Солтүстік Қазақстанның шикізаттық конвейеріндегі (бал құмай) Шай жүгері

17 февраля, 2017 16:32

1 Шаруашылықта қолдану және өнім сапасы

2 Биологиялық ерекшеліктері

3 Сүрлем ретінде егіп өсіру технологиясы

4 Бал құмайды аралас егуде және сүрлемдік конвейерде егіп өсіру

5  Бал құмайдың перспективалы сорттары мен будандары

 

1 Шаруашылықта қолдану және өнім сапасы

Бал құмай жан-жақты қолданыла алатын жоғары өнімділігі бар жемшөп өсімдігі ретінде аса құнды дақыл. Өсімдік мүшелеріндегі қант мөлшерінің жоғары болуының арқасында ол таза күйінде де, қиын сүрленетін дақылдармен қоспа күйінде де сүрлеу үшін тамаша шикізат болып табылады.

М.Ф.Томмэнің (1964) берген мәліметтері бойынша, бал құмайдың жемшөптік мақсатта егілетін сорттарының жасуша шырынында 20%-дан астам қант болады екен. Бал құмайдың 100кг сүрлеуінде 22,8 жемшөптік бірлік және 1,2кг қортылатын протеин болады. Көкшетау АШҒЗИ тәжірибелік егісінде жасалған зерттеулер (Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., 1994) шоқылы-жазықты далада бал құмайды сүрлеуге өсірудің жоғары тиімділігін көрсетті. Жүгерімен салыстырғанда ол құрғақшылыққа төзімді, сонымен қатар егіп өсіру үшін еңбек және қаржылық шығынды аз қажет етеді. Оның ресурстарды сақтау қасиеті кең қатарлап себу кезінде себу нормасы бар болғаны 8-11 кг/га тұқымды құрайды, және де  тұқым бағасы  жүгеріге қарағанда едәуір арзан.

Сүрлемге пайдалану кезінде оны сүтті-балауызданып пісу фазасында жинайды, бұл кезде көк балауса аса жоғары жемшөптік сапасымен ерекшеленеді (1 кесте).  

1- кесте

Даму фазасына қатысты алғандағы бал құмайдың химиялық құрамы

(Г.М.Шекун, 1964)

 

Даму фазасы Абсолютті құрғақ заттағы мөлшері, %
протеин май жасұнық күл АСЗ
Сабақтану 8,60 4,24 24,68 8,12 54,36
Шашақгүлдің шығуы 7,97 4,04 27,19 5,24 55,52
Сүттеніп пісу 5,08 3,78 29,10 4,03 57,42
Сүтті-балауызданып пісу 6,67 3,62 25,67 4,08 59,88
Балауызданып пісу 6,50 3,37 28,31 3,67 58,15

 

Ескерту: АСЗ – азотсыз сірінді заттар.

Сабақ шырынындағы қанттың жиналуы гүлдену фазасынан басталып балауызданып пісуге дейін өте қарқынды жүреді. Бұл кезеңде қант мөлшері 2,0-2,5 есе артады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып құмайды сүтті-балауызданып пісуден балауызданып пісу кезеңіне дейін жинау тиімді.

Басқа астық тұқымдастар тәрізді, бал құмайға тән ерекшелік — өсу мерзімінде биомасса қоректілігінің өзгеруі болып табылады. өсіп дамыған сайын өсімдіктердің шикі протеинінің саны азайып (абсолютті құрғақ заттың массасына прценттік қатынаста), жасұнық саны көбееді. Басқаша айтқанда, қантты-протеиндік ара қатынас кемиді. Алғашқылардың бірі болып бұл ерекшелікке назар аударғандар – американдық зерттеушілер (M.B.Farhoomand, W.E.Wedin, 1968). Олардың мынаны анықтады, Небраска штатында (Солтүстік Америка) тәлімі жер жағдайында өсірілген бал құмай мен судан шөбін гүлдену және дән толысу фазасында орып алғанда протеиннің мөлшері сәйкесінше 17,3%-дан 11,3%-ға дейін өзгерген. Басқа мәліметтер бойынша (И.Г.Ефремова, 1989) шикі протеиннің ең үлкен концентрациясы кущение фазасынан бастап сабақтану фазасына дейін байқалған. Осы кезеңде ол 20 … 22%-ды құраған. Шашақтану басталғанда оның концентрациясы 13,0 … 16,0%-ға дейін, ал толық пісу фазасында 7 …8%-ға дейін кеміген. Дәл осындай нәтижелер ортаазиялық ғалымдармен де анықталған (А.П.Олейник, Е.П.Ковалева, 1975). Олар бұл факторлардан басқа, сорттық ерекшеліктер мен қоршаған орта жағдайларының бал құмай құрамындағы ақуыз мөлшерінің өзгерісіне әсерін анықтады. Сондықтан соңғы жылдар практикасында бал құмайдың басқа дақылдармен, оның ішінде бұршақ тұқымдастырмен араласқан себулері қолданылады.

Бал құмайдың қытайбұршақпен, сиыржоңышқамен және бұршақпен араласқан сүрлемге жинауға арналған  себулері түсімдегі протеиннің мөлшерін оптималды қатынасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қостанай АШҒЗИ ғалымдарының зерттеулері (В.А.Мельников, 1995) бал құмайдың тұқымдық бұршақпен араластырылған себулері 1990-1992 жылдары орта есеппен өнімділігі бойынша таза бал құмайдың өнімділігінен асатынын, ал протеиндер мөлшері (бір жемшөп бірлігіндегі қортылатын протеиннің грамының мөлшері) малды азықтандырудың зоотехникалық нормаларына сәйкес келетінін көрсетті.

Құмай жақсы дәнді пішендемелік дақыл болып та саналады. Ю.Н.Сидоровтың (2002) мәліметтері бойынша, Орынбор облысының жартылай қуаң егіншілігінде бал құмайды егіп өсіру, егер дәнді балауызданып пісу фазасында жинап отырса, пішендеме массасының жыл сайынғы жоғары және тұрақты өнімін алып отыруға жағдай жасайды. 1989-1995 жылдары орта есеппен өнімділік 33,1 ц/га абсолютті құрғақ затты, оның ішінде – 18,4 ц/га дәнді құрады. Осы кезеңдегі арпаның балауызданып пісу фазасындағы өнімділігі – тек 23,0 ц/га абсолютті құрғақ затқа аударылған жалпы биомассаны құрайды, оның ішіндегі дәні – 14,3 ц/га. Практика көрсеткендей, бал құмайды дәнді-пішендемелік конвейерде егіп өсіру энергетикалық құнды жемшөптердің тұрақты және біркелкі түсімін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар дәнді пішендемені дайындау әр дақыл үшін қолайлы мерзімде жүргізіледі, ал бал құмай есебінен жыл сайынғы жалпы жинаудың өзгеріс амплитудасы азаяды.

Малды көк балаусамен қоректендірудің көптеген тәжірибелері бал құмайдың жоғары жемшөптік қасиеттерін дәлелдейді. Көк балауса шашақтану фазасынан бастап толық піскенше шырынды болып, тез қортылады және жоғары деңгейде қоректі болады. Онда 70 … 80% ылғал, 3,0 … 3,5% протеин, 0,8 … 1,0% май, 10 … 18% қант және салыстырмалы түрде жасұнықтың аз мөлшері – 6 … 8% болады. Құмай ақуызында мына негізгі амин қышқылдары табылған: лизин, метионин, триптофан, аргинин, лейцин, гистидин және басқалар. П.И.Шориннің (1976) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, бал құмайдың жапырақ-сабақты массасында мына фосфоры бар заттар болады: фитин, липоидалық және бейорганикалық фосфор, мал азықтандыруда үлкен мәнге ие калий және магнийдің минералды тұздары.

Бал құмай жайылымдық стадиядағы шикі ақуыздың ең үлкен концентрациясымен сипатталатыны анықталған. Шикі ақуыздың мөлшері 20%-ға дейін жетіп, өсімдіктің өсуіне қарай азаяды. Бұдан басқа бал құмайдың тағы бір ерекшелігі – шауып алғаннан кейін жақсы өсетіндігі. Бұл оны егіп өсірудің қуаң жағдайлары бар көптеген аймақтарда көк балауса конвейеріне енгізуге негіз болды. Құмай, кеш себілетін өсімдік болғандықтан, көк балауса конвейерінің керемет сақтық қоры болып табылады, әсіресе құрғақшылық жылдарында.

Республиканың оңтүстік аудандарының тәжірибесі мынаны дәлелдеді, көк жемге дер кезінде орылғанда (шашақтанудың басталу фазасы) құмай өсу кезеңінде 3 пішенге дейін бере алады (Т.С.Рахымбеков, В.М.Макаров, 1986; В.М.Макаров және басқалар, 1982; А.С.Каракальчев, Т.С.Рахымбеков, 1987). Көк массаның сапасы бойынша бал құмай көк жемшөп ретінде қолдануға сай келеді, ал қорытылатын протеиннің мөлшері бойынша  және жалпы қоректілігі бойынша жүгеріден едәуір асып түседі (2 кесте).

2 — кесте

Шашақтану кезеніндегі құмай мен жүгерінің химиялық құрамы мен

құнарлылық құндылығы

Көрсеткіштер Көк балауса Сапаға қойылатын стандартты талаптар
жүгері құмай
Құнарлы заттардың мөлшері, %

Су

Протеин

Ақуыз

Май

Жасұнық

Азотсыз сірінді заттар

Күл

 

 

74,9

2,1

1,5

0,6

6,1

14,5

1,8

 

 

70,0

3,5

2,3

0,8

8,2

15,3

2,2

 

 

83%-дан аз

1,5-тен артық

 

 

9,0-ден кем

100кг жемшөптегі мөлшері, кг  қортылатын протеиннің жемшөп бірліктерінің  

22,8

1,1

 

25,3

2,4

1 жемш. бірл. мөлшері

Протеин, г

 

48

 

95

Протеиннің қортылу коэффициенті  

54

 

69

Ескерту: сапаға қойылатын стандартты талаптар ОСТ 10273-2001 «Көк

жемшөптер. Техникалық жағдайлар» салалық стандартының

негізінде алынды.

Жылдың жылы мезгілдерінде, әсіресе Солтүстік Қазақстанға тән шілденің басындағы жауын-шашыннан кейін, құмай шауып алғаннан кейін тез өсіпкөрпекөк береді. Құмай тұқымдастарының көптеген түрлеріне, оның ішінде бал құмайға тән биологиялық қасиет шабылудан кейін ылғалданумен байланысты қолайлы жағдайлардың болуына қарай ұзақ және интенсивті түптенуі. Егер құмайды түрлі мерзімдерде шауып отырса, суландыру арқылы көк балаусаны ұзақ уақыт алуға болады. Эксперименттер мынаны көрсетті (А.С.Каракальчев, Т.С.Рахымбеков, 1987) — өсімдіктің ең үлкен ұзындығы мен массасы негізгі ору 8 … 10 см биіктікте жасалған жағдайларда байқалған. Бал құмайды көк конвейер жүйесінде егіп өсіруді жақтайтын тәжірибелер Батыс Қазақстанның да егіншілері мен зерттеушілерде де болды. Бұл аймақтың жағдайында суландырылған участоктағы бал құмай екі толық оруды қамтамасыз етті: біріншісінің өнімділігі жалпы өнімнен (360 … 630 ц/га) 45 … 60% -ды, екіншісінікі – 32 … 45%-ды (280 … 550 ц/га) көрсетті. Үшінші орудың өнімділігі зерттеу езеңіндежалпы өнімнен  65 … 110 ц/га немесе 7 … 9%-ды көрсетті. Сонымен қатар өсімдіктердің биіктігі 30 … 50 см-ге жетіп, оны өріс ретінде қолдануға жол ашты. Белгілі болғандай, құмай басылып қалмай, тез өсіп кетеді, сондықтан да мал жайылымына жарайды.

Кең қатарланып себілетін сүрлемге арналған бал құмайға қарағанда, пішенге арналған құмайды қатарлап себеді. Мұндай себуде құмай пішен ретінде қолдануға болатын жіңішке сабақты массаны береді. Әртүрлі аймақтардағы көптеген зерттеулер және бал құмайды пішенге егіп өсірудің өндірістік тәжірибесі оның пішен өнімі бойынша судан шөбінен, итқонақтан және біржылдық астықтардан (қара бидай, сұлы және сұлының бұршақ тұқымдастырмен түрлі қоспалары) асып түсетінін дәлелдеді.

Бал құмай қант шәрбатын алуға қолданылады. Ол өз кезегінде кондитерлік өндірісте және күзгі-қысқы кезеңде малды азықтандыруға қолданылады.

Бал құмайдан алынған қант өз құрамы бойынша қызылша және құрақ қантынан кем түспейді, өйткені құрамында 10 … 12% жеміс қанты және сондай мөлшердегі глюкозасы бар. Алайда ол құрамы бойынша едәуір ерекшеленеді. Егер қант құрағының шырынында сақтау кезінде кристалданатын сахароза ғана болса, онда бал құмайдың шырынында  кристаллизацияны тежейтін көп мөлшердегі глюкоза мен еріген крахмал болады. Сондықтан құмай шырынынан кристалды құрғақ қант емес, глюкозаның үлкен мөлшеріне байланысты нәрлілік құндылығымен бағаланатын құмай қою шырыны мен сірне алынады. Қант әсіресе гүлдену фазасынан кейін интенсивті жиналады. Қанттың ең үлкен мөлшері дәннің балауызданып және толық пісу фазасымен сәйкес келеді. Дұрыс дайындалған қант қою шырыны 24% судан және 76% абсолютті құрғақ заттан тұрады. Оның ішінде 70%-ы қанттар: құрақ қанты (сахароза), жүзімдік (деустроза), жеміс қанты (левулеза). 

Құмай қою шырынында сонымен қатар крахмал (3 … 4%) және минералды заттар (2 … 3%). Оны тағамдық, кондитерлік және консервілік өндірісте, сонымен қатар медицинада жемшөптік және нан пісіру ашытқыларын өсіру үшін және араларды азықтандыру үшін қолданылады.

Өнеркәсіптік өндірістің алғашқы нәтижелері үміттендіретін нәтижелер беруде. Мамандардың пікірінше, қант қою шырынын глюкоза мен жеміс қанты негізіндегі алкогольсіз сусындар, сонымен қатар сыра, қою шырын және басқа да ликерлы сусындарды жасауда қолдануға болады. Зерттеушілердің анықтау бойынша бал құмайдан қант дайындаудың өзіндік құны қант қызылшасынан гөрі анағұрлым төмен. Мұнда құмайдың қант қызылшасы суарусыз өсе алмайтын жерлерінде де өсетінін назарда ұстау қажет. Алайда бал құмайда өсіруді тежейтін, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Бұған қоса, бал құмайды сірне жасауға пайдалану және одан жасалған жемшөптік қосымшаларды мал азықтандыруға пайдалану жүзеге аса алатын міндет болып табылады.

Осылайша, бал құмайдың Солтүстік Қазақстандағы себілуін арттыру оны сүрлемдік конвейерде пайдалану перспективасын ашып, сонымен қатар көк жемшөп, пішен және дәнді пішендемеге өсіруге жол ашады. Бал құмай өсімдіктерінің био жиынтығы сірне және тағамдық қою шырын дайындауға шикізат бола алады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, шаруашылық жүргізудің жаңа экономикалық жағдайларында өзекті болып отырған, жоғары өнімділігімен және өндірістің төмен өзіндік құнымен қамтамасыз етіледі.

 1.2 Биологиялық ерекшеліктері  

Бал құмай – жаздық типтегі біржылдық өсімдік. Өсімдік өсіп дамуында мына негізгі фазалар айрықшаланады:  өскіндер, 3-4 жапырақ, түптену, түтіктеніп өсу, шашақгүл шығару, гүлдеу және пісу (сүттеніп, балауызданып, толық пісу).

Сортына (буданына)  және  өсіру жағдайларына қарай оның өсу мерзімі 95 … 100 күннен бастап 120 күнге дейін созылады. Т.С.Рахимбеков және А.С.Каракальчевтың (1988) классификациясына сәйкес өсу мерзімінің ұзақтығы тез пісетін сорттарда 95 … 105 күн, орташа пісетіндерде – 106 … 120 аралығында, кеш пісетіндердікі – 120 күннен артық.

Алайда солтүстік Қазақстан зерттеушілерінің жұмыстарында (Б.Г.Рамазанов, 1975; И.Ф.Костиков және басқалар, 1998; В.С.Горбуля, 2001) өсу мерзімі тек температуралар қосындысы мен күндер санынан ғана емес, себудің түрлі мерзімдерінен және егіп өсірудің ауыл шаруашылық зонасынан тәуелділігін анықтады. Пікірлердің әр түрлілігіне қарамастан, олардың барлығы мына тұжырымдарда түйіседі: фаза аралық кезеңдердің ұзақтығы температуралық режиммен, ал «өскіндер-түптену» және «шашақтану – сүттеніп пісу» кезеңдерінің ұзақтығы жауын-шашын мөлшерімен анықталады.

Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық зоналарына келесі классификацияны пайдалануға болады (3 кесте).

3 — кесте

Тез пісу белгісі бойынша бал құмайдың жіктелуі

Тез пісу типі Жапырақ саны, бірл. Температуралар қосындысы (өскіндер – сүт.бал.пісу), С0 Қолдануға жіберілген сорт (будан)
Белсенді (+100С артық) Тиімді
Ерте пісетін 8-ге дейін 1900 … 2000 500-ге дейін
Орташа ерте 9 … 10 2000 … 2300 510 … 550 Кинельское 3
Орташа пісетін 11 … 14 2300 … 2500 560 … 600 Алма-Атинский 81
Орташа кеш 15 … 18 2500 … 2800 610 … 650 Ерте янтарь 161

 

Едәуір кеш пісетін типтердің температураларының қосындысы Солтүстік Қазақстанның агроклиматтық ресурстарының шегінен шығып кетеді.

Бұл жіктеу салыстырмалы болып табылады. Бұл біріншіден, бал құмай селекциясының сәттілігімен және қолдануға ұсынылған сорттар мен будандарды олардан да айрықшаларымен алмастырумен байланысты. Тез пісудің  белгісі сорттың жапырақтарының санымен анықталады. Әр жапырақтың құрылуы үшін, тамыр орналасқан қабатта толық егістік ылғал сыйымдылықтың 60 … 70% болған жағдайда, 130 … 1600С белсенді температуралар қажет деп есептеледі. Өскіндер пайда болу үшін дәл осындай ылғалмен қамтылу жағдайында 160 … 1800С белсенді температуралар немесе 10 … 12 күн қажет.

Бал құмайдың басты тамыры жоқ. Жаз соңында өсімдіктер жіпшелері мен тамыр түйіндері өте көп, қарқынмен дамыған тамырлық жүйесін дамытады, және сол арқылы топырақтың ылғалы мен онда еріген минералды заттарды жақсы қолдана алады. Қоректік заттарды сорушы қызметті атқаратын тамырдың негізгі бөліктері топырақ бетінен 80 см қашықтықта және одан терең орналасқан. Осының салдарынан бал құмай топырақ көкжиектерінен басқа дақылдық өсімдіктер ала алмайтын ылғал мен қоректік заттарды алуға мүмкіндік алады.

И.О.Байтуллиннің (1976) қара-талшын топырақтарды суландыру жағдайында және де тәлімі жерде жасаған зерттеулерінің нәтижесінде жинақталған үлкен эксперименталды материал бал құмайдың тамыр жүйесінің дамуының ерекшеліктерін толық сипаттайды. Өсу мерзімінің басында, алғашқы 30-40 күнде, бал құмайдың тамыр жүйесінің өсуі өте қарқынды жүретіні анықталды: өскіннің пайда болу уақытына қарай тамырша 20-25мс тереңдікке дейін кіреді, ал 4-5 жапырақ фазасында тамырлар едәуір ұзын болады және 50см –ден астам тереңдіктен өсімдікті қоректік элементтер және ылғалмен қамтамасыз етеді. Дәл осындай нәтижелер Солтүстік Кавказда (П.М.Шорин, 1981; В.В.Метлин, 1988) жасалған зерттеулерде де алынған. Бұл ерекшелікті сүрлемдік дақылдардың топырақтық профильді түрлі тереңдікте пайдалануға бағытталған бірлескен егістерінде пайдалана бастады.

Тамыр жүйесінің басқа ерекшелігі – орып алудан кейін көрпекөктің өсуін қамтамасыз ететін ұзақ өміршеңдігі.

Бал құмай құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік болып табылады. Оның жапырақтары өз құрылымдарының арқасында жоғары температуралар мен ауаның құрғақтығын жақсы көтереді. Басқа дақылдармен салыстырғанда оның тұқымдары топырақтың ең аз ылғалдылығында өне алады: олардың бөртуі үшін тұқымның жалпы салмағынан тек 25% құрайтын суды қажет етеді. Жүгері үшін бұл минимум — 40%-ды, ал бидай үшін – 55-60%-ды құрайды. Бал құмайдың ең көп су қажет ететін кезеңі түтіктеніп өсуден сүтті-балауызданып пісуге дейін жалғасады.

Су пайдалану жиынтығы (транспирация және топырақ бетінен булану) бал құмайды сүрлем өндірумен айналысатын көптеген аудандарда «сақтандырушы» дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл барлық жылдары, тіпті ерекше қуаңшылық жылдары кепілдендірілген жоғары өнім алуға жол ашады. Барлық географиялық аймақтарға тән құрғақ және қуаң ауыл шаруашылық зоналарда сүрлемдік дақылдардың ішінде, құмай-судандық буданды есептемегенде, бал құмай ең жоғары өнім береді.

Батыс Сібірдің оңтүстік орманды-далалы зонасындағы зерттеулерде (В.Д.Васильевский, 1990) бал құмайдың өнімділігі және 10 маусым-10 тамыз аралығындағы жауын-шашын арасында (яғни түтіктеніп өсуден шашақтануға дейін ) ара қатынастың барын анықтады.   

Солтүстік Қазақстан жағдайында бұл кезең жауын-шашын түсудің шілделік максимумына дәл келеді. 1ц абсолютті құрғақ затты қалыптастыруға салыстырмалы түрде үнемді ылғал жұмсап, бал құмай өніммен бірге аудан бірлігінен ылғалдың едәуір мөлшерін алып шығады. Бұның мәнісі мынада, оның 1 га-дан шығатын абсолютті құрғақ затының шығымы суарылмайтын егіншілік жағдайында дәнді дақылдардың өнімінен 2,0 … 2,5 есе асады. Сондықтан да бал құмай өз өнімімен барлық ылғалды жинап, сақтауға қатысты агро тәсілдердің орнын толтырады.

Бал құмай жылуды жоғары қолдануымен ерекшеленіп, тек құрғақшылыққа төзімді ғана емес, ыстыққа да төзімді дақыл болып табылады. Бал құмайдың ең тез пісетін сорттарына егуден пісуге дейін 2400 … 26000 +100С-ден артық белсенді температуралар қажет, ал аймақтағы едәуір жылумен қамтылған Павлодар облысының оңтүстігі мен Ақмола облысындағы (бұрынғы Торғай облысы) егіншілік аудандарда  белсенді температуралар саны 2300 …24000-ты құрайды. Сондықтан да бал құмайды егіп өсіру толық пісіп жетілетін Қазақстанның оңтүстік облыстарынан алынатын шеттен жеткізілген тұқымдар негізінде жүргізіледі.

Тұқымның өнуі +8 … +100С температурада басталады, алайда өсу мен дамудың қажетті температурасы +26 … +280С шегінде, ал ассимиляцияның жоғарғы шегі +400С-де белгіленеді.    

Қуатты және тереңге сіңген тамыр жүйесінің арқасында аңызақ кезеңінде ешқашан анабиоз[1] жағдайы байқалмаған. Солтүстік Қазақстанда шілде-тамыз айларында белсенді жел режимінде, топырақ және ауаның құрғақшылығы негізінде, +250С –ден жоғары температурада негізгі сүрлемдік дақылдар – жүгері мен күнбағыста жапырақтардың бүріспесі мен қурауы байқалып, ассимиляция үрдісі мүлдем тоқтайды. Аңызағы бар күндердің саны 2-ден 8-ге дейін жетіп, ауыл шаруашылық зона мен нақты жылдың жағдайларына тәуелді болады. Бал құмай өсімдіктері +28 … +320С температурада, басқа сүрлемдік дақылдардың өсімі температуралар әсерінен  тоқтап, тіпті қайтпайтын үрдіске жететін төтенше жағдайларда ассимиляциясын жалғастырады. Солтүстік Қазақстанда егілетін өсімдіктер арасында осы қасиеті бойынша оған тең келетін өсімдік жоқ. Құрғақшылыққа  және қуаңшылыққа төзімділігін ғалымдар оның экваториалды Африкадан шығу тегімен байланыстырады. Сонымен қатар құрғақшылыққа төзімділіктің қатаң селекциясын  бал құмай Қытайда, Үндістанда және де Орталық Азияда өтті. Мұнда бал құмай дақылы бірнеше ғасырдан бері белгілі болып келген. 

Бал құмай өсімдіктерінің маңызды биологиялық ерекшеліктері олардың жақсы көктеуі немесе түптелу қабілеті. Біржылдық жемшөп дақылдары ішінде ол ең жақсы түптелу қабілетімен ерекшеленіп, тек судан шөбінен қалыс қалады. 12 см-ден кем емес биіктікте орғаннан кейінгі қолайлы жағдайларда немесе жануарлармен дұрыс басылғаннан кейін бал құмай өсі кезеңінде 2-3 толық ору немесе көк балауса береді. Түп энергиясы қоректену ауданына, топырақтың ылғалмен және қоректік элементтермен қамтылуына және ең бастысы – азотпен қамтылуына тәуелді.

Солтүстік Қазақстанде егетін басқа жемшөп дақылдарымен салыстырғанда бал құмай топырақ талғамайды. Ол жеңіл топырақта, сонымен қатар ауыр және сазды, тіпті тұзды топырақта да  өніп, жақсы өнім береді. Алайда ол батпақты топырақты көтермейді, жақын маңайында ыза сулары бар және қышқылды топырақта нашар өседі.

Бал құмай басқа егіс дақылдарына қарағанда топырақтағы тұздердің жоғары концентрациясын жақсы көтеретіндіктен, ол тұзды топырақтарды игерудегі ең бағалы өсімдіктердің бірі болып саналады.

БДШҒЗИ-ы Солтүстік Қазақстанның далалы зонасының шалғынды-сортаң топырақтарында жасаған жемшөп дақылдарының тұздануға төзімділігін зерттеу тәжірибелерінде бал құмайдың өнімділігі басқа дақылдарға қарағанда жылдар бойынша 1,7 … 2,2 кем түрленгенін көрсетті.

Тұздылыққа деген жоғары төзімділік бал құмайдың тамыр жүйесінің биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Ұсақ тамыршаларының саны мен сору күші бойынша бал құмай жүгері және күнбағыс тәрізді сүрлемдік дақылдардан 1,5 … 2,0 есе асып түседі.

 

4 — кесте

Жемшөп өсімдіктерінің тұзға төзімділік дәрежесі (Б.Б.Шумаков, 1977)

 

Дақыл Тұз мөлшері, топырақтың метрлік қабатының массасына шаққанда — пайызбен Тұзға төзімділік градациясы
Жүгері 0,1 …0,4 әлсіз
Жоңышқа 0,4 … 0,6 орташа
Бал құмай 0,6 … 0,8 күшті

 

Алайда, биожиынтықты интенсивті жинау және дақылдың жоғары өнімділігі тыңайтқыштардың едәуір нормаларын енгізуді қажет етеді. Практика көрсеткендей, Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіруде тапшылық ететін қоректік элемент – азот болып табылады.

 

3 Сүрлем ретінде егіп өсіру технологиясы

Бал құмайды егістік және ферма маңындағы ауыспалы егістерде орналастырады. Ең жақсы ілгергі дақылдар – күздік және жаздық масақтылар, дәнді бұршақ тұқымдастар, біржылдық шөптер. Оны өнімді сақтау орындарына жақын жерлерде, ферма маңындағы ауыспалы егістерде орналастырған экономика жағынан үнемді, өйткені жинау кезінде жүк тасудың үлкен көлемдерін қажет етеді.

Ол жаздың бірінші жартысында баяу дамып, арам шөптермен әлсіз бәсекелесетіндіктен, участок таңдаған кезде егістіктің тазалығына үлкен талап қойылады. Ілгергі дақылдар ретінде кеш жазғы біржылдық дақылдармен қоқыстанған участоктарды алуға болмайды. Қоқыстану деңгейі зияндылықтың шегінен шықпау керек: біржылдықтар – 20 дана/м2 –тан аспайды, тамыр өркендететіндер – 5 дана/м2-қа дейін. Арамшөптермен күрес комплексі бұның алдындағы егістерді де қамту керек.

Құмайды күнбағыстан кейін екпеген жөн, өйткені күнбағыс қорден шығарады және топырақты үлкен тереңдікке кептіреді. Сонымен қатар судан шөбі, итқонақтан кейін және де бір жерге қайталап екпеген дұрыс. Бұл дақылдар ортақ кеселдермен ауырады, сондықтан бал құмайдың қаракүйе және бактериозбен зақымдалу қаупі бар.

Ілгергі дақыл ретіндегі бал құмайдың мәні оны егіп өсіру мақсатына байланысты (сүрлемге немесе көк шөп). Көк конвейерге салынып, көк шөп ретінде өсірілетін бал құмай егісті негізгі өңдеу үшін салыстырмалы түрде ерте босатады, және де ылғалдың жиналуы мен жазғы-күзгі кезеңде оны арам шөптен тазартуға мүмкіндік береді. Дұрыс күтіліп, дер кезінде жиналған болса бал құмай бұл жағдайда басқа дақылдар үшін жақсы ілгергі дақыл бола алады.

Сүрлемге егіп өсіруде құмай жоғары өнім береді. Абсолютті құрғақ заттың шығымы басқа негізгі дәнді дақылдардың өнімділігінен 2,0 … 2,5 есе асады. Осыған байланысты ол топырақтан қоректік заттардың үлкен мөлшерін алып оны қатты құрғатады. Сүрлемге арналған бал құмайды жинау қыркүйектің соңына келеді, ал бұл – сүрлемнен шыққан егістегі топырақты негізгі өңдеуден өткізу үшін кеш мерзім болып табылады. Осы агротехникалық ерекшеліктерді ескере отырып, еуропалық аймақтардағы ғалымдар сүрлемдік құмай дәнді дақылдар үшін нашар ілгергі дақыл деп есептейді.  Сондықтн ұсыныстарда (И.Н.Елагин, Б.Г.Димиденко, 1963; П.М.Шорин, 1976) бал құмайдан кейін егісті сүрге немесе сүрі жерде болатын дақылдарға беру айтылған. Бұл көзқарасты кейбір американдық ғалымдар да (П.Д.Уолтон, 1986) қостады. Көмірсулардың едәуір мөлшері жиналған тамыр қалдықтарының көп жиынтығы азотты игерудегі өсімдіктермен бәсекеде зор мәнге ие микроағзалар үшін энергия көзі болып табылады.

Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа-райы жағдайлары еуропалық аймақтардан айрықшаланады. Біріншіден, негізгі өңдеу жүйесіндегі арам шөптермен күрестің келешегі жоқ, өйткені жинаудан кейін барлық егіс дақылдарына тән қысқа аязсыз кезең қалады. Екіншіден, Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы және орташа қуаң далалы ауыл шаруашылық зоналарында өсу кезеңінің соңында барлық өсірілетін дақылдар топырақтағы өнімді ылғалдың барлық қорын бітіреді. Мұнда ылғалмен толығу кеш күздегі және қысқы жауын-шашындар есебінен жүреді, ал себу басында топырақтың ылғалдылығы бірдей болып, ілгергі дақылға тәуелді болмайды.

Егер бал құмайды тамырлық және аңыздық қалдықтарды жинау тұрғысынан қарастыратын болсақ, дәнді ілгергі дақылдарға қарағанда оның артықшылықтары бар. Сондықтан құмайдан кейінгі арпа мен сұлы, сүрі жерге үшінші болып егілген жаздық бидаймен бірдей өнім берген.

Бал құмайды егіп өсіруде негізгі өңдеу ретінде сыдыра қопсытуды пайдалану осы аймақтағы климаттың ерекше жағдайларына байланысты. Оның жер жыртудан артықшылықтары ғылыми негізделіп, өндірістік тәжірибемен расталды.

Тәжірибе көрсеткендей, тұқымдарды егуге дайындаудың міндетті тәсілі ретінде себу алдындағы дәрілеуді өткізу керек. Әсіресе бұл республиканың солтүстік облыстарының территориясындағы Қазақ ұсақ шоқылы жерлері далалы бөлігінің ерекше жағдайларына қажет. Мұнда көктемгі топырақтың +80…+100С қызуы 2-6 күнде күрт суулармен ауысып отырады. Ең тиімді тәсілдер безендіру немесе тұқымды қабықшамен қаптайтын қоспалармен жабу. Комплексті қаптауді қолдану бір операцияда тұқымдарды өңдеудің бірнеше тәсілдерін біріктіріп, барлық компоненттердің аз шығыны (пестицидтер, микроэлементтер, өсуді үдеткіштер) мен олардың  әрекетінің үлкен әсерін қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстанға тән ауа және топырақ температурасының ауысымында бал құмайдың тұқымдары көпке дейін өскін бермейді, сондықтан тұқымдарды жылы ауада жылыту мен сапалы безендіру жоғары өнім алу үшін маңызды және қажетті агрошара болады.

Ассимиляция үрдісінде бал құмай үлкен мөлшердегі биожиынтық түзеді, сондықтан көп қоректік заттар қажет етеді. Бал құмайдың өсуі мен дамуы үшін шашақтану мен сүтті-балауызданып пісу кезеңдерінің аралығында қоректік заттармен жеткілікті қамтылуы өте маңызды. Азот жетіспегенде, әсіресе шашақгүл шыққанда және дән пісер кезде, бал құмайдың өсу массасының өнімділігі күрт төмендеп кетеді.

Көкшетау АШҒЗИ мәліметтері бойынша (И.Костиков, В.Юстус, 1990), азотты тыңайтқыштардың қажетті нормасы – N60 , фосфорлы — P60 кг. Осындай мөлшерде шоқылы-жазық зонадағы кәдімгі қара топыраққа түйіршікті суперфосфатты және аммиак селитрасын енгізгенде, тыңайтқыштар ең үлкен өніммен орнын толтыруды қамтамасыз етеді. Ал жинау кезіндегі нитраттардың мөлшері ең аз қалдық мөлшерден едәуір төмен болады.

Азотты тыңайтқыштарды енгізуді СЗС-2.1. сепкіші көмегімен себу алдындағы қопсытумен бірлестіріп, себу алдында жасаған жөн. Азоты тыңайтқыштарды қоректендіру әдісімен енгізу тиімсіз, ал кейбір жылдары бал құмайды перспективалы егіп өсірудің ауыл шаруашылық зоналарында өнімге тіптен пайда келтірмейді.

Фосфорлы тыңайтқыштарды СУПН-8 сепкішімен немесе түйіршіктелген күйде СПЧ-6 көмегімен бір мезгілде себу ыңғайлы.

Калий тыңайтқыштарына деген қажеттілік тумайды, өйткені оңтүстік және кәдімгі қара топырақтағы К2О-ң қортылатын формалары топырақтың 400-600 мг/кг-н құрайды. Калиймен қамтылу 50 … 80ц/га абсолютті құрғақ зат деңгейіндегі өнім алуды қамтамасыз етеді.

Бал құмайдың тұқымдары өскін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар тұқым егілген тереңдіктегі +8 … +100С температурада және топырақтың жоғары қабатының (0 … 10 см) 18 … 20% -тен кем емес ылғалдылығында қалыптасады. Қысқы аяздардың қайтуын ескере отырып, бал құмайды егуді Павлодар және Ақмола облыстарының құрғақ далалы зоналарында 10 мамырдан, ал басқа зоналарда – 15 мамырдан ерте бастамау керек.

Алайда құмайды өскін беру кезеңінде арамшөптерден, кеселдерден және зиянкестерден қорғау тәсілдерінің жетілуі ерте себу есебінен ерте көктемдегі кезеңнің белсенді температураларын толық қолдану мүмкіншіліктерін ашады. Осылайшы сүтті-балауыздануп пісуге жетуді кепілдендіріп, нәтижесінде өнімді арттыруға болады.

Бал құмайды егу нормасы мен себу әдісін таңдағанда көптеген зерттеушілер нәтижедегі өнімнің өндірістік қолданылуын ескеруді ұсынады: көк шөпке, пішенге, пішендемеге жіне сүрлемге. Көк шөп пен пішенге өсіруде құрылымы бойынша жасұнықтың аз мөлшері бар, жапырақтанудың жоғары пайыздары мен жіңішке сабақты массасы бар өнімді алу қолайлы.

Б.Н.Малиновскийдің (1992) жұмыстарының нәтижесі бойынша көк шөп үшін бал құмайды себудің ең қолайлы тәсілі – қатарлап себу. 15 … 30 см қатараралық себуде ол жақсы жапырақтанған жіңішке сабақты массасы бар өнім береді. Қатарлап егуде бал құмайдың маңызды биологиялық ерекшелігі ашылады: оның ұзақ уақыт бойы түптенуі, ал орып алғаннан кейін интенсивті өркендеуі. Сабақ жиілігінің қолайлы қалыңдығы әр өсіру зонасы үшін жеке анықталып, ылғалдану, топырақтық қоректену, егістердің қоқыстану жағдайына байланысты болады. Осылайша, Солтүстік Кавказ үшін сабақ жиілігінің қолайлы қалыңдығы 1 га-ға 350 … 450 өсімдік аралығында өзгереді, Поволжьеде – 300 … 350 мың дана/га, Куйбышев облысы бойынша – 230 … 240 мың дана/га, Қазақстанның оңтүстік –шығысының суарылатын егістерінде – 200 мың дана/га.  

Сүрлемге өсіруде, салалық стандарттың талаптарына сәйкес, биожиынтықта қанттың жоғары пайызы болуы және аудан бірлігінен өнімнің максималды шығымы болуы қажет. өнім сапасы бойынша бал құмай бұл талаптарға сүтті-балауызданып пісу кезеңінде жауап береді. Онда жасушалық шырындағы қант мөлшері артып, өнімділік максималды деңгейге жетеді.

Көк шөпке қарағанда сүрлемге өсіру үшін көптеген елдерде кең қатарлап егуді қолданады. Қатараралық ені 50-ден 100 см-ге дейін өзгереді. Солтүстік Қазақстанның шоқылы-жазық зонасында (Е.Д.Оспанов, 1996) 1994-1996 жылдары орта есеппен алғанда бал құмайды сүрлемге еккенде жинау басында 100 мың өсімдік қалыптасқан ең үлкен өнім алынды. Сүрлемге егудегі себу тәсілін таңдағанда егіс алқабының қоқыстануының үлкен мәні бар. Кең қатарлап егудің артықшылығы өсу кезінде арамшөптермен күрес мақсатында қатарлар арасында өңдеу жүргізу мүмкіндігінің болуында. Арамшөптерден таза егістерде аудан бойынша өсімдіктердің біртекті таралып өсуін қамтамасыз ететін тәсілдер қолайлы болып табылады.

Шоқылы-жазық зона жағдайында (В.А.Юстус, 1991) ең үлкен өнім қатараралықтар 60 см болғанда алынатыны белгілі болды.

Аймақтағы құрғақ далалы және орташа қуаң даланың ерекшелігі — ауа массаларының белсенді циркуляциясы негізінде топырақтың жоғарғы көкжиегінің кебуіне әкеліп соғатын көктемгі аңызақтардың болуы. Мұндай жағдайда, себу кезінде минималды тереңдікке салынатын басқа ұсақ тұқымды дақылдар тәрізді, бал құмай өскіндері сирейді. Көпжылдық практикалық тәжірибе тұқымдарды 5 … 7 см тереңдікке егуді ең қолайлы деп санайды. Ставрополь егіншілерінің тәжірибесі назар аударуға тұрарлық, мұндай жағдайларда, көктем аңызақтары басталсымен,  олар құмайды атызашқышпен жабдықталған сепкіш көмегімен атызға себуді қолданған.

Егісті күту шаралары екі негізгі міндетті атқарады: топырақтағы ылғалды сақтау және қоқыстанумен күресу. Сепкеннен кейін, араға уақыт салмастан, егістің себілген бөлігін тығыздау керек. Тығыздау арқылы тұқым орналасқан топырақ зонасы нығыздалады, ылғалданудың қолайлы жағдайлары жасалады, егістің беті тегістеледі. Бұл бұдан кейінгі жұмыстар үшін, әсіресе, егісті тырмалау үшін өте маңызды.

Құмай егісін қатараралық өңдеуді қатаршаларды нақты белгілегеннен кейін, қалыпты жағдайда 3-4 жапырақ шыққанда жасайды. Ол осы фазада арамшөптерге ерекше сезімтал, өйткені оларға бәсекелестігі төмен.

Арамшөптермен күрес арамшөптік өсімдіктердің ботаникалық құрамына, және ауыспалы егіншіліктегі орналасуына қарай механикалық және химиялық әдістердің ғылыми негізделген жиынын пайдаланғанда тиімді болады.

Қазіргі кезде жаппай әдістің орнына гербицидтерді жолақтап, механикалық әдістер аз әсер ететін қатаршаның «қорғаныштық» зонасына ғана енгізеді. Барлық басқа арамшөптермен күрестің агротәсілдері (себу алдындағы қопсыту, егісті өскінге дейін және өскіннен кейін тырмалау, қатараралықтарын механикалық өңдеу) аймақта ұсынылған егіп өсіру технологиясына сәйкес жасалады.

4 Бал құмайды аралас егуде және сүрлемдік конвейерде егіп өсіру

Бал құмайдың тамыр жүйесінің шағын болып қалыптасуы, ауданы бойынша шамалы болып, тереңге сіңетіндігі басқа дақылдармен араластырып егуде жағымды қасиет болып табылады. Аралас егуге құмайдың жаздың бірінші жартысындағы баяу дамуы да жағдай жасайды, өйткені бұл кезде басқа дақылдар өнімін интенсивті арттырып, қоректік заттарды көп қажет етеді.

Қостанай облысының далалық зонасындағы тәжірибелерде (В.А.Мельников, 1995) таза құмайдың өзін егуден гөрі оның жемшөп дақылдарымен аралас егілген егістерінің артықшылықтары көрсетілген. Қоспалардың өнімділігі таза құмай өнімділігінен 20 … 25%-ға артық болған. Қортылатын протеинмен ең үлкен қамтылуына астық және бұршақ тұқымдастардың бірдей қатынасында (50:50) қол жеткізілген.

Таза күйде егілген әр компонентпен салыстырғанда, өнімділіктің артуымен қатар, аралас егістер жоғары сапалы сүрлем дайындауға жарайтын құрғақ заттың стандартты концентрациясы бар биожиынтық береді.

Көкшетау ауыл шаруашылық ҒЗИ мәліметтері бойынша (Е.Д.Оспанов, 1996), бал құмайдың итқонақпен және судан шөбімен араласқан егістерінде абсолютті құрғақ заттың мөлшері бал құмайдың жеке егісінен едәуір артық болған.

Ғылыми және өндірістік тәжірибе бал құмайдың жүгерімен аралас егістерінің жоғары тиімділігін растайды.

5 — кесте

Сүрлемдік дақылдардың орналасуының олардың өнімділігіне әсері, ц/га

Себулердің орналасу тәсілдері Зерттеу кезеңі
1993ж 1994ж 1995ж 1996ж 1993-1996ж
Көк балауса
Құмай, жеке себу 334 356 180 159 257
Жүгері, жеке себу 313 353 143 170 244
Құмай+жүгері, қатар аралық себу 355 397 165 162 270
НСР05 14,0 21,1 16,9 20,3
Абсолютті құрғақ зат
Құмай, жеке себу 50,8 60,6 47,5 35,1 48,5
Жүгері, жеке себу 66,6 53,6 32,0 44,4 49,1
Құмай+жүгері, қатар аралық себу 75,7 65,8 56,0 52,3 62,4
НСР05 2,8 4,1 4,3 5,0

 

Жүгеріге қарағанда қуаңшылыққа төзімді болғандықтан құмай құрғақшылық жылдарында жүгеріде жетпеген өнімнің орнын толтырады. Жүгерінің бал құмаймен аралас себулерінің агротехникасының бал құмайдың жеке себілу агротехникасынан айырмашылығы жоқ. Жүгері мен бал құмайды себуді себу нормаларына сәйкес жүргізіп, сабақ жиілігінің арасын сәйкесінше 1 га-ға 60 және 100 мың етіп қамтамасыз етеді. Аралас егістерге сүрлемдік конвейердің жалпы ауданының 20%-н ғана алуға болады, өйткені оларды жинау ең соңғы мезгілдерде жүргізіледі.

Соңғы уақытқа дейін сүрлем дайындау жүгеріні егіп өсіруге негізделіп келді, ол өз кезегінде дара дақыл[2] ретінде жыл сайын тұрақты өнімді қамтамасыз ете алмады. Жүгерімен салыстырғанда бал құмай температураның жоғарылауынан болатын өте қуаңшылықты жылдарда өте жақсы өнім береді. Сондықтан да соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанда, жеке жағдайда, шоқылы-жазықты зонада, бал құмайды сүрлемдік конвейерді тұйықтайтын дақыл ретінде өсіре бастады (И.Ф.Костиков, 2000).

Эксперименттік мәліметтер (6 кесте) мұндай ковейердің ауыспалы егіншілік ауданының өнімділігі әр дақылдың төтенше ауа-райы жағдайларына қарсы тұру биологиялық ерекшеліктерін пайдалану есебінен артатынын дәлелдейді.

6 — кесте

Конвейерлік өндірістегі сүрлемдік дақылдардың өнімділігі (1992-1995жж)

 

Дақыл және жинау мерзімі Өнімді есепке алу күні Ылғалдылық, % Абсолютті құрғақ заттың өнімділігі ц/га 1га шығымы, ц
Жемшөп бірліктері Қортылатын протеин
Жүгері (бақылау)
Жүгері

Орта есеппен

О.і.

Жинау басында

Жинау соңында

НСР05

 

 

20-22 VIII

3-5 IX

 

 

 

79,0

72,5

50,0

 

39,1

61,3

4,0

47,1

 

34,2

58,2

4,0

 

3,1

4,3

Сүрлемдік конвейер
Жүгері

Күнбағыс

Бал құмай

Орта есеппен

НСР05

25-27 VIII

18-20VIII

3-5 IX

73,9

75,5

75,2

56,1

55,4

50,3

55,2

3,1

51,2

50,2

50,3

50,6

 

4,4

6,2

5,3

5,0

 

Сүрлемдік конвейерді құраушы дақылдар бірдей аудандарды алып жатпай қандай да бір болатын ауа-райының жағдайына байланысты таралатын болса, оның өнімділігін едәуір өсіруге болады. Мысалы, шоқылы-жазық зонадағы күн белсенділігінің және күзгі суықтардың кеш түсуінің жылдарының саны 30 жылдың 8-н құрады (1961-1990жж). Яғни, сүрлемдік конвейерде жүгері мен күнбағысқа қолайсыз жылдар жиілігіне сәйкес бал құмайға 26%-ды қалдырған дұрыс.

  Бал құмайдың перспективалы сорттары мен будандары

Қазақстанның солтүстік облыстарында өндіріске қолдануға жіберілген бал құмайдың будандарын жасаудың осы аймаққа тән ерекшеліктері бар. Оларды тұқымдарын қысқа жаз жағдайында алу мүмкін болмайтын, тектік формалар құрамына кіретін, орташа және кеш пісетін топтар негізінде республиканың оңтүстігінде жасайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда олардың ішінен зерттеліп, ғылыми-негізделген модель бойынша ең перспективалылары салыстырмалы бағаланып, таңдалады.

Параметрлер құрамына Солтүстік Қазақстанның климаттық жағдайларында суыққа төзімділікке тәуелді болатын егістік өскінденуі кіру керек (егістік өскіндену мен топырақ температурасы арасындағы корреляция коэффициенті ). Көктемгі кезеңде топырақ пен ауа температурасының күрт жоғарылауы, әдетте, өте күрт, бірақ қысқа мерзімді суытулармен алмасып отырады. Сондықтан бұл аймақтың қиын климаттық жағдайларында перспективалы будандарды тек тез пісушілігінен ғана емес, ауыспалы температураларға төзімділігі тұрғысынан да таңдау қажет.

Әр ауылшаруашылық зона үшін перспективалы буданның технологиялық қасиеттері мен өнімділігінің параметрлері жекелеп жасалуы қажет. Қолдану мақсаты мен өсу кезеңінің ұзақтығына қарай бір-бірінен ажыратылатын сорттардың көп түрлігігі осы себептермен түсіндіріледі.

Бал құмайды Қазақстанның солтүстік облыстарында көбіне сүрлемге өсіреді. Сондықтан перспективалы будандарға қойылатын талаптар басқа дақылдармен бірдей. Бұл аймақтың өндірістік жағдайларында мына қасиеттер бағалы болып саналады: тез пісу, құрғақшылыққа төзімділік, жоғары өнімділік, абсолютті құрғақ заттағы протеиннің мөлшері 15%-дан кем емес, бастапқы кезеңдегі биожиынтықтың өсуінің жылдамдығы.

Бал құмайдың және басқа сүрлемдік дақылдардың түрлі сорттары мен будандарына жасалған экологиялық сынақтардың нәтижесінде (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 1998) 1990-1997 жылдары келесі мәліметтер белгілі болды:

7 — кесте

Бал құмай және құмай-судандық будандардың 1990-1994 жылдардағы

өнімділігі (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 2003)

 

Сорт, будан өнімділік, ц/га
Көк балауса Абсолютті құрғақ зат
ц/га %
Цунами 85 (St) 352 60,0 17,0
Ставропольдік 36 412 90,9 22,0
Камышиндік 8 413 92,8 22,4
Қаскелеңдік 1 494 96,0 19,4
Қазақстандық 16 300 35,1 11,7
Қазақстандық 1 468 52,4 11,1
Алматылық 81 340 59,7 17,5
Ұжымдық 10 477 73,1 15,5
НСР05 73,6 12,0

 

Ескерту: кестеде шоқылы-жазықты даладағы экологиялық сынақ нәтижелері берілді.

 

Цунами 76. Жүгері БҒЗИ (Днепропетровск қ., Украина) және шалғынды-жайылымдық Қазақ ҒЗИ-ның ортақ селекциясында дәндік құмайдың Аласа (низкорослое) 93 және Днепропетровтық 69 стерильді топтарын будандастыру нәтижесінде алынды. Гибрид биік өседі (3,5 … 4,0 м). Жақсы жапырақтанған, сабағы –жасыл, 14-15 буынаралықтары бар. Сабақ шырынындағы қанттың мөлшері – 10-12%.

Шашақгүл –тік тұратын (26-30 см), қопсыған, құба-қоңыр түсті. Дәні дөңгелек, сары құба, қабықшалы, ақ эндоспермалы.

Орташа кеш пісетін. Алматы облысында аудандастырылған.

Алматы облысының Іле суармлы участогындағы сынақ жылдарында көк балаусасының өнімділігі стандартты Сүрлемдік 72 буданынан 59 ц/га артық болып, 1154 ц/га-ды құрады. Көкшетау АШҒЗИ-ң тәжірибелік алаңында 1990-1992 жылдары көк балаусаның өнімділігі 384 ц/га, құрғақ заттыкі – 68,8 ц/га болды. Стандартпен — Молдавиялық 257 СВ жүгері буданымен  салыстырғанда өнімділіктің артуы сәйкесінше 102,0 және 11,9 ц/га-ды құрады. Будан сүрлемдік конвейерді тұйықтаушы дақыл ретінде Солтүстік Қазақстан облысының аса құрғақ аудандарында (оңтүстік қара топырақтағы қуаңшылық және құрғақ далалық ауыл шаруашылық зоналары) егіп өсіруге перспективалы.

Ерте янтарь 161. 1962 жылдан бастап Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік облыстарында аудандастырылған. Жүгерінің ВҒЗИ-ң Синельковтық тәжірибелік станциясында жасалған. Биік өседі. Қолайлы жағдайларда 2,8 м-ге жетеді. Жапырақтануы мен түптілігі орташа. Сабақтарының шырынында 13-15% қант болады. Шашақгүл тіктелген, тармақтала-сығылған, ұзынша жұмыртқа типтес формада. Дәні – ұсақ, ашық қоңыр түсті, тез ұнтақталады, дәмі – ащы. Қабықшасыз 1000 дәннің салмағы – 16-20 кг. Дәннің жемшөптік сапасы жақсы. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 110-125 күн, сүрлемге жинауға дейін – 110-115 күн.

Сорт құрғақшылыққа төзімді. Қостанай облысының сорттық участоктарында көк балаусасының өнімділігі 247 ц/га (225 … 270) және құрғақ затыныкі – 59,7 ц/га-ды (40,5 … 78,9) құрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында сүрлемге аудандастырылған.

Кинельдік 3. Кинель селекциялық станциясында Ерте янтарь 161 сортынан жеке іріктеу арқылы алынған.

Орташа ұзындықтағы өсімдік. Қолайлы жағдайларда 2,5 м-ге жетеді, түптілігі мен жапырақтылығы – орташа. Жасушалық шырындағы қант мөлшері – 16,2%.

Көк балауса таза күйінде және басқа қиын сүрлемделетін дақылдармен қоспада сүрлемделеді. Көк балаусаның жемшөптік сапасы жақсы.

Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 95-105 күн.

Павлодар облысында сүрлемге аудандастырылған. Павлодар облысының оңтүстік зоналарының жағдайында дәнге піседі. Сынақ жылдарында көк балаусаның өнімділігі – 187 ц/га құрады.

Қазақстандық 16. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да құстар шоқымайтын сорттарды будандастыру нәтижесінде алынды.

Ұзын, 2,0-2,5 м биіктікке жетеді, құрғақшылыққа, суыққа  төзімді. Жоғары және төменгі температураларға икемді. Түптілігі мен жапырақтануы орташа. Сабақтарының шырынында 13,5-15,0%-ға дейін қант болады. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 115-125 күн.

Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егінінде өнімділігі 800-870 ц/га құрады. Павлодар облысында аудандастырылған. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарында егіп өсіру перспективалы.

Ұжымдық 10. судан шөбінің сорттық жеке түрі. Жоғары өнімді сорттарды жалпы іріктеу нәтижесінде жасалған. Қазақ егіншілік ҒЗИ-дасинтетикалық  селекция әдісімен үш байланыссыз формаларды будандастыру жолымен алынған.

Кеш пісетін форма. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Биік. Суарғанда өсімдік бойы 3,0-3,5 м-ге жетеді, өнімділігі 900-950 ц/га көк балауса. Қазақстанның солтүстік облыстарында сүрлемге егіп өсіруге перспективалы.

Алматылық 81. Құмай-судандық будан. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да алынған. Сүрлемге және көк шөпке егіп өсіруге арналады. Түптілігі жақсы – 5-10 сабақ, жақсы жапырақталады.

Орташа піседі. Өскіндер шығудан бастап, шаруашылықта көк шөпке пайдалануға дейінгі кезеңі – 55-60 күн, сүтті-балауызданып пісуге дейін – 100-115 күн. Жапырақтар саны – 9-10 дана.  Қазақстанның солтүстік облыстарында егіп өсіруге перспективалы.

Цунами 85. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да В.М.Макаров будандастыру әдісімен алған.

Орташа кеш піседі. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Суыққа төзімді. «Гүлдену-балауызданып пісу» кезеңіндегі жасушалық шырындағы қант мөлшері 17-18%. Суарғанда көк балауса өнімділігі екі оруда 1100-1200 ц/га-ға жетеді. «А.И.Бараев атындағы дән шаруашылығы» Көкшетау ҒПО-ң тәжірибелік егісінде 1993-1997 жылдардағы абсолютті құрғақ заттың өнімділігі 56,7 ц/га құрады. Сорт Қазақстанның оңтүстік облыстарында қолдануға жарамды.

Будандық тұқымдарды себуге көшу стандарттар ретінде әлемдік коллекцияның ең үздік биотүрлерін алу арқылы олардың жүйелі салыстырмалы бағасын  беріп отыру қажеттігін тудырды. Мұндай салыстыруларды, қолдану мақсатын (сүрлемге немесе көк балаусаға) және нақты ауыл шаруашылық зонаның агроклиматтық ресурстарын  ескеретін, ғылыми негізделген модель параметрлері бойынша жүргізу қажет.     

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.

Негізгі

  1. Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды сүрлемде егіп өсіру. – Көкшетау, 2007. – 138б.
  2. Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2003. – 107б.
  3. Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., Макаров В.М. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру ұсыныстары. – Чаглинка, 1998. – 27б
  4. Ткаченко Ф.М., Синицина А.П., Чубарова В.Г. Сүрлемдік дақылдар. – М.: Колос, 1974. – 278б.
  5. Шорин П.М. Бал құмай. – М.: Колос, 1976. – 80б

 

Қосымша

  1. Горбуля В.С. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы зонасы жағдайында себу мерзімдеріне, тұқымдарды себу нормаларына және себу әдістеріне сәйкес бал құмай көк балаусасының өнінімін қалыптастыру.: Дисс. … а.-ш. ғыл. канд.-Астана, 2001.-34б.
  2. Рахымбеков Т.С., Каракальчев А.С. Қазақстанда бал құмай дақылын егіп өсірудің болашағы.-Алматы: ҚазҒТИҒЗИ, 1988.-55б.
  3. Омарова А.Ш. және басқалар. Қазақстандағы жүгері және құмай бойынша селекциялық жұмыс қорытындылары// «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒПО ғыл.ең.жин.-Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. 172-178б.
  4. Полетаев Г.М. Құмайлық дақылдардың жаңа сорттары мен будандарының сипаттамасы.// Жүгері және құмай, 2002, №2, 7-15б.
  5. Макаров В.М. Қазақстандағы құмайлық дақылдардың нәтижелері мен перспективалары.// Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымының жаршысы, 2001, №7, 15-16б.
  6. Оспанов Е.Д., Костиков И.Ф. Сүрлемдік дақылдардың төтенше жағдайларға төзімділігі.//Көкшетау МУ: XXІ ғасырда аграрлық секторды дамыту проблемалары. – Көкшетау, 1999, 84-85б.

Бақылау сұрақтары

  1. Құрамында қанты бар шикі зат ретінде бал құмайды пайдалану

перспективалары қандай?

  1. Қазақстанның солтүстік облыстарында аудандастыруға тез пісетін түрлерінің қайсысының келешегі бар
  2. Бал құмайдың силосты конвейерде арамшөптерден қорғау жүйесінің маңызыдылығы
  3. Силосты маңызы бар перспективті сорттары мен гибридтері
  4. Жүгері мен бал құмайдың аралас егістіктерінде қолданылатын биологиялық ерекшеліктері
  5. Силосқа пайдалану гибридтердің негізгі параметірлерін негіздеу
  6. Силос шикі заты ретінде пайдаланылатын бал құмайға қойылатын талаптар

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Ramzan

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 22-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля