ҚОРҚЫТ (VIII ғ.)

31 октября, 2017 16:38

ҚОРҚЫТ ЖАЙЫНДАҒЫ АҢЫЗДАР ЖӘНЕ ҚОРҚЫТ ЖЫРЛАРЫ

 

Қорқыт есімімен байланысты аңыздар түркі тектес халықтар арасында әр алуан түрде әңгімеленеді. Ака- демик Ә. Марғұлан былай деп жазады: «Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Орта Азиядағы түркі тілдес елдер- дің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айты- латын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түрікмендерде көбірек жолығады» («Лениншіл жас», 1970, 20 январь). Қорқыт жайындағы деректердің белгілі бола бастауы XII—XIII ғасырлардан бермен қарай. Атақты тарихшы Рашидеддин қыр сахарасында Қорқыт пен «Оғыз-наманың» қатар хикаяланатынын жазған.

Қазақ арасына таралған аңыздардан Қорқытты бір- де айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Терең ойлар, ауыр мехнат азабымен өлместік- ті арман еткен Қорқыт мәңгілік өмір іздеп ел кезеді.

Қазақ арасындағы аңыздарда Қорқыт Ата — көпті көрген батагөй, сәуегей, атақты музыкант әрі ойшыл дария. Ол айтқан болжау дәл келіп отьірған. Адам өмі- рі, мінез-құлық, тағдыр жайында тұңғиық, кемелді тол- ғаулар қалдырған.

Әлішер Науаи Қорқыт жайында былай деп жазады: «Түрк ұлысы арасында Қорқыт атадан даңқты, одан асқан кісі жоқ еді. Оның даңқына ешкім тең келмейтін. Өзінен кейінгі көп жылғы келешекті болжап айтқыш данышпан еді, оның таң қаларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар».

Қорқыт атадан қалды дейтін, шешендік нақыл, ой- шыл, өсиет сөздер өмірден түйгені көп кәрі дананың алып бейнесін бүгінгі оқушы қауымға анық елестетеді’. «Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді», «Ажал келмей

 

г.ісі өлмес, өлген адам тірілмес», «Шыққан жан қайтып кірмес». «Бетеге биікке теңесе алмас», «Есекке қанша жүген салғанмен, ат болмас», «Қар қанша қалың жау- ғанмен, көктемнен қалмас», «Бақ қанша гүлденгенмен, күзден қалмас», «Ескі темір біз болмас, ескі дұшпандос болмас», «Ат шалдықпай, жол түгесілмес», «Қанжар тимей жау қайтпас», «Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас», «Қорқаққа қылыш жұмсау- дың қажеті жоқ», «Шаба білмеген атты қинайды».

«Адам кірмес қара үйдің құлағаны мақұл. Жылқы жемес арам шөп, өспегені мақұл. Адам ішпес ащы су, ақпағаны мақұл. Даңқ әпермес баланың әкесінің белі- нен шықпағаны мақұл, құрсағынан ананың шықпағаны мақұл. Жалған сөздің дүниеге келмегені мақұл. Жер құнарын шөппенен қоректенген аң білер. Жер тегісін құлан білер, ауыр-ауыр сілемін түйе білер, жер жапса- рын түлкі білер, ұлының кімнен туғанын анасы білер. Ел арасындағы ер мен езді қолына қобыз ұстап арала- ған жыршы білер».

Қорқыттың толғаулары мейлінше дәл, осылай, өлең- жыр, даналық сөз болып ел жадында сақталған. Осы қасиетімен Қорқыт қазақтағы жыраулардың жырауы, жыраулардың атасы болған Сыпыра жырауға көбірек ұқсайды. Аңыз-әңгімелер, әфсаналар, зерттеушілер Қор- қытты 295 жыл жасаған деседі.

Қорқыт хан сарайында отырмаған, оны біз үнемі ел қамында, тарыққан панасыздың жанында, ізгілік іс- тердің мұратында көреміз. Оның бұл мінезі ерте дәуір- дің ойшылы, әрі жырауы Асан Қайғыға ұқсатады.

Қорқытты жұрт аруақ, бақсы, әулие ретінде де қа- дірлеген, ардақтаған; дерттен айығу мақсатымен кезінде оның қабіріне келіп түнейтін де болған.

Қорқыт атымен байланысты аңыздың дені оның өлі- мімен сабақтасады.

Қорқыт адам тіршілігінің тым қысқалығына, өлім деген опатқа наразы болып, содан құтылудаң жолын іздеп шарқ ұрады, желмаяға мініп шартарапты кезеді. Бірақ қайда барса да алдынан аңырайған көр шығады. Жер шұқығанның бәрі оған: «Қазып жатқанымыз Қор- қыттың көрі» деп жауап қатады.

Дүниенің төрт бұрышын кезген сапарында Қорқыт кісі өлімі ғана емес, жүгірген аң, ұшқан құстың жемті- гін, тамыры қурап сұлаған бәйтеректі көреді. «Осының бәрі де кезінде тіршілік етті, тыныс алды, енді қысқа өмірі тәмамдалды» деп, соның бәрін көрге санайды.

 

Осының бәрінен Қоркыт өзінің ажалын көргендей бо- лады, «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» дейтін сөз оеы- дан қалған.

Осының бәріне қатты қапа болып, налыған Қсрқыт жападан жалғыз күңіренеді. Сөйтіп жүріп өзгеше бір өнер табады. Су үстіне кілем жайып, өзі жасаған жер бетіндегі тұңғыш күй аспабы-қобызбен күңірене сырлы күй шертіп, іштегі шерін ақтарады. Құдіретті күй сазы лезде дүниені түгел баурайды. Өлімге қарсы тартыл- ған, мәңгі тіршілікті мадақтаған Қорқыт күйін естіген бүкіл адамзат, ұшқан құс, жүгірген аң тұра қалып Сыр үстіндегі ғажап күйге құлақ тосады; ұйып тыңдайды. Сөйтіп дүниеде тұңғыш рет музыкалық ләззат берген Қорқыт есімі, М. Әуезов айтқандай: «Қобыздың ішегін- де, халықтың жүрегінде» мәңгілікке ұмытылмастай сақ- талады.

Екінші бір алуан аңызда Қорқыт әзірейілмен кезде- седі. Әзірейіл Қорқыттың жанын салып алатын сандық істеп ала келеді. Қорқыт әзірейілмен сөйлесіп тұрып, сандыққа оның өзін алдап салады да, кілттеп суға ағы- зып жібереді.

Қей аңыздарда жер ортасы Сырға қайтып оралған Қорқыт өлерін сезген соң, айнымас серігі-желмаясын сойып, соның терісін қайық қылып ертелі-кеш қобыз тартады. Өзінің жақын досы Дарабоз арқылы ол жар дегенде жалғыз қарындасы Ақтамаққа соңғы арыздасу- қоштасу сәлемін жолдайды.

Қорқыт ата күн демей, түн демей «Өмір жырын» толассыз тартады. Ажал талай рет теніп келеді, бірақ бебеу қаққан қобыз күйі оған Қорқытты алдыртпайды. Ұйқысыз өткен талай күн, талай түндерден қалжыраған Қорқыт ата бір сәт қалғып кеткенде, ажал «Қайрақ жы- лан» дейтін улы жыланның бейнесінде келіп Қорқытты шағып өлтіреді.

Міне, қазақ арасындағы Қорқыт жайындағы аңыз- дардың негізі осындай.

Халық тудырған көне аңыздың мағынасын бұрма- лап, Қорқытты пессимист етіп, оның күйін өлім күйі етіп көрсеткісі келушілер де кезінде болған. Ал шындығын- да, Қорқыт жайындағы аңыздарда оптимистік ұғым, толғам басым.

Дүние жүзі әдебиетінде, әсіресе ескі мифтік аңыз- дарда, ежелгі жырларда, көне эпостарда Қорқыт тәрізді өлімге қарсы күрескен соқталы бейнелер болған. Соның

 

бірі грек мифіндегі Прометей, осетин аңызындағы Амран,. үнді аңызындағы — Сидхарт.

Қорқыт өзі тапқан, өзі тудырған өнерімен халыққа қызмет етті, оның мәңгі өшпестігі осында.

Қорқыт Ата хиқаялары УІІ-ХІІ ғасырларды Сыр бойын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпалары арасында ту- ып ауыздан-ауызға көшіп, түрк тектес халықтардың бә- ріне түгел жайылған.

Қорқыт тарихта болған адам. Ерте заманның білім- паз-ғұламаларының жазуына қарағанда, Қорқыт Сыр- дың аяғында Жанкент қаласында, Баят елінде дүниеге келген. Бұл жерден ақындар, жыраулар, даналар көп шықса керек. Солардың ішіндегі ең әйгілісі Әбунасыр Әл-Фараби де, онан кейінгі алыбы осы Қорқыт. Ол — оғыз елінің ұлы басшысы, кемеңгер ойшылы, асқан күй- шісі. Бірақ оның өз өмірі жайында жазылған деректер тым тапшы.

Солардың ішіндегі ең құндысы да, дәлірегі де атақ- тьг тарихшы Рашидеддиннің Қорқыт, Оғыз, олардың ұр- пақтары туралы жазбалары.

Академик Ә. Марғұлан Қорқыттың өмірбаянын, ол туралы ескі әфсаналарды келістіре жазған ойшылдар- дың ретінде атақты тарихшы Абылғазының есімін ерек- ше атайды.

Абылғазының айтуынша: «Қорқыт — Оғыз қыпшақ- тарының ұлы атасы, оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуе- гей, ақылшы, кеңесші. Ол Оғыз хан заманынан қалған тарихи отанға үлгі айтып, билік құрған, дана болған кі- сі. Оғыз елінің жұрттары: күн шығыста Ыстықкөл, Ал- малық, Талас; ортасы Сайрам, Қазығұрт, Қарашықтауы (Қаратау), Темірқазық, Ұлытау, Қішітау, Мыстың кені (Жезқазған); күн батыста Сыр суының аяғы (қазақ жырында: су аяғы Қорқыт), Жанкент, Қарақұм. Осы айтылған жерлерді Оғыздар бес мың жылдай қоныс етіп отырады. Қайсы ру мықты болса, хан солардан шықты. Оғыз дәуіріндегі ең күштілер: Қайы (Қақлы) мен Баят еді, оларға тағы алты ру қосылған».

Оғыздарға ол кезде жақын отырған елдер қаңлылар, қыпшақтар, наймандар, қарлықтар болса керек. Оғыз- дар Жетісуды, Ыстықкөлді, Алмалықты, Сайрамды оларға қалдырып, өздері Сыр суының аяғын қоныстай- ды. Ал жаз түссе Ұлытау өңірінің, Торғай, Тобыл бойла- рын жайлайды екен. Ол өзі туған Сырдың бойында дү- ние салған. Бейіті Қызылорда облысы, Қармақшы ауда- нындағы Қорқыт станциясының түбінде, Сырдың жа-

 

ғасында. Басына жетпісінші жылдары ескерткіш орна- тылды.

XII ғасырдан бастап Қорқыт хикаялары әр жерде көшіріліп, кітап болып тарала бастаған. Оның әдепкі жазбалары түгелге дерлік жойылып, бізге екі түрлі нұс- қасы ғана келіп жетіп отыр: біріншісі және толығырақ нұскасы Ватикан (Рим), екіншісі, көлемі шағын нұсқа- сы Дрезден (ГДР) кітап қоймаларында сақталуда. Ва- тикан нұскасында — қыпшақ сөзі, Дрезден нұсқасында оғыз сөзі басым делінеді.

Тілі жағынан Қорқыт жырлары түрікмен, азербай- жан, қазақ, башқұрт, қарақалпақ тілдеріне жақын да ал сөз бастауы, баяндау жүйесі оғыз табындағы халық- тардың, қазақтың белгілі эпостарымен сабақтас келеді. Жалпы хикая біріне-бірі тығыз байланысты, бір жүйелі (арналы) 12 дербес дастаннан тұрады.

«Расул алла заманына жақын Баят руында Қорқыт Ата деген ер болыпты, ол кісі тамам оғыздың білікшісі еді, ғайыптан түрлі хабар айтар еді» деп басталатын Қітаби дәдем Қорқыт («Қорқыт Ата кітабы») 1—ұзақ ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа таралып, үздіксіз әң- гімеленіп келген эпикалық аңыздар негізінде туған түрк халықтары әдебиетінің аталған дәуірдегі ең елеулі ес- керткіші. Ол сонымен бірге көшпелі түрк руларының әскери және бейбіт өмірін, әдет-ғұрпын, тұрмысын, ис- ламға дейінгі идеологиясын, эпикалық дәстүрді тудыру- шы халық жырауларының асқан шеберлігін танытатын маңызды мұра болып есептеледі.

«Қорқыт Ата кітабы» орыс, неміс, түркі және итальян тілдеріне аударылған.

Қорқыт жырларын жан-жақты зерттеудің негізін сал- ған кісі ұлы орыс галымы, әйгілі Шығыс тарихшысы, академик Ваеилий Владимирович Бартольд (1869— 1930). Қорқьіт шығармаларының орыс тіліндегі тұнғыш әрі үлгілі аудармасын жасаған да осы В. В. Бартольд. Бертіндегі зерттеушілердің бәрі де В. Бартольд аудар- масының қажеті жоқ екендігін жиі айтып жүр. Сол се- бептен де болар, академик В. М. Жирмунский мен А. Н. Қононов бұл шығармалардың В. Бартольд аудар- ған нұсқасын аз ғана қосымшамен 1962 жылы қайта бастырып шығарды.

Қорқыт жырларының Мұхаррам Ергин аударған түрк

1 Қнига моего деда Коркута (Кітаби дәдем Қорқыт), Москва — Ленинград, 1962.

 

тіліндегі нұсқасының алғы сөзінде аудармашы былай деп жазады: «Мен оқырмандарға түсініктілеу оғыз сөз- дерін (әңгіме Осман түрктеріне қатысты айтылып отыр — М. Ж.) екі нұсқадан таңдап алып көбірек кір- гіздім, ал сіздер қыпшақ тайпасына баулы сөздерді өз- дерің іріктеп алсаңдар, осы күнгі қазақ, қырғыз, тағьі басқа халықтар толық түсінеді»

Міне, сондықтан да халқымыздың ертеде жасалған биік әдеби мұрасы — Қорқыт жырларының қыпшақ ті- ліндегі нұсқасын қазіргі ана тілімізге жаңашалаудың. мәні зор. Бұл -— алдағы күннің ісі. Біз әзірге «Қоркыт Ата кітабынан» қазақ эпостарының табиғатына өте жа- қын деген үш жырды ғана алып мазмұндап отырмыз.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля