Жаңа жылдық шыршада. Мақсаты: Сынып оқушыларын сағына өнеріне баулу. Әр түрлі рөлдерде ойнауға үйрету. Жаңа әндер

23 ноября, 2015 11:42

Жаңа  жылдық  шыршада.

Мақсаты:          Сынып  оқушыларын сағына өнеріне баулу.  Әр түрлі рөлдерде  ойнауға үйрету. Жаңа  әндер , көркемсөздерді  нақышына  келтіріп  орындау, мәнерлеп  оқу  ,дағдысын  жетілдіру. Оқушыларды  бірлесе  отырып  еңбектенуге, өзара достық қатынастардың  дамып, ұйымшыл болуларына, белсенділіктерінің  артуына  мән  беру.

Жүктеу: Жаңа жыл

Қатысатындар:  1,2 – жүргізушілер, Аяз  ата,  Қарша  қыз, Ескі  жыл, Жаңа  жыл, Алдар  көсе, Сиқыршы  сайқымазақтар,  әр  ұлттың  өкілдері.

«Шырша  жыры» әуені  ойналып  тұрады.

Кіріспе  сөз.

Мұғалім:   Армысыздар  қонақтар!

Біздің  жаңа  жыл  тойымызға  қош  келдіңіздер!

Қуант   бізді  таңырқап

Шамдарыңды  жарқырат

Әдемілеп  біз  ілген

Ойыншықтар  тізілген

Қандай  жақсы  шыршамыз

Ән  шырқайық   баршамыз.

Енжарлықты   тастайық

Шырша   тойын  бастайық!

Мұғалім:   Көрсетеміз  өнердің  әр  алуанын

Береміз  би  билеп  те салып әнін

Бастауыш ұландары  алдарыңда

Ілтипатпен  көрермен   қабылдағын.

Айнала  қоршап  шыршаны

Шашылар  шашу  жыр әні,

Мынау әсем шыршаға

Қош  келдіңіздер  балалар!

            Ән: «Туған  жер» — орындайтын   Индира.

1-жүргізуші: Уа  халайық, халайық,

Бәріңе  жар  салайық

2- жүргізуші: Бүгінгі   кеш  төрінде

Бастауыштың  елінде.

1 — жүргізуші: Шабыт тасып шалқысып,

Әндер  бүгін шарықта.

  Қосылып:    Көңілді    кеш    жасайық!

жүргізуші: Шалқытып  мерекеде   ән   салайық.

Өнерпаз  балаларға  тамсанайық.

жүргізуші: Бүгінгі  кештің   нағыз  көркін  ашар,

Әлібек  ағайды  қошеметтеп  қарсы алайық!

Оқу  ісінің меңгерушісі:    Әлібек  ағайға   сөз  берейік.

1-жүргізуші: Күлімдеген  көздері,

Сары алтындай  сөздері

1 – іншінің  бүлдіршіндері

Шетінен  сұлу өздері.

 (Мектепалды  дайындық  сыныбына  кезек  береміз.)

2-жүргізуші:  Шеттерінен  дарындар,

Көздерінде  жалын  бар.

1 – ші  сыныпты  халайық,

Қол соғып, қарсы  алайық,

  • ші сыныптарға кезек  берелік.

1-жүргізуші: Жақсы  баланың  ісіне – халық безбен,

Жаралғандай тұлғасы шабыт сөздер.

2 – інші сынып өнеріне,

Тамашалап  қарайық  ғашық  көзбен!

2-інші  сынып  балаларының өнерін  тамашалайық.

2-жүргізуші: Сәнге толы  балалардың  тірлігі,

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.

3-ші  сыныпты   шақырамыз  ортаға,

Осы  кештің  болар  нағыз  дүлдүлі.

3-ші  сынып  балаларын  ортаға  алайық.

1-жүргізуші: Жалғайтын  достастырып  бар  елменен,

Жолдардан  тұрады  ғой әлем  деген.

Бүгінгі  мерекелік  кешімізде,

Ойынымыз  басталсын  сәлемменен.

2-жүргізуші:  Біздерде  ойын  — сауық  басталады,

Тамаша  күй  тартылып, ән  салады.

Қошеметтеп, қол соғып отырайық,

Ұмытарсыз  жыл  бойғы  шаршағанды.

  • жүргізуші : Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

Шырша  сәнін  көріңдер!

  • жүргізуші: Әсем әнмен  би  билеп,

Күй  жырларын  төгіңдер!

Қосылып:  Жаңа жылдық мерекеге

Қош  келіпсіз  берекеге!

  • жүргізуші: Балалар, жаңа жыл  көркі  Аяз  ата  емес пе?

Аяз  ата  мен  Қарша  қызсыз  жаңа  жыл  бола ма?

  • жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ендеше балалармен қосылып,

    Аяз  ата мен  Қарша қызды, ескі  жылды ортаға  шақырайық.  

            Хор: «Шырша  жыры»

 Барлығы: Аяз  ата, Қарша  қыз. (3 рет)   

 Залға  шанамен  Аяз  ата  мен Қарша  қыз және шананың  алдында  ескі  жыл  келеді. Музыка әуенімен  залға  кіреді.

Аяз ата:   Амансың  ба,  ұлдарым,

                 Амансың  ба , қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай  әсем билерің.

Аталарың  сендерге,

Шаршап  келді  алыстан

Қарша  қыз бен  ескі  жыл,

Олар  да жүр қасымда,

Өздеріңдей  балалармен

Сағынысып   табысқан.

Балалар:   Сәлеметсіздер ме, Аяз  ата,  Қарша  қыз!?

Аяз  ата:  Ал, балаларым, біз  Қарша  қыз  екеуіміз  алыс  жолдан  шаршап  келдік. Ән  айтып, би  билеңдер.Біз  бір  демалайық.

Қарша  қыз: Қараша  ата, қандай  әсем, қандай  сұлу  шыршалар,

Қарашы  әне, ойыншықтар  шырша  басын  нұр  шалар.

Бала  біткен  қуанышты,  бізді  тосын  қалғанба?

Өнерлерін   көрейікші, не  жетеді  әсем  әнді  салғанға,

Ал, балалар, ойын – сауық   көтерейік  көңілді

Гүлдетейік  бір  күн  болсын  тылсым  мынау  өмірді.

Ән  айтып,  би  билеген  балаларға  Аяз  атаның  сыйлықтары  бар. Ал  босқа  тұрмайық, көрсетейік  өнерімізді.

  • жүргізуші: Жаңа   жыл  — туындаған  жаңа  армандар,

Жаңа  жыл – шуылдаған  жаңа  ормандар,

Ал   мынау – мәңгібақи  жаңа  дүние,

О, сәлем, жаңа  жылда   жаңарғандар, — дегендей

Сіздерге  бишілеріміз «Новый  год» биін  билеп  береді.

  • жүргізуші: Біз тілейміз  жаңа  жылдың  шаттығын

Біз  тілейміз  Ақшақардың  пәктігін

Аралаймыз  ақ  ормандай  ойларды

Аялаймыз  ару  қыстың  ақ  түнін, — дей  келе

Аяз  атаға   Индира  мен  Раушан «Аяз  ата  келеді» әнін  орындап  береді.

2 — жүргізуші:  Жаңа   жыл   қайсарлық  пен  жүректілік,

Баратын   болашаққа  білек  түріп,

Біз  жаңа  жылдарға  қол  соғамыз,

Әлемге   жақсылықтар  тілеп  тұрып.

1-жүргізуші: «Жаңа  жыл  келеді» атты  тамашаны  қызықтаңыздар.

  • Әже: Әй,  қыз — ау, сен  неғып  отырсың? Мынау  халық  неге  жиналып  қалған?
  • – Әже: Осы  бәрі жиналып алып,  шулап  жатыр. Балаларға   қарасақ, бәрі тамаша, әдемі киімдер  киіп  алыпты. Не болып  жатқанын  білмеймін.

1-әже: Осы жерде бір керім  тамаша, қызықты болайын деп жатқан сияқты. Соны бірге не болса да көрейік.

Бала: Әжелер, әжелер! Сүйінші, сүйінші! Жаңа  жыл келіп қалды, жаңа жыл келіп қалды. Әжелер , тездетіп  жаңа  жылды  қарсы  алайық.

2-әже: Неғылды  дейді, жаңа жыл келетін  болып  қалды ма?

1-әже: Осы биылғы жыл  қай  жылы болып  келеді?

Бала: Әжелер, биылғы  жыл   ұлу   жылы.

2-әже: А, біз енді қоян жылды шығарып саламыз ба? Қақаған қоянның қысы екен ғой.

Аяз  ата: Ау, балалар біраз ойнап көңілімізді  көтердік,бірақ осы  жаңа жылымыз қайда? Неге   шақырмаймыз?

Қарша  қыз: Балалар, барлығымыз  қосылып ,жаңа  жылды  шақырайық.

Барлығы: жаңа жыл! (3 рет)

Залға  ұшатын  кілемшеге  отырып, жаңа  жыл  келеді.  Кілемнің  4 жағында 4 клоун  жүреді.

1 –әже: Неғып  тұрмыз, жаңа жыл жақсылық  қой.

Ендеше, жаңа  жылды  шашумен  қарсы алайық.

Бала:  Әжелер, мен жаңа  жылға арнаған  көркемсөзді  оқып  берейінші.

Әже: Иә, құлыным, көркемсөзді оқи ғой.

Бала: Жаңа   жыл келді, міне, жерімізге,

Әкелсін құт – береке  елімізге

Жақсылық пен қуаныш  жылы  болып,

Қиындықты  жолатпасын  бәрімізге

Жаңа   жылда алдағы

Көңіл  өсіп  кеңейсін,

Ортақ  ойы, арманы

Жақсы  дәстүр  көбейсін!

Оқ  атпасын ешкім  де,

Өмір  деген  тым  ыстық

Жұмыр  жердің  үстінде

Бұзылмасын  тыныштық!

Әже: Ой, құлыным, рақмет.

Қосылып: Әрі  қарай жаңа  жылды  тойлай  беріңдер.

Аяз  ата:    Амансың  ба,  жаңа  жыл?

Балалар,  биылғы  келген жыл – Ұлу  жылы

Ал,  Жаңа  жыл! Келген  қадамың құтты болсын!

Береке – бірлік, татулық, ырыс  жылы  болсын!

Халықтар  достығы  нығая берсін!

Елбасымыз  самғап  сара  жолымен  үнемі  алға  дами  берейік!

Жүргізуші: Ескі жылымыздың  айтар  тілегі  болар, енді  соны  тыңдап   көрейік.

Ескі  жыл:   Мен  қоянмын, қоянмын,

Мерейі  үстем  қоянның

Өзім  келген  ортаға

Бақ  әкелдім  тоғыз мың.

Мен  келген   жыл құт  береке  орнады

Тілейміз  ғой  бейбітшілік  болғанын

Алғыс  айтып, тойлануда  мына  жыл

Бұл халықтың  маған  көңілі  толғаны

Тапсырамын  мен  ұлуға  шенімді

Бұл  кішкентай  болса  дағы  сенімді

Бақ,  береке  өзіңменен  ала  кел

Тапсырайын  ұлу  саған  елімді

Сау  болыңдар,  балалар,

Келешегі  халқымның,

Ашық   болсын  аспаның

Аман  болсын  жас- кәрің!

Жаңа  — жылым  бақытты,

Аманат  қып  барамын

Балалардың  бір жылғы,

Сауық —  думан  кештерін.

Шыршада  ілулі  тұрған кілтті  алып, жаңа  жылдың қолына  тапсырады.

                            Жаңа  жыл:  Жақсылыққа  бағытталған,

Боламын мен  жаңа  жыл

Жаңа  жылға  бәріңіз,

Жаңа  үмітпен  қараңыз

Қабыл   алдым  аманат,

Жасамаймын  мен  әркез,

Аманатқа   қиянат.

Оқушы:  Біздің  елде  өткен  жылы,

Қоян  жылы  тыныштық.

Ал  ұмтылдық,  біз  есейдік,

Жақсылыққа  тырыстық.

Ескі  жылым  —  Қоян  жылы,

Қош, аман  бол  көргенше!

Сен   сыйладың  бақытты  күн,

Қайта   айналып  келгенше

Талап,  талант,  дарынды.

Өрлеттің  туды  аспанда.

Бойыңнан  бердің  барыңды,

Айналар  бір  күн  дастанға.

    Қарша  қыз:   Аяз  ата,  Ескі   жылды  шығарып  салайық.

  Аяз  ата:   Дұрыс  айтасың, Қарша  қыз! Ал Ескі жыл! Сен құтты жыл  болдың!   Біз  ризамыз  саған, Ескі  жыл!  Біз  сенімен  қоштаспаймыз, тағы  да  кездесеміз.

Ал, сау бол, Ескі  жыл

    Ескі  жыл: Сау  болыңыздар,  кездескенше.

  Барлығы:  Сау  болыңыз,  Ескі  жыл!

1 – жүргізуші: Асыға  күткен, жаңа  жыл,

Кел,  жаңа  жыл,   жаңа  жыл!

Жаңа  заман, жаңа  айлар

Кел, Жаңа  жыл, Жаңа  жыл!

2-жүргізуші:  Жаңа  жылымыздың  ақ  тілегін  тыңдайық

Жаңа жыл:  Сәлем  Аяз  ата,  қарша  қыз!

Сәлем, достар  аман  ба?

Шырша  құрып  алаңға,

Жылға  шашу  шашайық.

Тойлап  көңіл  ашайық!

Жаңа жыл – мереке!

Жақсылық  береке

Қуанып  күлейік,

Қолдасып   жүрейік!

Мерекеміз  жаңа  жыл,

Тойында  қызық  думан  бар!

Жаңа  жыл  бұл  жаңа  өмір.

Сайраңда  туыс  —  туғандар!

Бақытты  болып  жыл  сайын

Осылай  басты  қосайық

Ашық  боп  аспан  әрдайым

Тыныштық   тойын  жасайық!

Жүргізуші: Жаңа жылдың біздің  көңілімізді  ашар  жаңалығы  болар, соны  көріп, тамашалайық.

           Жаңа  жыл:  Жаңа жылда жаңа  бақыт тыныштық

Жаса, жаса  достық, бірлік, туыстық.

Құттықтайық   жаңа  жылда  өнермен.

Қуаныштың  әр минуты  тым  ыстық

Жаңа жылда  өнер  сыйлар  қайсың  бар?

Алға  шығып  өлең, тақпақ  айтыңдар.

Жаңа жылда  сыйлық  алып  қайтыңдар.

демекші   сіздермен   бірге  ойын  ұйымдастырайын.

Ойын:  «Допты  қағу»

 2 — жүргізуші:  Біз  бүгін  сіздерді  ойша   қызықты  саяхатқа  шақырамыз. Яғни, біз  бүгін  әр  елдің жаңа  жылды қалай  қарсы  алатындығымен  танысамыз.

  • жүргізуші: Алдар мен  Сиқыршы  әрбір  ұлт  өкілдерін  бізге   тамашалатады. Солардан  келген  жаңалықтарға  құлақ  түрелік.

 Сахнаға   Алдар  шығады.

Алдар: Мен   Алдармын,  Алдармын,

Шайтанды  да  алдадым.

Алдау  деген  түк  емес,

Сиқыршыны  да  алдаймын  — деп  2 қайтара

Әндерін  айтып  сахнада  жүреді.

Сол  кезде сахнага  Сиқыршы  шығады.

Сиқыршы: О, Алдеке  көңілдісіз  ғой  өзің!

Алдар:  Неге  көңілді  болмасқа,  бүгін бізде  жаңа жылдық  шырша  мерекесі  өтіп  жатыр.  Сен  қайдан жүрсің?

Сиқыршы: Мен  бүгін  өз  сиқырымды  бүлдіршіндерге  көрсетіп, көңілдерін  көтеруге келдім.

Алдар: Қандай  сиқыр көрсетесің?  Не арқылы?

Сиқыршы : Менде сиқырлы  айна  бар. Қарашы  қандай  әдемі  айнаға  қарап тұрып, сиқырлы сөзді айтсам  болды, не  көргің келсе, соны  көруге  болады.

Алдар:  Өзің  білесің  Қазақстан – көп   ұлтты  мемлекет, әр ұлт  өкілдерінің  достығы мен  ынтымақтастығын  жарастырып  отырған – өзіміздің  Елбасымыз.

Сол ұлттар достығының белгісі  ретінде әр  ұлт  өнерін  көрсете  аласың  ба?

Сиқыршы: Қай  елді  көргің  келеді?

Алдар: (Ойланып  тұрыпҮнділерді  көрсете  аласың  ба?

 Сиқыршы:  Бәлі, сол  да  сөз  болып па?  Қазір ( айнаға  қарап)

Айнам  менің  айнам,

Жан  — жағыңды  жайнат.

Үнділердің   өнерін

Осында  әкеп  сайрат

Сүф – сүф – сүф!

Үнділер:  Жаңа  -жыл  құтты  болсын! Бізде  таңертең  ерте  тұрып, өзін  ретке  келтіріп, карнавалдық  костюмдерін  киіп,  халық  көшеге жиналып, өз өнерлерін көрсетеді. Мысалы, аспаз  ас  пісіреді, әнші  ән  айтады, биші  би  билейді.  Біз  енді  биіміз  билеп  берейік, соны  тамашалаңыздар.

          Музыка  қосылып, үнді  биі  биленеді.

 Алдар:  Тамаша, тамаша! Сенің айнаң  шынында да сиқырлы  екен. Енді  мен  орыс  халқының  биін  көргім  келіп  тұр.

Сиқыршы: Сөз  боп  па?

Айнам  менің  айнам

                Жан  — жағыңды  жайнат

Орыстардың өнерін

Осында  әкеп  сайрат

               Сүф – сүф – сүф!

Орыстар:   Мереке  құтты   болсын!  Ресейде  Аяз  ата  мен  Ақша қарды  күтеді. Солармен  ән, айтып, би  билеп, жарыстар  ұйымдастырады. Қане,  бізде  халқымыздың  әуеніне  салып, біраз  серпіліп  алайық.

Музыка  қосылып,  орыс  биі  биленеді.

Алдар:  Ой  ғажап  екен! Енді  қай  халықтың  өнерін  көрсем  болады. Тау  халқының   өнерін  көрсетші.

Сиқыршы:  Айнам  менің  айнам

Жан  — жағыңды  жайнат

Грузиндердің  өнерін

Осында  әкеп  сайрат

Сүф – сүф – сүф!

Грузиндер: Жаңа  жыл  құтты  болсын! 

Грузиндер  өз  жанұясында  болады.  Ұрыс  — керіс  болмайды. Шыршаның  орнына   оларда  мандарин ағашын  ортаға  қойып,  айнала  ертегі  айтып, жұмбақ  шешіп,  ойындар  ойнап, (қарсы  алады) би  билеп  қарсы  алады.

                      Грузиндер   биі   биленеді.

Алдар: Ой  керім екен! Енді  өзбек  халқының  өнерін  көрсетші.

Сиқыршы:  Ол  не  тұрыпты,  Алдеке           

              Айнам   менің   айнам

Жан  —  жағыңды   жайнат

Өзбектердің  өнерін

Осында  әкеп  сайрат

Сүф – сүф – сүф!

Өзбектер:  Мереке  құтты  болсын!  Біздің  елде  пештің  алдында

отқа  қарап  отырып,  отбасында   болған  қиыншылықтар  ескі  жылмен  кетсін, жаңа  жылда жақсылықтар  көп  болсын деп, сағат  тілі түнгі  12 – ші соққанда  есікті  ашып, ескі жылды шығарып , жаңа  жылды  қарсы  алады.

         Өзбек   биі   биленеді.

Алдар:  Енді  мен  татарлардың  өнерін  көргім  келеді.

Сиқыршы:    Қазір,  қазір   Алдеке

                     Айнам  менің  айнам,

Жан  — жағыңды  жайнат

Татарлардың  өнерін

Осында  әкеп  сайрат.

Сүф  — сүф  — сүф!

Татарлар: Жаңа  жыл  құтты  болсын!

Бізде  сол  түнде  сурет  салумен  айналысады.  Бала  өзінің   арманын  сурет  ретінде  салып, жастығының  астына  салып  қояды  да ,  сол  туралы армандап,  арманының  орындалуын  тілейді. Қане, біздер  де  сурет  салып, армандап  көрейікші.

Ортаға  2  оқушы, 2 ата – ана  шығады.

Ойын: «Кім  жақсы  салады?» (көзді   жұмып,  бормен сурет   салу)

Алдар:  Осы  мен  түрік  халқының  биін  көре  алмадым  ғой.

Сиқыршы:  Ой, Алдеке,  қазір , қазір.

Айнам   менің   айнам,

Жан  — жағыңды  жайнат.

Түріктердің  өнерін

Осында   әкеп  сайрат

Сүф – сүф – сүф!

Түріктер:   Мереке  құтты  болсын!

Бізде  сынған  ыдыстарды,  жиһаздарды  лақтырады.  Лақтырса,  үйге  байлық  келеді   деп   есептейді.  Мұржаға  көз  алмай  қарап  отырады, содан  бақыт, байлық  әкелетін  сиқыршы  келеді  деп  күтеді.  Көңілімізді   көтеру  үшін  сіздерге  билеп  берейік.

          Түрік  биі      биленеді

Алдар:   Осы біздің   өзіміздің   қазағымыз  қайда?  Қазақтың  өнерін  тамашалайын.

Сиқыршы:   Айтпақшы, Алдеке!     Қазағымыздың   өнерін   тамашаланныз  ғой.

                    Қазір , қазір.

Айнам    менің    айнам,

Жан  —  жағыңды   жайнат.

Қазақтардың  өнерін

Осында  әкеп  сайрат

                     Сүф  — сүф – сүф!

Қазақтар:  Жаңа   2015  жыл құтты  болсын!

Ал  біздің  Қазақстанда  жаңа  жыл  қашан  тойланады

Балалар:  Наурыз  айында

Қазақтар:  Дұрыс  айтасыңдар, балалар.

Ал  біз  бүгін  бүкіл  әлем  бойынша  тойланатын  жаңа  жылды  қарсы  алып  отырмыз.  Жаңа   жылда  жаңа  табыс, бақыт  тілейміз.

Өзіміздің  «Қаражорға»  биін  билеп  берейік.

Алдар: Ой, ризамын  саған,  рақмет. Осы  сиқырлы  айнаңды  маған  сыйлап   кетші.

Сиқыршы:  Жарайды, сыйладым  саған  айнаны.

Сенің  елің,  Қазақстандағы  ұлттар  достығы  нығая  берсін!  Мені  басқа  елдің  балалары  шырша  маңында  тосып  отыр. Соларға  барайын.

Алдар:  Рақмет   саған  сиқыршым!

Алыс   жолға   аттанып   барасың, жолың  болсын! Шығарып  салайын.

Сау  бол.

                   Екеуі   сахнадан  түсіп  кетеді.

  • жүргізуші: Ал , балалар , сиқыршы мен  Алдардың  өнеріне  ризасыңдар  ма ?

        Залдан:  Ризамыз, ризамыз!  Рақмет!

  • жүргізуші: Біз   балдырған   тең  басқан

Дос  құшағы  елге  ашқан

Тілегіміз  бейбіт  күн

Ашық  болсын  кең  аспан

Ән: « Қазақ  жігіттері » —    орындайтындар     Абылай,  Асылбек

    1 – жүргізуші:                   Мың  бұрала  билеген

Бишілер  бар  біздерде

Кукарелла  биін  қазіргі

Тарту  етеді  сіздерге

                 Би:  «Кукарелла » — билейтіндер  бишілер  тобы.

  2 – жүргізуші:   Қарша  қызымыздың   өнері  болар, соны  тамашалайық.

                  Қарша  қыздың  орындайтын  әні:

 Аяз  ата:  Ал,  балалар,  біз  Қарша  қыз  екеуіміз  тамаша  демалдық. Ойнадық, ән  айтып, би  биледік. Біздің баратын  жерлеріміз көп. Сендер  сияқты  талай бүлдіршіндер  тағатсыздана  тосып  отыр.

Біз Қарша  қыз  екеуіміз  аттанайық. Сау  болыңдар,  балалар!

Қарша  қыз: Сау  болыңдар,  балалар!  Келесі  жаңа  жылда  кездескенше.

Барлығы:   Сау болыңыздар, Аяз  ата  мен  Қарша  қыз!

 жүргізуші: Көрсетеміз өнердің  әр  алуанын

Береміз  би  билеп те, салып  әнін, — дегендей

Жайнагүл  Испан  биін  билеп  береді.

2-жүргізуші: Жайраңдап  жаңа  жыл келді.

Бар аймақ жаздай  түрленді

Қуаныш  май гүліндей  төрге  сыймай,

Көңілдер  жас  үмітпен  гүлденеді, — дей келе

Жаңа – жылдың өнерін  тамашалаймыз.

Ән: «Ақша  қар» — орындайтындар Тоғжан  Индира.

  • жүргізуші: Бүгін  міне  қазақ  халқы  азат  болды,

Орын  алды  тарихтың  төрінен

Бақыт  тапты, шаттық  қөрді

Қош  айтысып  сан  ғасырмен  жөнімен.

    Ән: «Отырардағы  той» — орындайтын  Сағыныш

  • жүргізуші: Ағылсын жыр  толқыны

Кеудеге  нұр толсын

Жеңісті  жемісті

Бақытты  жыл  болсын!

Ән: « Шырша  әні» — орындайтын  Раушан.                                

Жастар  биі – билейтін     Саттар

Қосылып: Жаңа   жыл  құтты  болсын! 3 рет

Қорытынды:

Мұғалім:   Мерекеміз  жаңа  жыл, тойында  қызық  думан бар

Жаңа жыл  бұл  жаңа өмір:  сайранда туыс — туғандар

Бақытты  болып  жыл  сайын,  осылай  басты  қосайық.

Ашық  боп  аспан  әрдайым,  тыныштық  тойын  жасайық!

Мұғалім:  Қарсы алдық міне, сағынып жаңа жылды

Төгілтіп, әсем күй мен жаңа  жырды

Баршаңыз  аман  болып, сау – саламат

Бел  асып  аттаңыздар   небір  қырды.

 

Жүктеу: Жаңа жыл


0

Автор публикации

не в сети 8 лет

Arailum

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 09-11-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля