Балама хат

13 декабря, 2015 16:17

Жайсаң орта мектебі.
Мұғалімі:
Разақова А.К.
2013 жыл.Сәуірдің 24-і.
Тақырып:
Жамбыл Жабаев.Үй тапсырмасын сұрау.
Мәлік Ғабдуллин.Ұлы Отан соғысы
(1941-1945)
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда
соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға
шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан
соғысы басталды.

Жүктеу: Балама хат слайдтар 


Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті
соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан
астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде
410 мыңы қазақстандықтар болатын.Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ
батырлары:
1941 жылы Алматыда генерал
И. В. Панфилов 316-атқыштар
дивизиясын жасайды. Осы
дивизияны 28 панфиловшы-
батырлары Мәскеу қаласын
қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28
панфиловшының 22-сі
қазақстандықтар еді. Мәскеу
түбіндегі шайқаста 316-атқыштар
дивизиясы кейін 9-гвардиялық
атқыштар дивизиясы) командирі,
Кеңес Одағының Батыры
Бауржан Момышұлы болған.Төлеген Тоқтаров
Төлеген Тоқтаров Мәскеу
түбіндегі Бородино селосы үшін
шайқаста неміс штабына ең
бірінші болып кіріп 5 неміс
офицерін жойып қаза болған.
Кеңес Одағының БатырыМәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен
қазақ батырлары:
Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады.
Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк
жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға
шығып, жау ұясы Берлинді алуға бірінші болып
қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен
Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23
жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын
иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран
қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе
академиясын аяқтайды.Мәлік Ғабдулин
1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың
соңына дейін фашистік күштерден Отанды
қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға
политрук болады. Майданда И. В. Панфилов
атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға
қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород
облысына қарасты Холм қаласының
маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың
біразына басшылық етеді. Ол басқарған
сарбаздар фашистердің тісіне дейін
қаруланған әскеріне тойтара соққы береді.
Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың
екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12
солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде
Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда
алған жарақатына қарамастан жауға қарсы
оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының
Жарлығымен 1035) Мәлікке 1943
жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес
Одағының Батыры атағын береді. Бұл
атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая
Звезда» медалі де қоса марапатталады.Ленинградүшін шайқаста ерлік көрсеткен
қазақ батырлары:
Нұркен Әбдіров 267 әуе
дивизиясының 808-ші шабуылшы
полкы құрамында майданға аттанды.
Барлығы 17 рет әуе шайқасына
қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін,
46 жүк машинасы мен көлігін, оның
ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді,
жанар май құйған 3 цистернаны
талқандап, зенит қондырғыларының
бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын,
талай жау әскерін құртты. Нұркен
Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың
31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ Кеңес Одағының Батыры атағы
берілген едіСұлтан Баймағамбетов
Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына
шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің
табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар
полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943
жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз
кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін
оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Әлия Молдағұлова
Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының
Батыры Анасы Маржан қайтыс
болғаннан кейін нағашысы Әубәкір
Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп,
Санкт-Петербургтегі №9 мектепте
оқыған. Ресейдің Рыбинск
авиатехникумын бітірген (1941). 1942
ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына
алынып, мергендердің Орта әйелдер
мектебін үздік бітіріп шықты (1943).
1943 жылдың тамыз айынан
2-Прибалтика майданында
26-атқыштар дивизиясының құрамында
ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге
түсті. Новосокольники темір жол
стансасы маңында болған ұрыста
Молдағұлова жауынгерлерді шешуші
шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза
тапты.Мәншүк Мәметова
1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге
келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал
облысы, Орда ауданында туылған, ал
1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс
болды. 1944 жылдың 1 наурызында
ержүрек қызға Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді. Ұлы Отан
соғысы басталғанда Мәншүк Алматы
Медициналық университетінде
оқитын. 1942 жылы өз еркімен
майданға аттанған ол 21 атқыштар
дивизиясының құрамында атысты. Аға
сержант, пулеметші Мәншүк
мергендігімен, ержүректігімен көзге
түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі
шайқаста соңғы демі үзілгенше
қолынын пулеметті тастамаған күйінде
қаза болды.1941-1945 жылдар
аралығында
Қазақстаннан 1 миллион
700 мыңнан астам адам
майданға аттанды.
Соның жартысынан
астамы, яғни халықтың
шамамен 10 пайызы
соғыстан қайтып
оралған жоқ, дейді
тарихшылар.
Соғыс жылдары
республикада 12
атқыштар дивизиясы, 4
ұлттық кавалериялық
дивизия, 7 атқыштар
бригадасы, соның ішінде
2 ұлттық атқыштар
бригадасы майданға
жөнелтілді. Бұдан бөлек,
Қазақстанда 50-ге жуық
полк пен батальондар
жасақталған.1945 жылы 2
мамырда
Берлин қаласы
алынды,
Рейхстаг
қабырғасына
алғашқы болып
ту тіккен
Рақымжан
ҚошқарбаевБерлин үшін шайқас 1945 жылы 21 сәуірде,
Рейхстаг үшін тартыс 29 сәуірде басталған.
Бірақ қанды қақтығыс тек 2 мамыр күні ғана
әрең аяқталды. Жүздеген мың солдат опат
болған шайқас ең қанды қақтығыстардың
бірі ретінде тарихта қалды.
1945 жылдың 9 мамыры бұл ұлты мен
дініне қарамастан барлық елдердің
адамдары үшін ең жарқын, баршаға ортақ
болған жеңіс күні. Қазіргі уақытта 9 мамыр бұл соғысты бастан кешкендерді еске алу
және болашақ ұрпаққа бейбітшілікті аманат
ету күні.
Жылдар өтіп 1945 жылдың мамырынан
алыстап бара жатқан сайын, қатарымызда
балалары мен немерелерінің болашағы үшін
ұшқан оққа кеудесін тосқан ардагерлер саны
сиреп барады.Ұлы Отан
соғысы
1941-194
59 мамыр жеңіс күніҚазақ халқының батыр қыздары Әлия мен
МәншүкӘрбір әлемнің елдерінде Ұлы Отан Соғыс
батырларына ескерткіштер бар. Олардың
есімімен көшелер, ауданы деп аталады.Қапшағай. Қазақстан. Астана. Қазақстан.Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде қазақтың халық
ақыны Жамбыл ленинградтықтарға
“Ленинградтық өренім!”
деген жырын арнады.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенің сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылыдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде қазақтың халық
ақыны Жамбыл ленинградтықтарға “Ленинградтық өренім!” деген жырын
арнады.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенің сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылыдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!

4 кл.Балама хат

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля