Жүмыс орны

14 декабря, 2017 11:05

Қолөнер әкеден балаға жалғасқан дәстүрлі халық мұрасына жатады. Бұл өнер тек біздің қазақ халқында ғана емес басқа бар- лық елдерде де жақсы дамыған. Қолөнер жастарды оның әдіс- тәсілдеріне, қыр-сырына үйретіп қана қоймай, оларға эстетика- лық тәрбие беріп, әдемілікке, сұлулыққа жетелейді.

Оқушылар- ды еңбек арқылы өнерге баулығанда ең алдымен жұмыс істейтін орындарымен, қүрал-саймандарымен, тиісті материалдармен та- ныстырып көрсету керек. Былғарымен, терімен жұмыс істегенде, таза, жарық, санитарлық-гигиеналық нормаға сәйкес келетін ше- берхана болғаны дұрыс. Шеберхана тазаланып, ауасы алмастырып тұруы керек.

Шеберханадағы ең басты, негізгі орын — оқушылардың жұмыс орны. Онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ор- наластырылған үстел, орындық, төсек ағаш болуы керек. Үстелдің оң жақ шетінде құрал-саймандар орналасады (23-сурет). Өткір, үшкір құралдар арнаулы қораптарда сақталады, олай істемеген жағ- дайда, олар бір жерлеріңді жарақаттауы мүмкін. Жұмыс кезінде олармен ойнауға, алысып-жүлысуға болмайды. Еппен, асықпай пайдалану керек (24-сурет).

 

24-сурет

Сабақ кезінде сендер жоғарыда айтылған былғарыны, теріні өңдеп, бедерлеп, әшекейлеу жолдарымен танысасыңдар, өз қолдарыңмен жасап көресіңдер. Былғарыдан қораптар, кілтке бау, көзілдірікке қап секілді дүниелер жасайсындар. Оларды бедерлеп, кестелеп, бояп, құрақ қиыңдыларымен беттестіре әшекейлейсіндер.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля