Қоректендіру жүйесі аспаптарынын техникалық жагдайы

20 ноября, 2017 15:14

Дизельді қоректендіру жүйесі автомобильде отынның қорын қамта- масыз етуге, жанармайды тазалауға жэне қатал мөлшерде қозғалтқыш жұмыс тәртібіне сәйкес цилиндрлерге таратуға арналған.

 

Дизельді қоректендіру жүйесіне ауаны тазалау мен цилиндрге беруге, жұмыс істелген газдарды шығаруға, жанармайды беруді басқару жетегі аспаптары кіреді. Дизельді қоректендіру жүйесінің техникалық жағдайына отын аппарату- расы жұмысының сенімді жэне тоқтаусыз болуына кепіл болатын ерек- ше талаптар қойылады. Өйткені жоғаргы қысымды отын сорғысының плунжерлі жұбы мен бүріккіш тозаңдатқыш тұрқысы мен инесі өңделген жэне жоғары дэлдікпен қиюластырылған жэне айырылмайтын жұп болып табылады. Бұл жұптардың бір бөлшегінің орнына басқасын ауыстыруға рұқсат етіледі.

Дизельді қозғалтқыштардың жұмыс қоспасы өте қысқы уақыт аралығында пайда болады (иінді білік 20-35о айналғанда) жэне бұл уақыт аралығында отын жану камерасында ауамен бірқалыпты араласа алмай- ды. Қозғалтқыштың үнемділігі мен қуаттылығы жұмыс қоспасының са- пасына едәуір тәуелді болғандықтан, жану камерасына отынның шашы- луы мен араласуына көп көңіл аударылады. Жану камерасына бүркілген отын бірден жанбайды, ол шамалы уақыттан кейін тұтанады. Бұл уақыт аралығы отынның өздігінен тұтануына жағдай тудыруға тиіс жэне осы уақыт аралығы өздігінен тұтанудың аялдау кезеңі деп аталады.

Жанармай техникалық талаптарға сай болуы керек. Қоректендіру жүйесінің түгелдей тығыздығы дұрыс болуы қажет. Жүйеде ауаның пайда болуына қатаң жол берілмейді, ол қозғалтқыш жұмысының орнықсыздығының бір себебі болуы мүмкін.

Дизельді қозгалтқыиітың жүмыс істеу принципі.

Дизельді қозғалтқышта таза ауа цилиндр ішіне сорылып алынып жэне сығудың жоғарғы шамасына ұшырайды. Мұның салдарынан цилиндр ішіндегі ауада дизель отынының тұтану температурасынан артық темпе- ратура пайда болады.

Поршень шамамен жоғарғы өлі нүктеде болған кезде, сығудың жоғарылығынан ауаның температурасы 600°С-ге жетеді жэне осы сәтте дизель отыны цилиндрге бүркіледі. Ол тұтандыру білтелерінсіз, өздігінен тұтанады. Суық қозғалтқышта сығылған ауаның температурасы жоғары

 

 

 Дизель қозғалтқыш

 

шамада болуы үшін, кейбір автомобильдер қозғалтқышында ауаны қыздыру білтелері орнатылған. Сонымен қатар қозғалтқыштарда суық жағдайда іске қосуды тездеткіш қондырғысы орнатылған. Ол автоматты немесе ажыратқыш көмегімен қосылады.

Жанармай багынан отын сүзгісі арқылы жоғарғы қысым сорғысы отынды сорып алады. Сүзгі лас пен суды отын құрамынан сүзіп алады. Жанармай тек жүйеде ауа жоқ болған жағдайда беріледі. Сорғыда бүркуге қажетті қысым пайда болады жэне жанармай цилиндр ішіне бүркіледі.

Бүркілетін жанармай мөлшері газ педалін басумен реттеледі. Дизельді қозғалтқыштар тұтандыруды керек етпейді жэне оның жұмыс кезеңі қыздыру білтесіне кернеуді ажыратқанда да тоқтамайды. Сондықтан дизельді қозғалтқыштардың конструкциясында магнитті клапан орнатылған. Оталдыруды өшірген кезде магнитті клапандағы ток өшіп жэне жанармай берілетін арна жабылады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля