Зияткерлер сайысы

9 января, 2017 17:36

«Зияткерлер» сайысы
Сайыстың жоспары
1. Физикалық сұрақ-жауаптар
2. Біліміңді тексер
3. Есептей білгеннің есесі түгел
4. «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»
5. Бұл кім?
6. Тапқыр болсаң,тауып көр
7. Қортынды сайыс «КІМ ЖЫЛДАМ?»
Ескерту «Зияткерлер » сайысына 8-9-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Сайыстың барысы
І. Топтардың сәлемдесуі. Сайысқа 2 топ қатысады
1. Физикалық сұрақ-жауаптар
Иондалу дәрежесіне қарай плазмалар қаншаға бөлінеді?(3ке.әлсіз орташа толық)
Электролиз заңын ашқан ғалым?\ Фарадей\
Оң иондар қалай аталады? \Катод\
Газ арқылы ток жүру процесі (газ разряды

3.Есептей білгеннің есесі түгел

2.Біліміңді тексер

1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
9. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)
11. Теңіз тереңдігін зерттеуге арналған аппарат, оны теңіз түбіне тростар арқылы судналардан түсіреді (батисфера)
12. Берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы (лездік)
13. Үйкелісті азайтуға арналған техникалық қондырғы (подшипниктер)
14. Дененің үдеуін өлшеуге арналған аспап (акселерометр)
15. ХБЖ-дегі негізгі механикалық өлшем бірліктер (метр, килограмм, секунда.)
16. Бөлменің қабырғасына тиіп еденде тұрған ішінде шегелері бар массасы 10 кг жәшіктің қабырғаға түсіретін қысым күші? (0.)
17.
4-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»

Осы мақалды әдеби тілмен түсіндірген соң, жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек.
1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай — табиғи жарық)
2. Отқа жанбас суға батпас (Мұз — заттың қатты күйі)
3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)
4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы — сырғанау үйкелісі, қысым)
5. Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге? (жел — конвекция)
6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай — оң, теріс заряд, табиғи жарық)
7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)
8. Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге? (Сынады – қатты дене)
9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)
10. Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)

5.Бұл кім?

Оқушыларға ғалымдар туралы қысқаша жұмбақ сияқты жасырылады
1. Дәлелденген формуласы бар,өзінің табысына шаттанып «Эврика,эврика» деп айғайлаған ғалым?(Архимед)
2. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымға арнаған ұлы бабамыз «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама?(Абу Насыр әл-Фараби)
3. Әскери инжинер француз физигі, электрлік магниттік өзара әсерлесудің негізгі заңдарын тағайындау үшін аспап ойлап тапқан ғалым?(Кулон)
4. Неміс физигі,тізбектің бөлігіндегі ток күші кернеу кедергі арасындағы заңды теория жүзінде дәлелдеген ғалым?(Ом.Г.С)
5. Итальян физигі,электр тогы туралы ілімнің негізін салушы, гальвани элементін жасаушы,эектр тогы туралы ғылымға жол салушы?(А.Вольта)
6. Энергияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеген, электр тогының жылулық әсерін анықтаған ғалым?(Джоуль)
7. Француз физигі және математигі,электр және магниттік құбылыстар арасындағы байланыс заңын жасаған,магнетизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған физикаға «электр тогы» ұғымын енгізген ғалым?(Ампер)

6.Тапқыр болсаң, тауып көр!
Оқушыларға физикалық жұмбақтар жасырылады
1.Ток бар жерде біреу бар,өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектовать және мегавать.(кернеу)
2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды.(аккумулятор)
3.Пайдаланады мені жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашантүсіне білген халыққа.(электр тогы)
4.Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан.(энергия)
5.Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп- кішкентай қүн көзін.(электр шамы)
6.Қозғалысқа келтіріп жылдамдығын береді,
Өлшемдерін қарасақ,Ньютонға ол келеді.(күш)
7.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам қүн сайын жарық үшін.(ток)
8.Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді.(үтік)
9.Көкке тараған жұлдыз санған.(телескоп)
10.Туыстарын шетінен,
Өбедіде бетінен.
Бала- шаға ұсағын
Бауырына қысады.(магнит\
7.«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай

1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегш/
2. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
3. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
4. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
5. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
6. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
7. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
8. Физика не туралы ғылым? /табиғат/
9. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/
10. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/
11. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/
12. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/
13. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
14. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/
15. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/
8. Сайысты қорытындылау. Әділ қазылар ұпайларын санау, жеңімпаз топты марапаттау

Физикалық приборлар:

Амперметр Вольтметр Реостат

Катушка Электроскоп Трансформатор

1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/
2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/
3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/
4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/
5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/
6. Трансформатор /Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/

Ерғали   Жантасов  Қалдыбайұлы

Оңтүстік  Қазақстан облысы

Қазығұрт  ауданы

Амангелді  атындағы  жалпы орта мектебінің   физика  пәні  мұғалімі

0

Автор публикации

не в сети 8 лет

ezhantasov@inbox.ru

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 18-02-2016

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля