Автобустар және жүк автомобильдерін жууға арналган автоматты қондырғылар

17 октября, 2017 8:59

МоЬаІ сериялы РЬ портальды жуғыш — автобустарды және жүк автомобильдерін жууға арналған қондырғы. ІзІоЬаІ қондырғының техникалық көрсеткіші — жүк автомобильдерінің барлық өлшемдеріне жарайтындығы. Бұл сериядағы қондырғының өнімділігі минутына бір автомобильге дейін жуа алады. Портальдың құрылғысы қозғалмайтын етіп орнатылған. 

Портальды жуу. Сһгізі С6000 — бес щеткалы портальды жоғарғы өнімді автоматтандырылған қондырғы автобустар мен жүк автомобильдерін жууға арналған. Бұл қондырғы қосымша щеткалар орнату арқылы сапалы жууды және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Қондырғы сонымен бірге қосымша жабдықтау арқылы түйісусіз жоғарғы қысыммен жууды қамтамасыз етеді, ол стандартсыз шанақты автомобильдерді (автоцистерна, бетонараластырғыш, қоқыс тасығыш) жууға қолданылады. Бұл қондырғыда автомобильдің астын және дөңгелектерді сапалы жууға арналған қосымша жабдықтар қарастырылған.

жоғарғы қысыммен жуу жүйесі;

Қондырғының жабдықталуы:

мөлшерлегіш екі жүйе (шампунь, кептіргіш);

бірі — көлденең, төртеуі тігінен орналасқан щеткалар,

портальды компьютер арқылы басқару;

алыстан басқару пульті.

Автомобиль жуғыш қондмрғы СһгЫ С4000 ЕсоЪиз автобустарды жууға арналған. Бұл қондырғының ерекшелігі бүйіріндегі щеткалардың ерекше орналасуында, диагональдары бір-біріне қарағанда әртүрлі кашықтықта орналасқан, ол жуу сапасының жақсаруына және жуу уақытының кемуіне ықпал етеді.

Сһгіхі С4000 ЕсоЬи* жуу қондырғысында бұралатын рама орнатылған, ол бір мезгілде бір щеткадан бастап қажеттілігіне байланысты төрт щеткаға дейін жұмыс істетеді. Онда щеткалы аркадан басқа бүріккішпен жабдықталған алдын ала сулайтын және шаятын арка орнатылған, ол қондырғының өнімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

Жоғарыда көрсетілген екі қондырғының жұмыс істеу тәсілдері және техникалық сипаттамасы бірдей.

Қондырғының жуу биіктігі…………………………………………….. 4,6 м.

Қондырғының жуу ені……………………………………………………. 2,7 м.

Щеткалар саны…………………………………………………………………….. 4

Щеткалардың диаметрі………………………………………………. 1,20 см.

Өнімділігі ………………………………………………………….0-40 авто/сағ.

Төменгі суреттерде щеткалардың жұмыс істеу тәсілі көрсетілген: 1-қадам. Автобус жуу камерасына кіргенде, алдыңгы екі щетка бірінен кейін бірі автобустың алдыңғы жағын жуып шығады. Сонымен бірге артында орналасқан екі щетка автобустың екі жағындағы бүйірін жуа бастайды.

2 — қадам. Алдында орналасқан бүйірдегі қос щетка автобустың екі жағындағы бүйірін жуа бастайды. Бұл щеткалар екінші қос щетканың алдында орналасқан, сонымен автомобильдің бүйірін екі щетка жуады, бұл автомобильдің жуылу сапасын арттырады.

3-  кадам. Автомобильдің артқы бөлігін жуу үшін, арткы екі щетка орнатылған кұрылғының реттелуі бойынша автобустың алдын жуғандай, артын да солай жуады. Ол 5.21-суретте көрсетілген.

Сһгізі С2100 8ирег\¥а$һ сериясындағы автобустар және жүк автомобильдерін жуатын қондырғылар.

Жүк автомобильдерін және автобустарды жуатын жоғарыда көрсетілген қондырғылар екі электр қозғалтқышпен сатылы жылдамдықпен қозғалады. Ол қондырғының өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Қондырғы реттегіш бергіштермен жабдықталған. Ол жуу үдерісін автоматты түрде басқаруды қамтамасыз етеді.

Біе МАСІЧІІМ сериясындағы қондырғылар

 

Портальды жуғыш қондырғылардың жұмыс істеу тәсілі бір-біріне ұксас. Автомобиль белгілі жуылатын орынға қойылғаннан кейін қондырғыны іске қосады. Қондырғы автомобильдің басынан бастап аяғына дейін жуып өтеді де, кері қарай жуу операциясын орындайды. Бұл операция екі-үш рет қайталануы мүмкін.

Автобустар және жүк автомобильдерінің астын жуатын қондыргыны Сһгізі компаниясы шығарады. Бұл қондырғыда айналатын қондырғыны пайдаланбайды, бүріккіштердің саны 25-ке дейін, ал оған берілетін судың қысымы 51 барға жетеді.

Туннельді жуу технологиясы. Туннельдік технология автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуде орындалатын жұмыс тэртібін жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Жуу кешені толық түйіспейтін немесе гибритті болуы мүмкін.

Америкалық жуу жүйесінде алдымен шанақты қышқылмен сулап алады, содан кейін оның бетін жуғыш ерітіндімен жабады да, ерітінді кірге әсер етуі үшін, біраз уақыт сол қалпында автомобиль туннельде қозғалысын жайлап жалғастырады.

Түйіспесіз жуудың жүмыс істейтін элементі айналып тұратын шашыратқыш бүріккіш болып есептеледі. Бүріккіштін тесіктері 4-5 мм. сол тесіктен атқылаған судың әсерінен бүріккіш айналып су шашыратады. Бүріккіштен атқылайтын судың қысымы — 2,9 МПа, жүмсалатын судың мөлшері — 60 л/сағ.

Айналып берілетін су шанақтың бетіндегі кірдің барлық түрін, майлы дақтарды түгел кетіреді.

Жуу жұмыстары төмендегіше жүргізіледі: жүргізуші автомобильді өзі төменгі жылдамдықпен жуу камерасына айдап кіргізеді; автоматты түрде автомобильдің үстіне шампунь қосылған су шашылады; автомобиль ары жылжып, алдыңғы жағы екі бергішті кесіп өткенде щеткалы блок іске қосылады; щеткалы блок автомобильдің екі бүйірін екі рет жуып өтеді; автомобиль соңғы аркаға жеткенде таза су беретін жүйе қосылып, автомобиль толық шаюдан өтеді.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля