Трансмиссияны басқару органын және жүріс бөлігін майлау

18 октября, 2017 9:30

Қондырғы (7.5-суретте) беріліс қорабына, басты беріліс, тағы да басқа сұйық май құйылатын қораптарға май кұю үшін қолданылады.

Бұл қозғалатын қондырғы, мұның техникалық сипаттамасы:

Сорғының өнімділігі г/мин……………………………………………… 150

Ыдыстың сыйымдылығы л……………………………………………….. 40

Қысымы МПа……………………………………………………………………. 35

Қозғалтқыштың қуаты, кВт…………………………………………….. 0,55

Салмағы, кг………………………………………………………………………. 50

Автоматты беріліс қорабының жұмыс істеу мерзімін ұзартудың қарапайым жолы гидрожалғастырғыштың бетінде пайда болған май қабатын уақытылы кетіріп тұру, ол үшін май уақытылы ауыстырылып тұруы қажет. Автоматты беріліс қорабының майын ауыстыру техникалық жағынан күрделі болып есептеледі. Беріліс қорабын жуған сұйықты төккенде, оның 30%-ы төгілмей қалатыны белгілі болған. 8Б-045М қондырғысы қазіргі көпшілік автомобильдердің автоматты беріліс қорабындағы майды автоматты түрде толық ауыстыруды қамтамасыз етеді. Қондырғыны беріліс қорабына қосқаннан кейін май айырбастау тәртібіне қойып, басқа жұмыспен айналыса беруге болады, қондырғы майды мөлшерлеп ауыстыруды қамтамасыз етеді. Қондырғы автомобильдің аккумуляторынан жұмыс істейді.

Техникалық сипаттамасы:

Майдың қысымы…………………………………………………………………….. 5 бар.

Қондырғының өнімділігі…………………………………………………….. 1 л/мин.

Май ыдысы………………………………………………………………………………. 20 л.

Салмағы…………………………………………………………………………………… 55 кг.

Салқындату жүйесіндегі антифризді ауыстыратын қондырғы США 4010. Бұл кондырғы көпшілік автомобильдердің салқындату жүйесіндегі сұйықты жартылай автоматты түрде ауыстыруға арналған. (7.12-сурет).

Көпшілік автомобильдердің гидравликалық тежеу және ілініс жүйесіндегі сұйықты ауыстыруға арналған қондырғы СЮА 5010. Қондырғы тежеу жүйесіндегі және іліністегі сұйықты тез және сапалы ауыстыруды қамтамасыз етеді.

 

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля