Салқындату жүйесінің жай-күйін анықтау

20 ноября, 2017 18:53

Қозғалтқыштың салқындату жүйесінің жэне радиатордың клапанда- рының тығыздығын ДОС-2 аспабының көмегімен анықтайды,

. ДСО — 2 аспабының сүлбасы: 1 — радиатор; 2 — баллон;

3, 8, 13 — шүмектер; 4 — манометр; 5 — стакан; 6 — рамка; 7 — қысқыш;
12 — клапан; 14 — шүмек

Аспаптың тұрқында белгілі бір қысымға реттелген қалытқы орнатылған, ол кеңейткіш бактың қақпағы клапандарының іске қосылу сәтін бекітеді. Шүмектер (3, 14) жабық кезінде баллонда қысым пайда бо- лады. Редуктордың көмегімен қысымның деңгейі 0,1…0,16 МПа болады. Кеңейткіш бактан алынған қақпақты стаканға (5) жабады. Шүмекті (8) жапқанда ауа стаканның жоғарғы қуысына беріледі. Стаканның астыңғы қуысы шүмек (8) арқылы индикатормен жалғанады. Бу клапанына әсер ететін қысым индикатордағы қалытқы жоғары көтерілген сәтте мано- метрмен бекітіледі. Содан кейін индикатор стаканның төменгі қуысымен жалғайды, ал ауа баллоннан жоғарғы қуысқа беріледі де, қақпақтың ауа

 

клапаны ашылады. Салкындату жүйесінің тығыздығын ДОС-2 аспабы-
мен тексеру үшін кеңейткіш бактың қақпағының орнына шүмекпен (3)
жалғасқан қаптама орнатылады. Шүмектер (3 және 13) жабық кезінде ре-
дуктормен 0,6…0,7 МПа қысым жасайды да, шүмек (3) ашылады. Секун-
домер жэне манометр арқылы салқындату жүйесіндегі қысымның өзгеруі
қадағаланады, сонымен бірге жүйенін тығыз бекітілуін тексеріледі. Ол
үшін иінді біліктің ең төменгі айналымындағы манометрдің көрсеткішін
қадағалайды. Егер манометрдің көрсеткіш тілі тербеліп түратын болса,
жүйеге ауа кіретін болып есептеледі.Салқындату жүйесінің тығыздығы, яғни ауа
өткізбеуі кейде арнаулы аспап арқылы анықталады

Аспап кеңейткіш бактың қақпағына орнатыла-
ды. Жүйеге қол сорғысымен ауа береді де, оның
көрсеткішін манометрмен қадағалайды. Салқындату
жүйесіне берілген ауаның қысымы 0,065 МПа қысымды
көрсетуге тиіс, егер қысымның көрсеткіші тез
төмендесе, онда жүйеде ақаудың болғанын мәлімдейді.

Желдеткііи пен генератор белдігінің керілуін
тексеру үшін КИ-8920 аспабы пайдаланы. Негізінен, жетекті белдіктің жоғарғы
бөлігіндегі майысқан жерін өлшейді. Әртүрлі үлгідегі
машиналардың эр бөлігіндегі майысу эртүрлі болады,
ол машинаның сипаттамасында келтіріледі, майысу
деңгейі шамамен Ю…20 мм. құрайды.

Белдіктің керілуін тексеру үшін, соташықтың (8)
тірелетін шетін белдіктің тексерілетін бөлігіне пер-
пендикуляр қойып, аспаптың сабынан ұстап басқанда,
секторлар (9 жэне 12) жылжып, белдіктің майысқандық
шамасын көрсетеді. Аспаптың сабында басқандағы

түсетін күштің шамасын көрсететін динамометрлік көрсеткіш орналасқан,
белдіктің эр бөлігінің майысуын анықтау үшін әртүрлі күшпен басады,
ол шамамен 30…50 Н болады. Егер белдік осал тартылса, онда сырғанау
пайда болып, белдік тез желінеді, ал белдік қапты тартылса, сорғының не-
месе генератордың мойынтіректеріне күш шамадан артық түсіп, олар тез
істен шығады. Ондай жағдайда белдіктің тартылуы реттелуі керек.

Қозғалтқыштың салқындату жүйесінде бірқалыпты температураны ұстап тұру үшін термостат қолданылады. Термостаттың жұмыс істеу тэртібі бұзылса, ол қозғалтқыштың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді. Оны тексеру үшін су құйылған ыдысқа термостатты салып,

Салқындату
жүйесін
сыгьшдайтын
аспап: 1 — мано-
метр:2 — жалгастыц;
3 — қақпақ
суды қыздырадьі, термостаттың клапандарының ашылуын термометрдің көрсеткіші бойынша кадагалайды. Термостаттың клапандарының алғашқы ашылу сэті (70± 2°)С, ал толық ашылуы (85±2°)С болса, онда термостат ақаусыз болғаны, егер температура көрсеткішінде ауыгку пай- да болса, онда термостат ауыстырылады.

 

 

КИ-8920 аспабы: 1 — сырганақ; 2 — түрцы;

3-серіппенің тірегі; 4 — бұрама; 5 — багыттагыш; б — бекіткіш бұрама;

7 — серіппе; 8 — соташық; 9, 12 — секторлар; 11 — бұраманың өсі

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля