Қосиінді-бұлғақты және газ тарату механизміне техникалық қызмет көрсету.

19 ноября, 2017 19:16

КҚ — күнделікті қозғалтқышты іске қосу алдында іске қосылудың жеңілдігіне көңіл аударып жэне қозғалтқыштың түтіндетуіне әртүрлі режимдегі жұмысын тексеру қажет. Ақ-көкшіл сұр түсті түтіннің жоғарғы көлемде шығуы жану камерасына саңылаулар арқылы май түскенін білдіреді, ал қою қара түтін жұмыс қоспасының баюын немесе оның отал- дыру жүйесінің ақауынан толық жанбауын көрсетеді.

 

Пайдалануға шығар алдында жүргізуші қозғалтқыштың жалпы жағдайын, қозғалтқыштың тірек жастықшаларының жағдайын жэне салқындату сұйықтығы мен майдың ағып тұрмауын тексеруге тиіс.

ТҚК-1 кезінде қозғалтқышқа бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізіп жэне керекті бекіту жұмыстарын орындау; қозғалтқыштың барлық элементтерінің бекітілісін мұқият тексеру қажет. Бекіту жұмыстарын эртүрлі қақпақтарды, майдың ағуы байқалатын төсемелерді жэне қозғалтқыш табандығының бекітілісін қатайту қажет. Егер тексеру кезінде айтарлықтай ақаулар анықталса, ағымды жөндеуге «тапсырыс» рәсімдеу қажет.

ТҚК-2 кезінде ТҚК-1-дің барлық жұмыс көлемін орындау қажет. Ар- найы күй анықтау бекеттерінде немесе жұмыс орнында бөлшектік күй анықтау жұмыстарын мұқият жүргізу қажет. Күй анықтау жұмыстары айналшақты-бұлғақты жэне газ тарату механизмінің техникалық жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі. Егер тексеру кезінде меха- низмдердің жұмысында ТҚК-2 бойынша жүргізіп жоюға болмайтын- дай ақаулар анықталса, онда оны қозғалтқышты жөндеуге арналған ар- найы мотор цехы бар ағымдық жөндеу аумағына тапсырыс рәсімдеп жіберу қажет. ТҚК-2 кезінде жеке қолжетімді ақауы бар бөлшектерді жеңіл жөндеу жұмыстарымен ауыстыруға рұқсат етіледі. Егер тексеру кезінде клапан механизмінің жылу саңылауының нормаға сәйкессіздігі анықталса, онда жылу саңылауларын реттеу керек.

Бекіту жүмыстары қозғалтқыштың барлық жалғаныстарының бекі- тілісін анықтау үшін, қозғалтқыштың автомобиль қаңқасына немесе шанағына бекітілісін, цилиндр қалпақшасының, картер табандығының

 

блокка бекітілуін, енгізу жэне шығару кұбырынын бекітілісін тексеру үшін жүргізіледі.

Цилиндр блогы калпақшасының төсемелері арқылы газ бен салқында-зу, сұйықтығының шығуын тоқтату мақсатында, оларды тексеріп жэне қалпақшаны блокқа бекітілген жеріндегі сомындарын белгілі сәтпен тар- тады. Бұл жұмыстар динамометрлік кілт көмегімен жасалады. Сомын- дарды тарту сәті мен тізбегін зауыт-дайындаушы бекіткен (10.1-сурет). Шойын цилиндр қалпақшасын — қозғалтқыштың ыстық кезінде, ал алю- миний балқымасынан жасалғандарды суық күйінде тартады.

10.1-сурет. Қозгалтцыіитардың цилиндр блогына қалпақшаның бекітілу сомында-
рын қатайту тізбегі: а — ВАЗ қозгалтқышы; б — КамАЗ-740 қозғалтқышы
Картер табандығының бұрамаларын қатайту кезінде олардың үзіліп кетуін болдырмау немесе тығыздығын жойып алмау үшін белгілі тізбекпен қатайтады.

Реттеу жүмыстары күй анықтау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Егер клапандардың жұмысында жэне ТҚК-2 кезінде тарсылдар анықталса, жылу саңылауларын реттейді (10.2-сурет). Жылу саңылауларын рет- теу кезінде 1-ші цилиндрді сығу тактінің соңына ЖӨН орнатады. Бұл жағдайда 1-ші цилиндрдің клапан стержені мен иін аралығындағы саңылауды реттейді.

Қалған цилиндрлердің клапандарының саңылауларын қозғалтқыштың жұмыс істеу тізбегіне байланысты иінді білікті 1/2,1/3 немесе 1/4 айналымға төрт, алты және сегіз цилиндрлі қозғалтқыштарға байланыс- ты тактінің цилиндрден цилиндрге ауысуына байланысты айналдырып реттейді. Төрт цилиндрлі қозғалтқыштардың кеңінен тараған жұмыс істеу тәртібі — 1-3-4-2, бірқатарлық алты цилиндрліктікі — 1-5-3-6-2-4, ал V тэрізді сегіз цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс тэртібі — 1-5-4-2-6-3-7-8.

 

10.2-сурет. ГТМжылу сацылауларынреттеу мысалы:

1 — сомтемір: 2 — сомын; 3-реттегіш бұрама; 4 — бүрагыш;

5 — күйенте; 6 — ңармауыш; 7 — клапан

 

( ЬлД

 

Иінді біліктің қандай да бір жағдайдағы жылу саңылауын реттеу үшін, клапан толық жабық болуы қажет.

Айналшақты-бұлғақты жэне газ тарату механизмінің техникалық жағдайын анықтау үшін, күй анықтау жүмыстары тарсылдардың сипатын, цилиндр компрессиясын, поршеньнің жоғарғы жағындағы кеңістіктен қозғалтқыш картеріне ауаның өту шығынын жэне майдың шығынын анықтау жұмыстарын құрайды. Әртүрлі тарсылдардың сипатын анықтау үшін стетоскоп құралын қолданамыз.

Қозғалтқыш компрессиясы цилиндр-поршеньді топтың тозуына, клапандардың орнығу жағдайына жэне блок қақпақшасының аралық төсемесінің жағдайына байланысты. Қозғалтқыш компрессиясын ком- прессометр немесе компрессограф аспаптарының көмегімен анықтайды (10.3-сурет).

Компрессияны тексерген кезде қозғалтқышты қалыпты жұмыс тем- пературасына (80…90°С) дейін қыздыру қажет, ауа жэне дроссельді жапқыштарьгтолықтай ашық болуы керек. Компрессометрді қозғалтқыш тұтандыру білтелерінің саңылауына кезекпен орнатып жэне иінді білікті стартермен айналдыру қажет. Дизельді қозғалтқыштарда компрессияны тексеру кезінде компрессометрді бүріккіштер сияқты бекітеді, өйткені олардың қысым дэрежесі жоғары (2,0…2,5 МПа).

Бензинді қозғалтқыштардың компрессиясы 0,8-ден 1,2 МПа аралы- ғында, ал дизельділерде 2,5-тен 3,5 МПа болуы керек. Бензинді қозғалт- қыштардың цилиндрлердің арасындағы компрессия айырмашылығы 0,1 МПа-дан артық болмауы, ал дизельділердікі 0,3 МПа болуы керек. Егер компрессияның шамасы туралы мәліметтер болмаса, онда оны

 

нормативтік шамасын келесі формуланы қолдану арқылы анықтауға бо-

лады:

Рс = Ек (МПа),

мұнда: Е — осы қозғалтқыштың сығу дэрежесі; к — 0,1…0,12 аралықта қабылданған коэффициент.

 Компессометр құрылысы:

а — компрессаметр сұлбасы; б — жалпы көрінісі; 1 — золотник; 2 — конусты резеңке төлке; 3 — қайтарма клапан; 4 — көрсеткішті жоюга арналган бұрама; 5 — тұрқы;

6 — манометр

Егер тексеру барысында компрессия нормативтік көрсеткіштен төмен болса, онда тексеріліп жатқан цилиндрге 15…20 г (жүк автомобильдері үшін) 8…10 г (жеңіл автомобильдер үшін) қозғалтқыш майын қүйып, әрі тексеруді қайта қайталау қажет. Май поршень, сақина мен цилиндр аралығындағы саңылауды тығыздайды. Егер қайта тексергенде компрес- сия елеулі жоғарыласа, онда ол цилиндр-поршеньді топтың тозғанын дәлелдейді. Ал егер қысым өзгермесе, онда клапандар толық орнықпайды.

Цилиндр ішіндегі компрессияны тексеру кезінде қозғалтқыш іске қосылып кетпеуі үшін, үзгіш-таратқыштан оталдыру орамына баратын төменгі кернеулі сымын ағытып тастайды. Тек оталдыруды таратқышы ғана бар қозғалтқыштарда, таратқыштың қақпағынан орталық сымды ағытады жэне оны автомобиль шанағына «массаға» түйықтандырады. Автомобиль шанағына «массаға» жалғау үшін қысқышы бар сымды қолданады. Егер қозғалтқышта жанармайды бүрку жүйесі орнатылған болса, белгілі сақтандырғышты алып тастап, жанармай сорғысының жүмысын тоқтатады жэне қозғалтқыш иінді білігін стартермен 200-250 айн/мин айналдырады. Тексеруді эр цилиндр үшін 3-4 рет қайталап, мано- метр көрсеткішін жазып отырады. Бензинді қозғалтқыштарда қысымның цилиндрлер арасындағы шамасы 1-2 кгс/см2-нен артық болмауы, ал дизельділерде 2-5 кгс/см2 болуы кажет.

Дизельді қозғалтқыштарда компрессияны қозғалтқыштың қызды- рылған күйінде де тексереді. Тексеру барысында бүріккіштердің жоғарғы

 

қысымды кұбырларын ағытады. Құбырларды ағыту кезінде мұкият болу керек, өйткені құбырларда қысым болуы мүмкін. Сондықтан алдымен олардың бекітілісін аздап босатып, қысымды төмендеткен жөн. Содан кейін бүріккіштен құбырларды ажыратып, жанармайды кұйып алады.

Ары қарай бүріккішті ағытып алып, орнына компрессометр неме- се компрессографты өтпелік арқылы бекітіп және жанармайдың цилин- дрге берілмеуін болдырмау мақсатында, жанармайды беруді тоқтататын электромагнитті клапанды желіден ажыратып тастайды. Бұл операция- ларды орындағаннан кейін қозғалтқыш иінді білігін стартер көмегімен айналдырады. Компрессометр немесе компрессограф көрсеткішін жазып отырған жөн.

Шетелдік автомобильдердің бензинді қозғалткыштарының цилиндр ішіндегі компрессиясы келесі шамаларда болады:

•       «Опель Монтрей» — 1993-1995 жылдары шыққан, қозғалтқыш көлемі 3,2 СЮІ-12 кг/см2, сығу дәрежесі 9;

•       «Фольксваген Гольф» — 1985-1992 жылдары шыққан, козғалтқыш көлемі 1,6 /Е2/ Е2А/АВЫ компрессия шамасы — 9-12 кгс/см2, сығу дәрежесі 9;

•       «Фольксваген Пассат» — қозғалтқыш көлемі 1,6/Е2/КҒ/АВН — ком- прессия шамасы 9-12 кгс/см2, сығу дәрежесі 9;

•       «Ауди 100» — компрессия шамасы 2,0 КТ, компрессия шамасы 8-14 кгс/см2, сығу дэрежесі 10;

•       БМВ 750 — қозғалтқыш көлемі 5,0/50 12А, компрессия шамасы — 10- 12 кгс/см2, сығу дәрежесі 8,8;

•       «Форд Эскорт» — қозғалтқыш көлемі 1,3/1 ЬА, компрессия шамасы 12,2-14,3 кгс/см2, сығу дэрежесі 9,5;

•       «Форд Транзит» — қозғалтқыш көлемі 2/0 ЫАТ, компрессия шамасы 10-12 кгс/см2, сығу дэрежесі 8,2;

•       «Мерседес-Бенц 300Е» — қозғалтқыш көлемі 3/103, 9815, компрессия шамасы 15,5-17,5 кгс/см2,сығу дэрежесі 8,8;

•       «Тойота Королла» — қозғалтқыш көлемі 1,6/4А-Ғ, компрессия шама- сы 10,0-13,5 кгс/см2, сығу дэрежесі 10;

•       «Вольво 960» — қозғалтқыш көлемі 2,5 В6254Ғ, компрессия шамасы 13-15 кгс/см2;

•       Джип «Гранд Чероки» — қозғалтқыш көлемі 5,2, компрессия шама- сы 7 кгс/см2, сығу дәрежесі 8,4.

Кейбір шетелдік дизельді қозғалтқыштардың компрессиясының шама- сы келесідей:

•       «Опель Рекорд Е2, ЗБ» — қозғалтқыш көлемі 2,3/23Э, компрессия шамасы 19-20 кгс/см2, сығу дэрежесі 23,0;

 

•       «Фольксваген 608Ғ /Джета 1,60» — қозғалтқыш көлемі 1,6 /СК, ком- прессия шамасы 34 кгс/см2, сығу дәрежесі 23,5;

•       «Ауди 100 Ә» — қозғалтқыш көлемі 2,4 ИС, компрессия шамасы — 26-34 кгс/см2, сығу дэрежесі 23;

•       «Джип Чероки 2,5 ТО» — қозғалтқыш көлемі 2,5, компрессия шама- сы 24-26 кгс/см2, сығу дәрежесі 21;

•       «Форд Эскорт 1,6 Э» — қозғалтқыш көлемі 1,6/ЬТА/ЬТС, компрессия шамасы 28-34 кгс/см2, сығу дәрежесі 21,5;

•       «Форд Транзит 2,5 Э» — қозғалтқыш көлемі 2,5/4ВС/4СС, компрес- сия шамасы 33,8 кгс/см2, сығу дэрежесі 19;

•       «Мазда 323 Э» — қозғалтқыш көлемі 1,7/РЫ, компрессия шамасы 26- 29 кгс/см2, сығу дэрежесі 22,2;

•       «Тойота Королла 1,8 Б» — қозғалтқыш көлемі 1,9/ІС, компрессия ша- масы 24,5-29,4 кгс/см2, сығу дәрежесі 23,0.

Дизельді қозғалтқыштарда цилиндр компрессиясын қозғалтқыштардың жылытылған күйінде тексереді. Тексеру кезінде иінді біліктің айналу жиілігі 460-500 айн/мин, температура 75-80°С болуы керек. Дизельді қозғалтқыштардың цилиндрлері арасындағы компрессия айырмашылығы 2-5 кгс/см2-ден артық болмауы керек.

Қозғалтқыш цилиндр-поршеньді тобының акауын нақты анықтау үшін, цилиндр ішіне 10 грамм қозғалтқыш майын құяды жэне тексеруді қайта қайталайды. Жану камерасы кіші және дизельді қозғалтқыштың компрессиясын анықтаған кезде құятын май көлеміне мұқият болу керек. Өйткені сығу барысында майдың көм мөлшерде болғанынан гидравликалық соққы пайда болуы мүмкін. Егер қайта тексеру кезінде сығу тактісінің соңындағы компрессия шамасы жоғарыласа, онда ол пор- шень сақиналарының тозғанын білдіреді. Ал егер көрсеткіш өзгермесе, онда енгізу немесе шығару клапандарының толық жабылмауынан, олардың күйіп кетуінен немесе аралық төсеменің ақауынан болады.

Қозғалтқыш компрессиясын тексеру кезінде қысым шамасын компрес- сометр немесе компрессограф көмегімен нақты 100% анықтау мүмкін емес.

Қозғалтқыш компрессиясын нақты анықтау тәсілі болып ауа қысымы шыгыны арқылы анықтау тәсілі кеңінен тараған. Ауа қысымы шығынын анықтау үшін К-69М жэне К-272 аспаптары қолданылады.

Айналшақты бұлғақты механизмге жөндеу жұмыстарын жүргізу — оның бөлшектерін ауыстыру мен қайта қалпына келтіріп, жөндеу болып саналады. Жөндеу, ереже бойынша, автомобильден қозғалтқышты шешіп алғаннан кейін жүргізіледі. Қозғалтқышты автомобильден шешпей, тек цилиндрлер блогының басының қақпағын, цилиндрлер блогының ба-

 

 К-69МНИИАТаспабы:

1 — тез шешілетін жалгастыргыш; 2 — енгізу штуцері; 3 — бәсеңдеткіш; 4 — енгізу
түтігі; 5 — өлшегіш манометр; 6 — демпфер; 7 — реттеуіш бұрама; 8 — шыгу
штуцері; 9 — жалгастыргыш; 10 — штуцер; 11 -резеңке тыгыздагыш

9

 

сын, май картерінің табандығын шешіп қана оларға жөндеу жұмыстарын жүргізе аламыз. Жоғарыда аталған бөлшектерді орнына қайта орнатқанда, олардың бекітілісінің сомындары мен бұрамаларын қатайтқанда, тұрқы бөлшектерін бекіту ережесі бойынша анықталған тізбек бойымен, ор- тасынан шет жағына қарай айқастыру тәсілімен жүргізіледі. Мұндай қатайту тәсілі бекітілістің жэне барлық механизмнің тығыздығын жақсы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
10.5-сурет. Картер бекітілісі бүрамаларын қатайту тізбегінің сүлбасы
Цилиндрлер блогы бастиегінің қақпағын қозғалтқыш цилиндрлер бастиегіне жөндеу жұмыстарын жүргізгенде немесе оларды ауыстырудың қажеттілігі болғанда, оның бекітіліс сомындары мен бұрамаларын қатайтқанда жэне цилиндрлер блогы бастиегінің төсемелерін ауыстырған кезде ғана шешеді. Сонымен қатар цилиндрлер блогының бастиегін газ тарату механизмін жөндегенде жэне оған техникалық қызмет көрсеткенде

 

де шешуге болады. Қақпакты шешуде және орнатуда какпак төсемесін бүлдіріп алмау үшін мұкият болу кажет, сонымен катар козғалткышты жөндеу кезінде ауыстыруға қосымша қосалқы төсеме болғаны жөн. Өйткені кақпақты шешкен кезде төсеме бүлінуі немесе автомобильді пай- далану кезінде төсеме тозуы мүмкін.

Цилиндрлер блогының бастиегін шешіп жэне орнату оны ауыстыру кезінде, бастиек төсемесін ауыстырғанда жэне газ тарату механизміне жөндеу жұмыстарын жүргізгенде жүзеге асырылады. Сонымен қатар цилиндрлер блогының бастиегін жану камерасындағы жэне пор- шень бетіндегі жану қалдықтарын тазалаған кезде де шешеді. Жану калдықтарының пайда болуы қозғалтқыштың қызып кетуінен жэне от- алдыруды өшіргеннен кейін бірнеше минут жұмыс істеуінен байқалады. Цилиндрлер блогының бастиегін шешпес бұрын алдымен салқындату сұйықтығын ағызады жэне бастиекке бірігіп тұрған бөлшектерді шешеді. Содан кейін бастиекті, төсемесін бүлдіріп алмай, мұқият шешуге бо- лады. Егер төсеме бастиекке жабысып қалған болса, оны жұқа металл тілім немесе ұшы жоқ пышақ көмегімен жояды. Жану қалдықтарын жойғанда, тізбекпен поршеньдерді жоғарғы өлі нүктеге орнатады жэне керосинге малынған матамен поршеньнің бетін сүртеді жэне содан кейін пайда болған қалдықтарды ағаштан немесе жұмсақ металдан жасалған кырғышпен түсіреді.

Цилиндрлер бастиегін орнату қайта тізбек бойымен орындалады. Ор- нату алдында тығыздығын қамтамасыз ету үшін ескі төсемелерін ұнтақ тәрізді графитпен тазалайды. Бірақ цилиндрлер блогының бастиегін шешіп орнатқанда, ескі төсемесінің орнына жаңасын ауыстырған жөн болады. Ци- линдрлер блогының бастиегін орнатқаннан кейін оның блогқа бекітілісін тарту қажет. Қатайту жұмыстары суық қозғалтқышта анықталған сәтте динамометрлік кілт көмегімен орындалады. Қозғалтқышты пайдалануда бастиек бекіту элементтерін қосымша қатайту жұмыстары талап етілмейді. Айналшақты-бұлғақты механизмнің басқа бөлшектерін ауыстырғанда және жөндеген кезде, автомобильден қозғалтқышты толықтай шешіп ала- ды жэне оны толықтай немесе біртіндеп бөлшектейді. Бөлшектердің ары карай қолдануға жарамдылығын анықтау үшін, айналшақты-бұлғақты механизм бөлшектерінің техникалық жағдайын тексеру қажет.

Цилиндрлер блогының техникалық жагдайын тексеру оның ақаусыз- дығын мұқият сырттай тексеру жұмыстарымен анықталады. Тексеру кезінде цилиндр беттері мен мойынтіректердің орналасу орынтарының жағдайы тексеріледі. Цилиндрлер блогын тексеру алдында оны мұқият тазалайды жэне оны ішкі бөлігін 75-85°С температурадағы суға күйдіргіш сода араластырылған қоспамен жуады. Егер тексеру барысында цилин-

 

дрлер блогында сынықтар немесе тозуы анықталса, онда оны ауыстыра- ды. Кішкене сынықтарды пісіру көмегімен жоюға болады.

Автомобильді пайдаланудың алғашқы 1500-2000 шақ. жол жүргеннен кейін цилиндрлер блогы бастиегінің бекітіліс сомындарын немесе бұрамаларын қатайтады. Одан кейін бұл жұмыстар тек блок бастиегін шеш- кенде, салқындату сұйықтығының ағуы мен газдың шығуы байқалғанда орындалады. Сонымен қатар цилиндрлер блогының бастиегінің бекітілу сомындары мен бұрамаларын қатайтқанда, сонымен бірге қозғалтқыш карреті табандығының бектілісінде қатайтады.

Автомобиль эр 10000-15000 шақ. жол жүргеннен кейін қозғалтқыштың тірегі бекітілісінің сомындары мен бұрамалары тексеріледі жэне керек болған жағдайда қатайтылады. Сонымен қатар лас пен шаңнан қозғалтқыш бетін арнайы тазалағыш сұйықтыққа малынған мата көмегімен тазалай- ды.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля