ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)

27 января, 2017 12:27

Студенттерге Кеңес халықтарының фашистік басқыншыларғақарсы өзі Отанын, жерін қорғаудағы табанды күресі туралы мәлімет беру. Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын ұғындыру.

Негізгі ұғымдар:Ұлы Отан соғысы, «Барбаросса жоспары», майдан арсеналы, депортация, мобилизация, тыл, 316 атқыштар дивизиясы.

 

Жоспар:

  1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.
  2. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.
  3. Қазақстандықтардың тылдағы еңбектері.

 

1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: Германия, Италия, Жапония тұтандырды. Гитлер және оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен КСРО елін құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Московия» (Россия), (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Ветка, Қазан, Уфа, Пермь), «Украина» (Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде «Гросс Түркістан», «Еділ-Орал» деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. 1941 ж. 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Адам саны мен соғыс техникасы жағынан фашистер басым болды. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды. Коммунистік партия шаруашылықты соғыс жағдайына бейімдеуге, барлық күш пен құралдарды елімізді қорғауға жұмылдыруға басшылық жасап, жау тылында партизандық соғысты ұйымдастырды. Кеңес армиясы жаңа әскери құрамалар және халық жасақтарымен толыға түсті. Бірінші кезеңде соғыс Солтүстік-батыс (Ленинград), Батыс (Москва), Оңтүстік-батыс (Украина) бағытында жүрді. Басты әскери қимылдар: 194 1ж. шекарадағы шайқастар. Брест қамалы қорғанысы; Прибалтика және Белоруссияның басып алынуы; Ленинград блокадасының басталуы, Смоленск шайқасы (1941); Киев, Одесса, Севастополь қорғаныстары (1941-42). Герман әскерлерінің Украина мен Қырымды оккупациялауы, Москва шайқасы. 1942 ж. аяғы — 1943ж. бас. Сталинград қорғанысы (түбегейлі бетбұрыс).

Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақстанда бес ұлттық дивизия мен бригада жасақтау ұйғарылды. Олар: 105, 106, 96 ұлттық атты әскер дивизиялары және 100, 101 ұлттық атқыштар бригадасы. Соғыстық бастапқы 3 айының ішінде 238, 310, 314, 387, 391, 316 атқыштар дивизиялары құрылды. 1939ж. халық санағы  бойынша Қазақстанның халқы 6.2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды.

 

  1. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.ҰОС–ң даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Г. Жұматаев, Ш Шолтыров, К. Иманқұлов, Е.А. Качан болды. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.Олар Ж. Саин, Қ.Қайсенов, Ә. Шәріпов. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Б. Момышұлы басқарған 1073 ұландық атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді(Б. Момышұлына 1990ж. Кеңес Одағы Батыры атағы берілді). 316 дивизиясының жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28–гвардияшыл-панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Мәскеудің қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Төлеген Тоқтаров, Рамазан Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

КСРО көп шығынға ұшырады, 27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс.

 

  1. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілді, көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941-45жж. Қазақстаннан батыс аудандардың 532.5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. 970 мыңдай депортацияланған немістер, поляктар осында келді. Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, баға 10-15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа да маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді. Қазақстанға 220 фабрика, завод, ұстаханалар, артель мен өнеркәсіп комбинаты көшіріліп әкелінді. Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы шайқастар кезінің өзінде-майдан шебі Қазақстанға жеткен жоқ. Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпоындары сұйық отын шығаруды 39%арттырды, электр қуатын өндіру 2 есеге өсті. Республика мыс, қорғасын өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде металдар шығару, бойыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б. салынды. 1941-45жж. Барлығы 460 завод, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды.

Көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80% әйелдер болды. Қазақстан еңбекшілері Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Шығанақ Берсиев тарының гектарынан 202ц. өнім алып, дүние жүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы «Авнгард» колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштің гектарынан 172ц. өнім алды. Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді. 1941-45жж. Олар майдан мен елге 5879 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және т.б. азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

 

Бекітуге арналған сұрақтар:

 

  1. Екінші дүниежүзілік соғыспен Ұлы Отан соғысының негізгі себептерін атаңыздар. Ұлы Отан соғысы басталған күнді атаңыз.
  2. Фашистік Германияны жеңуде Қазақстан халқы қандай үлес қосты?
  3. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда құрылып ерекше ерлігімен көзге түскен әскери құрылымдарды атаңыз.
  4. Қазақстан- майдан арсеналы дегенді қалай түсінесіз?
  5. Неше қазақстандық екі мәрте Ұлы Отан соғысының батыры атағын алды?
  6. Ұлы Отан соғысы жылдары ғылыммен өнер қандай рөл атқарды?
  7. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО-да ұлтаралық қатынас  қалай болды?
  8. Ұлы Отан соғысының жеңісінің тарихи маңызы қандай?

 

 

 

Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы,
  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Ерек

3
Комментарии: 0Публикации: 26Регистрация: 25-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля