Қазак прозасының тарихи такырыпты кен күлашпен игере бастауы

28 февраля, 2018 9:18

20-жылдар ішіндегі казак ауылын кеңестендіру науканынын кедей шаруа емірін ауырлата түскенін жазушы «Қара шелек», «Даудың басы — Дайрабайдын көк сиыры», «Арыстанбайдың Мұкышы», «Күлпаш» сиякты әңгімелерінде кең суреттейді. Олардан біз жалғыз сиыры ортаға түсіп кеткен Айша мен Дайрабайдың жан ашуын, ауылдағы асыра сілтеудің каһарманы — Арыстанбайдың Мұкышының сатиралык бейнесін танып білеміз. «Күлпаш» — 20-жылдардың бас кезіндегі халыкты жайлаған аштыктың сурсті. Бұл эңгімесінде жазушы кыстың кысылтаяң тұсындағы кедей Мактым үйінің ауыр күйін суреттейді. Аштык, жалаңаштык билеген Мактым кайыр сұрап та ештеме таппайды. Үйде әйелі Күлпаш пен баласы Қали аштыктан жүре алмас күйге жеткен. Акыры ойланып-ойланып, Күлпаш Раушанның азгыруымен бай Жұмағазыға тиіп кетеді. Одан тамак экеліп, Мактым мен Қалиды асырауды ойлайды. Боранмен арпалыса үйіне келгенде, өліп жаткан екеуін көреді. «Үйыктап жатыр екен деп куанып, малтыға, сүріне үйге кірді. «Қарагым Қалижан, тұр! — деп төніп келіп, Қалиды сүйейін деп ұмтылғанда көзі Мактымның көзіне түсіп кетті. Көзі адырайып, аузы ашылып, тісі аксиып жатыр екен, Күлпаш шошып кетіп: «эй!» — деді. Бұдан кейін не болғанын өзі де білмей, өліп жаткан байы мен баласын құшақтай кұлады»* (Б.Майлин. Шығармалар. 6 томдық. 3-том, 1960, 41-6).

Әңгімедегі психологиялық сурет байлығы оны эсерлі етіп, коюлатын көрсеткен. Мұндай күйлер Қазакстанда Кеңес өкіметі тұсында бірнеше рет кайталанды. Бірак жазуга рұксат етілген жок. 20-жылдардың бас кезінде жазылған осы әңгіменің өзі кейін Бейімбет басына соқкы боп тиді.

Бұл жылдары Бейімбет бірнеше повесть те жазган. Оның проза саласындагы тұңгыш туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесі еді. Оны 1915 жылы болашақ жазушы Уфадағы «Ғалия» медресесінің шәкірті болып жүргенде жазып, «Садак» атты колжазба журналға бастырған. 1922 жылы осы такырыпка кайта оралып, оны жөндеп, толыктырып, повестьке айналдырды. Ол «Қызыл Қазакстан» журналында басылып шыкты.

Повестің такырыбы — сол тұста әдебиетте көп көтерілген әйел теңсіздігі мәселесі. Бұл XX ғасырдың басындағы казақ аулындағы элеуметтік теңсіздіктің бір саласы ретінде каралады. Повестің кейіпкерлері бай кызы Шұға мен кедей жігіт Әбдірахманның бір-бірне ғашыктығына карамастан, теңсіздік олардың косылуына мүмкіндік бермейді. Есімбек бай әуелі Әбдірахман мен оның жолдастарын ауылына кіргізбей, артынан оркилы жалалар жауып, Әбдірахманды жер аудартады. Арманына жете алмаған Шұға күйіктен кайтыс болады. Шығарма идеясы — жас ұрпакты осындай бакытсыздыкка ұшыратып отырган феодалдык гұрыпты сынау, когамдағы теңсіздікті айыптауға кұрылады.

Жазушының суреттеуінде, Шүга — мейлінше адал, терең сезімнің адамы. Бір сөзді, маххаббатына берік. Ал, Әбдірахманды өз заманының сауатты, озық адамы етіп көрсеткен. Ол да өз арын көп алдында садага салуға бармай, ел канша азғырса да Шүғага деген сезімін сактайды. Повестің уакиғасы әңгімеші Қасым аузынан айтылады. Әбдірахманның жолдасы, екі ғашыктың сырына канык Қасым окиға шындығын, кейіпкерлердің күйініш-сүйінішін, сезім көріністерін, әңгімесін толык күйінде жеткізуші кызметін аткарады. Соның сезінуімен жазушы Шүғаны, оның сүлулығын, акылдылығын, тұрактылығын, аянышты өлімін суреттеп, «Ай, Шұға десе, Шұға еді-ау!» деген сөзге кайта- кайта оралады. Шығарманың лирикалық сыпаттарын да осы сыршылдық белгілейді. Повестің көркемдігінің өзі оның карапайымдылыгында. Халыктың сөз өнерін жаксы білетін Қасымның әңгімешілдік стилін сактай отырып, болған жайды табиги суреттейді.

«Шүғаның белгісі» — казак прозасынының алгашкы үлгілерінің бірі бола тұрып, өзінің көркемдік карапайымдылығымен бұл жанрдың реалистік үлгіде дамуына белігілі дәрежеде ыкпал етті. Жэне Бейімбеттің жазушылык болашагын айкындады.

Қазак эйелі басындағы теңсіздікті кадагалап жазған Бейімбет кейінгі шығармаларында осы саладағы өзгерістерді де жіті көрді. Отбасындағы карапайым әйелдің заман ырқымен ауылдағы күнделікті саяси науқанға араласып, біртіндеп санасының өсуін көркем бейнелеуге ұмтылды. Бұл тұрғыдағы оның елеулі туындысы — «Раушан — коммунист» повесі. Көтрген такырыбының маңыздылығымен, шығарманың саяси-көркемдік табысымен, шебер жазылуымен «Раушан — коммунист» өз кезінде тандаулы туындылардың бірі болды. Онда жазушы әлеуметтік өзгерістер дэуірінде қазак әйелінің оянып, сана-сезімі өсіп, коғамдык пайдалы кызметке араласуын, біртіндеп мемлекет кайраткері дәрежесіне көтерілуін көрсетті.

Қоғамдык жұмысқа тартылған Раушанды өзі өскен, өмір сүріп отырған ортанын шындыгы кинап, біртіндеп ысылдырады. Жазушы оны жүмсартпай, каз-калпында драмалык тартыстардың легінде суреттейді. Алдымен Раушанның атка мінуін ауылдас әйелдер ұнатпайды. «Ана сорлы таздың жамандығы ғой», — деп кіжінеді Раушанның күйеуі Бәкенге Зейнеп. — Малға алган күнді тілін алмағанда тіліп-тіліп алмас па!?» Осындай ортадан суырылып шығу Раушанға оңайга түспейді. Оның болыстық, уездік әйелдер жиналысына катысуы, ауылнай сайлануы, іс басындағы әрекеті — барлығы да ескі көзкарастағы топтар тарапынан зор карсылыкка кездеседі. Соның бэріне Раушан табандылыкпен карыса ілгері ұмтылады. Ол ауылнай кызметінде өзіне жүктелген міндетті адал орындайды. Әйелді когамның тең мүшесі санайды. Әйелдің мүмкіндігі мол екенін түсінеді. Отбасы татулыгын, еріне деген ыкылас, пейілін, адал сақтауға тырысады. Бірақ қоғамдық тартыстар оны амалсыз күреске тартады.

Шығармадагы тартыстың екінші басына Бейімбет Раушанның ері Бәкенді кояды. Табиғаты момын, адал, аккөңіл Бәкен әуелде Раушанның эйелдер

жиналысына катысуын, коғамдык іске араласуын кызык көріп макұлдауды да, артынан өсек-аяң, азғырудың күшімен оған ыкпал жасауға ұмтылады. Әйелін зансыздыктар жасауға итермелейді. Раушанның көнбеуі екі араны ашып. Бәкен үйден кетіп калады. Дұшпандары «Раушан Бәкенді үйінен куып шығарды» деген өсек таратады. Раушан кызметін тастап окуға кетеді де, ел Бәкенді ауылнай сайлайды. Ол ағайыншылдыктың жолымен жүрем деп сотталады. Шығарма соңында окудан кайткан Раушан жазасын өтеп келе жаткап Бпкеннін кездесуі суреттеледі.

«Раушан — коммунист» повесі — Бейімбеттің жазушылык тэжірибесінде жана белес саналды. Ол шығарма окиғасын ескілік пен жаңа күштің драмалык шиеленісіне кұрды да, аяғына шейін босатпай алып шыкты. Кейіпкерлер тағдырын психологиялык суреттер аркылы аша алды. Сондыктан да онда казак ауылы өмірінің сол тұстағы шынайы шындығы, өзгерістің әлеуметтік мэні мен сыры терең көрсетілді. Сөз кестелері, кейіпкерлердің даралығы мен сөзі типтік ортаны да анык танытты.

Қазак прозасына аса мол үлес коскан, оның үлкен жанрларын дамытып, шеберлікке жетілуіне көп күш жұмсаған тағы бір жазушы Жүсіпбек Аймауытов (1889 — 1937) еді. Революцияның аласапыраны кезінде большевиктердің тарапынан жүргізілген ел ішіндегі күштеу мен зорлауды, киратуды көрген Жүсіпбек оларды сынап, макалалар да жазған. «Елес» атты әңгімесінде жаңа дэуірдің сырын түсінбей, өмірдің бетінде калкып жүрген журналисті сынаган боп, оған көрінген Елес журналиске заман талаптарын кояды. Ол ескіні киратамыз, жаңаны қолдан жасаймыз деген даурыкпа ұранды келеке етеді. Жүсіпбектің Елесі — шындык. Оның талабы — шындыктың, өмірдің талабы. Жүсіпбек — алғашкы казак романдарының авторы. «Қарткожа» (1926), «Акбілек» (1928) романдары аркылы ол қазактың ұлттык эдебиетін тұңғыш рет еуропалык романдар үлгісімен жалғастырды. Және бұл романдармен дәуірдің көкейкесті мәселелеріне үн косып, жаңа заманның кесек ұнамды бейнелерін жасады.

«Қарткожа» — казак жасының өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын кең көлемде алып суреттейтін шығарма. Онда казак ауылының төңкеріс алдындағы және әлеуметтік шиеленістер тұсындағы тіршілігі, одан кейінгі ұмтылысы киыншылдыкпен көрсетіледі. Әсіресе, жазушы оң-солын айырмаған ауыл жасының тартыстар талкысында әлеуметтік жіктер мен тайталасты түсініп, коғамдық әділетсіздіктің себеп-салдарына ой жіберуін нанымды ашады. Роман тарихтың осындай бір кезеңі, шытырман окиғаларға толы тұсындағы қазак ауылы өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай кең тұрғыда суреттей алуымен бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттык козғалысының басталуы, оның 1917 жылғы акпан төңкерісіне ұласуы, казақтардың элеуметтік күреске араласуы, Алашорданың кұрылуы мен ак әскерлерінің большевиктерге карсы күресі, казан төңкерісі мен азамат соғысының окиғалары родаан сюжетіне негізгі желі боп кіреді. Шығарма кейіпкері Қарткожа да, оның елі, жұрты да осы окиғалар легінде есейіп, есін жинап ілгері басады, болашакка карайды.

Жазушы Қарткожанын өсу жолын нанымды суреттейді. Оның каладаң келген жастарды көруі, солардай боп орысша окуға кұмарлығы, ішкі толғанысы гасыр басындагы әлеуметтік өзгерістердің эсерімен туады. Әділетсіздікті тануына 1916 жылдың окигалары көмектеседі. Әуелде күрестен тыс түрган жасты майданның кара жүмысына алуга шакыру, одан бас сауғалау әлеуметтік күрестің ортасына тартады. Көтерілісшілермен бірге болу ол үшін мектеп болғаны даусыз. Солдат өмірі де Қарткожа үшін зор мектеп болады. Ол көрмеген ортада жаңа өмір кешеді, караңғылыктан жарыкка шықкандай сезінеді. Әрі карай оқуы, елдің камын ойлауға жету жаңа заман кұкын кабылдаганының белгісі. Жүсіпбек кейіпкерлердің ішкі дүниесін, күйініш- сүйініш сезімдерін суреттеуге көбірек жүгінеді.

Романның соңғы бөлімінде төңкерістен кейінгі қазақ жеріндегі өзгерістер суреттеліп, автор кейіпкерін аласапыран окиғалар легінде ұстайды. Өмір тартысы тудырган сұрақтарга жауап іздейді. Мысалы, «Раверстқа» кезінде мал жинау науканына байланысты жүзеге аскан зорлықты, асыра сілтеуді қоспасыз эңгімелей отырып, байлардың малын алудың бүкіл халыкты тонауға айналганын жазады. Белсенділердің колымен жоспарсыз, ретсіз жүргізілген бұл науканның 1920 — 1921 жылдары елді аштыкка жеткізгені жайлы ойлауға меңзейді. Жүдеу тартып, малы азайып, күн көрісі элсіреп қалған ел суретін береді. Осының бэрі роман кейіпкерінің сезінуі аркылы өтеді.

Жүсіпбектің реалистік өнері романдағы халық тұрмысының кең жасалған суреттерінен танылады. Әр кұбылыстың ар жағында жазушының өмір сыры жайлы толганысы сезіледі. Тіршіліктің киындығын ол қазақтардың әрекетсіз, бос белбеу өмірімен байланыстыра карайды.

«Акбілек» романының идеясы Жүсіпбекке «Қартқожаны» жазу үстінде түскен сияқты. Романды азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп. оңтүстік шекараға карай жылжыган ак әскерлерінің жолдағы казақ ауылдарына жасаған зорлығы — елді тонауы, кыз-келіншектерді жәбірлеуі суреттелетін еді. Семейге окуға кетіп бара жатқан Қартқожа жол үстінде осындай зорлықтың неше түрін көреді. «Иығында шені, сымбатты офицер солқылдак арбада казактың сұлу кызын кұшактап, қос боз атпен Қарткожаның касынан өте шыкты. Қарткожага түскен кыздың көзі жыпылыктап кетті»* (Ж.Аймауытов. Шығармалар. Алматы, 1988. 120-6), -дейді автор.

Мұндай окиғалар — азамат соғысының аласапыраны тұсында момын казақ елі бастан кешкен ауырпалыктың бірі. Орталық Ресейден тыс жатқан қазақ елін кашкан ак әскерлері баса көктеп тонап өтсе, оны қуған қызылдар да екінші жағынан шошыткан еді. Орыс атаулыдан, әскер біткеннен қоркатын момын, караңғы казактар олардың кайсысы дос, кайсысы кас екенін білмей шатасты. Актар кейде кызылдардың киімін киіп келіп, елді тонап, адастырды. Мұндай окигалардың казак-орыс катынастарына әсер еткені, халықтың дос пен қасты біртіндеп айырғаны сол кездегі көптеген шығармаларда (Жүсіпбек, Сэкен, Бейімбет, Сэбит) суреттелген. Осылардың негізінде кең даладан пана таппай, сырткы жаудың соккысына көп ұшыраған қазақ халқының жаңа дүрбелен тұсындағы кайғылы күйлері суреттеледі. Әсіресе, әлділердің ойыншығына. ермегіне айналған казак кыздарының трагедиясы көбірек сөз болды.

Акбілек трагедиясы — осы халкы трагедиясының бір үшкыны. Акбілекті актардың алып кашуы, карамүрт офицердің эйел кып үстауы — бір кыздын гана емес, бүкіл елдің үлттык намысына тиетін корлык. Қыздың ел бетін көре алмай киналуы, экесінің одан кашкактау, атастырылған күйеуінің безуі, ел-жүрттын оған таңыркай да, аяй да карауы — кызын алаканға салып, мәпелеп осіргеп казакка өлімнен де ауыр. Ауыл жігіттерінің зорлығы ғана болса, ленбей де калар еді. Орысты «кэпір» деп карайтын үғым кыз «күнәсін» ауырлата түседі. Романнан біз түйыкка тірелген осындай халык психологиясын, кыз тагдырын еркіндікке алып шыккан коғамдык жаңарулардың әсерін танимыз. Ел көзіне көріне алмай, ауылдан кеткен Акбілек окып, адам катарына косылады, теңін табады, бакытты өмірге кадам басады.

«Қарткожа» мен «Акбілек» такырыбы жағынан да, идеялык шешімі жағынан да өзара ұксас. Егер алдыңғы романда жазушы жокшылыкта өмір кешкен казак ауылы жасының азат жолға шығып, окып, катарға косылуын суреттесе, соңғы романда рушылдык-жікшілдік тартыстардын кұрбаны болған (Мұкаштың Акбілекті актарға шығарып беруі) казак кызынын бақытын табуы, ерлермен тең азамат дәрежесіне көтерілуі бейнеленеді. Осы окиғалар легінде жазушы аласапыран тұстағы казак ауылы өмірінің шындығын, адамдар тагдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденісті суреттейд. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы кайшылыкты куйлер мен үғымдар тартысының суреттері, психологиялык толғаныстар жазушы реализмнің байлығын, суреткерлік карымының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкрлері заманмен кабаттаса өзгеріске ілеседі, коғамнан өзіне лайык орын іздейді. Оны бірі тауып, бірі таба алмай жатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің рухани оянуға үмтылысын аңғартады. Солардың алдыңғы легінде Акбілек арманына жетеді.

Акбілек — сол заманда білім алып, катарға косылған, алғашкы казак әйелдерінің өкілі. Ол өткеніне, өзі өскен ортаға бүгінгінің көзімен карайды. «Окымаған әйел кор ғо. Қапастағы кұстай ғой», — деп ойлайды ол өзінің бүгінгі күйін Камиламен салыстырып. Акбілек пен Балташтың жарастыкты өмірін жазушы баскаларга үлгі етеді. «Акбілек көрген-білгенін Балташка айтып келеді. …Сөйлескен сайын бірінің білгені біріне ауысады. Кейде Балташ Баяндама, отчет жазғанда Акбілек көшіреді, Акбілек бірдемеге алданып жатса, Балташ бүрын барып тамак әкеледі. Екеуі бірге күйінеді, бірге сүйінеді. Өйткені дененің баскалығы болмаса, екеуі бір кісіміз деп ойлайды»* (Снда, 336-6) — деп жазады жазушы.

Бүл казак әйелі басында, еркек пен эйелдің аракатынасында бүрын болмаған жай. Жаңа өмір әйелді осыған жеткізді, әйел мен еркекті тең койды. Кешегі жуас, үялшак Акбілек өнерлі жастардың катарына косылып, тек «аксакалдың ғана баласы емес, көптің баласы» атанды. Аксакалдың өзі де именеді одан. Туған еліне оралып, Алтайдың тауына шыккан Акбілекке өткен өмір ауыртпалыктары, алай-түлей караңғы кара күндер барса келмеске бір жола кеткендей, анау алыста, етекте біржола карасы өшкендей көрінді. Акбілек бейнеттен, корлыктан, күнэдан тазарып, сонау жетіқат көктегі ғарышка барып, жүрегін алтын легенге салып тұрғандай, анадан жаңа туғандай тазарды». Бүкіл шығарманың идеясы Жүсіпбектің осы сөзінде жатыр. Әрине, Ақбілектің бүл күнге жетуі оңай бола салған дүние емес. Оның кайшылыкты тағдырын жеңілдетпей, жазушы оны үлкен психологиялык бейнеге көтере білді.

Акбілектің шыккан, өскен ортасы романда кең суреттеледі, ондағы елдің түрмыс-тіршілігі, әдет-салты, табиғат көріністері түтаса келіп, такырыпты ашуға көмектеседі. Жүсіпбек көп жағдайда кала мен даланың бейнесін салыстыра көрсетеді. Ел, ауыл, табиғат — казактың канына сіңген шындығы. Оны сыйлау, түсіну кажет. Сонымен бірге елді жайлаған ескішіл дерт — жікшілдік, рушылдық, жалкаулык, көргенсіздік, қараңғылык бар. Онымен күресу керек. Қаладан өнер-білім тапканмен, халыктык жаксы дэстүрлерден алыстап бара жаткандыкты, ішімдік кұмарлыкты, ұстамсыздыкты, жүгенсіздікті сынайды.

Романның жазылу стилінде, композициясында калыптасқан, сіреспе дағды жок. Бүрын үлкен прозасы болмаған елде ондай дағды болуы да мүмкін емес. Окиганы үшінші жактан баяндай отырып, жазушы кейде кейіпкердің өзін сөйлетеді, оның ұғым-түсінігін өз сөзінен танимыз. Соңғы тарау диалогка

кұрылған.

Бұл романдардан кейін Жүсіпбек «Күнікейдің жазығы» (1929) атты повесть жазды. Бүл шығарманың тақырыбы да әйел тағдыры. Көшпелі казақ ауылындагы катардағы шаруа адамының тіршілігін сол ортадан шыккан эйел тағдыры аркылы бейнелейді. Ауылдағы әлділер мен әлсіздердің ара катынасы, коғамдык әділетсіздіктің мүсәпір адамдарды езіп, рухани тоздырып бара жатканы онда үлкен суреткерлікпен ашылады.ашылады. Осындай ортадан шыккан Күнікейдің әділетсіздікке карсы бас көтеріп, өзінің адамдык, азаматтық күкын коргауға үмтылуы, атастырған күйеуін менсінбей, сүйген жігітімен кашып кетуі — ескі салтқа берілген соккы сиякты елестейді. Шығармада бүгін үмытыла бастаған казақтың әдеп-ғұрпының көп суреттері бар. Ол кейінгі үрпакка тарихи-этнографиялык мэліметтер бере алады. Көлемі шағын болганымен, ондағы өмір суреттерінің байлығымен, характерлердің алуан түрлілігімен, шындықты шынайы бейнелеу шеберлігімен, жазушы позициясының аныктығымен «Күнікейдің жазығы» Жүсіпбек шығармашылығынан елеулі орын алады.

Амал не, Жүсіпбек жазушылык жолын ерте аяктады. Оны сталиндік режим «алашордашыл» деп айыптап, 1929 жылы тұткындады да, 1931 жылы атып тастады.

Жүсіпбек романдары казақ эдебиетінде бүл жанрдың толыкканды үлгіде туғаның жариялады да, кейінгі туындыларға үлгі болды, 1929 жылы Сәбит Мүканов «Адаскандар» романын жариялады. Ал отызыншы жылдар ішінде

роман каулап өсті.

20-жылдардан бастап әдебиетке белсенді араласкан, бірталай өлең- поэмалардың авторы Сэбит Мұканов, сонымен бірге прозаның шағын үлгісімен («Әсия», «Ақбөпенің сыры», «Мырзабек») де айналысқан еді. Бұл оның үлкен романға барар жолындағы дайындығы сияқты болды.

«Адасқандар» романы 1928 жылғы Қызылорда қаласында болған канды окиганың ізімен жазылған. Оқиғаның мәнжайы: Сүлтанбек деген торгайлык жігіт елде жүргенде Бәтима деген аталас туысының кызына гашык болады. Екеуі сөз байласады. Бірак ата-аналары, ағайын туыстары арасы жеті атага толмаған жастарға рұксат бермейді. Олар Бәтимадан айырып, Сұлтанбекті Щымкентке окуға жібереді. Сұлтанбек кеткен сон Бәтима да елде калгысы келмей, оку іздеп Қызылордаға келеді. Сонда журналист Мұстафа Көшеков (Сұлтанбектің бөлесі) деген жігіт кызға камкор болып жүріп, колына түсіріп үйленеді. Мұны естіген Сүлтанбек Мұстафаға катты кектеніп, сэлем айтады. Одан кауіптенген Мұстафа алдын ала өзін актамак болып, Сұлтанбектін бай баласы екенін, оның өзін өлтіруге дайындалыш жүргенін айтып, макала жазады. Бұл жағдай Сұлтанбекті ызаландыра түседі де, әдейі іздеп келіп Қызылордада Мұстафаны өлтіреді. Сәбит Мұканов осы окиғаны зерттеп, Сұлтанбектің сотына катысып сөз сөйлеген, күнделіктерін окыған.

«Адасқандарды» жазушы осы оқиғаны негізгі ала отырып, екі ғашыктың сыры күйінде жазған. Ондағы тарау аттарының «Бүркіттің сыры», «Бәтестің сыры» болып келуі де сондыктан. Онда жастардың өзара ынтыктыгы, гашыктық сезімі әдемі суреттеледі. Екеуінің қосылуына кедергі жасаған күштер сол кездегі казак ауылындагы таптык тартыспен байланысты каралады. Сезіміне берік, ынтықтык билеген Бүркіт (Сұлтанбек) бірбеткей кайсар жігіт болып суреттеледі де, өзінің адал махабаттарына бөгет болған, оны былғаған күшке аяусыздыкпен карайды. Мүсәпір (Мұстафа) аңғал ауыл кызын үйіне тұрғызып, алдап, ішімдік ішкізіп, өзіне каратып алады, яғни «адастырады». Окиганы канмен шешкен Бүркіттің жолы да адаскан адамның жолы. Туысын (бөлесі) алдаған Мүсәпір де (адасады). Романның «Адаскандар» аталатып себебі да осы. Жастарды «адастырған» казак ортасындағы эдет-ғұрып заны мен рулық карым-қатынастарды жазушы айыптайды.

Романды кезінде окырмандар жыл кабылдаған. Жазушының сюжет кұруға шеберлігі, жастар махаббатын сезімталдыкпен суреттей білуі, когамдык өзгерістер шындығын кең камтуы, басты кейіпкерлер бейнесінің нанымдылығы — бэрі Сәбитті романшы есебінде жаксы кырынан танытты. Бірак Кеңестік идеология романды кабылдаған жок. Бай баласының Бүркіт атанып, кедей ішінен шыккан журналисті Мүсәпір деп атап, Бүркіттің колымен Мүсәпірді өлтіруі байларға іштарту деп саналды. Жаңа заманда жастардың «аласуы» да лайықсыз деп есептелді. Мұның бәрі таптык көзкараска кайшы келді. Сондықтан роман сынга ұшырады, оны окыға тыйым салынды. Ұзак жылдардан кейін осы сюжетке жаңа роман — «Мөлдір махабатты» (1959) жазды. Жаңа роман — «Мөлдір махаббат» 20-жылдардағы казак когамының шындығын, элеуметтік өзгерістерді дұрыс суреттеген, жастар махаббатының кайғылы аяқталуын бейнедеген казақ эдебиетінің сүбелі туындысы есебінде бағалануға тиіс.

Бұл аталган жазушылардан баска да бірталай каламгерлер бұл дәуірде прозалык шыгармалар жазды. Олардың ішінде Ө.Тұрманжановтың «Қошаң кедей», Ғ.Мүсіреповтың «Тулаған толкында», Ғ.Мұстафиннің «Ер Шойын», С.Шэріповтің «Алтыбасар», Ж. Тілепбергеновтің «Таңбалылар»5 С.Садуакасовтың «Күлпаш», «Күміс коңырау», Е.Бекеновтың «Жалшьі сэулесі», «Жәмила калай сауатты болды», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсы» тәрізді повестері мен әңгімелері бар еді. Бұлар да сол дэуірдің өзекті мәселелерін камтып, казақ кедейі мен эйелдердің тағдырындагы өзгерістерді, ауылды кеңестендіру науқанындагы белсенділіктің зардаптарын, адамдар бойындагы жаңа моральдык — этикалык сапалардың калыптасуы киыншылыктарын шығармаларына аркау етті. Заманның ұнамды бейнелерін жасауға шама-шаркынша үлес косты.

Бұл дәуірдегі кедейлердің теңдік алып, коғамдык кажет азаматтыкка көтерілуі негізінен ауылдагы таптык тартыспен байланыста каралды. Олар өздері бұрын кызмет істеген байларына карсы күресіп, оларды тэркілеуге катысады. «Қошан кедей», «Ер Шойынның» окигалары осыған саяды. «Таңбалылардың» кейіпкері Қалман да таптық күреске катысады, бірақ ол асыра сілтеуден таяк жеп, түрмеге түседі. Оның әділдік жолын іздеуі де бұрын коғамдык іспен жұмысы болмаған казақтың бірден жолын таба алмай адасуының белгісі тәрізді.

Әйел теңдігі мэселесін көтерген шыгармалар ішінде Ғабит повесі бірсыпыра сәтті ізденістерімен көрінді. Онда сүйіскен екі жастың әлеуметтік өзгерістердің эсерімен («Тулаған толқында») азаттық алуы суреттеледі. Ал, С.Садуакасовтың «Күміс коңырауы» теңдік заманы туды деп үміттенген Сәлиманың «Қүміс қоңыраулатып» каладан келген Сейілбектің алдамшы мінезінен опык жегені жайлы хикаяны шертеді. Онда кала мен ауылдың кайшылыкты күйлерін көрсетуге орын берілген. Е.Бекеновтың Жәмиласы теңдікке ұмтылып, білім алу жолындағы талпынысымен нанымды.

Бұл жылдардағы казак әңгімелерінің ішінде эйел тағдырын психологиялык жүйеде суреттей білуімен Мағжан Жұмабаевтың прозадағы жалғыз еңбегі «Шолпанның күнәсы» өзгеше орында тұрады. Мұнда тату-тәтті өмір сүрген Шолпан пен Сәрсенбайдың отбасын баласыздық бұзады. Жарын каншалыкты жүрек кызуымен сүйсе де, баланың болмауы Шолпан көңілінде ауыр сезім тугызады. Акыры ол бала көтеру максатымен Әзімтаймен шатасады. «Қоян куған төбеттей көрпенің астына кіре аласұратын», әйел сезімімен есептесе білмейтін Әзімтайдан ол кейін кұтыла алмай азапқа түседі. Мұны біліп калган Сәрсенбай акыры эйелін өлтіріп тынады. Жазушы Шолпан тағдырының аяныштылығын оның ішкі жан дүниесіне терең сүңги суреттеуімен, оның құпия сырларын саралауымен танытады. Нәзік сезім кырларын басады.

Мағжанның эңгімесі, М.Әуезовтің, Ж.Аймауытовтың шығармалары казак әдебиетінде психологиялык прозаның туа бастаганының куәсы тэріздес.

Осы аталған шығармалар казақ көркем прозасының үлкенді-кішілі жанрда калыптасып, каз тұра бастаганын дәлелдеді.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля