Ар-ұят

[add-bookmark]

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:                  

Тайшаева Меруерт            

Жүктеу: Ар-ұят

12.03.15. Қазақ әдебиеті 5 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиевтің  «Ар — ұят» туралы өлеңі
1-сағат
Жалпы  мақсаты: Өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясын ашуға дағдыландыру, танымдық ой дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:

 

  Тапсырмаларды орындай отырып өлеңнің тақырыбын, түйінін анықтайды, мазмұнын түсінеді, өзін — өзі бағалауға үйренеді.

 

 

Сілтеме:

Нұсқаулық мұғалімдер үшін,әдебиет «Атамұра» Алматы,интернет материалдары bilimdiler www kz
Негізгі идеялар: Адамгершілікті түсінуге, оны бағалай білуге үйренеді

 

Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық. Слайд. Интерактивті тақта, аудиожазба , А3 қағаз, стикер, маркер
Оқыту әдістері: «Өзара бөліп оқыту», «Мюнстенберг», «Дөңгелек үстел», «миға шабуыл», «Ойланудың төрт қалпағы»
Тапсырмалар:  Топтық жұмыс,жеке жұмыс, талантты дарынды балалармен жұмыс.                             Бағалау,оның ішінде оқыту үшін бағалау:Формативті бағалау(стикер,жұлдызшамен) өзара бағалау,жиынтық

 

 

 

 

 

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру бөлімі.(3 мин) Психологиялық дайындық.

ІІ. Мотивация. Оқушыларға бір-бірінің қолдарын ұстатып, көздерін жұмғызу және бір-бірлеріне іштей жақсы тілектер тілету.

Бағалау парақшаларын тарату.

Оқушылар бірбіріне жақсы тілектер айтып, топқа бөлінеді
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин) ІІ. Үй тапсырмасын конверт сұрақ арқылы қорытындылау 5 мин
1. Қ. Аманжолов кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Қ. Аманжоловтың бойында тағы қандай өнері болды?
4. Ұлы Отан соғысы кезінде ақын еліне қандай қызмет етті?
5. Оның қандай шығармаларын білесің?
«Дауыл» өлеңін жатқа айтқызу. (1, 2, 7 — шумақтар)
Әр топтан жеке жауап береді.Бір топ бағалаушы топ болады.
Сергіту сәті 2 минут Үнтаспадан Ж.Елебековтың орындауындағы «Туған жер» әнін тыңдату.

— Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Ар — ұят туралы біз не білеміз? Кім, қалай ойлайды?» Осы сұрақ төңірегінде «Дөңгелек үстел» әдісі бойынш жазып шығайық.

(Оқушыларға ойларын жазғызу, оқыту)
ІІІ. Мағынаны тану.

Тапсырма

 

( І, ІІ, ІІІ топ: «Өзара бөліп оқыту» әдісі бойынша оқыту10мин ІV топ  рөлдік қойылым.

1минут бағалау

«Мюнстенберг»  әдісі.7мин

Жаңа тақырып.

«Топтық жұмыс»

• Өлеңді мәнерлеп оқу (І топ)
• Бөлімдерге ат қою (ІІ топ)
• Өлеңге талдау жасау (ІІІ топ)
ІV топ Рөлдік қойылым. Қарт пен жігіт. Өлеңдегі кейіпкерлерді постер арқылы бейнелеу. Бағдаршам арқылы бағалау.

Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды.
Сергіру сәті 1 минут Ж Молдағалиев мұражайына саяхат (2 минут)  
ІV.  Ой-толғау

«Ойланудың төрт қалпағы» 7мин 1 минут бағалау «Екі жұлдыз бір тілек »арқылы бағалау.

 І топ Өлең тақырыбы бойынша сұрақ қояды (қызыл)
ІІ топ  Өлеңдегі кейіпкерлер бейнесі нақтылап айтып шығады (сары)ІІІ топ. Қарт пен жігіт арасындағы диалогты айтады (жасыл)

ІV топ “Арыңды жасыңнан сақта” мақалының мәнін ашады (көк)

Топтық жұмыс жүреді.
V. Бағалау (1 мин) Бағалау белшесіндегі қорытынды бағамен таныстырады.
 
Оқушылар өздері бағалайды.
VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин) 1.Өзіңе ұнаған шумақты жаттау.2.«Ар-ұят» атты тақырыпта шағыншығарма жазу

3.Ж Молдағалиев әңгімелерін оқу.

Үй тапсырмасын орындайды.
VII.  Рефлекция

(3 мин)

Сабақтан  алған  әсерлері  мен  ұсыныстары туралы  оқушы  ойын  білу  үшін  кері байланыс сұрақтарын береді. Сабақтан  алған  әсерлері мен  ұсыныстарын оқушылар  берілген  сұраққа  жауап  беріп  айтады.

 

 

Оқушының

 аты-жөні

1- тапсырма

Үй тапсырмасын-дағы

 сұраққа жауабы

2-тапсырма

Топтық жұмыстар-дың орындалуы

3-тапсырма

Ойланудың төрт қалпағы.

Қорытынды бағасы
         
         
         
         
         
         
         

 

Бағалау критерийлері:

 

 

 

 

 

 

 

 

Рейтинг: 0
0

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *