ОРХОН ЕРКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭПОСЫ

26 октября, 2017 13:45

Жалпы эпос (хебос)—жыршы деген сөз. Демек, бұл ұғымның ең алгашында белгілі бір елеулі оқиғаны дә- ріптеумен, жыр етумен байланысты шыққандыгы сөз- сіз.

«Шынын айтқанда,— деп жазды А. Н. Веселов- ский,— батырлардың ерлігін жырлаган эпостар халық- тың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезең- дердің елеулі тұлғалары — ерлердің төңірегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде бүтін цикл жасалған, (А. Н. Веселовский. История эпоса, отд. I, СПб, 1882, 267-бет).

Қазақ эпосының тууы жайындағы академик Қажым Жұмалиевтің мына бір пікірін келтірейік: «Қай елдің эпосы болмасын, белгілі бір тарихи оқиғаның ізін баса туғанга ұқсайды және ол бір күн, не бір жылдың ғана жемісі емес, халықтың басынан өткізген талай заман, талай ғасыр, талай тартыстардың нәтижесі… Қазақтың осы күнгі ұзақ эпостарының бастамалары ерте заман- дағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде: үйсін, қаң- лы, қоңырат, керей, қыпшақ замандарында әр рудың өз істерін ерлікке айналдырып жыр еткен қысқа көлемді жырлар жатуы, кейін олар ұмытылса да есте сақталы- нып қалған аңыздардың негізінде ұзақ жыр, поэмалар- дың тууы мүмкін». (Қ. Жұмалиев. Қазақ эпосы мен әде- биет тарихының мәселелері, I том, Алматы, 1958, 10- бет).

Бұл пікірді бір ғана Қ. Жұмалиев емес, әдебиетіміз- дің тарихын зерттеген: М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Б. Қенжебаев, М. Ғабдуллин тәрізді көрнекті ғалымда- рымыздың қай-қайсысы да кезінде айтқан болатын.

Демек, А. Веселовский айтқандай, ерлік жырлары

 

халықтың қалыптасуымен бірге қатар туған болса, онда Күлтегінге арналған жыр, дәл осылай, түркі халқының қалыптасу кезеңінде жасалған. Ал Күлтегін, Тоныкөк жырларының өзі үйсін, қаңлы, қьіпшақ, қоңырат, дулат, керей, найман, жалайыр, алшын руларының VI—VIII ғасырлардағы Түркі қағанаты астына топтасқан дәуір- дегі мұралары еді.

Сол себепті біз қазак эпостарының әдепкі арналары Түркі қанағатының кезінен басталады дейміз. Қырғыз әдебиетіне қатысты бұл пікірді академик М. Әуезов бая- ғыда-ақ айтқан болатын:

«Түркі рулары мен қағанаттарының тілсіз таста із қалдырған осынау жорықтары қырғыздың сол кездегі эпостық аңыздарының тууына ықпал жасамаған бола ма? Егер мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қа- шалып тұрып жасалса, сол жырлардың ауызша айты- лып таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болмауы мүмкін бе? Егер мұндай жыр-аңыздарды тоғыз оғыз- дар; түргештер және басқа да тайпалар шығара алған болса, сондай аңыздарды сол дәуірде, тіпті IX ғасырда емес, VI—VII ғасырларда соншалықты бұғауда болған, халықты қорғаушы батырға әсіресе ділгір болған қыр- ғыздар қайтіп шығармайды?.. Эпостың туу дәуірін ай- қындап анықтағанда осындай жәйттерді ескеру қажет» (М. Әуезов. Уақыт және әдебиет, 244-бет).

Осы айтылғандардың бәрі де тегі бір түркі тілдес халықтардың эпосының, оның ішінде қазақ эпосының тууына қатысты емес деп кім айта алады? Әрине, ешкім де айта алмас еді. Түркі руларындағы Азмаң атты Күл- тегін, қыпшақтағы Тайбурылды Қобланды, қоңыратта- ғы Байшұбарлы Алпамыс жалпы түркі халықтарының М. Әуезов айтып отырған сондай ділгірлігінен туған қаһармандары еді.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп, қашан да тұрлаулы сөздің төркінін тосып, оған төрелік беретін, өлмес-өшпес мол жырлар тудырған қазақ халқы ежелден-ақ шешен сөйлеген.

Халқымыздың осы жыршылық, шешендік қасиетін ілгергі ғалымдардың көбі тамсана жазған еді.

Соның бірі академик В. Радлов былай дейді: «Қазақ, қырғыз шешен болады. Олар түркі тектес басқа халық- тардың қай-қайсысынан болсын сөзге ұста келеді… Сөйлеп тұрғанда кідіру, күрмелу дегенді білмейді… Көп уақытта қазақ, қырғыздың сөзі өлең, жыр тәрізді болып келеді: сөздері ырғақты, ұйқасты шығады.

 

Қазақ, қырғыз халқы шешен, өткір көркем сөзді сүйеді. Поэзияны қадірлейді. Сондықтан да оларда ха- лық поэзиясы мейлінше өркендеген. Қазақ, қырғыздың макдл, мәтелі болсын, жоқтау, қоштасуы болсын, ай- тыстары мен билік сөздері болсын — бәрі де өлең, жыр болып келеді»1.

ӨтҚен ғасырдың соңғы ширегінде В. Радлов арала- ған кезде Қазақстанның қазіргі байтақ даласында тол- ғау-жырдың әлі де толастамаған шағы еді.

«Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан кайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ Жылан қайтіп күн көрер?»—

деген Асан Қайғының (XVI ғасыр);

«Арғымақ атта сын болмас Қиған қамыс құлақсыз.

Азаматта сын болмас Арты болса тұяқсыз,

Айдын көлде сын болмас Жағасы болса құрақсыз.

Асқар тауда сын болмас Бауыры болса бұлақсыз.

Ақ киікте сын болмас Арты болса лақсыз.

Жеті арнада сын болмас Аяғы болса тұраксыз»,—

деп айтқан Абылдың (XVIII ғасыр);

«Асқар таудын, өлгені,—

Басын мұнар шалғаны.

Қектегі бұлттын, өлгені —

Аса алмай таудан қалғаны.

Ай мен күннін. өлгені —

Еңкейіп барып батқаны.

Айдын шалқар өлгені —

Мұз болып тастай қатқаны.

Қара жердің өлгені —

Қар астында жатқаны.

Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді.

Ғалымның хаты өлмейді»,—•

сияқты Бұқар жыраудың толғауларын естіген В. Рад- ловтың таңдана жоғары баға беруі де заңды еді. Енді бұған халық арасында туған есепсіз даналық сөздерді і

і В. В. Радлов. Образцы народной литературы северных тюрских племен,1885, 3—4 беттер.

 

қоссақ, онда байтақ қазақ даласының ән қалықтап, күй төгілген, жыр ағылған аңыздай келбетін елестету қиъ)/а болмас еді.

Қазақ халқы осындай ақындық қабілет-дарынды ,631- нің ата-тегі — байырғы түркі тайпаларынан мұра/тұт- қан.

Олай дейтініміз, соншалықты ерте туғандығынҚ қара- мастан, Орхон ескерткіштерінде шешендік арйаудың, келісімді ырғактың, ойлы мақалдың, азалы жоқтаудың, жойқын соғыс суреттерінің сан үлгілері ұщйірасады. Солардың қай-қайсысының да дамыған, жетілі-ен түрле- рін әдебиетіміздің әр саласынан қиналмай-ақ тауып жатамыз.

«Тәқірідей, тәңіріден жаралған Түрк Білге қаған,

Бүл шақта, отырдым (таққа),

Сөзімді түгел естіндер?»—

немесе

«Тоғыз оғыз бектері, халқы!

Бұл сөзімді мұқият тыңда, терең ұқ»,—

деген жолдардан қазақ әдебиетінде ерекше дамыған шешендік сөздердің жоралғысын танимыз. Риторикалық сұраққа негізделген шешендік арнаудың мұндай түрлері Орхон ескерткіштерінде өте көп-ақ. Тағы бір мысал:

«Түркі халқы, тыңдаңдарі Көктен тәқірі баспаса Төменде жер айрылмаса,

Ел-жұртыңды кім корлайды?!

О, қасиетті Өтүкен койнауынық халқы!

Біресе ілгері шаптың,

Біресе кері шаптық,

Барған жерде не пайда таптың?» (КТү)

Осының бәрі де кейде адасып, быт-шыт болған, кей- де ес жиып іргелі ел болған түркі халқына, оның ерле- ріне арналған.

Осындай арнау түрінде жазылғандығына байланыс- ты Орхон ескерткіштерін ерлік жырына жатқызғанның өзінде, үндеу, үгіттеу мақсатында туған деп есептейміз. Бұл олардың эпостық құнын төмендете алмайды. Өйтке- ні, қазақ эпостары да негізінен арнаумен байланысты туған.

«Халық арасында әлде бір батырдың қоштасуы және соны жоқтауға байланысты таралған өлең-жырды

 

алғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұң- қыш эпостық дастанның тууына негіз қалауы ықтимал» д^ген еді М. Әуезов. (М. Әуезов «Уақыт және әдебиет», З5’бет).

Дүние салған кісіні жыл бойына ас бергенге дейін жоқтау салты қазақта ежелден бар. Әдетте жоқтау өлеңДұрін өлген адамның жанкүйер жақындары шыға- рады да, ол өлеңдерде әлгі кісінің қадір-қасиеті, тірші- лігі ар^ақталып, қазасының орны толмас өкініш, ауыр қайғы екендігі егіле айтылады. Ал ел арасына кең тараған \даңқты ерлер жайындағы жоқтауларды сол тұстың атақты ақын-жыраулары шығарып отырған емес пе еді?

Міне, хңлықтың сондайлық аяулы батырының қаза- сына арналған, олардың тіршіліктегі істеген ерлігін баян еткен жұрт жарасы, ел шері — ежелгі жоқтау өлеңдерінің, М. Әуезов айтқандай, бертінде қазақ эпос- тарына негізгі қазық болғандығы даусыз. Орхон жыр- ларындағы сондай жоқтау өлеңдерінің бір үлгісін кел- тіре кетейік.

Жырда Күлтегін жасаған жорықтар мен оның айқас- тары суреттеліп келеді де былай делінеді:

«Інім Күлтегін қаза болды,

Өзім кайғырдым.

Көрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды,

Өзім қайғырдым,

Тағдырды тәнірі жасар,

Адам баласының бәрі өлгелі туған.

Қайғырғаным соншама,

Көзге (ыстық) жас келер,

Көңілге ауыр шер келер,

Тағы да ойландым,

Қатты қайғырдым,

Екі шад, бүкіл жеткіншектерімнің.

Ұландарым, бектерімнің, халқым(ның)

Қасы-көзі әз болар деп қайғырдым».

Осы жолдар:

«Қособаның жолында,

Қүс қонбас Құла жапанда,

Жылай-жылай бір жалғыз Дүниеден өтті дегейсің»,—

деп қапылыста мерт болып, әуелеп ұшқан алты қаздан ата-ана, іні-қарындасқа жолдаған аяулы Төлегеннің ащы зарымен қалай әдемі үндесіп жатады. Бүгінгі ұрпақ сол Төлеген сәлемінен әділетсіз заманның жалғаса ал-

 

май, үзіліп қалған жас арманын, қимас арманын ұғы нады.

Немесе, Орхон ескерткіштеріндегі:

«Қөрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды. Жылай-жылай жұртымньщ,

Қасы-көзі әз болар деп кайғырдым»,—

деген жолдар мен «Қобландыдағы»:

«Жайықтьщ суы лай-ай,

Қөр болды көзім жылай-ай»,—

секілді Аналық зарыньщ арасында; «Алпамьістағы»:

«Көретін көзім кер болды Бір перзентке асық боп.

Аққан жасым тыя алмай Көзімнін. жасы төгіліп,

Жылап-еңіреп,, егіліп,

Арасында шеңгелдің»,—

деп, ботадай боздап келе жатқан Байбөрі қасіретінің арасында қаншалықты алшақтық бар?

Біз келтірген үзіндінің бәрі де қаһармандардың ба- сына түскен ауыр шерді баяндайды:

Халық сүйген аяулы ерден, туған інісінен айырылған Білге қаған ақылынан адасып, бүкіл түркі халқының көзінің жасы көл болулы.

Сондайлық батырды зарыға күткен Аналық пен Бай- бөрінің де жылай-жылай екі көзі көр болады.

Бұл тек перзентке зарыққан ата менен ананың ғана тақсіреті емес, апат соғыстардан титықтап, әбден қал- жыраған, сөйтіп өзіне қорғаныш іздеген, іздегенде Алпа- мыстай, Қобьіландыдай батырды минут сайын, секунд сайын ыждағатсыз, тағатсыз асығып күткен халықтың аңсаулы арманы.

Осы тәрізді перзентке зар болу, сол батырдың өлсе қазасын жоқтау — қазақ эпостарындағы негізгі мотив- терден саналады.

Осындай жоқтау жырларын ең көне деп есептелетін «Қозы Қөрпеш—Баян сұлу» эпосынан да көретінбіз.

Сонымен, жоқтау өлеңдерін, шешендік арнау сөздер- ді казақ әдебиетінің ең көне түрлерінің бірі деп есеп- тесек, сол үлгілерді Орхон ескерткішінен де кездестіріп отырмыз. Мұның өзі Орхон жырларының қазақ халқы- на катысты туынды екендігін тағы дәлелдей түседі.

Халқымыздың ең көне эпикалық мұрасы — Қүлтегін

 

мен Тоныкөк жырларын ерлік жырына жатқызудың тағы бір себебі мынада: қазақтың батырлар жырына тэн бұлжымас ортақ қасиеттердің денін біз Орхон жыр- лУрынан да табамыз.

\0л ортақ қасиеттер қандай еді?1

Біріншіден, Орхон ескерткіштерінің де, қазақ эпос- тарьщың да негізгі идеясы бір. Ол — өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы.

Екінщіден, солардың қай-қайсысында да әлеуметтік сарын ^асым. Ат жалын тартып, қолына қару алған жас батыр елінің намысы үшін сыртқы жауға қарсы аттанып, есепсіз киындықтардан өтіп, ақыры жеңіспен оралады. Батырдың ерлігі қырғын қантөгісте көрінеді.

Біздіңше, батырға ер атағын — лақап атын осындай жауапты айқастарда көрсеткен ерлігі үшін беретін болу керек.

Үшіншіден, эпикалық жырларда жеңілуді білмейтін ежелгі батырлардың жас шағынан өмірінің ақырына дейін ерлік әрекеттері түгел, тұтас жырланады: Қоб- ланды мен Алпамыс ‘ батырлардың дүниеге келуінен бастап суреттелсе, Орхон жырларында Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өміріндегі ер- лік істері баяндалады.

Мұның себебі неде? Біріншіден, біз алдыңғы екі жырдың әуелде қандай үлгіде туғандығын білмейміз. Бізге олардың талай жыраулардың қолынан өтіп, талай ғасырларды аттап, алғашқы нұсқасынан өзгеріп, толы- ғып жетіп отырғандығы белгілі.

Екіншіден, «Қүлтегін» тасқа басылған жыр десек, М. Әуезов айтпақшы, оның ауызша одан да толық варианттарының халық арасында таралмауы мүмкін бе?

Тіпті Күлтегіннің мол жорықтарының өзі қазақтың төл жырларының кейбіреулеріне арқау болмады ма екен?

Келешекте бұл мәселені де айқындау қажет.

Төртіншіден, эпостарда батырлардың астындағы үшса — қанат, сенімді, қанатты тұлпар серіктеріне ерекше мән беріледі. Олар: Қобландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы.

Ал Орхон жырларында бір Күлтегіннің астынан мұндай сәйгүлік, желаяқ аттардың талайын көреміз. Бір

1     Біз ендігі жерде Орхон ескерткіштерін казақтын Қобланды, Алпамыс жайындағы көне эпостарымен салыстырып отырмыз.

 

өзгешілігі, батырдың жойқын айқастарына шыдай ал- май, олардыд біразы оққа да ұшып жатады. Әйткенмен, солардың ішінен Күлтегінге шыдағандай, оған айнымас серік болғандай: Алып Шалшы ақ айғыр, Азман ақ, Кд- ра-кер, Жетімек тәрізді батырдың даңқына сай тұлп/р- лар бөлек көрінеді.

Қазақ жырларының басқа халықтар эпосынал оір айырмашылығы да осы ер қанатын аса бір мах/ббат- пен, эпикалық деңгейде, ерекше ықыласпен суретт/уінде.

Бесіншіден, Орхон жырларында да, қазақ эпойтарын- да да дәстүрлі қайталаулар жиі ұшырасып отырады.

Мысалы, «Қобландыдағы»—

«Түтікпенен су берген,

Түндікпенен күн берген»,

Немесе,

«Жасы құрдас менімен,

Мұңы мұңдас менімен»,—

деген тіркестер «Алпамыстағы»—

«Қаланың аузын қан қылды, Қақпаның аузын шаң қылды»,—

тәрізді жолдар; Орхон жырларындағы —

«Бастыны еңкейтті,

Тізеліні бүктірді»,

яки
«Азды көп қылдым,

• Кедейді бай қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым»,—

секілді жолдар, жырдың лейтмотивіндей, шығарманың басынан аяғына дейін үнемі қайталанып отырады.

Бір ғаиа бұл айтқандар емес, Қүлтегін, Тоныкөк жырлары мен қазақ эпостарының арасында басқа да толып жатқан сәйкестіктер бар. Сондай-ақ, эпостағы кө- не элементтің бірі — ұлан-ғайыр жорықтар, айбынды айқастар суреті десек, олар-дағы жоғарыда аталған жырлардың күллісінде ерекше шабытпен әрі өте ұқсас жырланады.

Қөршілес оғыздарға, қырғыздарға табғаштарға қар- сы аттанып, жауының

Елдігін жойып,

Хандығын қиратып жүрген Қүлтегіннің әрекеттері

 

Тайбурылды шиыршық аттырған Қобыландының, күллі қалмақты үрейлендірген Алпамыстың ересен қимылда- рына ұқсамай ма?

Бірде найзаласқан, бірде қылыштасқан қанды ай- қастар кескінін бұл жерде тізіп жатудың қажеті бола қояр ма екен? Оны жоғарыда келтірілген жыр нұсқасы- нан аңық көруге болады.

Садыстырып отырған «Қүлтегін», Алпамыс», «Қобы- ланды» жырларынан бірінің бірі көшірмесіндей, егіз, туысты көріністерді қиналмай табуға болады.

Баты^лар жасаған ерлік көріністердің соншалықты ұқсастығыңа бірер мысал келтірейік:

«Күлтегінде»—«Түнде ұйқтамадым,

Күндіз отырмадым».

«Қобыландыда»—«Түн ұйқыны бөлгендей,

Қай шаһарға барасың?»

«Алпамыста»—«Күннен күнге түн қатып».

Бұл жолдардан біз өз халқының тәуелсіздігі, намысы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ерлердің үрдіс қимылын, дамылсыз жортуылын көрер едік.

Тағы бір мысал. «Қобыланды батыр» мен «Алпамыс батыр» жырларындағы сөзбе-сөз келетін мына бір:

«Қаланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды,

Айдарлысын құл қылды,

Тұлымдысын тұл қылды»,—

деген шумақты, «Қүлтегіндегі» мына бір жолдармен салыстырып қараңыз:

«Бастыны еңкейтті,

Тізеліні бүктірді.

Бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды»,>

Осындағы құл, күң сөздерінің бәрінде де бірдей ма- ғынада қолданылуына әрі жоғарыда келтірілген басқа да көптеген ұқсастықтарына қарап, Қүлтегін, Алпамыс, Қобыланды жайындағы эпостарды әр дәуірдің, бір әде- би дәстүрдің жалғасты туындылары деп есептеуге болар еді.

Дәлірек айтқанда, олардың бәрі де ерте дәуірдегі ерлікті дәріптеген эпикалық дәстүрдің мұралары. Айыр- машылығы тек «Қүлтегін» жырының тасқа басылып, ондағы шығармаға қатысты нақтылы тарихи деректер- дің өзгеріссіз сақталып қалғандығында.

 

Ал «Қобыланды», «Алпамыс» эпостарында жек^ рулар мен Алпамыстың, Қобландының және басқа да бірді-екілі басты кейіпкерлердің атауы, есімі ғана сақ- талғандығы болмаса, ондағы суреттелген оқиға халь/қ- тың бертіндегі басынан кешкен дәуірлік кезеңдеріне, оқиғаларына сәйкес бүтіндей өзгеріп кеткен.

Тасқа басылған демекші, «Алпамыс» эпосының Ор- хон дәуіріне жалғасты шыққандығының айқын бі^ дәле- лін жырдың өз ішінен табамыз:

«Шаң астына караса,

Айшыкты ала ту 1 көрді.

Ту астына қараса,

Жер қайысқан қол көрді.

Кол астына қараса,

Ак шатыр мен көк шатыр 1 2 Баратын тура жол көрді.

Аяғының астында,

Тақтай тастың бетінде Жазылған таста хат жатыр.

Хатқа бала қараса,

Іші толған тамаша,

Талай-талай кеп жатыр.

Түсінбеген тусінсін,

Болмаған бұрын сөз жатыр»3.

Әрі қарай оқи түсейік:

«Осы жолмен жүрсе деп,

Алпамыс жалғыз келсе деп,

Жазған хатты көрсе деп,

Тасқа қалам басады.

Алпамыс деп ат жазып,

Өзінің атын қосады 4».

Қөріп отырсыздар, тас бетіндегі жазудың дерегін «Алпамыс» та беріп отыр. Бұл, сөз жоқ, эпостың шығу дәуірін анықтауға септігін тигізетін құнды материал.

Оның үстіне тақтай тастың бетіндегі жазудың

«Іші толған тамаша,

Талай-талай кеп жатыр.

Түсінбеген түсінсін,

Болмаған бұрын сөз жатыр»—

1  Түркі кағанатында әр рудың өз туы болған.
2 Түркі халқы көбіне көк шатыр тігіп, бектері киімді көк түстен киген. Мұның өзі аспанды тәңірі деп танып, содан жаралдық дейтін халықтың сол Тәңірі-аспан түсіне ұқсатуынан. Түркі халқын кейде көк түрк деп те атайтыны сондықтан.
3  Қазақ эпосы, 246-бет.
4  Қазақ эпосы, 247-бет.

 

дейтін жолдары бізді ойландыру керек. Себебі, жырдың ең көне жолдарының бірі осылар деп есептейміз.

«Алпамыстың» ең алғашқы нұсқасында тастағы жг\зудың мазмұны толық болған деу керек, амал не, ғасырлар өткен сайын ол жазулар ұмытылып, осы күн- дері\«сол жазулардың ішінде» не бір болмаған сөз бар еді» деген тәрізді елесі ғана қалған. Жалпы ұрпақтан- ұрпаққа, ғасырлардан-ғасырға ауызша тараған әдебиет үлгілерінің тағдыры осындай. Жылдар өткен сайын ауызекі\таралатын жырлар әр жыраудың тұсында езге- ріске ұшырай береді.

Біз салыстырып отырған жырлардың бәрінде бірдей жау — қойға, батыр — бөріге теңеледі.

«Күлтегіндегі»:

«Әкем қағанның қосыны бөрідей Жаулары қойдай бопты»,—

деген жолдардың «Алпамыс» деп «Қобыландыдан» да- мытылған, жетілген түрін көреміз.

«Қойға тнген қасқырдай Сойып кетіп барады».

(«Қобыланды»)

«Қойға шапқан бөрідей Талқандап қуып бөледі».

(«Алпамыс»)

Ұнамды кейіпкерлерді бөріге теңеу түркі халқьг бөріден тараған деген аңыздан шықса керек. Өзінің түп тегі санаған халық бөріні ерекше қасиеттеген. Қазақта ертеректе бөрімен байланысты Қасқырбек, Бөрібек, Бөл- тірік, Бөрібай тәрізді кісі аттарының өте көп болуы осыдан.

Түркі руыньің батырлары жорыққа аттанғанда өз туларының ұшына қасқырдың бас терісін байлап шы- ғатьіндығы жайында сол дәуірдің деректерінде жиі кез- деседі.

Эпостарда шайқастар да соншалықты ұқсас беріледі.

Мысалға:

«Қаны судай акты,

Сүйегі таудай (үйіліп) жатты».

(«Күлтегін»)

«Майданнан ақкан қызыл қан Сарқырап ақты судай боп. Өліктері төбе боп,

 

Төскейден шапкан кырдай боп>.

(«Алпамьіс»), (Қазақ эпосы, 302-бет).

Қанды — аққан суға, өлікті — үйілген төбеге әйтпесе тауға теңеу—«Эпикалық жырдың тілі, әсіресе ондағы теңеулер үнемі тұрақты болады» дейтін А. Веселовский- дің пікірін толық растап отыр. (А. Веселовский. Исто- рия эпоса, 307-бет).

Мынадай бір қызықты жайды да айта кеткен жөн.

Жеңілген елге ханды, бекті батырдың өзі 9’айлауы жырларымызда о бастан-ақ желісін үзбей келе жатқан жалғасты дәстүр екенін аңғарамыз.

Мысалы, Орхон жырларында Білге қаған, Қүлтегін өздері жеңген елдерге шад, бек тағайындайтын болса, Алпамыс қалмаққа Қейқуатты патша етеді.

«Патша болды Кейкуат Қалмақтьщ калың еліне».

Эпостарда быт-шыт болып ыдырап кеткен, өлімші халге жеткен халықты қайта жиып, қалпына келтіретін де, ел-жұрт ететін де — сол батырлар. Батырлардың негізгі міндеті өз Отанын сыртқы жаулардан қорғау болса, сол қорғаудағы мақсат — ел тұрмысын жақсар- ту. Жырларда осындай маңызды мәселе де ерекше орын алады.

Табғаштардың «тәтті сөз, асылы дүниесіне алданған», өз арасында іріткі шығып, бағынбай, бағытсыз кеткен түркі халқы жайында «Қүлтегін» жыры:

«Аштықта токтықты түсінбейсің,

Бір тойсаң аштықты түсінбейсің,

Сондығың үшін алдандың,

Ханның тілін алмадың.

Жер-жерге бардың (сандалдың»).

Аштықтан әбден арыдың,— деп, ашына әрі оларды жазғыра жазады.

Әйелі — күң, ері құл болып, осылай тозып кеткен халықты ата-мекеніне қайта жинап қоныстандыратын — Күлтегін.

Култегіннің ерлігінің арқасында түркі халқының:

«Кедейі бай болды,

Азы көп болды,

Құл құлды болды,

Күң күңді болды».

Сөйтіп, ешкімге кіріптар болмай бейбіт өмір сүрді.

 

Осындай жәйттерді «Қобыланды», «Алпамыс» жырла- рынан да кездестіреміз.

Қобыландының жырақта жүргендігін пайдаланып, Алшағыр оның елін шауып алады. Қалмақтың құрсауы- нан босатып, ызғыған қыпшаққа берекені қайта дары- татын — Қобыландының езі:

«Қальщ кыпшақ жағалай Қараспан тауға коныпты.

Кемшілік көріп кәпірден Пенде болып байланған.

Жылаған кыпшақ баласы Бурынғыдан екі есе Бақ-дәулетке жолықты.

Қалмақтан алған көп олжа Бөліп берді еліне,

Пакыр, кедей кеміне,

Қедейі байға теңеліп,

Риза болды бәрі де».

(«Қазак; эпосы», 181-бет)

Орхон, «Қобыланды» жырларындағы жағдайды «Ал- памыстан» да көреміз.

Байбөрінің қателігінен Қоңырат елі ыдырап, тозып кетеді. Неше түрлі азап-қиындықты басынан кешіріп, ұзақ сапардан Алпамыс батыр еліне қайта оралғанда: Ұлтан құлы бек болған; бабасы — жалшы, әкесі — құл, анасы мен қарындасы күң болған; Жәдігері — додаға, жесірі саудаға түскен ақыр заманға тап болады.

Осыншама мехнаттан, бұғаудан халқын құтқарып, жұртын қайта түзейтін тағы сол ел батыры—Алпамыс.

«Жиылған халық жылады,

Тозып кеткен ел-жұртын Тегіс жиып алады.

Тентегі мен телісін Түзетіп жөнге салады».

(«Қазаң эпосы», 327-бет).

Тағы бір ерекше айта кететін нәрсе-—Орхон, «Алпа- мыс» жырларында жеті санының жиі қайталануы жай- лы. Бірнеше мысал келтірейік. 1

1.  «Әкем қаған он жеті ер ертіпті.

2.   Жиылып жетпіс ер бопты.

3.   Қосыны жеті жүз ер бопты.

4.   Қырық жеті рет аттанды,

Жиырма шайқас жасады

5.   Әкем өлгенде Қүлтегін жеті жаста қалды.

6.   Қүлтегін қой жылы он жетінші күні».

 

дүниеден ұшты. Тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік. Мазарын, ою-өрнегін, жазба тасын мешін жы- лы жетінші айдың жиырма жетісінде тегіс аяқтадық. Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді.

«Алпамыста»:

1.    «Жеті жыл жаттым мен деймін Жеті мын, калмақ өлтірмей Сірә де кезек бермеймін.

2.    Жеті жылдын ішінде Көрінбеді кісіге.

3.    Енділігі жеті кез Темір үйді салдырды.

4.    «Жеті күн мен жеті түн Қолыма менін бер»,— деді.

5.    Отырған орны жер болып Жеті күн ұдай түнеді».

Бұл туралы толып жатқан пікірлер бар. Қазақтың жеті өткізу, жеті атадан бері санауы да қызық.

Бірақ бізге керегі әзірге ол емес. Бізді қызықтыра- тыны VII ғасыр мұрасы —«Күлтегін» мен «Алпамыс» эпосында өсімтал (7—70—700—7000) жұмбақ жеті сан- ның жиі қайталануы.

Мұның өзі бір жағынан «Алпамыстың» көнелігін дәлелдесе, екінші жағынан «Алпамыс» пен Орхон жыр- ларының шыққан уақытының жалғас, іргелес екендігін, бір дәстүрдің мұрасы екендігін тағы да растайды.

* * *

Сонымен, жинақтай келе айтарымыз: Біріншіден, Орхон ескерткіштері — түркі халықтары тарихының көп деректерінің әсерлі желісін жеткізген, эпикалық шығар- малардың шағын фабулалық өрістерін қамтыган тари- хи — ерлік жырлардың ең әдепкі үлгілері.

Эпостық баяндауга негізделген бұл ескерткіштерде жеңілуді білмеген ежелгі жыр батырларындай, Күлте- гіннің басынан кешкен ерлік қимылдары, жорық сапар- лары қаншама? Тілсіз тасқа сыйғызған сол жойқын со- ғыс суреттерінен біз Күлтегіннің жекпе-жек шайкаста- рын анық елестетеміз.

Орхон жырларының негізіне түркі руларын бірікті- ру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алын- ған. Әлбетте, сонымен бірге біз олардың рулық дәуірдің әлеуметтік теңсіздігін де көреміз.

Үстем тап өкілдерінің, ақсүйектердің (бек) төменгі

 

бұқараны (қара будун) қалай қанағандығы жайында

елеулі деректер табамыз.

ІЗұл жайында Орхон жырлары: «Ер жыныстың құл болды. Пәк қыздарың күң болды» деп жазды. Шығар- маның ең халықтық сипаттағы жолдары — осылар деп білеміз.

Аталмыш ескерткіштерде жырды шығарушылардың өмірден түйген, білген философиялық толғаныстары да жоқ емес: «Тағдырды тәңірім жасар, адам баласы өл- мекке жаралған», «Қай халық болмасын, сол елдің іші- нен пәтуәсіз (жұғымсыз, жалқау) табылса, онда ол халықтың қаншама соры бар десеңізші» деген даныш- пан Тоныкөктің сөзі қалыптасқан қағида, қазақ арасын- да кең етек алған толғаудың түпкі сағасы тәрізді.

Екіншіден, Орхон ескерткіштері мен ежелгі қазақ эпостарын салыстырудың нәтижесі олардың арасындағы дәстүрлік байланыстың барлығын дәлелдейді деп біле- міз. Бұдан шығатын қорытынды — қазақ халқындағы бай жыр дәстүрінің негізі сол Орхон ескерткіштерінде қаланған.

ОБРАЗДАР

Орхон жырларында бір топ қағандар образы бар. Олар: Бумын, Естіми, Білге қағандар. Алғашқы екеуінің түркі қауымына иелік етуін адамзаттың жаратылысы- нан бастайды да, оларды ақылды қаған, алып батырлар дәрежесінде бейнелейді.

Қырық жеті рет аттанып, жиырма шайқас жасаған Елтерістің де есімі ерекше аталады.

Ескерткіште дербес образ дәрежесіне көтеріліп, жыр- ланғандардың бірі — Білге қаған.

Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі: ол халықты жинап, ұйымдастырушы ретінде бейнеле- неді.

Жьірда Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол табғаштар салған ылаң мен іріткіге ырық беріп жалған сөздің жетегінде кетіп, қырылып- жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады.

Шығармада оның образы түркі халқының иелігін молайтқан, тұрмысын жақсартқан батырдың бірі ретін- де суреттеледі.

Жырдың соңында Білгенің түркі халқын біріктіру- дегі еткен еңбектерін, азаптарын баяндай келе, түркі

 

руларының үстем тап өкілдерін, бектерін жаңылғыш- тығы (кателескіштігі, ақылсыздығы), жағымпаз таккұ- марлығы үшін айыптайды.

Жырдың негізінен суреттеген кейіпкерлері тектіден шыққан батырлар болса, сонымен бірге шығармаларда «ұлдары — құл, қыздары — күң болған»; ұшарын жел, қонарын сай білген; ілгері-кейін бұлттай жөңкілген; «Қаны судай аққан», «аш-жалаңаш, жаяу-жалпы бо- сыған», титықтаған қара халықтың — жалпы бұқара- ның жиынтық образы жасалған.

Аз күн бейбіт өмірдің дәмін татып, рақатын сезген, сәл тыныстан ес жиып, көзін ашқан қарапайым халық- тың басына табан астында-ақ қаралы күн, ақыр заман орнап жатады.

Сол қорлыққа төзе алмай, шыдамы таусылған көп- шіліктің енді бір сәт бектермен айқасқа шыққанын көреміз.

Әлбетте, бұл мақсаты айқын, бітіспес тап күресі емес, сол дәуірдің шындығынан өршіген қанаушы тап пен қаналушы таптың келіспес наразылығы ғана бола- тын. Ол туралы Орхон ескерткіштерінде «Бек пен хал- қы жауласты» деп жазады.

Қоғамның негізгі құрамы, басты күші — осы кедей халықты соншалықты ауыр азапқа салып жүргендер — ел билеуші ақсүйектер. Мұның дәлелі ретінде ескерткіш- тен мынадай жолдарды оқимыз.

«Біліксіз қағандар отырған екен,

Жалтақ қағандар отырған екен.

Әміршілері де біліксіз екен,

Жалтақ болған екен.

Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,

Табғаш халқының алдауына сенгендігінен,

Арбауына көнгендігінен,

Інілі-ағаның дауласқандығынан,

Бекті — халқының жауласқандығынан,

Түрк халқы елдігін жойды».

Міне, ел ішіндегі бақталастық, ымырасыздық; биле- ген хандардың, олардың атқамінер әміршілерінің ақыл- сыздығы салдарынан халық осылай қатты күйзеліске ұшырайды, титықтайды, быт-шыт болып тозады.

Орхон шығармаларында эпостық образ дәрежесіне жеткен басты әрі ең өзекті тұлға — Қүлтегін.

Ат жалын тарта халқына қорған болған бала батыр жырда үнемі беку, өсу үстінде суреттеледі.

Жеті жаста атадан жетім калған Күлтегін он жаска

келгенде ер атанады. Он алты жаста қару-жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қуып табғаштарға аттанады.

Жиырма бір жаста Тадықын чурдың Боз атына мініп, чача Сеңүнмен айқасады. Шайқастың тепкісіне төтеп бере алмаған Боз ат та, одан соң мінген Торы ат та қан майданда жан тапсырады. Осы соғыста Күлтегін өзіне жау оғының бірін де дарытпай шығады.

Жиырма алты жасында қырғыздарға қарсы аттанып, найза бойлар қардан өтіп, қырғыздарды ұйқыда басады.

Қырғыздардың жөйіт батырларының бірін оққа ұшы- рып, екеуін найзаға ілген Күлтегін астындағы байырқы- лық Ақ айғырдың белін мертіктіреді, бірақ жауды жеңіп тынады.

Одан соң түргештерге жойқын соғыс жасайды. Алып Шалшы ақ атқа мінген ер Күлтегін түргешті түгел тал- қандайды.

Отыз жасында — қарлұқтарды, отыз бір жасында аздарды алады.

Бұл жойқын кескілестерде Күлтегіннің астынан баяғы Алып Шалшы атты көреміз. Оғыздармен, ізгілдер- мен айқаста Күлтегін Азман ақ пен Қаракерді алма- кезек мінеді.

Сөйтіп, қырық жеті жасында дүние салған Күлтегін ылғи жорықты сапар, қанды майдан үстінде, жекпе-жек айқастарда, теңдесі жоқ қолбасшы-кемеңгер бейнесінде көрінеді.

Батырдың сырт пішіні, портреттік суреті жырда берілмегенмен, жаумен бетпе-бет келіп найзаласқан сәт- терден қазақ эпостарындағыдай «Буырқанған, бусанған, мұздай темір құрсанған» ер-жүрек алыптың келбетін елестету қиын емес.

Бір ғана Күлтегін жырында сан атаулы сәйгүлік ат- тар Күлтегіннің мінісіне шыдамай біріңен соң бірі құлап жатса — бұл-дағы батырдың соқталы образын аша тү- сетін, айқындай түсетін айшықты мотив.

Ал талай қырғынға Күлтегінмен бірге кіріп, жеңіске ортақ болған атақты Алып Шалшы мен Азман ақтардан «Алты айлық жерді алты аттаған», «Бір төбенің тоза- ңын бір төбеге қосқан», «Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» жүрісте — көлік, жауда —- серік өзі- міздің сүйікті Тайбурыл, Байшұбарларды көргендей бо- ламыз.

Күлтегін — түркі халқының ерлік сыпаттарын бойы- на дарытқан жиынтық образ. Оның тұлғасында бір кез-

 

дерде жалпақ даланы еркін билеген түркі тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында жойқын соғыстардан жанышты, ерқашты болып, титыктаған халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Ба- тыр мерт болғанда, қазасына досы ғана емес, дұшпан- дарының да қосыла жылауы оның сол — бұлжымас ерлік қасиеттерін танытады.

Батыр дүние салған күндері әр рудан басшы алып, жылап-сықтап келіп жатқан халықта есеп болмаған. Күлтегіннің қазасымен байланысты түрк жеріне орнаған ауыр түнек пен есепсіз қара шеруді жыр өте жақсы бей- нелеген.

Күлтегіннің дұшпаны дегенде айтарымыз кім?

Жырда оның өзімен теңдес, иықтас батырдың аты аталмайды. Бірақ сүңгіге ілінбей берілмеген есімі атал- маған атсыз ерлер өте көп. Күлтегіннің алып келбетін ашатын да солар. Күлтегін батыр бастаған түркі халқы- мен шайқасқа түскен елдің ішінде осалы жоқ. Олар бірінен соң бірі кол қусырып, құлдық ұра бермеген, ақ- тық деміне дейін айқасқан.

Күлтегінге қарсы шыққан жаудың сондай сұсты кейпін Орхон ескерткіштері аз сөзбен-ақ жеткізіп бере- ді. «Қорқынышты кісілер, алып кісілер шабуыл жаса- ды». «Жауымыз жыртқыш құстай еді», «Отша, бөріше келді» дейді Орхон жырларында.

Бұл отша жанып, бөріше ұмтылған, жыртқыш құстай улы тырнағын жайған үрейлі жау қолын көз алдымызға әкеледі.

Міне, мұның бәрі де жырдың басты тұлғасы — Күл- тегін образын жан-жақты толықтырып, аша түсетін ақи- қатты, жанды кескіндер.

Күлтегіннен басқа Орхон ескерткіштерінде жиі ата- латын өзгеше кейіп, оқшау бейнеленетін о б р а з — Т о ныкө к.

Ол — Елтеріс, Білге қағандардың ақылгөй дем беру- шісі, талай жорықтарға бастап, жауды талқандаған қол- басшы, батыр.

«Мен — кемеңгер Тоныкөкпін деп басталып, соның өз атынан баяндалатын ескерткіште Тоныкөктің барлық айла-тәсілі толық қамтылған.

Ол көбіне, бірнеше ханға ақылгөй болған, телегей жыр тудырған Бұқар тәрізді ғұлама жырауларымызды еске салады. Ол оғыз батырлары жайындағы мол жыр- ларды шығарған Қорқытқа да ұқсайды. Өйткені, Орхон ескерткіштеріндегі Тоныкөк жыр авторы ретінде де бел-

 

гілі. Мұның өзі, қырғыз халқының әйгілі эпосы «Манас- тың» тууы жайындағы академик М. Әуезовтің: «Алғаш- қы жырды аты шулы жорыққа өзі қатысып, көзімен көрген адам шығарған»1 дейтін өте құнды тұжырымын бекіте түседі.

Ғалым айтып отырғандай, Орхон жырларындағы Тоныкөк те не бір жорықтардың куәгері, ізінше сол со- ғыстар жайында әсерлі дүниелер тудырған эпикалық өнердің иесі. Сонда біздің Тоныкөк деп отырғанымыздың өзі, алдьімен жырау болып шығады.

Е кін ші д е н, Тоныкек — ақылды қолбасшы. Оның есімімен білге эпитеті (Білге Тоныкөк) үнемі егіз аталып отырады. Біздіңше бұл Тоныкөк- тің сондайлық ақылдылығына сәйкес халықтың бертін- дегі қосып берген аты. «Ақыл иесі, сез кесі болдым»— дейді бір сөзінде Тоныкек. Соған қарағанда оның әрі ақылды, әрі сөзге шешен болғандығы аңғарылады.

Тоныкөк — ұрда-жық асығыстың келте адамы емес, алдағыны күні бұрын болжап білетін сергек ойшыл.

Небір қиын-қыстау күндерде қай мәселенің тұсында да асықпай-аптықпай: «осылай етсем ше?» деп, өзіне сауал қойып барып, шешімін содан соң іздейді.

Әлсіреп жойылып бара жатқан түрк халқын қайта біріктіріп, қайтадан ел ете алатын басшыны сайлаудан бұрын Тоныкөк: «Арық бұқаның, семіз бұқаның барын білер ме екен?» деп толғанады. Бұл — оның ақсүйектер- мен бұқараны өштестірмей, жауықтырмай ұстай алар ма екен, жақсы мен жаманды ажырата алар ма екен дегені еді.

Тоныкөктің данышпандық қасиетін түркі халқының жаулары да мойындайды. Түрктерден сескенген қидан- дар, табғаштар, оғуздар ездерінің одақтастарына елші жіберіп, ақыл қосып, күш біріктірудің қажеттігін қай- та-қайта пьісықтап, әбіржіп жатады. Өйткені, олардың айтуынша: түрк халқының «Қағаны — алып, ақылгөйі — кемеңгер. Осы екеуі тірі болса бізге жеңу жоқ» деп на- лиды. Мұндағы түрк халқының ақылгөйі деп отырға- ны — Тоныкөк.

Тоныкөк — айлакер, әскери әдістердің жетік білгірі. Оғыздар, табғаштар, құтандар түрк халқына қарсы ат- тану үшін күш қосқалы жатыр дегенді естіген Тоныкөк күні-түні алдағы болғалы тұрған апаттан құтылар жол-

1 М. Әуезов. «Уақыт және әдебиет», 206-бет.

 

дарды, тәсілдерді іздейді ғой. Ақыры күллі ел болып соның дегеніне көшеді.

Тоныкөктің ойынша: «жұқаны бүктеу оңай, жіңішке- ні — үзу оңай, ендеше, ол үшеуі бірігіп күшеймей тұр- ғанда шабуылға түрк жауынгерлерінің өзі шығып, олар- ды шетінен біртіндеп талқандау керек».

Көпті көрген, өмірден түйгені мол Тоныкөктің ақыл- айласы, сөйтіп, түрк халқына жеңіс әпереді.

Жауға ойламаған жерден, дәл осылай, тұтқиылдан шабуыл жасау, бұл да қатал сындардан қапысыз өткен ең сүйікті әскери әдістерінің бірі.

Тоныкөк — саясаттың адамы. Осы қасиетіне байла- нысты академик Бартольд оны француз тарихындағы Талейранмен салыстырады. Қөзі тірісінде өз атынан өзіне ескерткіш орнаттыруы да, тексте басынан аяғына дейін үнемі «мен», «мен» деп сөйлеуі де, оның тарихта өз атын қалдыруға қам жеген саясатшылдығынан еді.

Жоғарғы айтылғандардың үстіне Тоныкөк — жауап- ты, шешуші жорықтарға қол бастаған ерен батыр.

Ел шетіне жау келгенде түркі халық үшін ол түн төсе- гінен түңіліп, ұйқысын төрт бөледі.

«Түнде ұйыктамадым,

Күндіз отырмадым.

Қызыл қанымды ағыздым,

Қара терімді төктім»,—

деп жазады.

Ол — қорқуды білмейтін, жауға намысын жібермей- тін ержүрек батыр. Оның қайсар, батырға тән ерлігін мына бір үзіндіден айқын көреміз:

«Алтын тауын асып келдік,

Ертіс өзенін кешіп келдік.

Қөп екен деп неге кашамыз,

Азбыз деп неге қоркамыз,

Неге басындырамыз?

Шабамыз»,—

дейді.

Мұнда мұқалмас жігер, орасан батылдық бар. Өзде- ріңізге мәлім, Білге қаған таққа отырғанда, оған кеңес- ші болған қарт данышпан жетпіс жаста еді.

«Өзім картайдым Ұлық болдым»,—

деген жолдардан біз оның сол ұлғайған шағын көреміз.

Бірақ кәрі тарлан қартайдым деп отырмаған, өле- өлгенше түркі халқының қамында болған:

 

«Мен өзім ұзақ жорықтарға да бастадым,

Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім,

Атты әскер жолатпадым»,—

деген жолдар Тоныкөк өмірінің мақсаты мен нәтижесін- дей. Орхон ескерткіші суреттеген көне дәуірдің жыра- уы, батыры, білгірі Тоныкөк, міне, дәл осындай.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля