Құсты азықтандыру

11 февраля, 2015 16:05

Құс ас қорыту және зат алмасу ерекшелігіне сәйкес  азықтандырылады. Жем құстың ас қорыту жолынан тез өтіп, зат алмасуы жедел жүреді, сондықтан құс құнарлы, энергия   мен қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарға бай  рационмен азықтандырылады. Құс өнімділігіне әсіресе азық энергиясы күшті ықпал етеді. Жалпы өнімділігінің 40-50%-ті азық энергиясына тәуелді; сонымен қатар азықтың желінуі де энергия      деңгейімен      шектеледі.  Сондықтан   азықтың   энергетикалық деңгейі жалпы қоректілігін сипаттаумен қатар, бүкіл азықтандыру барысын нормалық жүйеге келтіретін құрал ретінде де қаралуы керек.

Құс өнімділігіне энергиядан кейін күшті ықпал ететін екінші бір көрсеткіш — азықтың протеині (жалпы өнімділігінің 20-25% соған тәуелді)- Оның энергиямен арақатынасы 1 кг азықтағы 1% протеин үлесіне тиетін алмасу энергиясымен есептеледі, мұны энергиялық-протеиндік қатынас (ЭПҚ) деп атайды. Бұл арақатынас бұзылып, протеин жетіспесе, ақзат түзілу барысы қамтамасыз етілмейді де, құстың  өсімталдығы мен өнімділігі төмендейді, ал керісінше, протеин шектен тыс болса, ол тиімсіз энергетикалық мақсатқа жұмсалады.

Құс азығындағы   протеиннің   аминқышқыддық  құрамы  да сапалы болуға тиіс. Осы мақсатпен протеин құрамындағы лизин, метионин + цистин,   триптофан,   аргинин,      гистидин,      лейцин, изолейцин,   фенилаланин, тирозин, треонин, валин   мен   глицин мөлшері,    олардың   бір-бірірінің     сіңіріліп, игерілуіне әсер ететін арақатынасы бақылауға алынады.

 

Протеиннің аминқышқылдык, құрамы құс азығының витаминдік (әсіресе В тобы витаминдері бойынша) қоректілігіне де ықпал етеді. Құсқа құрама жеммен берілетін, витаминдік және қоректік заттар көлемі мына деңгейде болуға тиіс /45-ші кесте/.

 

Толықтырылған құрама жем жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін жұмыртқалағыш мекиенге тәулігіне: торда өсіргенде — 115 г, еденде өсіргенде — 120 г; ет өндіру үшін өсірілетін (етті тұқым) мекиенге — 155 г, қоразға — 160 г, күркетауық мекиеніне-260 г, қоразына — 500 г, үйрекке — 240 г, қазға — 330 г, бөденеге -24 г мөлшерінде жегізіледі.

Олардың балапандарына берілетін жем мөлшері 46-шы кестеде келтірілген.

 

  1. Балапанға берілетін толық рационды құрама жем мөлшері

(тәулігіне бір басқа, г)

 

Етті тұқымдарға жататын тауық балапандырына берілетін жем мөлшері 6-шы аптадан кейін, үйрек балапанына берілетіні 8-ші аптадан кейін азайты-лады, бұл оларды   өсіру барысында   шектеп  азықтандыру    қажеттілігінен

туады. Барлық  көрсеткіші  нормамен  теңестірілмеген  құрама  жем      мөлшері      10%   арттырылады.

 

Құсқа арналған толық  рационды құрама жемнің 60-75%-і астық және бұршақ тұқымдастар дәнінен, 0-7%-і бидай кебегінен, 5-25%-і күнжара мен шроттан, 4-6%-і жануартектес азықтардан, 3-5%-і азықтық  ашытқыдан, 3-10%-і шөп  ұнынан, 1-5%-і минералды қоспалардан, 0-3%-і азықтық майдан құрастырылады. Мысал ретінде жұмыртқалағыш тауыққа арналған толық рационды  құрама жем  үлгісін  келтіруге  болады /47-ші кесте/.

 

  1. Жұмыртқалағыш тауыққа арналған

толық рационды  құрама жем, %

 

Құрама    жемге     амин   қышқылдарымен    қатар  микроэлементтер (әр тоннасына 50 г марганец, 50 г мырыш, 10 г темір, 2,5 г мыс, 1 г кобальт, 0,7 г йод) қосылады. Оларды тұздарынан 48-ші кестеде қөрсетілген коэффи-циенттері бойынша есептеп шығарады.

Осы коэффициенттерді пайдалана отырып, мал мен құс  азығында жетіспейтін микроэлементтер есептеп шығарылады да, қажетті нормаға дейін жеткізіледі /49-ші кесте/. Мал мен құс азығында қолданатын макроэлементтік қосындылар құрамы 50-ші кестеде берілген.

  1. Мал мен құстың микроэлемекттерге мұқтаждығы

Қазақстан жеріндегі биогеохимиялық  провинциялар   бойынша анықталған(М.Байтурин, АТаңатаров, Н.Омарқожаев,  А.Егеубаев (1966,1986) жергілікті жемшөптеп микроэлементгер  мөлшері      І-ші       қосымшада   берілген.   2-ші   қосымшада   мал  жемшөбінің  орташа химиялық  құрамы  мен қоректілігі  келтірілген.

             1-ші  қосымша:  Қазақстан биогеохимиялық өңірлерінің

жемшөбіндегі микроэлеметтер мөлшері

 

2-ші  қосымша

Жемшөп  құрамы  мен  қоректілігі (1 килограмында)

 

0

Автор публикации

не в сети 9 лет

slava

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 10-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля