ҚОРҚЫТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ СТИЛІ

4 ноября, 2017 10:21

Қорқыт жырлары стилі жағынан түркі халықтары тудырған «Қүлтегін», «Тоныкөк», «Алпамыс» секілді ежелгі ерлік жырларымен сабақтас келеді. Мұнда да жыр тізбегі көркем қара сөздер түйдегімен үнемі алма- сып отырады — оқиға қара сөзбен баяндалып, кейіпкер- лер сөзі жырмен жеткізіледі. Өлшемі жағынан әр түрлі, қазақ эпосына тән 7-8 буынды жолдар да мол кездеседі.

Эпикалық шығармаларға тән басты ерекшеліктердің бірі — оларда дәстүрлі қайталаулардың кездесетіндігі. Мұның мысалын «Орхон», «Алпамыс», «Қобыланды» жырларынан кездестірген болсақ, Қорқыт жырларынан да табамыз. Мәселен, әр жыр Баюндур ханның шатыр тігіп той жасалуынан басталатын болса, міндетті түрде Қорқыт Атаның келуімен және әрбір батырға ат қойып, оған арнап жыр шьіғаруымен аяқталып отырады.

Қысқасы, «Қорқыт Ата кітабындағы» жырлар — VI—VIII ғасырларда Жетісу өңірі, Сыр бойындағы жы- раулар тудырған эпикалық аңыздардың біраз өзгеріс- терге ұшырап барып қағаз бетіне түскен үлгілері.

 

Ақындықтың осындай әр түріне, Әуезов атаған ақын- дардың үстіне толып жатқан майталман жүйріктердің тізімін келтіруге болар еді.

Соңғы жылдары баспасөз бетінде ақын, жыршы, жырау, өлеңші, термешілер туралы әр қилы пікірлер айтылып келеді. Шынында да, бұл терминдер туралы ұғымды бір ізге, бір жүйеге түсіретін, сөйтіп бір пәтуәға келетін мезгіл жетті. Біз кейде соларды бір-бірімен ша- тастырып ала беретін тәріздіміз. Неге екені белгісіз, осы күндері әншінің көбі, терме-жырларды жаттап айтушы- лардың біразы термеші аталып жүр, ал жырауға үш қайнаса сорпасы қосылмайтындарды жырау деп жүрміз. Бұл қате. Жыраулар өздерінің айтулы ақындығының үстіне ерте кезде халық поэзиясын жасаған ақылгөй даналар емес пе? Олар заманның өздері куә болған елеулі оқиғаларын, тарихи кезеңдерін жырға қосып дәріптеген. Өкініші, біз бүгінде өзі жадынан жыр шы- ғармай-ақ, өзгенің жырын жатқа айтқандарды жырау деп жүрміз. Мұның, әрине, еш қисыны жоқ. Сол себепті қазақ әдебиетінде бүгінге дейін белгілі бір жүйеге түс- пей, даулы болып келе жатқан әлгі сөздерді аса сақтық- пен біліп қолдануымыз керек.

Бір ғажабы, қазақтың ақын-жыраулары жорғалық- тың табанын қыздырып, әбден төселіп, кемеліне келген- ше домбыраның құлақ күйін қайырған бапты күйшідей ұзақ сонар жырлаған. Белгілі бір тақырыпқа баруүшін кең толғанып, әріден шолып, өзінің репертуарын қозғай- ды. Мұны желі. дейді. Желісінің өзі сан сағаттарға созылады. Қазақтың ертедегі жыр-кеуде жыраулары миллионнан астам жыр жолдарын жатқа айтқан. Мұншалықты ғажап құймақұлақтыққа таңданбасқа бол- майды. Жыраулардың жыры жайдың оғындай жарқ ете түседі. Қүлкі керек пе, шек-сілеңді қатырып күлдіреді; мақтау керек болса, мақтайды, даттау керек болса, дат- тайды.

Міне, осының бәрі, түптеп келгенде, импровизациялық (табан астында қиып айту) өнердің құдіретін танытады. Бұл өнердің ерекше даналары болатынын біз жаксы білеміз. Сондай поэзияньщ данасы, қиялды шындыққа айналдырған осы заманның Гомері — Жамбыл еді.

Жамбыл — әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол — шын мағынасындағы биік, парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзиямыздың жа- саушысы. Жамбылдың ұлылығы оның тек шеберлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір

 

бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақында- рының революциялық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымей де өлшенеді.

Жам^ыл дәстүрін Шашубай, Нұрпейіс, Кенен, Нар- тай, Орынбай, Омар, Доскей, Қалқа, Қуат, Үмбетәлі, Нұрхан, Саяділ секілді халық ақындары жалғастырды. Осындай халық творчеетвосының асыл маржанын жа-‘ саушыларДың есімі совет дәуірінде ғана бағаланды. Олар тек өздерінің алдындағы ақын-жыраулардан ғана үйреніп қойған жоқ, сонымен бірге, сан замандағы көне эпостардан, тарихи жырлар мен аңыздардан, әңгіме-хи- каялардан, әфсаналардан да үйренді. Олар өз өнерлері- нің шын халықтық мән-мағынасын халық поэзиясының өлмес, өшпес мотивтерімен тығыз байланыстан іздеп тапты.

Біз жоғарыда байтақ қазақ даласын жырға кенелт- кен, осы бір теңдесі жоқ өнерді ілгері дамытқан, жаңа биікке көтерген ұлы ақындардың, ғұлама, дария-даң- ғыл жыраулардың ең соңғысы әрі үздігі Жамбыл дедік. Қөркемдік нақышты, өрнегі тұрғысынан Жамбыл им- провизациясының тіпті бөлек екені әлемге аян. Десе де, өзінің халық алдындағы азаматтық, ақындық міндетін толық өтеп кеткен Жәкеңнің ұлы мұрасы алдында әлі де белшеден қарыздар болып келеміз.

Бар өкініш — көмейінен жыр қоздаған жыраудың, қа- ра өлеңнің таусылмайтын бұлағындай, жырдың асыл кеніндей, тіккен туындай ақынның жыр майданындағы сол ұлы сүре даңғылдығын, өлеңді өрнектеп төккен, жырдан ұрық сепкен, жырдың өрісін ұзартқан, өлеңге қанат байлаған құдіретін әлі де толық аша алмай келе жатқандығымызда. Жәкең дүние салар сәтінде әдеби хатшысы Әбділда Тәжібаевқа:

— Әбділда, енді мен оңалмаспын. Үнемі жанымда бірге жүретін Сұраншы табыс еткен жолбарысым үш мәртебе айқайласам да қарамай кетті,— депті.

Осы әңгімені кейін Әбекең белгілі әдебиетші Виктор Шкловскийге айтса керек. Москвада бір үлкен әдеби жиында Шкловский:

—  Досым Әбділда маған Жамбылдың жолбарысы жайында ғажап әңгіме айтты. Талантты, дана ақындар- дың дәл сондай өз жолбарысы болу керек. Онсыз ақын- ақын емес!— деп ұран салыпты мінбеден.

Былай қарасаң, ертегі сияқты. Бірақ, Жамбылдың

 

жолбарысы деген сөз онын, ақындық құдіретіне өте үй- лесіп-ақ тұр.

Жамбылдың ізінше Шашубай, Нұрпейіс, Кенен, Нартай, Омар, Доскей, Қалқа, Қуат, Үмбетәлі, Есдәулет, Нұрхан, Әбдіғали, Саяділ секілді көктемгі нөсерден соң- ғы қырдың көгіндей қаулаған қалың аісынның аз уақыт ішінде лап қоюы әдебиетіміздің тарихындағы аса бір елеулі құбылыс еді.

Қырандай алғыр, кеудесін жыр кернеген осы бір ұғымтал ақындардың бас арнасы — алып Жамбыл. Әй- гілі жыраудың бұл атыраптағы озық өнегесі мен жаңа- шылдығы да әлі түгел жазылған жоқ.

Жамбылдың ақындығын баулыған өнер, жыр орта- сы, ақындық төңірегі де әлі толық зерттелген жоқ. Жыр семсерін шыңдаған, жас қыранды баулып қияға ұшыр- ған орта мен ақындық мектепті толық ақиқаттау — жа- уапты міндеттердің бірі.

Өлең кірген түсіне

Жөргегінде мен болам,— деп өзі айтқандай, Жам- был ана құрсағынан жарық дүниеге ақын болып түскен. Өсе келе тыңдаудан, үйренуден жалықпаған.

Жамбылдың тікелей ұстазы — Сүйімбай. Десе де, Жамбыл творчествосының арналары мен тарихи тамыр- лары өзінің алдындағы Махамбет, Сүйімбай поэзиясын- да ғана емес, М. Әуезов ескерткен, кейінірек Есмағамбет Исмайылов дәлелдеген, ғасырлар құрдымындағы эпос- тар мен әңгіме-хикаяларда жатыр.

Жамбылдың ақындығы жайындағы әңгімені оның өзі нәр алған екі арнадан — ақындық және шешендік орта мен дәстүрден — бөліп қарауға болмайды. Сонда Жамбылдың үлгі тұтқан, өнеге алған мектебі бір ғана Сүйімбай емес, өзіміз жақсы білетін өзге де бірқатар ақындар болып шығады.

Олардың қайсыбірі жөнінде Жәкең:

«Менің пірім — Сүйінбай Сөз сөйлемен сиынбай»,—

немесе

«Майкөт ақын, Құлмамбет,

Орын берді қасынан Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған Айтқандары нұсқа еді,

Жаралған сөзі асылдан»,—

деп, өз жүрегінің асыл сырын ақтарған.

 

Қысқасы, Жамбыл Жетісудің төрінде, жырдың тұ- нып тұрған, дәуірлеп тұрған шағында туған. Бұл кезде Жетісу ән мен жырдың алтын бесігінде болатын. Ақын туып-өскен Жетісу атырабы, әсіресе оның төменгі Шу, Талас бойлары, Оңтүстік өлкесі ән мен жырдың аршыл- маған бастауындай, әлі де тың жатыр. Біздің соңғы жылдары жиған деректеріміз осыны түгел растай түседі.

Әйтпесе, бұл өңірде есімдері жиі қайталана беретін: Сүйімбай, Майкөт, Бақтыбай, Құлмамбет, Бөлтірік қана емес, сол сияқты, Дәурен сал, Қенбай, Тілеміс, Қылыш- бай, Бармақ, Қарқабат, Өзбек, Нұралы, ағайынды Сауытбек пен Сыбанбек, Қожатай, Орақбай, Қалыбек, Рахымбай, Сатыбалды, ағайынды Егемберді, Құдайбер- ген, Қарақожа, Төреқожа секілді ақындардың, сал-сері- лердің; Ұлбике, Өзипа, Қырмызы, Әлмен, Айкүміс, Ләти- па, Баян, Жаңылдық сияқты айтулы ақын қыздардың өңері қанат жайған. Бұлар — артына мол мұра қалдыр- ған, сөйтіп қазақ халқының байтақ сөз өнерінің кенішті саласын құраған сөз зергерлері, көпшілігі — айтыс ақын- дары. Жамбыл солардың біразынан үйренген, көбіне өзі ұстаз болған.

Ал Жамбылдың ұлылығына келетін болсақ, ол ше- берлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір тұрғылас биік бәйтерегі болумен, басқаша айтқанда, халық ақындарының революциялық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Ендеше, Жамбыл — сол ұстаздық бақытына ие болған ақын. Жәкеңнен көбірек үйренген үздік шәкірттерден Үмбетәлі, Қенен, Өтеп, Саяділ, Қалқа, Қуат, Әбдіғали, Өмірзақ, Есдәулеттердің есімдері ерекше аталады. Асы- лы, көреген М. Әуезов:

«Жамбылдың өз айналасына келгенде қоюланған қалың үйір, үлкен шоғыр, ордалы өлеңді көруге бола- ды» дегенде де, яки «Қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері XIX ғасырдан бергі жерде басқа өңірлерде бірте-бірте саябырсып, Жетісу өңірлерінде, Оңтүстік, Сыр өлкесінде шоғырлана бастаған», дегенде де, жоға- рыда айтылған өнер иелері мен сол кездегі шындықты мықтап ескеріп айтқан болу керек.

Қартайғанда Арқадан — Шөже мен Түбек, Талас- тан — Майкөт секілді ғұлама жыраулардың, бертінде Шашубайдай саңлақтың Жетісуға келу себебін сол дана жазушымыз айтқан шындықтан іздеу керек. Әйтпесе, бұл өлкенің іргелі ақындарымен айтысып, талай сынға

 

түскен жыр аруағындай Майкөт сонау Таластың төменгі саласынан — етектегі елден, сонша жерден Жетісудың төріне қартайған шағында ас іздеп, ағайыншылап кел- меген; ол бұл жолы да Сүйімбайдың орнына — өлеңнің қонған жұртына жыр іздеп келген болатын. Сонда Шө- же мен Майкөттің жанында үнемі жыр сандық Жамбыл жүрген. Сөйтіп Жәкең Үмбетәлі, Кенен тәрізді шәкіртте- рін сол өзі өнеге алған ақындық ортаның озық дәс- түрінде баулыған.

Мәселен, Жамбыл жырларының ойнақы өткірлігі, айтысқыштығы — Үмбетәліге; оқиғалы ұзақ дастан жыр шығарғыштығы — Өтеп пен Саяділге; әншілігі, Отанды, партияны, халықты тұтастыра жырлайтын қасиеті Ке- ненге дарыған.

«Өлеңге Жамбыл жүйрік, әнге — Кенен,

Су жорға Үмбетәлі — қара дөнен»,— дегенде, Ілияс Жансүгіров осы қасиеттерді баса айтқан ғой.

Жамбылдың нәр алған қайнар көздерін, төңірегін айқындауға, арши түсуге байланысты кейбір ойлар осындай. Жамбылдың ақындық айналасын ашу — оның өнерпаздық’ табиғатын, окшау даралығын, шәкірттен ұлы ұстазға айналған бақытын айқындау — түптеп келгенде, ол — Жамбылдың жолбарысын тану деген сөз.

Жамбыл бірде өзінің шәкірті әрі інісі Кенен Әзір- баевпен кең жайлауды аралап, Құлансаздың биік жота- сынан төңірекке көз жіберіп:

— Сонау мұзбен жүгенделіп, тас арқалап қомдал- ған Құмбелден бері қарай қартадай қатпарланып төгіл- ген төс—Қарақия талай орғыған жеріміз. Батысқа қарай, созылып шөгіп жатқан Шетендінің жотасы —■ Қырғызбен шекарамыз. Қарақияның басы Қарақастек өзенінің тұйығымен құшақтасып жатыр. Соның оң боса- ғасынан бері қарай төгіліп жатқан Қарабастау Құлан- саз, Қөктұма, Желдісай. Бұл жағы Майтөбеге келіп қойындасып жатыр. Қөгендеген қозыдай көк бұйра адырлар қабат-қабат жасыл барқыт сияқты, қоңыр са- мал желі үзілмейді. Шайдай ашық боп тұрып кейде бұлты үркіп шыға келеді де, лезде шымқап алып, нөсер- летіп құя салады.

Осындай ала құйын мінезі де бар.

 

«Күнде басын шүйкелеп,

Аспанға басын үйкелеп

Кағып-сілкіп тұратын тау емес пе бұл!»

Мұның қай сыры мәлім емес бізге? Сонау ойдым-ойдым көгергендердід бәрі елдің жұрты — көбі байдың жұрты.. Он төрт жасынан бері көрген жерін кісі білмесін бе. Сонау арғы жақтағы Қарағайлының кезеңі — Шалта- байдың жұрты, Майтөбенің кезеңі—Жылқыбайдың. жұрты. Бұл жұрт жиырма тоғызыншы жылы ғана боса- ды — деген екен. Жәкең өмір бойы қызықтап, жырына қосқан сол Құлансаз батысында Майтөбемен құшақта- сып, одан әрі Суықтөбемен жалғасады. Суықтөбе Ала- таудың сілемін Қордай жотасымен жалғастырып аяқта- сады.

Міне, шапырашты, екейлер жаз бойы Құлансаз, Суықтөбе жайлауларын самалдап жайлайды да, қыста Байғара, Хан, Жамбыл тауларының қойнауын паналай- ды. Жамбыл 1846 жылы февральдың аяғында осы Хан, Жамбылдың бауырында қақаған қыста дүниеге келеді. Ел жиналып нәрестеге ат қояды. Атасы Ыстыбай:

— Елім-жұртым, біз естіп-білгелі шапырашты екі жерде жан сақтап келеді: жаз Құлансазды жайлаймыз, қыс Хан, Жамбылды паналаймыз. Қалың елге пана бол- ған қойны жылы, қойнауы құт Хан, Жамбыл — қасиетті тау. Хан, Жамбылдай биік әрі елге пана болсын, неме- ремнің атын Жамбыл қойдым,— деп нәрестенің құлағы- на үш рет айқайлап батасын беріпті.

Жамбыл дүниеге келгенде Х<етісу Қоқан ханының қол астында еді.

Қерең дүние кедейдің үнін естімейді; бір жағынан байлар жыландай сорса, екінші жағынан қулар құзғын- дай шоқыды. Міне, осыншалық қыспаққа төзе алмаған халық алым-салықтан бас тартты, азаматтар атқа кон- ды. Саурық, Сұраншы, Андас, Сарыбай ел ішінен қол жинап, Қоқан ханының Жетісуға сайланған бегі Қанат- шаға қарсы күреске шықты. Халықты біріктіруде атал- ған батырлардың еңбегі зор болды.

Саурық, Сұраншы — ағайынды кісінің балалары,. Саурық үлкен, Сұраншыны батырлыққа тәрбиелеген. Алпыс жасында Суықтөбе бауырында дүние салады, сонда жерленген.

Сұраншы (1817—1864)—ержүрек, қайтпай-тын қай- сар, зор денелі, ұзын бойлы, сол жақ бетінде шешектен қалған дағы бар, даусы жуан, сөзге шешен, қарашұбар кісі екен.

 

Орыс армиясымен келісіп, Сұраншы мен Сарыбай би бес мың қол жинап, Ұзынағаш түбінде Қанатшаның самсаған қалың қолын талқандап, өз жерін Қоқан қыс- пағынан азат етеді. Бұл соғыста Сүйімбай Сұраншының сарбаздарына жалынды жырмен дем берген, жауынгер үгітшісі, ұраншысы болған. Шоқан Уәлиханов Гутков- скийге жолдаған хатында Сұраншының орыс армиясына адал екендігі жөнінде ашық жазады: Сұраншы Қоқан хандығынан Әулиеатаны азат етіп, ұлы жүз батырлары- ның Қоқанға қарсы соғысында Сайрамда 1864 жылдың июлінде ерлікпен қаза табады.

Сарыбай аяғынан жараланып, Ташкенге дейін ба- рады. Осы сапар полковник шенін тағынады. Сайрамда қалған Сұраншыньщ сүйегін әкеліп ауылына жерле- ген — осы Сарыбай.

Міне, Жамбыл осындай қарбалас кезеңде, аласапы- рын қыспақ заманда дүниеге келген.

Елін, туған жерін Қоқанның қыспағынан азат еткен ер Сұраншы дүние салғанда Жетісу елі күңіреніп, аза тұтады, кәрісі бар, жасы бар, ұлы жүз ақындары, ел жақсылары түгел жиналып, тар кезеңде пана, қорған болған батырын арулап қояды.

Деректерге қарағанда, сол жолы жалайырдан Бақ- тыбай, Қарқабат, найманнан Түбек; Арқадан Шөже, албаннан Құлмамбет, Бөлтірік; қасқараудан Сарбас ақын, Қебекбай, Ноғайбай шешендер, Бердібек күйші; Шу бойынан Қуандық, Қылышбай ақындар, Бөлтірік шешен; Әулиеатадан, Шымкенттен Құлыншақ, Майкөт келеді. Сүйінбай бастаған шапырашты ақындары аяғынан тік тұрып қызмет қылады. Өрдегі, етектегі ағайынның жақсысы мен жайсаңы түгел жиналған соң Сұраншының анасы шағынып, көп жыласа керек. Сон- да Бердібек күйші, мұңды ұзақ күй тартып, батырдың анасының жылағанын тоқтатып.

«— Ау, бәйбіше,

Бір күндері сауыны келген биедей едің,

Бұл күнде ботасы өлген түйедей болдьщ.

Кедейбайың Сұраншыдай болмай ма,

Орта түскен құрсағың толмай ма?

Кедейбай да ер жетер,

Көп жыласаң ел кетер.

«Сабыр түбі сары алтын»,—

деген, сабыр ет,— деп көпшілік атынан көңіл айтыпты. Бердібек айтқандай, Сұраншының баласы Қедейбай ке- йін ел сыйлаған азамат болады.

 

Жиналған ақындар Сұраншыны жырында, күйшілер күйінде жоқтаған. Жас Жамбыл осы жиынның ішінде болған. 18 жасар жас ақын топ алдында ерлікті ардақ- тап жыр төккен.

Сұраншының ерлігін, адамгершілігін, артық сыпат- тарын жырлаған Сүйінбайдың жоқтауы кейін желілі, тарихи дастанға айналған.

Задында қазақ эпостарының қай-қайсысы да батыр- дың қазасын жоқтаған жоқтау жырларынан, ерлігін дәріптеген мақтау жырларынан құралады. Әдепкіде батырды оның жорығына қатысқан ақын жырлап, кейін сол батырдың ерлігін неше буын жыраулар жалғасты- рып, әлденеше цикл жырлар біріктіріліп, батыр жайын- да ұзақ жыр туған.

Ал XVI—XVII ғасырлардан бергі жерде өмір сүрген батырлар жайындағы шығармалар, біріншіден, авторы сақталғандықтан, екіншіден, ол батырлардың өмірі жа- йындағы деректер халыққа соншалықты таныс болған- дықтан, эпосқа айналмаған, тарихи жыр ретінде қалып- тасқан. Оның үстіне эпос туу үшін ұзақ ғасырлар ке- рек еді.

Міне, соның айқын бір мысалы Сұраншы жайында- ғы жырлар. Өкініші, батырдың азасында айтылған не бір айтулы ақындардың жыры сақталмаған, бізге жет- кені — Сүйінбай жырлары. Әдепкіде жақын-жуықтары- на жоқтау шығарып берген Сүйінбай, ежелгі қазақ жы- рауларының салтымен Сұраншының ерлігіне ұзақ желі- лі жыр шығарады. Тарихи поэмадан эпостың стилі ай- қын көрінеді.

Мысалы:

«Қоқанның ханы қағынды,

Байлаулы тұрған төбеттей Аласұрып шабынды.

Өз-өзінен желігіп,

Қызыл қанды сағынды.

Әскерін ертіп соңынан,

Қоқаннан бері ағылды.

Ат баурынан тер ағып,

Сүбесінен сабылды.

Құтырғаны емес пе?

Тыныш жатқан қалың ел Ұльщтарға не қылды?»

немесе:

«Сұраншы атқа қонады,

Қарасайлап шабады.

Ақтұяқ аттың табаны.

 

Тиген жерін ояды.

Қарсы келген дұшпанды. Найзаменен түйреді, Өлігін жаудың иледі».

Яки,
«Сайрамнын, үсті шаң болды, Қызыл ала қан болды, Қөрген адам таң болды.
Айналып аспан түскендей,

Топырақ қанға піскендей.

Табаны тисе Ақтұяқ Зырқырап тастар ұшқандай».

Сүйінбай Сұраншы жайындағы көлемді жырды бір- ден таратып айтпаған. Өзінің көңіл күйін әдепкіде:

«Батыр елден шығады,

Ұрандап жауға шабатын.

Жауына ойран салатын,

Ақын елден шығады.

Айтыста жығып алатын,

Жеңіп бәйге алатын»

немесе

«Әуел баста Керімді алды,

Жас батыр Қырбас сынды өрімді алды,

Сұраншы, Саурықпенен қатар өліп Опасыз дүние, сенен көңілім қалды»,—

тәрізді шағын жыр-толғаумен жеткізіп, кейінірек тұтас ерлік жырына айналдырады. Ұстазының ізімен өмір бойы жырлаған Жамбыл да кейінірек «Сұраншы ба- тыр» поэмасын аяқтайды.

«Ескіден есте қалғаннан,

Жасымда айтқан жырлардан Ескерткіш еді батырға»,—

деген жолдардан Жамбылдың Сұраншыны жас кезінен бастап ұзақ өмірінде үздіксіз жырлағаны аңғарылады.

Жамбыл поэмасы рухы, стилі, тынысы жағынан да Сүйінбай дастанымен үндес, әуендес келеді. Жамбыл ұстазынан қалай үйренді, екі ұлы ақынның бір батыр- ға арналған дастандары қалай үндеседі, несімен туыс- тасады деген мәселе арнайы зерттеуді қажет етеді, сондықтан біз бұл жолы оған тоқталмаймыз.

Жамбыл творчествосы, әсіресе совет дәуірінде ту- ған шығармалары, әдебиеттану ілімінде жеткілікті әрі терең зерттелді. Бұл ретте академиктер М. Әуезовтің,

 

М. Қаратаевтың, профессор Е. Исмайыловтың, филоло- гия ғылымының докторы Ә. Тәжібаевтың еңбектерін ерекше атаған жөн. Жалпы Жамбыл жайында мақала жазбаған әдебиетші кемде-кем. Соншальіқты көп жа- зылғандығына қарамастан, ақын мұрасы әлі толықзерт- теліп болған жоқ. Шамғали Сарыбаев пен Сапарғали Бегалинңің өмірбаяндық деректері мен профессор Е. Ис- майловтың «Ақындары» болмаса, Жамбылдың ғылыми өмірбаяны әлі жазылған жоқ, ақындық ортасы толық ашылған жоқ, творчествосы шеберлік тұрғысынан нақ- ты талданған жоқ. Осы үш мәселе шешілгенде ғана ұлы ақынның мұрасы түгел, тұтас танылатын болады.

Біраз уақыттан бері Жамбылдың ақындық айнала- сы, дәстүрлі, тәлім алған өнер ортасы — өнеге мектебі, творчествосының шеберлігі деген мәселені зерттеумен шұғылданып келеміз.

Бұл ретте жылда ел аралап Жамбылды көрген, оның ұстаздарын, Жамбылдың алдында өмір сүрген акын- жырауларды, шешендерді, күйші-өнерпаздарды білетін көкірегі жазулы хаттай зерделі ақсақалдармен, халық таланттарымен, қарт ақындармен кездесіп, хат арқылы хабарласып, құнды материалдар жинағанымызды ескё сала кеткіміз келеді. Тың әрі қызықты деректердің көбін біз Жамбылдың шәкірті, айнымас серігі Кенен Әзірбаевтан алдық.

Атақты Сауытбектің жиені Шу өңірінде тұратын қарт ақын Смайыл Калипанов маған жолдаған бір хатында былай деп жазады:

«Журсіңдер білім жинап Алматыда,

Қартайып тұрған шалмыз жар басында,

Қолымда бабалардың мұрасы бар Көміліп топырақта қалмасын да.

Шылықпен өтіп кетті білген өнер,

Мойынкұм, Қордай, Шудың арасында.

Өзіңе бәрін тегіс тапсырайын,

Ішінен жарағанын аласың да».

Біз Смайыл ақсақалдан Сауытбектің мұрасын толы- ғырақ, Қылышбай, Балқыбек, Мырзабай, Орақбай ақындардың шығармаларын, Қуандық пен Сарбастың ұзақ айтысын жазып алдық.

Жамбыл облысы Луговой ауданында тұратын қарт ақын Қазыбай Бижанов пен Шу бойындағы Асылбеков Сауран ақсақал Балқыбектің, Орақбайдың, Өзбектің, Бармақтың творчествосынан құнды деректер жіберді.

Қордай ауданындағы қарт шежіре Өмірқұл Құлшы-

 

қов пен әдебиет пәнінің мұғалімі Жақып Әбдірахманов Өтеген батырдың өмірінен, Тілеміс, Әлмейін ақындар- дың творчествосынан; Меркілік қарт ақын Өмірбек Қа- былов Сүйінбай, Майкет, Мырзабай, Өзбек, Жидебай ақындардың мұрасынан құнды мәліметтер берді. Олар- дың біразы бүгінде арамызда жоқ. Соншама қымбат қазына сақтап бізге жеткізген зерделі, ескерулі азамат- тарға алгыс айтуды, дүние салған қадірлі ақсақалдар- дың әруағы алдында бас июді өзімізге борыш санаймыз.

Қорыта айтқанда, Жамбыл алдымен халық жырла- рынан үйренген, ел өнерінің қайнар көзінен, мөлдір тасқынынан туган, сол өнердің бөлеуінде өскен. Жам- былдың үлгі-өнеге алған мектебі: Сүйінбай, Қабан, Шө- же, Майкөт, Жанақ, Түбек, Майлықожа, Құлыншақ Бақтыбай, Қуандық тәрізді іргелі ақындар; Қебекбай, Ногайбай, Сапақ, Бөлтіріктердей от ауызды, айыр көмей шешендер; Қанадан, Бәйсеркедей өнері асқан күйшілер. Бұған Жамбылдың ақындығын шыңдаған, өзімен са- йысқа түскен: Құлмамбет, Сарбас, Шашубай, Айкүміс, Досмагамбеттердей өрелі ақындарды, кезінде жиын- тойда бас қосқан, үзеңгілес Әсет, Жүсіпбек, Қожа, Ті- леміс, Әлмейін, Әлмен, Ләтипа, Балқыбек, Мырзабай, Өзбек, Шарғын, Қарабек ақындарды; Жолдыбай, Жан- тай күйшілерді; Қосай шешенді шәкірттері Мақыш, Шү- кітай, Әпежек, Бармақ, Қенен, Үмбетәлі, Өтеп, Саяділ, Құстүтін, Өмірзақ, Құрма, Әбдіғали, Жартыбай ақындарды қоссақ, академик М. Әуезовтің: «Жамбыл- дың өз айналасына келгенде, қоюланған қалың үйір, үл- кен шоғыр, ордалы өлеңді көруге болады» деген сөзі толық расталады.

Міне, осы аталған қалың, іргелі ақынның көбі әлі зерттелген жоқ. Сол кемшіліктің орнын толтырар деген ниетпен біз Қабан, Сүйінбай, Майкөт, Қуандық, Құлмам- бет, Сарбас, Орақбай, Сауытбек ақындардың өмірінен творчествосынан жаңа дерлік, маглұмат бермекпіз. Жамбыл бұлардың біразынан үйренген, біразымен тең- қатар жүрген, кейбіріне ұстаз болған.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля