Жуған суды тазартатын қондырғы

16 октября, 2017 9:44

Автомобиль көліктері әртүрлі жағдайда және әртүрлі жолдармен жүріп ластанады. Жолдың жағдайына байланысты автомобильдің агрегаттарына, құрылғыларына, бөлшектеріне шаң, лай жабысады, ал ауаның ылғалды жағдайында автомобильдің астына лай жабысып ластанады. Жүк автомобильдері тасымалданатын жүктің қалдықтарымен (топырақ, құм, цемент, бетон т.с.с.) ластанады.

Автомобильге жабысатын шаң, лай жұмыс істеген газбен, май қалдықтарымен араласып, автомобильдің бетіне зиянды зат ретінде жабысады.

Автомобильге жабысқан шаңды кетіру үшін оны сумен, жуғыш ерітіндімен жуады. Жуған судың құрамында 3000 мг/л жэне одан да жоғары қоқыс, 900 мг/л мұнай қалдықтары болады екен. Мұндай суды су қоймаларына тазартусыз жіберуге тыйым салынады. Қоршаған ортаны ластамау мақсатында жэне суды үнемдеу үшін, автомобиль жуатын орындарда су тазартқыш қондырғылар орнатылады. Олардың кейбір түрлері төменде келтірілген.

Кварц-шағалды негіздегі сүзгі «Сһгізі Ғопіів» арқылы лас суды тазарту жүйесі эртүрлі: Ғопіі*-5 5000 л/сағ., ҒопІІ8-15 15 000 л/сағ., Ғоп1і*-30 30 000 л/сағ. өндірістік өнімділікпен шығарылады. Ластанған суды тазартып, қайта пайдалану экологиялық, санитарлық талаптарды сақтау және судың шығынын азайту үшін қажет. Бұл жүйе суды жақсы тазартуды қамтамасыз етеді.

ҒопіІ8-5 қондырғысының жабдықтары:

Кварц-шағалды сүзгі.

Сүзгінің жұмыс тэртібін ауыстырып қосқыш.

Айналыстағы суды сақтайтын ыдыс.

Таратқыш қалқан.

Сусорғы.

Таза суды қосатын құбыршек.

Электр өткізгішті өлшегіш аспап.

Компрессор.

Түбегейлі тазартқыш сүзгі.

Мөлшерлегіш сорғы.

Сһгіз* Ғопіі8-15 қондырғысы ірі автомобиль жуатын кешеннің кұрамына кіреді. Бұл қондырғы портальды қондырғымен бірге пайдалануға өте қолайлы

СһгІ8і ҒопІІ8-30 (30 м3/сағ.) қондырғысы су өте көп пайдаланы- латын өндірістерде қолданылады. Бұл қондырғы көбінесе туннельді автомобильдерді жуатын жерлерде, сондай-ақ вагондар жуатын жерлерде пайдаланылады.

 

Автомобильді жуған суды тазартатын қондырғы АЕК08.

Бұл қондырғының инновациялық ерекшелігі — суды ауамен қанықтыру, сол арқылы судың жағымсыз иісін жою.

Қондырғыны жобалағанда оның тиімділік жағына көп көңіл бөлінген, жоспар бойынша жылына 100 000 автомобиль жуылатын болса, 900, 1,100 Вт электр энергиясы пайдаланылады екен.

Автомобильді жуған су еденнің астындағы ыдысқа жиналады да, онда тұнып, тазартылған соң, айналатын су ыдысына беріледі. Тазартылған су сорғы арқылы қайтадан автомобиль жууға пайдаланылады.

Техникалық сипаттамасы:

Жұмыс істеу қысымы ………………………………………………… 6 бар

Өнімділігі …………… …………………………………………….. 30 000 л.

Өлшемі (биіктігі, ұзындығы, ені м.)    ……………….   1,4×1,2 х0,4

Бұл қондырғыны пайдалану арқылы суды 87%-ға дейін үнемдеуге болады.

Автомобильді жуған суды тазалауға арналған қондырғы АРОС-2  — санитарлық талаптарға сай, бактериядан пайда болатын судың жағымсыз иісін жоятын, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін қондырғы.

Судың алғашкы тазартылуы арнаулы лай тұндырғышта атқарылады. Лай тұндырғыш қондырғының кұрамына кірмейді, ол қондырғының өнімділігіне қарай, тапсырыс берушінің талабына қарай жабдықталады.

Қондырғы жылытылатын бөлмеге орнатылады. Өлшегіш аспаптар жэне электр жабдықтары су тиетін жерден аулақ тұруы қажет. Қоршаған ортаның температурасы +5…50°, ауаның ылғалдығы 90% болатын ортада қондырғы жұмыс істеуге жарамды.

Қондырғының негізгі жұмысы: сусорғы арқылы тұндырғыш ыдыстан құм-шағал салынған сүзгіш ұстынға беріледі, онда су механикалық зат- тардан арылып, сорбентпен бірге екінші сүзгішке жіберіледі де, мұнай қалдықтарынан ажыратылады. Тазарған су автомобильді жуатын ыдысқа құйылады.

Микробтарды жою жэне судың иісін кетіру үшін, жүйеде химиялық қоспа қарастырылған, ол суға электромагнитті клапан арқылы мөлшермен беріліп тұрады.

Судың деңгейі автоматты түрде реттеліп тұрады. Судың деңгейі төмендегенде, сорғы қалқығыш қосқыш арқылы іске қосылып, су ыдысқа құйылып толтырылады.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля