Әдеттен тыс мал азықтық сүрлем дақылдар

19 февраля, 2017 11:33

Дәріс тықырыбы :Сосновский аю балдырғаны

1.Маңызы жэне таралуы. Интродукциялау тарихы.

2.Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке жэне тұқымға осіру технологиясы.

3.Өсіру агротехникасы.

1.Маңызы жэне таралуы. Интродукциялау тарихы.

Аю балдырғаны(Боршевик Сосновского, Heracleum, sosnowskyі Manden ) туралы мағлұматтар өте ерте заманан басталады. Көпшілік елдерде оны халық медицинасында қолдана білген. Құрамындағы биологиялық белсенді қосылыстардың және оның ішінде кумариннің, эфир майларының көп кездесуі аю балдырғанының емдік қасиетін жоғарылата түсті. Аю  балдырғанында кездесетін фурокумарин мен эфир майларының тағы бір өте пайдалы қасиеті- олардың топырақтың микрофлорасын тазалап жақсартуында.

Аю балдырғанын ерте заманнан тамаққа да пайдаланған. Әсіресе оның бұл қасиеті Кавказда 2-3 мың жыл бұрын белгілі болған. Одан көк күйінде-салат жасап және тұздап тамаққа пайдаланған. Сібірде оның өсімдігінен спирт және қант алған.

Аю балдырғанының кейбір түрлерінен кілем басуға әртүрлі бояулар алынған.

Аю балдырғаны және де өте құнды бал жинайтын өсімдік. Оның әр гектарынан 300-400 кг бал жинауға болады.

Шет елдерде аю балдырғанының кейбір түрлерін сәндік өсімдік ретінде өсіреді (Мантегация түрі). Бірақта аю балдырғанының ең негізгі орны оның мал азықтық маңыздылығы. Табиғатта оның кейбір түрлерін көпшілік жануарлар (үй және жабайы) сүйсініп қоректенетіні анықталған.

Бұрынғы Одақ көлемінде аю балдырғанының 37 түршелері, Қазақстанда 2 түршесі кездеседі. Осы түршелерінің мал азықтық маңыздылығы жағынан ерекшеленіп зерттелген Сосновский аю балдырғаны мен Леман аю балдырғаны.

Сосновский аю балдырғаны табиғатта Кавказдың орталық және шығыс аймақтарында, Дағыстанда және Солтүстік Кавказдың таулы аймағында кездеседі. Оны жерсіндіру және мал азығына өсірудің ғылыми-зерттеу жұмыстары Россияның Мурманск және Ленинград облыстарында 1947 жылдан жүргізіле бастады. Содан кейін оны Украинада, Белоруссияда өсіріп зерттеді.

Қазақстанға Сосновкий аб балдырғаны 1960 жылдан бастап әкелініп  ауылшаруашылық институтының және Қазақтың егіншілік ғылми-зерттеу институтының тәжірибе  танаптарында зерттеліп өсіріле бастады (В.Н.Лукашов и др., 1990).

Сосновский аю балдырғаны жаз кезінде сүрлемге салуға қолайлы, жоғары өнімді мал азықтық өсімдік. Оның құрамында көмірсуының көп болуына байланысты жақсы сүрленеді. Оның аздап жел қаққан көк балаусасын қара мал, шошқа және құстар жақсы жейді.

Аю балдырғанын таза өзін, не болмаса оны қиын сүрленетін өсімдіктермен (құлқайыр,гүлтәжі, біржылдық бұршақ дақылдары) қосып сүрлемге салады. Оның сүрлемінің дәмдік сапасы жоғары. Сауын сиырлар оған үйреніп алғасын сүйсініп жеп сүті көбейіп және оның құрамында майдың, белоктің, каротиннің, аскорбин қышқылының, В12 витаминнің мөлшері көтеріледі. Бордақыланған тайншаның азықтық рационына аю балдырғанының сүрлемін қосқанда олардың тәуліктік ет қосуы және оның  сапасының (май, белок) өсетіні анықталды (И.Ф.Сацыперова, 1984).

Аю балдырғанын егістіктегі дақылдардың қалдықтарымен: астық және дәнді бұршақ дақылдарының топанымен,  сабанымен, жүгерінің құрғақ сабақтарымен және т.б. қосып сүрлемге салуға болады.

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында аю балдырғанын майбұршақтың сабанымен қосып та сүрлемге салады. Майбұршақтың сабанында белоктің мөлшері жоғары болғандықтан сүрлемнің сапасы көтеріледі.

Аю балдырғанының көк балаусасын сүрлемге салғанда оған лайықты қоспа таңдау көбінесе оның шабу мезгіліне байланысты. Бірінші ору кезеңі маусымның басында жүргізілген жағдайда оны жоңышқамен қосып сүрлемге салады. Екінші рет шабу мерзімі қыркүйектің екінші жартысына сәйкес келеді де оны күзгі жиыннан кейінгі егістік қалдықтарымен қосып сүрлем дайындаған  тиімді.

Аю балдырғанының жапырағының 1 кг құрғақ затында 5500-5640 мг каротин және 1680-2000 мг аскорбин қышқылы, ал көк балаусасында олар 120-180 және 990-1116 мг шамасында болады.

100 кг аю балдырғанының сүрлемінде 9,1 кг азықтық бірлік және 1,1 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтық бірлікке 12,1 мг қорытылатын протеин келеді.

Сүрлемнің химиялық құрамы мынандай: су-88,6%, протеин-17, белок-0,9, май-0,6, клетчатка-2,3, күл-1,5, азотсыз экстрактивті зат-5,3%. Органикалық заттардың қорытылу коэффициенті 59,9 бірлікке тең.

Аю балдырғанының мал азықтық сапасын оның құрамында кездесетін эфир майлары мен фурокумарин төмендетеді. Сол себептен оны мал азығына ертерек орып (гүлдегенге дейін), сүрлемге салар алдынды аздап желге қақтырып жаныштап алу керек (подвяливать).

Сонымен қатар оның шырыны адамның жалаңаш жеріне тисе тітіркендіріп, күйдіріп жіберген сияқты әсер қалдырады. Сондықтан оны мал азығына орып дайындағанда сақтану шарларын орындау керек (қолға қолғап, аяққа етік және арнаулы жұмыс киімдер).

Аю балдырғанының көк балаусасының өнімі өсімдіктің жасына қарай өзгереді. Алғашқы жылы көк балаусасының өнімі әр гектардан 300-350 ц шамасында. Екінші-оныншы жылдары-500-900 ц аралығында. Орташа өнімі 300-500 ц/га тең. Украинада, Белоруссияда, Қазақстанда кейбір жылдары өнімі 800-1000 ц/га дейін көтеріледі. Құрғақ өнімнің мөлшері орташа 79 ц/га құрады.

2.Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке жэне тұқымға осіру технологиясы.

Сосновский аю балдырғаны көпжылдық балдыркөк тұқымдасына жататын өсімдік.  Тамыр жүйесі кіндіктамырлы. Орталық тамыры біржылдық өсімдікте жақсы айқындалған, диаметрі 8 см. Тамыр мойынан 4-5 см төмендеу жерінен орталық тамыры үш-төрт тамыршаларға бөлініп жан-жаққа тарап өседі. Тамырының негізгі бөлігі топырақтың жыртылған қабатында орналасады. (0-30 см) да, кейбірі 2 м тереңдікке дейін жетеді.

Сабағы тамырының жоғарғы жағында пайда болған жалғыз бүршіктен 2-7 жылдары өсіп шығады. Сондықтан оның сабақ түзуі, гүлденуі және тұқым беруі өсімдік өмірінде бір-ақ рет болады. Сабағының биіктігі 3 метрдей және одан биік өседі.

Аю балдырғанында бірінші жылы тамырынан жертаған жапырақтар пайда болады.

Бірінші негізгі жапырақтары бітік дөңгелекше, одан кейінгісі-қанаттәріздес бөлекше болады. Жапырақтары ірі, көлемі 1 шаршы метрге дейін жетеді.

Гүлшоғыры-күрделі көпжапырақты шатырша. Онда 2-2,5 мыңдай гүлдер орналасқан. Орталық сабағында 30 шақты кішкене шатыршалар орналасады. Гүлінің түсі ақшыл, бесжелекші болып келеді. Айқас тозаңданатын өсімдік.

Жемісі-ақшыл-қоңыр, немесе сарғыш түсті тұқымша. Тұқымы ірі, 1000 дәннің массасы 10-15 г.

Аю балдырғаны өзінің қысқа, аязға төзімділігімен ерекшеленеді. П.П.Вавиловтың мәліметі бойынша оның жапырағы мен сабағы-5-60С аязға шыдайды, ал өсімдігі қар жамылғысы жақсы болған жылдары-35-400С аязға шыдайды. Тәжірибе көрсеткендей Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында қыстап шыққан аю балдырғанының сиреп кетуі байқалады.

Аю балдырғанының қалыпты өскіні күздің соңғы күндерінде сепкенде алынады. Көктемде сепкенде тұқымын себер алдында үш айдай стратификациядан (тұқымның өніп шығуын жеделдету әдісі) өткізеді. Әйтпесе оның өскін беруі өте нашар болады. Бұл әрине орындалуы қиын жұмыс. Сондықтан оның себу мерзімін көктемге қалдырмауға тырысады.

Аю балдырғанының алғашқы өскіні өте баяу өседі. Оның көктемгі өсіп-даму қарқыны Вейрих таранынан бәсеңдеу де, сильфиядан, майтамырдан жылдамырақ.

Ырғақты және тезірек өсе бастауы вегетациясының екінші кезеңінен басталады. Күзге дейін оның жертаған жапырақтары өсіп, ұзындығы 90-120 см дейін жетеді. Өсімдіктің келесі жылғы көктемде өсе бастауы ерте қар кете салысымен байқалады. Алматы облысының жағдайында бұл кезең шамамен сәуірдің алғашқы күндері. Орталық және Солтүстік облыстарда оның көктемде өсе бастауы мамырдың бірінші онкүндігіне келеді.

Оның ірі жертаған жапырақтары тез өсіп маусым айының басында биіктігі 120-145 см, ал аяғында 180-200 см дейін көтеріледі. Осы кезде гүлшоғыры орналасқан сабақтары пайда болады және гүлденер кезінде биіктігі 240 см, ал кейбір жылдары 300 см дейін жетеді.

Аю балдырғаны өсімдіктің күздік тобына жатады. Гүлденуі екінші және одан кейінгі жылдары жүреді (яғни танапты жыртып тастағанға дейін 2-ші-11-ші жылдары). Өсімдіктің гүлденуі шілде айына, ал тұқымының пісуі тамыз айының аяғына келеді.

Аю балдырғаны құнарлы топырақты сүйетін өсімдік. Ол бейтарап (рН-6-7) топырақта жақсы өседі, тұзды жерлерде өспейді. Бір орында 10-12 жылға дейін өсіп, жақсы өнім береді. Ол біршама жарық сүйгіш өсімдік. Бірақта бірінші жылы көлеңкелі жамылғы себілген танапта шыдап өсе алады. Жамылғы дақыл ретінде сүрлемдік жүгеріні себуге болады.

Аю балдырғаны вегетация кезеңінде көк балаусаға екі рет орылады. Бірінші ору  маусымның аяқ кезі де, екінші ору-қыркүйектің басы. Өнімнің негізгі массасы (60-70%) бірінші орғанда алынады. Сосновский аю балдырғаны жаңадан жерсіндірілген басқа өсімдіктер сияқты өздігінен тұқым шашып тез көбейіп, танапты ластап жіберуі мүмкін. Сондықтан оның тұқымдыққа қалдырған бөлігін қадағалап, кезінде орып алу керек.

Аю балдырғаны жоғары өнім қалыптастыру үшін топырақ ылғалы жеткілікті болуға тиісті. Құрғақшылық жылдары оның өнімі әжептәуір төмендеп кетеді. Бірақта ол ыза суының топырақ бетіне жақын орналасқанын да қаламайды, ал көктемде танапта су көп тұрып қалған жағдайда өсімдіктер тұншығып өліп қалады.

Аю балдырғаны аурулар мен зиянкестерге әжептәуір шыдамды өсімдік. Кейбір кездері жапырақтарында ақ ұнтақ ауруы, бактерия аурулары байқалады. Гүлшоғырында өсімдік биті, қарыққабат көбелегінің жұлдызқұрты кездеседі. Бірақта бұл аурулар мен зиянкестер жаппай кездеспейді.

Өсіру агротехникасы.Сосновский аю балдырғанын ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіреді. Оған жақсы алғы дақылдар отамалы және астық дақылдары болып есептеледі.

Топырақ дайындау жұмысы күзде зябь жыртудан басталады. Сол кезде  танапқа әр гектарына 40-60 тоннадай органикалық  тыңайтқыш және толық минерал тыңайтқышын (N60P60K60) сіңіреді.  Үш-төрт жылдан кейін танапқа органикалық тыңайтқыш (30-50 т/га) қайталап беріледі. Жыл сайын танапты көктемде бірінші қопсыту (культивация) кезінде және бірінші орып алғаннан кейін минерал тыңайтқышымен (N30P30-45K60) үстеп қоректендіру өте тиімді.

Мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында суармалы жерде өсірген аю балдырғанының 1000-1200 ц/га өнімімен топырақтан 750-900 кг/га қоректік зат, оның ішінде-280-340 кг азот, 100-120-фосфор, 370-440 кг калий алынады. Осынша қоректік заттың жыл сайын топыраққа қайтарымы болмаса өнім төмендеп кетеді.

Себу алдында танапты жақсылап тегістеу, өсіп шыққан арамшөптерді жою, топырақты қопсыту және басқа  да жұмыстар жүргізіледі. Дұрыс жүргізілмеген агротехникалық жұмыстар аю балдырғанын біргелкі себуін қиындатады.

Себу тереңдігі 1,5-2,0 см. Одан тереңірек себілген тұқымның өнгіштігі төмендеп кетеді. Тұқымды себер алдында және сепкеннен кейін танапты міндетті  түрде тығыздайды. Себуге  жаңа жинап дайындаған тұқымды пайдаланған дұрыс. Өйткені өткен жылғы тұқымның өнгіштігі төмен болады. Егер осы тұқымдарды пайдаланған жағдайда оның мөлшерін 20-30% көбейтеді.

Себу әдісі- кеңқатарлап. Тұқым себуді (60-70 см), көкөніс (СОН-2,8) немесе басқа да сепкіштермен жүргізеді.

Кеңқатарлап сепкенде себу мөлшері-8-10 кг/га, шаршылы- ұялап сепкенде 6-8 кг/га. Аю балдырғанының өсімдігінің әр шаршы метрге келетін тығыздығы оның келешекте өнімін айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіші. Егер ол сирек себілген жағдайда 2-3 жылдары гүлдейді де әрі қарай өнімін төмендетеді. Тығыз себілген  жағдайда оның гүлденуі 8-10 жылға дейін  созылып жоғары өнімі сақталып, оны ұзақ пайдалануға болады. Сондықтан шаршылы-ұялап сепкенде әр ұяда 10-12 өсімдік болуы шарт. Ал ол үшін әр ұяға 20-30 тұқымдай түсуі керек. Ол үшін әр гектарға 15-20 кг тұқым себіледі. Кейбір аймақтарда кеңқатарлап сепкенде де әр гектарға себетін тұқым мөлшерін 22-25 кг дейін көтереді.

Танапты күтіп-баптау жұмысына үлкен көңіл  бөлінуі тиісті. Көктемде топырақ өңдеуге дайын болған кезде оны көлденеңінен жеңіл тырмамен тырмалайды. Арамшөптер қаптап өсіп кеткен жағдайда гербицид шашқан пайдалы. Қатараралығы айқындалып өсімдіктің 1-2 негізгі жапырағы пайда болғаннан бастап қатараралығын қопсыту-яғни культивациялау жұмыстары басталады. Оны 6-8 см тереңдікте жүргізеді. Екінші  қопсыту 10-12 см  тереңдікте жүргізіледі. Қопсыту жұмысының негізгі мақсаты  арамшөптерді жою. Сондықтан культиватордың жұмыс органдары соған сәйкестеніп таңдалуы тиісті. Үшінші рет культивация  жүргізгенде суаратын арықтар дайындалып суару жұмыстары басталады. Жауындатып суғарған кезде арықтар тартылмайды.

Қазақстанның жағдайында аю балдырғанын үш реттен артық культивациялауға болмайды. Өйткені өсімдіктің жапырақтары өсіп қатараралығы көрінбей кетеді.

Екінші және одан кейінгі жылдары ерте көктемде егістікті көлденеңінен тырмалайды және 2-3 жапырақ түзгенде бір рет культивация жүргізеді.  Бірінші рет орып алғаннан кейін егістіктің  топырағын қопсыту үшін тағы бір рет культивацтялайды. Екінші жылдан бастап танапты арамшөптермен күресу жұмысы жүргізілмейді. Өйткені осы кезден бастап аю балдырғаны жақсы қарқынмен өсіп арамшөптердің өсуіне тосқауыл бола алады.

Аю балдырғанының тұқым шаруашылығы аса қиындық тудырмайды. Тұқымдыққа мал азығына өсірілетін егістігінен  қалдыруға болады.

Тұқымын қолмен пісуіне байланысты 2-3 рет қайталап жинайды. Астық жинайтын немесе қонақ жүгері жинайтын (СМ-2,6) комбайндарды да пайдалануға болады.

Сосновский аю балдырғанының тұқымын жинап алғасын қалған өсімдік массасын сүрлем салуға пайдаланады. Содан кейін танапқа толық тыңайтқыш шашып қопсытады және тырмалайды.

Тұқым тазалау өте мұқият жүргізілуі тиісті, өйткені нашар тазаланған тұқым дұрыс себілмейді де оның өнгіштігі төмендеп кетеді (Доценко, 1985).

Сосновский аю балдырғанының алғашқы селекциялық сорты табиғаттан жинаған жеке түрлерінен дара және жаппай сұрыптау әдісімен шығарылған.

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Ramzan

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 22-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля