АЛАТАУДЫҢ АҚИЫҒЫ

8 ноября, 2017 10:50

(Қенен Әзірбаевтың жасының 90, акындығының 75 жылдығына)

Жалпақ даланы күйге бөлеп, аскақ әнімен тербеткен; сөз маржанынан асыл ойлар тұндырып, телегей-теңіз жыр тудырған таланттар халқымызда өте көп. Солардың бірі—халық ақыны, айтулы әнші, көрнекті композитор; ел еркесі Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Дәурен сал дәстүрін ілгері дамытқан өнерпаз — Қенен Әзірбаев. Сексен жыл бойы ән салған, күй шалған, аты аңызға айналған әннің нөсері, сөздің шешені, сал-серінің соң- ғысы, «Жеті жарғы» даңқты куміс көмей Кенекеңтоқсан жасқа жетіп отыр.

 

Токсан жас оңай ма, қарт жыл санап жүріске де, сөзге де шабан тарта бастады. Аз сөйлейді, баяу сөйлей- ді. Сиқыршыдай өнерпаздың жүріскер қолы да; жезтаң- дайдың тамылжытқан, құйқылжытқан, дауылдатқан өр даусы да тасқыннан кейінгі өзендей жуасығын. У-шу, абыр-дабырдан аулақ, оңаша болғанды тәуір көреді. Жднары талған қыран көздерін алысқа тастап тапжыл- май ұзақ ой түбінде отырудан да жалықпайтын болып алды. Нені ойланды, нені толғанды — ол арасы бір ақын- ның өзіне ғана мәлім. Тереңге шомған тәтті ұйқыдай алаңсыз ойларын бұза алмай, тілдесудің ығытын таппай дал болатын сәттеріміз де аз емес.

«Жан жолдас жас күнімнен қайда барсам,

Жаныма жүре алмаймын байламасам»,—

деген кәрі серігі—домбырасына да бұрынғыдай онша зауқы жоқ қимастықпен анда-санда шерткені болмаса, қолына көп ала бермейді, қаңтарылған жүйріктей көбіне иесінің жанында сүйеулі тұрады. Бірақ көне домбыра жүрісінен әлі жаңылған жоқ.

Бірде Мысбала1 шешей:

—  Кенен-ау, құлақ күйіңді де, үніңді де сағындық қой,— деген еді. Кенекең ойланып сәл үнсіз отырды да:

—  Сіз түсінбейтін не бар, өзіңіз өткен ескі жолмен жолаушылап келеміз.

«Келді Кенен сексенге,

Тай үйретем тепсеңге.

Екі Кенен тумайды,

Алатауға ексең де»,—

дегенім есіңізде бар шығар, сексенінде бәсіре Айқасқа- ның құлағында ойнаған Кенен емес пе едім, тоқсаны құрғырдың буыны осал, белі бүкір екен, еркімді алып, ырық бермей отыр; тәңірі таңдайыма өлеңнен ұя салған еді — үні түгіл, балалар бір күні атасының өзін де са- ғынар-ау,— деді де, жуасыған қоңыр даусына салып мы- на бір өлеңді айтты:

«Келіппін мен де жылжып тоқсаныңа,

Көп болды, халқым, әнге қосканыңа.

Кезінде өлеңдеттік, нөсерлеттік,

Отырмын кәріліктің қакпанында.

1 Мысбала — Кененнің кайын енесі, атақты Әлмен ақынның сіқлісі, жасы жүзден асты, әлі бакуат, Кенекеңнің колында тұрады.

 

Кененің тоқсан жаска жетіп отыр,

Бонынан әл-қуаты кетіп отыр.

Ат ерттеп байтақ елін араламан,

Шіркінің қартаймаса нетіп отыр?»

Ойы түскір тым жүйрік қой, қапелімде шартарапқа алып қашып, көл-көсір жыр тудырған көп жырауларды, қалың топты қақ тілген қанатты тұлпарларды көзге елестете берді. Шынында да, өзі айтқандай, Кенекең қартаймаса неғып отыр? Жер-жаһанды дүрліктірген жел-аяқ Абсент қартаймаса, қазығында неғып тұр?..

Кенекең әңгімені көңілі түссе ғана айтады. Домбыра- сын сүйеп әңгімесін жалғастырып кетті.

—   Жас күнінде тойшыл, қартайған соң ойшыл бола- ды екенсің. Кезінде қойшы да, тойшы да болдық, бүгін- де ойшыл болып отырмыз. Бір кездері жүрген жерім сән еді, айтқаным ән еді; қойны-қоншым өлең болды, солар- дың арқасында Кенен болдым. Бүгінде сол ескен-өнгев ортаны, өзімді қанаттандырған ұстаздарымды көбірек есіме аламын…

Бірінен-бірі қоздаған Кенекеңнің ұзақ, байтақ әңгі- месі бізді таныс-бейтаныс аңыздар арасына бірте-бірте жетелей берді…

АҢЫЗДАР АРАСЫНДА

•— Көпті көрген көне көз, көп жасаған Байсақ қарт өлерінің алдында көңілін сұрап келген жас баланьщ қолын ұстап тұрып:

—  Қай баласың, шырағым? Боларсың-ау, боларсың; шырғанақтан сөз келсе, шырқаушының нақ өзі боларсың түбі,— деген екен.

Қазақта осындай сәуегей сыншылар көп болған ғой, Байсақ қарт қайдан білді десейші, шынында да Қебек- бай өсе келе Қасқараудың тізгінін қолына алған; кем- кетікке болысқан, өзі батыл, өзі алғыр, өзі тапқыр, жомарт әрі мәрт кісі болған екен.

Алты ауыл қазақты оңынан да, сольінан да доптай дөңгелетіп ойына келгенін істеген Тезек төре ұрлық қыл- ған бір топ жігітті дарға тартқалы жатқанда, Қебек- бай топ ішінен суырылып:

—   Дат! Ау, төре менің бір сұрағым бар, су басынан тұна ма, жоқ әлде аяғынан тұна ма?—депті.

—   Аяғынан су тұнар ма еді, басынан тұкады да!— деп жекиді Тезек.

Сонда Қебекбай:

 

—  Олай болса төрелігіңе құлдық, елдің төресі бола отырып алдымен ұрлықты өзің жасайсың. Елде ұры-қа- ры тиылсын десең, алдымен жазаны өзіңнен бастау ке- рек,— деген екен.

Сөйткен Кебекбайдың өмірі кедейшілікпен өткен. Бір күні түн ортасында иттер абалап қоймаған соң, Кебекең далаға шықса, бос қорадан түк таппай арсалаңдап жүр- ген екі көкжал қасқырды көреді. Ертеңіне ауылдаста- рына:

—  Жеті күн елден, жеті күн жерден күнелткен қас- қырлардың қорама келіп мал таппағанына ұялдым,— депті.

— Сіз қасқырлардан үялсаңыз, сізден біз ұялып отырмыз,— деп, жас Ноғайбай Кебекеңе ағайындарынан бес-алты қара жидырып беріп қарт шешеннің батасын алыпты.

Кебекбайдың шәкірті — өткір көзді, алғыр сөзді; құс ұйқылы, құлан қарауыл сақ Ногайбай да дауға, жауға алдырмайтын, шалдырмайтын әбжіл шешен екен.

Ноғайбай турашылдығымен, ділмарлығымен Жетісу- ға, көрші қырғыз еліне сыйлы болған. Бұл мінезін қыр- ғыздың ұлы ақыны Тоқтағұл ардақтап өлеңге қосқан. Атақты қырғьіз манабы Шабдан Ноғайбайдың: «Ақын- ның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады» деген бір ауыз сөзі үшін астындағы мойны оқтаудай, сауыры тақ- тайдай, қылыш құйрық, құлағы қамыстың қияғындай ала аяқ, шұбар қасқа атын шешенге түсіп бергенде, жа- нына ерген нөкерлері.

—  Тақсыр астыңдағы қанатыңызды түсіп бергендей ол кім еді?—депті. Сонда Шабдан:— Ол бір ғана қазақ- қа емес, заты қырғызға да әйгілі шешен Ноғайбай емес пе. Менің шенім шоң болғанымен, Ноғайбайдың шешен- цігі шоң ғой,— деген екен.

Ұлы Абай Жетісуға келгенде, Қордайдағы Сұлутөрге апарып, ардагер ақынды апта бойы күткен де осы Но- ғайбай. Кененге көп қамқорлық жасаған Еркебай Базар- улы мен Сарбас ақын Ноғайбаймен бірге со жолы Абайға көп қьізмет жасаған.

Абай аттанарында ризашылықпен Ноғайбайдың қо- лын алып тұрып:

— Ноқа, Алатау асқар бел екен, етек-жеңі кең екен; Сұлутөр құтты жер екен. Байлық та, ақындық та ел ішінде жоқ емес, бірақ жастар оқусыз екен. Байлық кө- зі — енер-білімде, олай болса балаларды оқыту керек, орыс халқынан үйрену керек.

 

«Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оку оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан езге бәрі жалған»,—

дегенде, Ноғайбай басын изеп:

—■ Абайжан ел бағына туған ер екенсің, ақылың дә- рия көл екенсің; кепке бірдей күн болып туған ұл екен- сің; бір ауылдың ғана емес, бүкіл ел қамын ойлайтын дана қамқор көрінесің,— деп, қимастықпен аттандырып салыпты.

Ноғайбай өле-өлгенше:

—   Шіркін, Абайдың жаратылысы бөлек қой, түпсіз дәрия, асқан дана ғой ,— деп отырады екен.

Абай айтқандай, Ноғайбай жанына бірер үй орыс шаруаларын көшіріп алып келген. Орысша бала оқыта- мыз деп, Еркебай екеуі мектеп салғызған. Кейінірек Но- ғайбай ауылы олармен қыз берісіп, қыз алысып кұда- жекжат болып кетеді.

Ноғайбайдың есімі Арқа еліне де мәлім болған. Же- тісуға келген кезде Шөженің әдейі іздеп барып, Ноғай- байдың үйіне түсуін соның бір дәлелі деп білу керек.

«Кұдайым бұл Шөженің көзін алған,

Көзін алып көңіліне өлең салған.

Арғы атаң арғымақтай Малдыбай би Басындай Алатаудың бұлт шалған.

Сен шықтың Каскараудан Ыоғайбай боп,

Әруағың қалың орман тоғайдай боп.

Кырык жылғы кырсыккан дауға барсаң,

Бітеді бір сөзіңмен оңайдай боп».

Бұл — Шөженің сөзі. Ноғайбай Шәжені ықыласпен сыйлаған.

Жұрт:

—   Ноқа-ау, ақынға онша қырыңыз жоқ еді, Шөжені сонша қадірледіңіз ғой,— дегенде, Ноғайбай:

—   Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды ант,— деген екен.

Ноғайбай бағалағандай, шынында да, Бөлтірік еш- кімнен жеңілмеген шешен, батыр, ақын әрі «Жеті жарғы» (Жеті тосқауылдан сүрінбей өткен тұлпарды осылай атайтын болған — М. Ж.) атанған кісі екен. Оның ба- тырлығы, ақындығы, шешендігі жөнінде ел ішінде аңыз көп.

Бірде Тезек төре:

—     Бөлтірігім, ысты канша ел болады?—депті.

Сонда Бәлтірік:

 

—    ысты аз Оолса, дулаттан аз шығар, бірақ алпыс үйлі төреден аз емес,— деп жауап беріпті.

Тамақ жеп болған соң Тезек:

—   Бөлтірігім, біздің үйдің дәмі қандай екен?—де- генде, Бөлтірік:

—    Сіздің үйдің дәмі елдің көз жасының соры татып тұр ғой,— депті.

Уәждан ұтыла берген Тезек:

—     Япыр-ай, басымның ауырып тұрғаны,— дейді.

Сонда Бөлтірік іле-шала:

—    Құдай-ай, сақтай гөр! Төре баласы мен түйе ба- ласы басы қисайса мал болмайды деуші еді,— дей бер- генде, Төре:

—   Шіркін-ай, қазақтан да сендей сөзге көсем туа берер ме екен?!—деп басын шайқапты.

2

Кенекең шәй ішіп сәл дамылдап алган соң әңгімесін қайта жалгады:

— Бұл өңірлерде, шіркін, небір жампоз өткен гой, қайсьібірін айтасың.

«Байлар тойда жүреді,

Кедей койда жүреді.

Әттең байдың қорлығы-ай,

Озбырлығы ойда жүреді.

Байлар жаққанын киеді,

Кедей тапқанын киеді».

Біз бала кезімізде Бердібек деген кісінің осындай өлеңін жаттап айтып жүрдік. Есейе келе білдік, Берді- бек Жетісуга атагы жайылган күйші, өзі тапқыр ше- шен, бай-манапқа өш, ораза-намазды білмеген, жай- намазга басы тимеген, жақсы ат мініп, жақсы киім киіп жүретін сері әрі батыр болган екен.

Щапырашты Сұраншы батыр өлгенде, көңіл айтуга бүкіл касқарауды сол Бердібек бастап келіпті. Сұран- шы батырдың шешесі аңырап көп жыласа керек. Сон- да Бердібек мұңлы күй тартып:

«— Ау, бәйбіше,

Бір күндері сауыны келген биедей едің,

Бұл күнде ботасы өлген түйедей болдың.

Кедейбайың Сұраншыдай болмай ма,

Орта түскен құрсағың толмай ма?

 

Кедейбай да ержетер,

Көп жыласа ел кетер»,—

деп, батырдың аңыраған шешесін тоқтатыпты.

Сол Бердібек бертіндегі даңқы шыққан Тілемістің түбі бір туысы еді.

Тілеміс — атақты Өтеген батырдьщ шөбересі. Асан Қайғы сияқты жер дүниені кезе берген соң мүйізді Өте- генді ел әулке деп санаған. Өтеген: «Менің кейінгі тұ- қымдарымнан бір бала туады; өзі сұрлау, сөзі қулау, көзі көк, сөзі көп болады»—депті. Айтқанындай-ақ Ті- леміс туады. Ол ақын да, сал да, шешен де, алғыр да бо- лып өседі. Шаруаға қыры болмайды, той-жиынның ара- сында жүреді.

Ашаның алты салы атанған Жидебай, Қайрақбай, Балқыбек, Сауытбек, Әлдибай, Бекқұлыны әрі ақьін, әрі әнші, әрі күйші өңкей серілер еді деп ел осы күнге дейін аңыз қылады. Қасқараудан Тілеміс деген шешен шығып- ты, өзі ешкімнен жеңілмейді екен деп есітеді екен олар. Алты серінің ішінде Тілеміске пар келсе, Жидебай келер деп, Дулаттың қариялары екеуін бір жиында кездестіру- ге құмар болады. Ақыры екеуі бір аста кездесіпті. Сөзді Жидебай бастайды:

—   Мүйізді атаң сен тумай тұрғанда, «біздің ұрпақтан көзі көк, сөзі көп бір бала туады, қесір-қырсықты ала туады — деген тілемсек Тілеміс сен бе едің?» — депті. Сонда Тілеміс:

—    Рас, мүйізді атам айтқан «көзі көк, сөзі көп бала гуады, байлар мен билерден кек ала туады» деген баласы мен боламын. Ал мен екі түрлі Жидебай бар деп есіте- мін: біреуі бай Жидебай, екіншісі — төркінінеи жүкті боп келген әйелдеи туған некесіз қу Жидебай», соның қайсы- сы боласың? — депті. Жұрт Ду күледі. Сонда Жидебай:

—  Ізіме шырақ алып жақсы-ақ түскен екенсің, тап- тың. Мен сол өзің айтқан соңғы Жидебай боламын, — де- ген екен.

Бабалардың мінезі дарыған ғой, Қенекең де қуақы, күлдіргі сөзге ұста кісілердің бірі. Иіні келген сөзді әлде де қайтармайды. Қіріп-шығып жүрген Насиқа шешейдің лсүріс-тұрысын аңдып отырған Қенекең:

—   Қасқараудан Өтегендей батыр да, Бердібек, Қебек- бай, Ноғайбай, Тілемістердей шешен де, Сарбастай ақын да, Қенсндеп әнші де шыққан, бірақ Қасқарауға біткен келіндердің ішінен Ноғайбайдың бәйбішесі Әселден тәуі- рі болған жоқ, сонан соңғысы осы Насиқа шешелерің.

 

«Қабағыңнық жазығы-ай, Бейілі елге азық-ай. Жүрегінің тазасы-ай, Болған емес жазасы-ай, Қөрші тату, жекжат мәз Әрбір ісі тамаша-ай. Қолында бұйра таяғы, Жүрісі кайда баяғы? Аяғының аксағы ай, Жүрісінің жаңсағы-ай»,—
деп өзі де күлді, жұрттың бәрін де күлдірді. Отырғандар- ды осылай бір желпінтіп алды да Қенекең:

— Шаршап та қалдым, балалар әңгімені осымен аяқ- тайық,— де’ді. Тыңдағымыз келіп-ақ отыр, қайтейік, амалсыз келістік.

Ақын т}7ып-өскен Жетісу атырабын әлі де аршылып болмаған ән мен жырдың бастауы деуге болар еді. Бұл аралықтағы ақындар мұрасы әлі зерттеліп болған жоқ. Жамбылдың өнер, өнеге жыр мектебі — Кененнің мекте- бі. Біз жоғарыда Жамбылға қатысты олар жайында ке- ңірек әңгіме еткен болатынбыз. Кенен де Жетісуда туып, сол Жамбылдың қайнар бұлағынан сусындаған, сол қалың ақын, шешен, күйшілерден, сал-серілерден үйреніп өскен. Әсіресе Жамбылдан көп тәлім алған.

Кенен Әзірбаев — Қабан, Сүйімбай, Шөже, Майкөт, Бақтыбай, Құлмамбет, Жамбыл, Сарбас, Қуандық, Ке- бекбай, Ноғайбай, Бөлтірік тәрізді іргелі ақындар мен айтулы шешендердің мектебінен өткен, солардың жыр дәстүрінде тәрбиеленген өнер иесі. Бұл аталғандардың үстіне Тоқтағұл, Қалмырза, Сағымбай, Төкпе сияқты қырғыз ақындарын қоссақ, екі елді тел емген Кененнің өнер мектебі тереңдей әрі кеңейе түседі.

Сөйтіп, Жамбыл езінің Кенен тәрізді шәкірттерін өзі өнеге алған ақьіндық ортаның озық дәстүрінде баулыған.

Импровизатор ақынның мұрасын зерттеген кезде оның төңірегін табиғи байланыста, жалғастықта алып қараған жөн. Өйткені, өнерпаздың мектебін ашу — оның творчестволық лабораториясын, өрісін ашу деген сөз. Ендеше, Кененнің ақындығын, асқан өнерпаздығын, лау- лаған өнер, жыр ортасын — ақындық төңірегін жас қы- ранды баулып, қияға ұшырған сол ортадан іздеуіміз керек.

Шыньшда да, Кенекеңнің өзі тамсанып, табынып әң- гімелейтін соншама жайсаңның, түлеп тұрған отты сөз- дің Кенендей албырт талантқа мектеп болмауы мүмкін емес еді. Кенен өзінің түтеп келе жатқан әншілігі мен

 

ақындығына қажетті нәрді осыншама өнерпаз, өңшең жақсының өнегесінен, халықтың байтақ қазынасынан ал- ған. Сөйтіп барып ол бірте-бірте өз үнімен, өз тұлғасы- мен даралана түсіп, берісі Қазақ, Қырғыз республикала- рына, әрісі байтақ Отанымызға танымал ақынға айнал- ған. «Жамбыл — жыр» дастанында Қенекең былай деді:

«Ұстазы Сүйімбайдың Қабан акын,

Бас иген Ұлы жүзде тамам ақын.

Нағашысы Жалайыр Қабан-ды деп,

Жамбыл атам айтатын маған атын.

Атағы үлкен адам Қабан жырау,

Жамбылдың айтқан сөзі есте тұр-ау.

Жиені Сарбас ақын сөйлерінде,

Әдеті мұртын қағып, құлақ бұрау.

Сүйімбай сөйлерінде мұртын қаққан,

Өлеңнен он екі взвод мылтық атқан.

Сөйлесе кейбір ақын былжыратып,

Жанына Сүйімбайдың қатты батқан.

Үйреніп содан біздің Жамбыл өскен,

Жамбылың сара жолда даңғыл өскен.

Сол ақын жапан түзде ғасыр бойы Баршамен балшекердей дәмді үлескен».

 

Немесе:

 

«Жамбыл — Жәкең аттарын Қөкірекке жаттадым.

Шөже, Түбек, Біржан сал,

Саралардың атын да Жаттап алмай жатпадым.

Майкөт ақын, Бактыбай Құлмағамбет, Сүйімбай Асыл сөзін құптадым,

Баскаларын ұкпадым».

Қенен бұл жолдарда өзінің ақын ұстаздарын анық айтқан. Бір ғажабы, қолына домбыра алып, жыр айтарда Қенен де ілгергі Жетісу ақындарының салтымен мұртын қағып, құлағын бұрап, қолын аспанға сермейді.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля