7 ноября, 2017 10:45
Творчествосы Сүйінбай, Жамбылмен үндес, бай-бо- лыс, манап-алаяқтарды сынап әжуа еткен, төтесінен ке- сіп айтатын семсер тілді өткір ақын.
Орақбай 1841 жылы Талас өзенінің бойында, Түй- мекент деген (қазіргі Жамбыл облысы, Свердлов ауда- ны, Буденовка селосы) жерде дүниеге келеді. Екі жа- сында — шешеден, төрт жасында әкеден айрылған же- тім, панасыз баланы әкесінің інісі Қабақ деген кісі қолына алады. Өзі де сіңірі шыққан, кеңірдегінен күн көрінген тақыр кедей екен, ауру меңдеткен соң Қабақ |
Орақбайды Шу өңіріндегі жақыны Дәуітәлінің қолына әкеліп тапсырады. Дәуітәлі ағайынға қайырымды кісі болса керек. Сөйтіп Орақбайдың бүкіл өмірі қазіргі Шу, Мойынқұм аудандарында өтеді. Дәуітәлі өлген соң Орақбайдың өмір бойы көргені жоқшылық, қорлық, зор- лық болады.
Жамбыл мен Орақбайдың дүниеге келген өңірі де, заманы да, көрген қысастығы да бір. Ол Қоқан ханды- ғының ел басына тоқпақ ұрып, қамшы ойнатқан кезі, бай-болыстың дәуірлеп тұрған кезеңі еді. Ел Байғара, Хан тауларындағы қыстауына көшіп келгенде, жиі ара- ласқан. Жамбыл Әулиеатаға кәрі Майкөтті іздеп келгенде, жанында Орақбай да болған. Егер олар ара- ласқан болса, Жамбыл жырларында неге аталмайды? деген сұрақ тууы мүмкін. Жамбыл ұзақ өмірінде талай зиялылармен, талай өнерпаздармен кездескен, кезінде олар туралы айтып та жүрген, өкініші, жазылып сақ- талмаған. Тіршілігінде жиі араласқан кісілерінің көбі не өз шығармаларында, не өмірбаянында аталмайды. Біздің қолымызға жетпей қалған, байтақ мол жырлар- мен бірге жоғалған. Орақбайдың Жамбылдан өзгешелігі, ескіше хат та- ныған, өлеңді жазып та шығарған. Жамбыл аңсаған арманына жетсе, Орақбай ұлы дүрбелеңнің алдында, жаңа заманды көре алмай, 1917 жылы өкінішпен дүние- ден өтті. Ақынның мұрасын сақтап жеткізген кісі — Шу ауданы «Ақтөбе» колхозының тұрғыны, қарт ақын Сау- ран Асылбеков. Орақбайдың өлеңдерін Саукең 1915 жылы Қенжебек деген кісінің үйінен сұрап алады. Орақ- бай творчествосының кейбір үлгілерін Сауран ақсақал- дан алып Р. Қереев, С. Смағұлов жолдастар Шу аудан- дық газетінде жариялады. Орақбай мұрасы бізге де сол қарт шежіре Сауран ақсақал арқылы жетіп отыр. Біз- дің қолымызда қазір Орақбайдың мың бес жүз жолдай жыры бар. Орақбай — ойына келгенді қайтармайтын, кесіп, ба- тырып айтатын өткір, өрелі ақын. Өмір бойы әділетсіз би, парақор болысты сынаған. Өзі тәрізді кемтар ке- дейлерге үнемі араша түскен. Орақбайдың қай шығар- масын алса да Сүйінбай жырларымен, Жамбылдың рево- люцияға дейінгі өлеңдерімен үндес келеді. Творчестволық жағынан Жетісу өңірінде Сүйінбай мен Жамбылға сон- шалықты үндес келетін Орақбайдай ақын болмаған. Бір күні Орақбай Ахметжан бидің үйіне келеді. Ылғи тәуірлер жиылып, кеңес кұрып отыр екен. Босағаға |
келіп тұттай жалаңаш жүрген жетім бала жалаң бұт отыра кетеді. Бұған намыстанган Ахметжан үйден ба- ланы қуып шыгады. Ашынган Орақбай табан астында былай дейді:
«Жетімнің ашық болар «насыбайы», Ашық жүрсе насыбай сасымайды. Бұтына шалбар кисе биттер еді, Қышынып ешбір жерін қасымайды. Бұл бала бөтен емес, осы елдікі, Ешкімнің бұған жаны ашымайды. Құдайдан қорқатұғын бір адам жоқ, Жетімді құл етпекші басыбайлы. Бұл бала бөтен емес, туысыңыз, • Болмасын қанды шеңгел уысыңыз. Би болсаң бірдей Қара жан-жағыңа Ел талау, боп жүрмесін жұмысыңыз». Осы өлең Жамбылдың: «Ұзынағаш, Қаратас, Қалқабайдай қайран жас. Бекеттен нан қоймайды Жалаң аяқ, жалаң бас. Оған ауыз жарымас, Қысы-жазы қарны аш. Қайтіп жаның ашымас, Неткен заман қатыбас?»— деген «Кедей күйі» атты өлеңімен қалай үндеседі. Екеуі- нің де кейіпкері құл боп қызмет істесе де, ішсе тамақ- қа, кисе киімге жарымаган, өмірде бейнет — азаптан басқа ештеңе көрмеген бейкүнә жетім бала. Екі ақын да егіздің сыңарындай қос жетімнің тағдырына араша тү- седі. Дәл осы үндес бір өлеңі Мұсақұл деген байға ар- налады. Мұсақұлдың кекірігі азып, қымызға тойып отыр- ған қонақтары есік алдында жүрген мүсәпір жалшы баланың алба-жұлба киіміне, кір-кір болған қолы- басына қарап күледі. Қісімсінген «жақсылардың» бей- күнә баланы соншама қорлағанына ашуланып Орақ- бай араға түседі: «Жақсылар, дұрыс қара жетіміңе, Мен кепіл дүниенің өтуіне. Жетімге зорлық қылған қашаннан-ақ Ұялып ер жеткен соң өкінуде. Би-еке, қара судың өткелі жоқ, Жол берген бұл жетімнің өтуіне. Қетеді осы бала маңайыңнан Ені тар жер іздеуде секіруге». |
Кейін ақын баланың атынан өлең жазып, баланың өзінен Мұсақұлға беріп жібереді.
«Туатын күн бола ма байға жағып, Жүремін кешке дейін қойын бағып. Мұсақұл бай болғанда, мен кедеймін, Жараткан сорлы кылдың мұнша неғып. Тұрады кеш болғанда тары қарап, Қалады жұмысының бәрі қарап. Қорлығы осы байдың әбден өтті, Әйелі-баласымен — бәрі манап, Мен-дағы ел катарлы болар ма екем, Қетпесе осылардан уы тарап. Құдайым мұндай жанды алмайды екен, Жетімді мен секілді жүрген талап». Мұсақұл баланы әбден сабайды, араша түскен Орақ- байға да қол тигізеді. Сөйтіп, Орақбай Байболат бо- лысқа шағым жасайды. «Отырмыз бір жырада үш үй саяк, Бір жетім Мұсакұлдан жеді таяк. Жетімге ара түскен байғұс басым, Мес қарын мені де ұрды аямай-ак». Бірақ болыс ақынның бұл сөзіне құлақ аспайды. Сонда Орақбай: «Шай кұйып маған берді кыштан кесе, Байболат, жының бар ма кедей десе. Біреуің жібі түзу сөз айтпайсың, Есебін табар ең-ау пара берсе»,— |
депті.
Орақбай, міне, осылай, үнемі жетім-жесірді, кем-ке- тікті қорғаған, сол үшін талай сойылға да жығылған, бірақ қайсар ақын жалынды, кекті тілін тартпаған. Сүйінбай, Жамбыл творчествосындағы сыншылдық, батылдық, турашылдық Орақбай творчествосынан анық көрінеді. Әділетсіз биді, қалың малға қыз сатқан қа- зақтың тозық салтын, қанағьіш байды, парақор болысты, алаяқ-сұмды, дінмен арбаған, елді алдаған молданы уытты жырдың садағына іледі. 1916 жылы Дәуітәлі өлгеннен кейін, немересі Саға- ди болыс сайланып, патшаның июнь жарлығына сәйкес «қара тізімге» Орақбайдың жасы жетпеген кенже ба- ласы Тәттіні де тізеді. Жақыным деп паналап отырған кісіден көрген қорлығына ақын: «Баламның кенжесі еді, аты Тәтті, Қорлықты көргеннен соң басым катты»,— |
деп әбден налиды, бірақ торықпайды, әділетсіздікті сы- наудан тілін тартпайды, кедей мен мүсәпірдің арасына үнемі араша түседі, тағдырына араласады, сол ушін өзі де талай таяқ жейді, ылғи сойылға жығылады.
Мұсақұл бай қозы баққан тағы бір жетім баланы ұйықтап қалдың деп, таяқтың астына алыпты. Сонда Орақбай: |
«Мұсақұл, кесірменен болдың манап,
Билер көп сен сықылды жүрген канап. Өзім қарт, өзім кедей, нашар едім, Кедейді мен сықылды жүрсін, сабап. Жалшылар малдарыңды жүр ғой бағып, Бермейсің ақысын да калта қағып. Киім жоқ, үсті-басы алба-жұлба, Сол жетім жүрген жоқ па отың жағып»,— деп, Мұсақұлдың істеген ісін, әділетсіздігін дәл осылай үнемі бетіне басады. 1913 жылы Романовтар тұқымының үш жүз жыл- дығына ариалып жер-жерлерде көрме, мереке өткізіле- ді. Алматы қаласында ірі жиын өткізіліп, бұл өңірдегі үйсін, найман ақындары тегіс шақырылады. Осы жолы Жамбылдың бай-манапты, патшаны жамандап Верный- да сойылға жығылатыны көпке мәлім. Сондай жиын Шу бойында да өткізіледі. Елді қанаған, көпті тонаған ылғи бай-болысты Орақбай қатты сынайды: «Көп адам түсіне ме, қорлық кандай, Орынсыз, әділетсіз зорлық қандай, Сөзіңді сөйлейтұғын бір адам жок, Болады кашан көңіл орныккандай, Әбділдә бесенеден бес кісідей, Шанасбай жаман тонның ескісіндей, Иманбет ел тонаған құзғын да отыр Кедейдің шыбын қуған ешкісіндей. Саурык та сөйлейді екен сөзді талдап, Баяулап, мамырлатып елді алдап. Аш каскыр — бүгінгінің тәуірлері Нысапсыз, қанағатсыз жүрген жалмап». Осындай қорқауларға жырымен қарсы шыққан ақын үнемі еркіндіктің туын көтереді. 1916 жылдың лаңында намысты жігіттер қолына сойыл ұстап атқа қонады. Рысқұл деген жігіт ауылдың азаматтарын жинап бас көтереді. Солардың жанында жалынды жырларымен Орақбай да жүреді. Мұны «Рысқұлға» деген өлеңінен көруге болады. Рысқұл кейін сарбаздарымен Қызыл Армия қатарына қосылады. |
Сөзін ұғатын, тыңдайтын кісі таппаған соң 1915 жылдары ақын:
«Нашардың қамын ойлар заман бар ма, Бұл түнек толқын болды ұрған жарға. Зарыңыз неге керек тыңдалмаса, Бір адам таба алмадым паналарға. Заманның бола алмадым жас түлегі, Көл едік ағыны жоқ, кім біледі. Оқыса білер еді әділетті, Сөзіме түсінбеген ел күледі. Әділеттік, азаттыкты көп аңсадым, Ойлайтын азамат аз елдің қамын. Әйтеуір бас кессе де, тіл кеспек жоқ, Ақ арман жүрегімнің төктім зарын»,— деп, әбден шаршап-торыққандай да болады. Заманның тузелетініне, жарық күннің туып, қазақ- тың іргелі ел болатынына Орақбайдың көзі жеткен. Оған «Замана туралы» аталатын соңғы өлеңі мысал бола алады. |
«Замана неше түрлі өтіп кетті,
Би-болыс, озбырлардың уакыты жетті. Күн туар кедейлерге, жалшыларға Ту ұстап жакын қалды алар кекті. Адам ауыр тартады келсе жасы, Кемиді кедей болса газиз басы. Айтқаны білгіштердің рас болса, Таяуда кабыл болар көздің жасы»,— деп, 1917 жылы заманды өзгерткен ұлы оқиғаның сәл алдында қайран ақын ізгі үмітпен мәңгілікке көз жұ- мады. Орақбай — әрі айтыс ақыны. Оның айтыстарынан тек Жиынбаймен айтысы гана сақталған. Айтыс идея- сы, көркемдігі жағынан да өте құнды. Жамбыл айтыс- тары тәрізді, мұнда да Орақбай халық атынан сөйлеп, қалың елдің намысын көтереді, озбыр жемқорларды, содырларды сағалаған Жиынбайдай ақындарды тілдей- ді. Айтыстан Орақбай творчествосына тән азатшылдық сыпат үнемі көрініп отырады. Байды, байлықты мақта- ған Жиынбайға. «Бай да өтер, батыр да өтер, кедей де өтер, Жиынбай, елірмегін боска бекер. Байлық деген ойласаң колдың кірі, Одан да көпшіліктің туын көтер. |
Сен өзің түбін ойла болмағын мәз,
Кедей көп, үркердей-ақ байларың аз. Көп біріксе құдірет күш болады, Олай болса, Жиынбай, көріңді қаз»,— деген үкім сөздерді айтып жеңеді. Қатыгез шақта қапас өмір кешкен азамат ақынның өзі өмір бойы аңсаған жарық күнді көре алмай кетке- ніне, ғұмырының дәл сол күнге шектелгеніне өкінесің. Орақбай — өлмеген, өлмейтін ақын. Артында қалған мол мұрасы — азаттық жырлары Орақбайдың есімін мәңгі өлтірмейді. Міне, ақындық санасы, қиялы тұлпар туған, жүрек- тің қанындай ыстық, кемеңгер сөздерімен азатшыл адамзаттың көкейіне жол тапқан ұлы Жамбылдың ақындық төңірегінің, өзіне ұстаз болған, үзеңгілес-тұс- тас болған өнерпаздар өмірінің кей деректері осындай. Бұл айтқандар ақынның байтақ өмірінің кенішті бір саласын ғана құрайды, үйренген, өнеге алған өнер мек- тебінен мағлұмат береді. Осы бағыттағы зерттеулері- мізді тереңдетсек қана оның шәкірттік жолын да, шә- кірттен ұлы ұстазға айналған бақытты, байтақ ғұмырын да кеңірек, толығырақ танитын боламыз. |