ТҰҚЫМ, ҰРЫҚ ЖӘНЕ ӨСКІН МОРФОЛОГИЯСЫ

12 февраля, 2015 21:16

ТҰҚЫМ, ҰРЫҚ ЖӘНЕ ӨСКІН МОРФОЛОГИЯСЫ

Өсімдіктер организмнің негізін құрайтын және оның өмір сүруінің негізгі қызметтерін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады . Тұқымды өсімдіктердің негізгі вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ тұқымның ұрығынан бастама алады. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым суды сіңіріп, ісінеді де, өскін (plantula) түзіледі. Бірінші тамыры өсе бастап осының нәтижесінде өскін топыраққа бекінеді.

Ұрық тамыршасынан негізгі тамыр пайда болады . Көптеген өсімдіктердің сабағы иілген болып келеді. Кейіннен сабақ тік қалыпқа енеді. Кейбір өсімдіктердің (күнбағыс, үрмебұршақ) өскіндерінде тұқымжарнақ топырақ беткейіне шығып, жасылданады, уақытша жапырақтың қызметін атқарады . Тамыр мен сабақтың аралығын тамыр мойыны деп атайды. Тұқымжарнағы жапырағы мен тамыр мойыны аралығындағы сабақ бөлігі гипокотиль деп аталады (тұқым жарнағының астыңғы иіні). Барлық қос жарнақты өсімдіктердің гипокотилі жақсы көрінбейді . Кейбір өсімдіктердің гипокотилінің ұзындығы өте кіші, ол топырақтың астында қалғандықтан, тұқым жарнағы топырақтың үстіңгі қабатына шықпайды. Тұқым жарнағы мен алғашқы нағыз жапырақтың арасындағы сабақ аймағы эпикотиль деп аталады (тұқым жарнағының үстіңгі иіні). Өскіннің алғашқы нағыз жапырағының ересек өсімдікке тән формасы болмайды, сондықтан ювенильді деп аталады .

Астық тұқымдасының тұқымы өнгенде тұқым жарнағы тұқымда қалады . Ол эндоспермнің қорек заттарын сіңіреді . Топырақ арқылы ұрық жапырақшасы – колеоптильмен қоршалған бүршік шығады . Алғашқы нағыз жапырақ колеоптильді жарып шығады.

 

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Anuar

0
Комментарии: 0Публикации: 17Регистрация: 15-05-2014

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля