болады.

Май бұршақ сабағы тік әрі қатты, формасы дөңгелек, көпшілігі түкті, әр сабақта 15-22 буын болады, сабақтың төменгі жағы-жуан, ал жоғарғы жағы-жіңішке. Май бұршақтың сабағының биіктігі мен жуандығы негізінен оны күтіп-баптау деңгейіне байланысты. Сабақтың биіктігі 70-98 см, дұрыс күтіп бапталған немесе жиі егілген жағдайда биік сабақты сорттар 120-150 см дейін жетеді. Егістіктегі май бұршақтың саны сирек болса, өсімдіктің  бойы аласа, сабағы жуан, әрі бұтағы көп, ал жиі егілген жағдайда бұтағы аз, сабағы ұзын әрі жіңішке болады. Сабақтағы бұтақтар биік орналасса майбұршақ егістігін машиналармен орып жинау жеңілдейді. Май бұршақ сабағы буыннан тұрады, төменгі буындар аралығы жақын, ал орта және жоғары буындар аралығы ұзын.

Сондықтан, әрбір май бұршақ өсімдігінің өнімі бас сабағы және оның жанама 1-3 бұтақтарындағы буын санына байланысты.

Май бұршақ өсімдігінің жапырақтары күрделі, үш тармақты, көпшілігі түкті. Алғашқы екі жапырағы сабақта қарама-қарсы, ал кейінгі үш тармақты жапырақтары сабақ буындарында кезекпен орналасқан. Бір өсімдіктегі жапырақ саны  және оның ассимиляциялық көлемі май бұршақ дақылының сортына және өсу жағжайына байланысты көп  өзгереді, жалпы алақандардың  көлемі 2100-8300 см2 аралығында.

Май бұршақ өсімдігінің гүлдері көбінесе ақ түсті, майда, иісі жоқ. Гүл шоғыры жапырақ қойнауына орналасқан, әр гүл шоғырында 4-18 және одан да көп гүлдер бар. Күлтесі ақ түсті немесе жасыл. Аталық 10, оның тоғызы бірігіп (қосылып) өседі, ал біреуі бөлек.  Май бұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік. Егер гүлдері жақсы ашылған жағдайда насекомдардың гүл ішіне кіруі мүмкін. Бірақ май бұршақ гүлдерінің басқа өсімдіктердің аталық тозаңдарымен ұрықтануы өте сирек.

Май бұршақ дәні- шар тәрізді домалақ сопақша, бүйрек тәрізді, ұзынша домалақ, ал түсі-сары, жасыл, ақшыл сары жасыл, қара, қоңыр және ала болып келеді. 1000 дән салмағы 80-450 г аралығында. Дән сыртқы қабықтан және ұрықтан тұрады, эндосперм жоқ. Ұрықта екі тұқым жарнақтары және бастапқы тамыр, сабақ, жапырақ бар.  Дән салмағының 90  пайызын тұқым жарнақтары, 7-8 пайызын  сыртқы қабық алады, ал басқа бөліктері  2-3 пайыз болады.

Май бұршақ дақылының өсу дәуіріндегі негізгі кезеңдері мыналар: көктеп шығу, алғашқы үш тармақты жапырақтың пайда болуы, бұтақтану, бүрлену, гүлдеу, шанақтардың қалыптасуы, дәннің толысуы, шанақтардың сарғая бастауы және толық пісуі.

Май бұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты 6-80С жылы болғанда өне бастайды, бірақ біркелкі көктемейді. Топырақтың жылуы 18-220 жеткенде жақсы өсіп-өнеді. Оның дәні пісіп-жетілуі үшін сортына қарай +2000-32000С температура жиынтығы керек. Май бұршақ гүлдеу-пісу кезеңдерінде жоғары жылылықты талап етеді, бұл кезеңде барлық қажет жылудың 65-70% жұмсалады.

Өсіру агротехнкиасы. Май бұршақты ауыспалы егісте орналастырғанда бұл өсімдікке топырақтың, алғы дақылдардың және берілетін органикалық, минералды тыңайтқыштардың әсерін еске алған жөн. Май бұршақты Қазақстанның суармалы жерлеріндегі ауыспалы егіс жүйесіне енгізу техникалық (қызылша, мақта) және дәнді дақылдардың (бидай, күріш, арпа) алғы дақылдар құрамын байытады, топырақтағы азот балансын жақсартады, ең негізгісі  өсімдік белоктарын көбейтуге үлкен үлес қосады.

Май бұршақ дақылының фотосинтез өнімділігі және жалпы биомассасының құралу жылдамдығы гүлдеу кезеңіне дейін онша биік емес, ал гүлдеу және  шанақтану кезеңінің аяқталуы аралығында аталған көрсеткіштер жоғары болады. Кейін бұл көрсеткіштер мөлшері біртіндеп азаяды. Сондықтан өсу  дәуірінің әрбір кезеңдерінде май бұршақтың ылғалға және қоректік заттарға талабы әртүрлі.

Осыған сәйкес Қазақстанның суармалы жер жағдайларында май бұршақ дақылдарының бүкіл өсу дәуірін үш кезеңге  бөлген пайдалы болып саналады. Бірінші кезең- май бұршақ өсімдігінің көктеп шықаннан гүлдеу кезеңіне дейін. Бұл кезеңде фотосинтез өнімділігі төмен, өсімдіктің өсуі және жалпы құрғақ массасының құралуы баяу. Сондықтан, май бұршақ өсімдігі ылғалды көп мөлшерде қажет етпейді. Бұл кезеңдегі агротехникалық шаралар мыналар: егістіктің қатар аралығын өңдеу жұмыстары, үстеп қоректендіру, бір рет суару және қатар аралығын өңдеу.

Екінші кезең- май бұршақтың гүлдеу  кезеңінен бастап барлық буындарда шанақтардың пайда болуы аяқталуы аралығы. Бұл кезең ішінде фотосинтез өнімділігі көп  артады, өсімдік тез өсіп, жалпы құрғақ биомассаның құралуы ең көп мөлшерде  болады.  Оның үстіне, май бұршақ өсімдігінің жылдам өсіп, құрғақ массаның интенсивті құралуы жаз айларының ең ыстық кезіне (шілде-тамыз айының бірінші жартысы) сәйкес келеді. Сондықтан, май бұршақ дақылын бұл кезеңде ылғалмен және қоректік заттармен толық қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Осыған сәйкес май бұршақ егістігін әрбір 12-14 күн сайын 3-4 рет суару керек.

Үшінші кезең- шанақтану фазасы аяқталуы кезінен өсімдік   толық піскенге дейін. Бұл кезеңде  шанақтардағы  дән толысып қалыптасады. Май бұршақ өсімдігінің фотосинтез өнімділігі және құрғақ затының құралу қарқыны біртіндеп төмендейді. Аталған кезең ішінде ауа райы біртіндеп салқындайды да, май бұршақ өсімдігінің суды қажет етуі азаяды.

Профессор А.А.Ничипоровтің зерттеулеріне қарағанда ауыл шаруашылығы дақылдары жапырақ алақандарының көлемі гектарына 30-40 мың м2 мөлшеріне жеткенше тез өсіп, күн сәулесі  энергиясын қабылдауы арта түседі. Сондықтан  гектарына 35-40 мың м2 мөлшерлі жапырақ алақандарының көлемі егістіктің қолайлы құрамына сәйкес.

Біздің зерттеулеріміз бойынша май бұршақтан гектарына 25-28 ц дән алу  үшін өсімдік жапырақ алақандарының көлемі 40-45 мың м2 мөлшеріне дейін тез өсіп, ұзақ уақыт сақталуы керек. Жапырақ алақандарының осындай мөлшерде болуы Алматы облысының тау  етегі жағдайында, май бұршақ егістігіндегі топырақ ылғалдылығы 70-70-70 пайыз болғанда байқалады. Май бұршақтың жапырақ алақандарының көлемі гектарына 50 мың м2 және одан да жоғары болуы дән өнімін арттырмайды, бірақ көк балауса өнімі біршама көбейеді.

Май бұршақ суаруға сезімтал дақыл. Ауаның ылғалдылығы біршама жоғары Алматы облысы тау етегі аймағында май бұршақ мол дән өнімін топырақ ылғалдылығы далалық ылғал сиымдылығының 70 пайызы деңгейінде суарылғанда береді.

Май бұршақ егісі берілетін органикалық тыңайтқышқа (көң) сезімтал дақыл. Күздегі сүдігер астына гектарына 20-25 тонна көң енгізу, әсіресе құрамында органикалық заттары аз сұр топырақты жерлерге өте тиімді.

Органикалық тыңайтқыштарды таза немесе суперфосфатпен араластырып беру май бұршақтың балаусасын 14-58 пайыз, дән өнімін 16-27% арттырады.

Минералды тыңайтқыштардың май бұршақ тамырындағы түйнек бактерияларының қалыптасып өсуіне және олардың азот қабылдағыш қабілетіне әсері үлкен. Суармалы жерлерде май бұршақ егісіне фосфор-азот тыңайтқышын беру тиімді, өйткені өнімнің артуымен қатар, дән құрамында белок пен майдың мөлшері көбейеді.

Май бұршақтан мол дән және балауса алу үшін қолданылатын агротехникалық шаралар ішінде егістің топырағын өңдеу жұмыстарының маңызы үлкен.

Мал азықтық бөрібұшақ (Люпин кормовой, Lupіnus L.)

 

Шаруашылық маңызы және таралуы. Мал азықтық бөрібұршақ біржылдық немесе көпжылдық бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік. Бұдан 4-6 мыңдай жыл бұрын Грецияда, Египетте, Римде өсіре бастаған. Оның тұқымын тұзды суға салып, бөрттіріп тамаққа және мал азығына пайдаланған. Ресейге бөрібұршақ өткен ғасырдың басында әкелініп, өсіріле бастады. Қазір Беларуссияда, Прибалтикада, Украинада, Ресейдің қарашіріксіз аймақтарында тараған. Оның көлемі 1 млн гектардай. Қазақстанда мал азықтық бөрібұршақ әлі күнге дейін кең тарай қойған жоқ. Оның басты себебі – оның тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жоқтығы (4-шы сурет).

Және де осы дақылдың ғылыми тұрғыда зерттелген экологиялық ортаға бейімделген өсіру агротехникасы өндіріске әлі ұсынылмай келеді. Бұл әрине келешектің жұмысы.

Осы кезге дейін бөрібұршақты ең алдымен көк тыңайтқыш (сидерат) есебінде өсіріп, пайдаланып келді. Оның әсері танапқа гектарына 30-40 тн органикалық тыңайтқыш (көң) шашқанмен бірдей.

Құнарлығы нашар топырақта өскен кейбір түршелері гектарына 180-200 кг тең азот қалдырады. Тұқымында және көк балаусасында қорытылатын протеин (бір азықтық өлшемге 180-240 г) көптеп кездеседі. Бірақ бұрынғы өндіріске ұсынылған сорттарының құрамында 1-2% дейін ащы және улы алкалоидтардың (люпинин, люпанин, спартеин т.б.) болуына байланысты бөрібұршақ мал азығына көп пайдаланылмады. Соңғы уақытта оның алкалоидсыз сорттарын (0,0025-0,2% дейін) шығаруға байланысты мал азықтық маңызы қатты артты. Әсіресе ол топырағы құмды, құнарсыз аймақтарда арзан белокті мал азығының негізгі көзі болып табылатыны белгілі болды.

Мал азықтық бөрібұршақты дән, жем, сабан, көк балауса, сүрлем және шөп ұны ретінде пайдаланады. Оның дәнінде 40-49% дейін белок, 12% көмірсуы және 5,5-6,0% дейін май бар. Сондықтан оны ұнтақтаған күйінде немесе басқа белогі аз құрама жемдерге қосып малға береді. Бөрібұршақтың белогінде аминқышқылдары, әсіресе триптофан, лизин, цистин  көтеп кездеседі.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс жылы аймақтарында бөрібұршақты аңыздық егістікке өсіріп мал жайылымына пайдалануға болады.

Мал азықтық бөрібұршақ, өнімі жоғары дақыл. Көк балаусасының өнімі гектарына-400-600 ц. Құмды құнарсыз топырақта  өнімі 200-250 ц/га дейін жетеді. Тұқымының өнімі гектарына 10-15 центнерден 30 ц дейін болады.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Бөрібұршақ (fupіnus l.) туысының 200-дей түрлері кездеседі. Соның ішінде мал азықтық маңызы жоғары болып шаруашылықта өсіріліетіні Сары бөрібұршақ (l. luteus),  жіңішке жапырақты бөрібұршақ (l. angustіfolіos), ақ бөрібұршақ (l. albus) және көпжылдық бөрібұршақ (l. polyphyllus).

Сары бөрібұршақ ең көп тараған түрі (егістіктің 80%). Өсімдіктің биіктігі 1 м дейін, жапырағы 3-13 жапырақшалардан құралған, гүлі сары, хош иісті, жемісі 3-6 тұқымды, түкті, піскенде өздігінен жарылып шашылады, тұқымы қабырғасынан сығымдалған ақ, немесе қызғылт түсті, қара дақтары бар. 1000 тұқымының массасы 125-150 г. Жеңіл топырақта жақсы өнім береді. Сары  бөрібұршақтың тұқымы піскен кезінде де, сабағы жұмсақ қалпында сақталып, малға жақсы азық болуымен ерекшеленеді.

Жіңішке жапырақты (көкшіл) бөрібұршақ ерте пісетін түрі және солтүстік жақта өсіруге бейімделген. Өсімдіктің биіктігі 1,5 м, дейін өседі, жапырағы 5-9 жіңішке жапырақшалардан тұрады. Гүлі көкшіл немесе ақшылдау, қысқа гүлшоғырына жиналған. Жемісінде 6 дөңгелекше, бүйректәрізді ақшыл мрамор түсті тұқымдар бар. 1000 тұқымының массасы 150-180 г. Жіңішке жапырақты бөрібұршақ керісінше тұқымы піскенде сабағы қатайып кетеді.

Ақ бөрібұршақ оңтүстік аймақтарға өсіруге бейімделген. Құнарлы топырақтарда жоғары өнім береді. Вегетация кезеңі ұзақтау. Өсімдіктің биіктігі 1,5 м дейін. Жапырақтары ірі, 7-9 керісінше жұмыртқа тәріздес, ақ және ақшыл-көк гүлдерден құралған. Жемісі ірі, ішінде  2-3 тұқымы бар, ұзынша келген өздігінен  шашылмайтын, ептеп түктілеу. Тұқымы ақ, немесе ақшыл-қызғылт. 1000 тұқымының массасы 240-450 г. Тұқымында белоктан кейін май  көп болады (15% дейін).

Көпжылдық бөрібұршақ суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Оны солтүстік аймақтарда өсіруге қолайлы. Бір жерде өнімін азайтпай 8-10 жылға дейін өседі. Бірінші жылы жертаған жапырақтар өседі де,  келесі жылдан бастап сабағы өседі. Өсімдіктің биіктігі орташа, бірнеше жақсы жапырақтанған сабақтардан тұрады. Жапырағы ірі, 9-15-тей ұзынша-жұмыртқа тәріздес жапырақшалардан тұрады. Шамалы түкті келеді. Гүлшоғырының ұзындығы 50 см дейін жетеді, гүлі көк, көкшіл-күлгін, немесе ақшыл. Жемісі ұсақ, қалың түкті, ішінде 3-5  ептеп сығылған дөңгелекше келген тұқымы бар. Тұқымының түсі ақшыл түстіден қара түстіге дейін болады. 1000 тұқымының массасы 30-70 г. Тұқымын себер алдында скарификациялау керек, әйтпесе өнгіштігі нашар.

Бөрібұршақтың жоғарыда аталған түрлерінің тамыр жүйелері кіндік-тамырлы, басты тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі.  Тамырының негізгі массасы топырақ қыртысының жыртылу қабатында орналасады. Тамыр жүйесі топырақтан қоректік заттарды жақсы сіңіру белсенділігімен ерекшеленеді.

Жоғарыда келтірілген мал азықтық бөрібұршақтың барлық түрлерінің жаңа сорттары шығарылып өндіріске енгізілді. Олардың ішінде алкалоидсыз және алкалоиды аз сорттары көп.

Негізгілері мыналар: Быстрорастущий 4, Академический 1, Киевский мутант, Немчиновский 846.

Қазақстанда шығарылған сорттар жоқ, осы аталған сорттар аудандастырылған.

Өсірі технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Малазықтық бөрібұршақты дән алу үшін өсіргенде оған жақсы алғы дақылдар отамалы және күздік дақылдар. Көк балауса алу үшін оны әртүрлі ауыспалы егісте өсіріп, екпе пардан, жаздық дақылдардан кейін себеді. Және оны аңыздық, шабыннан кейінгі егісте, тығыз егісте өсіреді.

Топырақ дайындау. Күзде алғы дақыл жиналып алынғасын танапты негізгі жырту алдында аңызды сыдыра өңдейді. Содан кейін топырақты тереңдетіп сүдігер жыртады. Көктемде тырмаланып ылғал жабылады. Арамшөптер көктей бастағанда, тұқым себу алдында культивация жіберіп топырақты қопсытады, тегістейді, тығыздайды.  Арамшөптерді толықтай жою үшін культивация кезінде топыраққа гербицидтер шашады (прометрин, линурон немесе басқа түрі).

Тыңайтқыштар беру. Танапқа фосфор-калий тыңайтқыштарын берген тиімді (Р90-120К60-90 кг/га ә.з.). Тыңайтқыштарды күзде сүдігер көтергенде береді. Не болмаса көктемде себер алдындағы культивация кезінде береді.

Қышқыл торпыраққа  себілген егістікті ерте көктемде азот тыңайтқышымен (N12-20 кг/га ә.з.) үстеп қоректендіру өте тиімді.

Тұқымды  себуге дайындау және себу. Тұқымдық материал жақсы іріктелген, дәріленген болуы керек. Тұқымды себер алдында бөрібұршаққа арналған нирагинмен өңдейді. Себу мерзімі ерте астық дақылдарын сепкен кезге сәйкес болады. Орташа себу мөлшері әр гектарға 1-1,2 млн. өнгіш тұқым, немесе сары бөрібұршақ үшін 150-180 кг, ақ және жіңішке жапырақты бөрібұршақ үшін 180-200 кг өнгіш тұқым. Сары және жіңішке жапырақты бөрібұршақ үшін себілу тереңдігі құмдақ топырақта 3-4 см, саздақ топырақта- 2-3 см. Ақ бөрібұршақты 3-5 см тереңдікке себеді.

Егістікті күтіп-баптау. Бөрібұршақтың егістігін күтіп-баптау жұмысы ең алдымен арамшөптерді жоюға бағытталған болады. Тұқым  өніп шыққанға дейінгі танапты көлденеңінен тырмалау жұмыстары сазды топырақта жүргізіледі. Құмдақ топырақтағы егістікте тырмалау жұмыстары жүргізілмейді.

Егістікті жинау. Бөрібұршақтың дәні ерте және  бірқалыпты піскен кезде оны  комбайнмен тура орады. Ору мерзімі орталық сабақтағы барлық бұршаққынның қоңырланып піскен кезінде жүргізіледі. Егер егістіктегі өсімдік бұршаққыны біркелкі піспеген жағдайда бөлектеп ору әдісін қолданады. Бөлектеп жинау бұршаққын 70-80%  қоңырланып піскенде басталады. Дестеге салынған массаны 6-10 күннен кейін комбайнмен бастырады.

Мал азықтық бөрібұршақты көк балаусаға шанақтанған кезеңінде жинайды.  Сүрлемге жинау кезі тұқымының сүттеніп піскен кезінде жүргізіледі.

 

Ноқат (Нут, Cіces arіetіnyt)

Шаруашылық маңызы және таралуы. Ноқат біржылдық дәнді бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдік. Ноқат азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіріледі. Көбінесе оның тұқымын алу үшін өсіреді. Оның дәнінде 19% белок, 4-7% май, 48-56% азотсыз экстрактивті зат болады, оны құрама жем ретінде мал азығыныа пайдаланады. Ноқаттың ашық түсті сорттары азық-түлікке, ал қоңыр тұқымдары- мал азығына пайдаланылады. Ноқаттың көк балаусасын мал (қойдан басқасы) онша жемейді, өйткені оның өсімдіктерінің құрамында қымыздық және алма қышқылдары болады. Ноқаттың 100 кг дәнінде 115,3 а.ө. және 16,5 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде- 57,2 а.ө. және 9,8 кг қорытылатын протеин болады.

Ноқаттың ұсақ тұқымды түрлерінің отаны кіші Азия, ірі дәнді түрлерінің отаны жерорта теңізі маңайы болып есептеледі. Осы жерлерде ноқатты ерте заманнан өсіріп келген.

Дүние жүзінде ноқат 10 млн. гектарға себіледі де оның 8 млн. гектардайы Азия елдерінде себіледі. Ноқаттың аздаған көлемі балқан түбегіндегі елдерде, Францияның оңтүстігінде, Испанияда, Мексикада себіледі. Және де ноқат ерте заманнан Орта Азияда, Сырт Кавказда себіліп тамаққа, мал азығына пайдаланылып келген (50-сурет).

Ноқат Қазақстанда көптен бері аздап өсіріліп келеді. Оны Ақмола облысының жергілікті тұрғындары өздерінің бақшаларында өсіре бастаған (Ю.Кравченко, 1935).

Ноқат құрғақшылық аймақтарда басқа дәнді бұршақ тұқымдастарына қарағанда жақсы өсіп жоғары өнім береді. Оның дәнінің өнімі әр гектардан 11-35 ц дейін жетеді.

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноқат көптеген түрлерді біріктіреді, олардың ішінде кең тарағаны мәдени ноқат (cіcerarіetіnum) бір жылдық өсімдік.

Сабағы қырлы, тік өседі, жақсы бұтақтанған, биіктігі 30-60 см, жапырылмайды.

Тамыр жүйесі кіндікті. Тамырындағы азот жинайтын  түйнек бактериялары 3-4 жапырақ шыққанда пайда болады, ал гүлдеген кезеңінде ең жоғарғы деңгейге жетіп, ауадан азот сіңіру процесіне қатысады. Бұл түйнектер топырақтың беткі қабатындағы (0-20 см) тамыр жүйесінде мол болады.

Жапырақтары дара қауырсынды әрі түкпен көмкерліген, 11-17 эллипске ұқсас жапырақшасы болады. Сабағын, жапырағын және дән жарнақшаларын қою түктер басып тұрады. Ол түкшелерден алма, лимон, қымыздық қышқылдары бөлінеді.

Гүл шоғырлары ақ, сары, күрең және қызғылттау болады. Ақ гүлдіден-сарғылт дәнді, ал басқа түрлерінен қоңыр түсті дәнді өсімдіктер шығады. Қоңыр түсті дәндерді малға, құсқа азық ретінде пайдаланады.

Тұқымы бұрышты-сопақ пішінді “тұмсықты” болады. Ноқаттың қойбас бұршақ деп аталуы содан да болар. Дәннің беті тегіс, кейде қатпарланған. Ұсақ бұршақты түрлерінің 1000 дәнінің салмағы 60-100 г.,  ал ірі дәнді түрлерінің салмағы 400-500 г дейін болады. Қазақстанда аудандастырылған ноқат сорттарының 1000 дәнінің салмағы  200-350 г шамасында.

Ноқатта адамға және мал организіміне өте қажетті амин қышқылдары мөлшері (тиразин, триптофан, лизин т.б.) жөнінен басқа бұршақ дақылдарынан кем түспейді. Оның дәнінде 50 пайыздан астам амин қышқылдары кездеседі.

Ноқат өте жоғары белокті жемшөп ретінде жүгері немесе арпа дәндерімен араластырып малға беріледі. Сонда сауын сиырлардың сүттілігі, тауықтардың жұмыртқалағыштығы артады.

Малға азық ретінде  ноқаттың сабанын да береді. Оны ұсақтап, булап берген пайдалы. Ноқат сабанында 5,5% белок, 43,3 азотсыз экстрактивті заттар, 45,1% клетчатка және 6,9% күл бар.

Ноқат жылу сүйгіш өсімдік. Сонымен бірге  суыққа да өте төзімді. Оның тұқымы топырақ қабатының жылылғы +2-50С болған кезде өсіп-өне бастайды, ал өскіні көктемгі-110С дейінгі үсікке шыдайды.

Ноқат құрғақшылыққа және ыстыққа өте төзімді дақыл. Жаңбырлы және жаз айларының салқын жылдары ноқаттың көпшілік сорттары әртүрлі саңырауқұлақ ауруларымен (аскохитоз, фузариоз т.б.) залалданады, және де өсімдіктің тозаңдануы, тұқым салуы төмендейді. Ноқаттың көпшілік сорттарының піскен бұршақтары шашылуға бейім болады.

Ноқат топырақ талғамайтын дақыл. Ол құмды және жеңіл сұр топырақты жерлерде жақсы өседі. Ауыр топырақты жерлерде сабақтары, бұтақшалары  іріленіп, гүлдеу кезеңі ұзарады да, дәнінің өсіп-жетілуі нашарлайды. Топырақтың реакциясының бейтарап немесе әлсіз сілтілеу болғаны жөн.

Ноқатты қуаңшылық аудандарда еккен тиімді. Қазақстанда ноқаттың Юбилейный, Краснокутский 123, Волгоградский 10, Кинельский 17 сияқты аудандастырылған және келешегі бар сорттары өсіріледі.

Өсіру  агротехнологиясы. Ноқатты ауыспалы егіс жүйесіндегі тыңайтылған отамалы дақылдардан, таза парға себілген бидайдан кейін орналастырған тиімді. Ноқаттың өзі де көптеген жаздық дәнді дақылдарға жақсы алғы дақыл болады. Оны себуге топырақ өңдеу жүйесі жаздық бидайдікіне ұқсас жүреді. Ноқат көбінесе фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды себер алдында нитрагинмен өңдеу жақсы нәтиже береді. Оның оңтайлы себу мерзімдері: Солтүстік Қазақстанда 10-20 мамыр; Орталық Қазақстанда 5-15 мамыр; ал еліміздің басқа облыстарында-жаздық астық дақылдарын сепкеннен кейін. Ноқатты негізінен кең қатарлы тәсілмен (45,60 см) гектарына 0,4-0,5 млн. өнгіш тұқым себеді. Ал  арамшөптерден таза танаптарға жай қатарлап, әр гектарға 0,7-0,8 млн. өнгіш тұқым себуге болады. Тұқымды ылғалды қабатқа, 5-8 см тереңдікке себеді. Тұқым себілгеннен кейін топырақ тығздалады. Арамшөптердің өскінін жою  үшін  және пайда болған топырақ қабыршағын жою мақсатымен тұқым өнгенше және өскін бергеннен кейін егістікті тырмалайды. Кең қатарлы егістіктерде қажеттігіне қарай қопсыту жұмыстары жүргізіледі (культивациялау). Ноқат негізінен бір мезгілде пісуіне байланысты оны тікелей орып бастырған жөн. Егістік арамшөптермен ластанған жағдайда ноқатты бөлектеп жинау ұсынылады.

 

Ноғатық (Чина, Hathyrus satіvus)

 

Шаруашылық маңызы және таралуы. Егістік ноғатық біржылдық дәнді бұршақ тұқымдас өсімдік. Оны негізінен  мал азығы ретінде және тамақтық өнім алу үшін өсіреді. Ноғатықтың отаны  Оңтүстік-Батыс Азия (ұсақ тұқымды түрлері) және Жерорта теңізі жағалауындағы (ірі тұқымды түрлері) елдер болып есептеледі. Бұрынғы Одақ көлемінде ноғатықты Россияның орталық облыстарында, Алтай өңірінде, Украинада өсірді. Ноғатықтың егістігі Закавказьеде және Орталық Азия республикаларында орналастырылды (51-ші сурет).

Дүние жүзінде ноғатықтың 100 шақты түрлері кездеседі. Олардың көпшілігі көпжылдық өсімдіктер. Ал мәденилендіріліп егістікте өсірілетіні тек бір жылдық өсімдік түрлері.

Ноғатықтың дәнінде 25-35% дейін белоктік зат кездеседі. Оның дәнінен өте құнарлы малазығы дайындалады.

Ноғатықтың 1 кг дәнінде 280-300 г протеин, 20,4 г лизин, 1,6 г метионин, 2,5 г триптофан, 34 г аргинин кездеседі. Ноғатықтан сапалы шөп дайындалады. Оның шөбі малға өте жұғымды, құрамында 18% протеин болады. Мал азығы ретінде ноғатықтың сабанын да пайдаланады. Ноғаттықтың 100 кг дәнінде 106 а.ө. және 22,3 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде-52 а.ө. және 14,5 кг қорытылатын протеин болады.

Ноғатық өсімдігі өндіріске де пайдаланылады. Одан пластмасса, фанера дайындалады. Ноғатық көптеген астық дақылдарына жақсы алғы дақыл. Және оны жасыл тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық біржылдық дәнді-бұршақ дақылдарының қатарына жатады. Сабағы төрт қырлы, өте жақсы бұтақтанған, сабағының биіктігі 25 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Ал ылғалды және құнарлы топырақтарда сабағының биіктігі 130 см дейін өседі. Негізгі сабағының төменгі жағынан 5-8 дана қосалқы ірі бұтақтар өседі.

Жапырағы қосқауырсынды, ланцетті бір түп қияқ тәрізді жіңішке, ал ұшы мұртшаланып келеді. Жапырағының ұзындығы 60-80 мм, көлденеңі-6-8 мм.

Тамыры-діңгек тамырлы. Өте жақсы жетілген. Көптеген қосалқы тамырлар құрады. Орталық тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі.

Гүлі-ақ, жасыл, қызғылт. Бұршағы- жалпайған сопақ, сына пішінді, әр түсті. Ноғатық екі түрлі: ірі дәнді және кіші дәнді болады. Олардың 1000 ірі дәнінің салмағы-250-600 г, 1000 майда дәнінің салмағы-150-250 г.

Ноғатық құрғақшылыққа төзмді өсімдік. Бірақ  гүлдей бастаған кезде ылғал жетіспесе тұқымдық өнімі төмендеп кетеді.  Оның құрғақшылыққа төзімділігі басқа дәнді бұршақ дақылдарынан жоғары.

Ноғатық жылылықты ас бұршақтан көп керек етеді. Оның тұқымы +2-30С жылылықта өнеді. Ал 16-200С жылылықта жақсы өніп-өседі. Өскіні-60С үсікке шыдайды. Ауаның жылуының жетіспеген жағдайында ол жақсы пісіп жетілмейді. Вегетациялық кезеңі ауа райына қарай 80 күннен  120 күнге дейін созылады. Оның өсімдігінің гүлдеуі ұзаққа созылады.

Ноғатық топырақ талғамайды. Ол көпшілік топырақ түрлерінде өсе береді. Бірақта батпақты, жер асты ыза суы жақын орналасқан жерлерде өспейді. Гектарынан 15-20 ц тұқым жиналып, 200-250 ц көк балауса дайындалады.

Қазақстанда ноғатықтың Кинельская 7 және Степная 287 сорттары аудандастырылған.

Өсіру агротехникасы. Ноғатық дақылын ауыспалы егісте отамалы дақылдардан кейін, не болмаса күздік және жаздық дәнді дақылдардан соң себеді. Ноғатық өсіретін танап күз айынан бастап дайындалады.

Сүдігер көтерер алдында алғы дақылдан босаған танап 5-10 см тереңдікте сыдыра өңделеді. Содан 10-15 күннен кейін танапты 22-25 см тереңдікте жыртады. Қыс айлары қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Ерте көктемде танап тырмаланып ылғал жабылады. Тұқым себер алдында танапты тұқым сіңіру тереңдігінде культивациялап қопсытылады және тырмаланады. Тұқым себер алдында  және сепкеннен кейін танап тығыздалады. Жер жағдайына және оның құнарлылығына сәйкес күзде, жырту алдында танапқа толық минерал тыңайтқышын (N60P60K60) шашады.

Ноғатық тұқымын ерте себілетін дәнді дақылдармен бір мезгілде себеді. Ол мезгіл Алматы облысы бойынша наурыз айының аяғы және сәуір айының бас кезіне сәйкес келеді.

Ноғатықты қатарлап себеді. Себу мөлшері- тұқымының ірілігіне қарай гектарына 0,8-1,0 млн. өнгіш дәнге тең, не болмаса 120-140 кг. Себу тереңдігі 6-8 см, ал жеңіл топырақта-10 см.

Ноғатықты мал азығына пішен, пішендеме дайындау үшін сұлымен немесе арпамен араластырып себу өте тиімді. Оны судан шөбімен де аралас себеді.

Ноғатық егістігін күтіп-баптау жұмыстары, оның тұқымы өнбей тұрып тырмалаудан басталады. Өскіні жер бетіне толық шыққаннан кейін де тырмалауға болады. Ол үшін БИГ-3 инелі тырмалар қолданылады. Кеңқатарлап себілген ноғатық арамшөптермен ластануына қарай жаз бойы 2-3 рет культивацияланады. Арамшөптер көп басып кеткен жағдайда гербицидтер (прометрин, линурон т.б.) бүркіледі. Мол өнім жинау үшін ноғатық егістігін жаз бойы 2-3 рет суаруға да болады (500-600 м3/га).

Ноғатықты пішенге толық гүлденген кезінде жинайды. Ору биіктігі 6-8 см-ден төмен болмауы керек. Тұқымға арналған ноғатық ортаңғы бұршақтары қатайып піскенде орылады. Тұқымдық бөлектеп орылады. Тұқым дестеде жатып әбден піскесін комбайнмен бастырылады.

Мүйізділотус (Ляденец рогатый, ЬоШ согпісиіаіиъ)

Мүйізді лотус көпжылдық бұршақ тқымдасына жататын шөптесін өсімдік (14-сурет). Табиғатта жабайы түрінде Еуропада және Азияда кездеседі. Ұлыбританияда, Францияда, Германияда, Югославияда, Чехияда, Румынияда, Польшада кеңінен тарап өсіріледі. АКДІ-та өткен ғасырдың 30-шы жылдары өсіріле бастады. Осы жерден Канадаға, Бразилияға, Чилиге, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Индияға тарады. Ресейге Еуропадан тарады. Қазіргі кезде мүйізді лотус Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның, Балтық бойының , көпшілік шаруашылықгарында өсіріледі.

14-сурет. Мүйізді лотус. 1,2-өсімдіктің толық өскіні және гүлдену

жеміс салу кезеңі. 3 гүлшоғыры мен түк;ымы бар өркенінің бөлігі;

4-гүлі; 5-жемісі, бүршаккыны; 6-түқымы (сол жактаүлкейтілген)

Осы елдерде оның жаңа сорттары шығарылып өндіріске енгізілді. Мынадай сорттарын атауға болады: Гельсвис, Московский-25, Дединовский, Московский 287, Гатчинский.

Мүйізді лотустың жаңа сорттары басқа елдерде де шығарылған. АКДІ-та шығарылған сорттары: ерте пісетін— Викинг, Менсфильд, Грейнджер, Каскад, Фергус, Тана; кеш пісетін — Эмпайэр, Даун, Кэррол, Лео және т.б. Канадада кең тараған сорттар — Мейтленд, Кри, А-Синтетик; Жаңа Зеландияда— Грасслендс-4703, Гресслендс-4712, Греслендс Маку; Нидерландыда — Орсечи және Г.Кескенилевелу; Данияда — Етофе жөне Роскильде; Италияда — Малеевски, ‘ Вигласски және Табарски; Польшада — Пулавеки жөне Бурэстин; Румынияда— Де Трансильвания сорттары.

Қазақстанға мүйізді лотус Ресейден өткен ғасырдың 60-жылдары әкелініп зерттеле бастады. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде мүйізді лотустың табиғи шалғындықтарды, әсіресе өзен алқаптарын және су жайылатьш лимандарды жақсартуға өте маңызды жөне тиімді бұршақ тұқымдас өсімдік екені анықтадды (Әубөкіров К, 2002 ж.).

Мүйізді лотус мөдени мал азықтық дақыл ретінде АКДІ пен Канададан басқа еддерде әлі кеңінен тарамаған. Бүл еддерде ол мәдени жайылымдарда кеңінен өсіріледі.

Шаруашылық маңызы. Мүйізді лотус бұршақ тұқымдас өсімдік ретінде топырақты жылжымалы азотпен байытып және тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты оның кұрыдымын жақсартады. Сол себепті ол көпшілік астық тұ-қымдастарға жақсы алғы дақыл болады.

Муйізді лотусты көбінесе шөп қоспаларымен араластырып мәдени жайылымдарға сеуіп мал жайылымына пайдаланады.

Ахтық тұқымдастарымен қосып мәдени шалғындықтар жасайды шөп ұнын және шөп түйіршіктерін жасайды. Вегетация кезеңінде мөдени жайылымдар мен шалғындықтарды 2-3 рет оруға болады. Ол егістікте 6-10 жылға дейін сақталып өнімін төмендетпейді.

Мүйізді лотус құрамындағы қоректік затының мөлшері жағынан жоңышка мен бедеден кем түспейді. Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институтының (Петербург обл.) мәліметтері бойынша мүйізді лотустың Гатчинский сортының бірінші орылған өнімінің құрғақ массасыңда 14,0% бел.ок бар, ал бедеде 14,28%, жоңышқада 13,47% болған.

Мүйізді лотустың гүлденген кезінде жинаған көк балаусасының химиялыққүрамы мынадай: су — 71,3%, протеин — 5,3, белок— 4,8, май — 0,8, клетчатка — 6,8, күл — 3,2 және азотсыз экстрактивті зат — 12,6%. Қорытылу коэффициенттері де жоғары — 65-72.100 кг көк балаусасында 23,4 азықтық өлшем және 3,8 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтықөлшемге 162 г қорытылатын протеин келеді. Құрамындагы минерал заттары мен көмірсулары мөлшері жағыңан басқа бұршақ тұқымдас шөптерден кем түспейді. Оның көк балаусасында А, В, С, Д витаминдері кёздеседі.

Мәскеу облысында шабылған мүйізді лотуетың 1 кг көк балаусасында 44-72 мг каротин болса, жоңьппқаның көрсеткіші 38-64 мг ғана болған.

Мүйізді лотустың көк балаусасы мен пішенін барлық маддың түрлері сүйсініп жейді. Көк шөбімен қоректенген малда (мәдени жайылымдарда) тимпания және метеоризм болмайды.

Вегетация кезінде мүйізді лотусты кем дегеңде 2 рет оруға болады. Бірінші ору өсімдік гүлденген кезінде, екінші ору толық шанақтанып гүлдей  бастағанда өтеді. Және де бүл өсімдікті сүрлем салуға да жақсы пайдалануға болады.

Мүйізді лотустың өнімі сортына байланысты әртүрлі болып келеді. АҚШ-та (Мичиган штаты) сортына байланысты әр гектарынан 67-100 ц аралығында пішен шабылған. Алабама штатында 90 ц/га пішең жиналған. Ленинград облысында Кубанский 44 сортынан гектарынан 156-239ц қөк балауса жиналған. ВНИИК-тің (Москва облысы) мәліметі бойынша бірінші пайдаланған жылы әр гектардан 67 ц екінші жылы -31,0 ц пішен жиналған. Ресейдің орталық ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметіне карағанда бес жыл бойы пайдаланып  жиналған өнімнің жалпы мөлшері сол аралыкта жиналған жоңышқаның өнімімен бірдей болып, эспарцеттің өнімінен жоғары болған. Тұқымының өнімі 1,5-2,0 ц/га.

Мүйізді лотусты көбінесе астық тұқымдастарымен шөп қоспаларында пайдаланып өсірген өте тиімті екенін көрсетті. Мысалы, АҚПІ-та оны субидайық, жиматарғақ және қылтықсыз арпабаспен қосып себеді. Ат қүнарлығы төмен ылғалды өзен жағалауларыңда шалғындық бетегемен қосып себеді. Кентукки штатында мүйізді лотусты құрақ ұқсас субидайығымен және шалғыңдық қоңырбаспен қосып себеді. КанзаС штатында мүйізді лотусты қылтықсыз арпабаспен, құрақ ұқсас субидайығымең, құрақүқсас бетегемен қосып себу ұсынылған. Осындай шөп қоспаларынан өр жылдың ауа райына байланЫсты гекгарынан 67,4-84,0 ц пішен жиналған.

Еуропада мүйізді лотусты тау беткейлерін жақсартқанда, лгоп қоспаларында пайдаланып себеді. Югославияның таулы аймақтарында мүйізді лотус пен жиматарғақтың қоспалары үш жылда әр гектардан 280 ц-ге дейін өнім береді. Оның біріяші жылынан 8 ц, екінші жылынан 16 ц протеин жиналды. Шөп қоспасында 35% мүйізді лотус 65% жиматарғақ болды. Болгарияда тау беткейлерінде мәдени шабындық пен жайьиымдар жасау үшін шөп қоспаларында мүйізді лотустың үлесі 30% болуы ұсынылған (басқа құрамы -жоңышқа 30%, қылтықсыз арпабас 20%, жима тарғақ 20%).

Италияның құрғақ таулы Аппенин жағдайында мүйізді лотус, құрақ ұқсас субидайығымен шөп қоспасыңда бес жылда жалпы 478 ц/га пішен берген. Оның құрамында мүйізді лотустың үлесі 26% құраған.

Румынияда ферма маңындағы мәдени жайылымдарға себілетін шөп қоспаларына мүйізді лотусты пайдалану ұсынылған.

Германияда мәдени шабындықтардың жалпы көлемінің төрттен бірінде шөп қоспаларына мүйізді лотусты енгізген.

Казақстаңда өзен алқаптары мен су жайылатын лимандарда мәдени шабындықтарға мүйізді лотусты құрақ ұқсас субидайығы, шалғындық бетеге, қылтықсыз арпабас қоспаларымен сепкенде гектарынан 25-45 ц-ге дейін пішен жиналды. Алматы облысының таулы аймақтарында мүйізді лотусты жиматарғақпен және атқонақпен қосып сепкенде гектарынан 40 ц-ге дейін пішен жиналды.

Морфологиялықжәне биологиялық ерекшеліктері. Мүйізді лотустың тамыр жүйесі кіндік тамырлар. Одан жан-жағына ірі тамырлар жайылып жақсы өседі. Тамырларында ірітүйнек бактериялары көптеп байланады.

Сабағы тік немесе жартылай жатаған өседі, жақсы бүтақтанған, биіктігі 50-70 см, жақсы жапырақтанған — 48-55%.

Жапырақтары күрделі үштік, ортаңғыжапыракшасыжақсы дамыған. Жапырақшаларының пішіні ромбы, эллипс тәріздес те жоғарғы жағы жалпақтау келеді. Жапырақ серігі қос-қостан болады, пішіні жартылай жүрек тәріздес, көлемі негізгі жапырақшаларға жақын.

Гүлшоғыры жай шатырша келген 4-7 гүлден түрады, эркеннің жоғарғы үшында, бүйір бүтақтарында орналасқан. Гулдерінің түсі сары. Жемісі үзынша түтік тәріздес ‘септүқымды бүршақбас. Бүршақбастың үзындығы 3 см ламасында, ішінде 3-6 данаға дейін түқым бар. Түқымы чомалақша, үсақкеледі, түсі сарғыш-жасыл немесе қара-қоғтьір. .’. 000 түқымының массасы 1,1-1,6 г.

Мүйізді лотустың дамуына мынадай фенологиялық кезендер ажыратылады: тұқымының өсуі, көктеу, бірінші нағыз жапырақтың пайда болуы, бүтактану, шанақтану, гүлдену, жеміс салу, дәннің (түқымның) пісуі.

Екінші және одан кейінгі пайдалану жылдары көктемгі. өсудің басында және шабылғаннан кейін тамыр мойнындағы бүршіктерден өсімдік жиілігіне карай 8-40 сабакқа (еркенге) дейін өсіп дамиды, олар өз тарапынан бүтактанады, Сөйтік өсімдіктің жалпы өнімі қалыптасады.

Мүйізді лотус қысқа және суыққа төзімді өсімдік. Жыяыча оны бірнеше рет шабуға болады. Бір жерде 6-10 жылға дейір өсіп жақсы сақгалады. Топыраққұнарлығьш аса қажет етпейді Ол аздаған түзды жөне қышқылды (рН-5,5-8,2) топырақгарда өсе береді. Аурулармен және зиянкестермен аз зақьгмданады,

Оның басқа бүршақ түқымдас өсімдіктерден айырмашылығы: көктемгі жайылма (қар, өзен т.б.) сулардың астында өліп қалмай жақсы сақталуында. Ол су астында 25-30 күнге дейін шыдайды. Су тартылғасын жақсы өсіп-өнс береді. Су басуды өсе қоймаған және жаңа өсіп келе жатқал өсімдіктер жеңіл көтереді.

Мүйізді лотус жаздық типтес өсімдікке жатады Түқымымен, өркен қалемшелерімен көбейеді. Танапта топырақгьщ түқым сіңіру қабаты +6-8°С жылылықта жыддам өседі. Көктегеннен кейін алғашқы 20-30 күн мүйізді лотус баяу өседі. Бір айдан кейін сабақтары пайда болып бүтақтана бастайды. Содан кейін, ауарайьшьщжағдайьшабайланьісты. біржарым- екі ай шамасында шанақтанып гүлдене бастайды Өсімдіктің гүлденуі қыркүйек айына дейін созылады. Гүлденуі мен бүршакбасыньщ пісіп жетілуі біркелкі жүрмейді. Келесі жылдары мүйізді лотустың көктемгі өсуі жоңышқада;’ кешірек басталады. Бірақта оның әрі қарай өсуі қарқыкды жүріп, бірінші ору мезгілі жоңышқадан 3-7 күн ертереу басталады. Ал жалпы гүлденуі маусымның аяғында басталады. Түқымының пісуі тамыздың аяғында, ал кейбір кездері қыркүйек айында өтеді.Себілген жылы мүйізді лотустыи сабагының биіктігі 25-30 см-ге жетеді де келесі жылдары 45-70 см аралығында болады.

Мүйізді лотус вегетация кезеңінің екінші жартысындп ылғалды көп керек етеді. Алайда ол жаздың қысқа мерзімді қүрғақшылығына төзеді. Мүйізді лотус аздаған қышқыл топырақта өсе береді. Ал, ондай топырақты әкгеп бейтараи қалпына түсіргенде жақсы өнім береді. Өсімдіктің құрамында фитонцидтер көп болғандығының әсерінен ол аурулармеп, зиянкестермен аз закьімданады.

Өсіру агротехникасы. Мүйізді лотустың тұқымы ұсақ  болуына байланысты оны өсіретін танап жақсылап дайындалуы кажет. Танаптың топырағы майдаланьш, тегістелуі керек. Оның

і ^^стігі танапта, не болмаса шалғындықга дайындалған жерде

срчаластырылады.

Муйізді лотусты мәдени шабындық пен жайылымдарда ‘ беле және астық тұқымдас шөптердің қоспасымен себеді. Шөп ұнын дайындау үшін оның өзін жекелей де өсіруге Толады.

; Мүйізді лотусқа жақсы алғы дақылдар отамалы дақылдар ‘ж—іШ: картоп. Яғни оның жоғарғы өнімін арамшөптен таза, ‘• қүкарлы және сумен жақсы қамтамасыз етілген топырақтарда ғана алады. Әсіресе себілетін танап көпжылдықбидайықпен ■ калуеннен таза болуы керек.

Күзде танап алғы дақылдардан босағасын оны аудара • чшртады. Ал эрозия қаупі бар жерде жаздық тілгіштер колданылады. Алынатын өнімнің көлеміне қарай танапқа . .минералды тыңайтқыштар беру тиімді. Қатты кебірленетін голырақтарда оң әсерін гипс не болмаса органикалық тыңайтқыштар тигізеді. Себу кезінде топыраққа тұқыммен ■бірге өр гектарға 40-50 кг түйіршікті суперфосфат енгізуді үоыыуға болады. Тұқымды себер алдында жақсылап тазартады, және ризотрофинмен өндеген тиімді.

Себу мерзімін тандағаңда танаптьщ қай жерден бөлінгенін, жыл және өсірілетін ауданның жағдайын ескереді. Мүйізді лотусты танаптың тұқым сіңіру қабатында температура .+^-5°С жылығанда көктемде себеді. Ал енді танап өзен а ікабында немесе басқа да су жайылатын шабындықтардан дийындалса онда оны су кеткесін жақсылап оңдеп жаз айында ; ссбуге болады (Әубәкіров К, 2002ж).

Мүйізді лотусты мал азығына жай катарлап себеді (15-23 см). Себу мөлшері әр гектарға 4-6 млн. өнгіш (6-8 кг) түкьім. , Түқымды ауыр топырақтарда 1,0-1,5 см, жеңіл топырақтарда 2-3 см сіңіреді. Түқыім себуге астық-шөп себетін СЗТ-3,6, паялы жерлерде СТС-2 сепкіштерін пайдаланады. Астық себетін дискілі СЗ-3,6, СЗП-3,6, ал паялы жерлерде СЗС-2Д, СЗС-6-12 дән сепкіштерін пайдалануға болады.

Мүйізді лотустың егістігің күтіп-баптаудың негізгі і әсілдерінің бірі-айналмалы шотаен немесе жеңіл тырмалармен топырақ қабыршақтарын бұзу болып есептеледі. Шаралар қатарына арамщөптермен күресу де жатады. Жаз бойы танапта ескен арамшөптерді 2-3 рет орады. Өсу-даму кезеңінде аурулармен және зиянкестермен зақымдануын қадағалап олармен күрес жұмыстарын жүргізіп отырады.

кінші жылы көктемде ауыр топырақгарда тырмалау және минералды тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізіледі. Мүйізді лотусты 3-4 жыл пайдаланғаннан кейін топырақ тығыздалып өсімдіктер сирей бастауы мүмкін. Бұл жағдайда топырақгы қопсытып жақсартады. Мүйізді лотусты пішенге шанақтану гүлдену кезеңінде жинайды. Бұдан ерте немесе кешіктіріп жинау өсімдіктің химиялық құрамын нашарлатады, пішеннің сапасьш төмендетеді.

Соңғы шабуды жақсы қыстап шығу үшін түрақты салқын. басталардан 4-5 жұма ертерек жүргізеді.Мүйізді лотустың тұқымын оның егістігін екінші жылы пайдаланғаннан бастап жинайды. Тұқымынан жоғары өнімді көптеген жагдайда бірінші орымнан алады. Тұқымдық егістіктерді күтіп-баптау минаралды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруден жөне зиянкестермен күресу үшін инсектицидтермен өңдеудек тұрады.

Мүйізді лотустың тұқымының пісуі ұзаққа созылады да, піскен тұқымдары өздігінен шашылуға бейім болады. Сондықтан оны комбайнмен жинау бүршаққаптарыяың 60-70% қоңырланғанда жүргізіледі. Оны бұдан да ертерек бөлектеп жинау да тиімді болуы мүмкін. Ол үшіи дестелегіштермен немесе арнаулы шөп шалғыларымен дестеге түсіреді. Дестедегі масса кеуіп құрғағаннан кейін (айталық 3-5 күннен кейін) жинағышы (подборщик) ілінген комбайнмен бастырады. Түқымды жинауды жақсарту үшін «Нива», «Енисей» комбайндарына 54-108Акұрьшғысьшпайдаланады. Үккіш қондырғы бастырғыш барабанмен бірге тұқымының бұршаққабынан толық босауын қамтамасыз етеді. Түқым шығынын болдырмас үшін дестеніжинап, қырманға әкеліп бастырған тиімді екенін көрсетті.

Алайда мүйізді лотустың тұқым егістігін өсіру, оны жинау республика ғалымдарының алдында тұрған үлкен мәселе. Келешекте осы жөнінен зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Дәнді бұршақ дақылдарының мал азығында маңызы қандай?
  2. Дәнді бұршақ дақылдарын мал азығына қалай пайдаланған тиімді?
  3. Май бұршақты мал азығына қалай пайдаланған тиімді?
  4. Сүрлем дайындауға тиімді бұршақ дақылын атаңыз?
  5. Мал азықтық бұршақтың таралуының келешегі қандай?
  6. Мал азықтық бөрібұршақтың мал азығына пайдалану қалай жүргізілуі тиісті?
  7. Ноқаттың мал азығына пайдалану келешегін сипаттаңыз?
  8. Ноқат пен ноғатықта қанша белок мөлшері бар?
  9. Дәнді бұршақ дақылдарының пішенінде қанша азықтық өлшем (а.ө.) болады?
  10. Мүйізді лотусты мал азығына қандай аймақтарда өсіруге болады?
  11. Қазақстанда шығарылған дәнді бұршақ дақылдарының сорттарын атаңыз?
0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Ramzan

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 22-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля