Қазақ ханымдары мен арулары

13 декабря, 2015 17:16

 

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Аудандық оқушылар үйі

«Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі Жаудатова Перизат Садақбайқызы

Электронды пошта: piton94-94@mail.ru

 

 

Қазақ ханымдары мен арулары

(дөңгелек үстел)

 

 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында аудан орталығындағы кент мектептері арасында өтетін «Қазақ ханымдары мен арулары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің

 

С Ц Е Н А Р И Й І

 

Өтетін орны: Аудандық оқушылар үйі

 

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар! Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткелі отырған «Қазақ ханымдары мен арулары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қош келдіңіздер.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — Қазақ хандығының қалыптасуы жолында ел басшыларына, батырлар мен билерге,  сұлтандар мен сардарларға асыл жар, сенімді кеңесші, зерделі қабырға болған  ханымдар мен арулардың, әйел тұлғалардың қайраткерлігін насихаттау. Қазіргі қоғамдағы ана мен қыз, әке мен ұл, ата-ана мен оқушы, ене мен келін, қоғам және әйелге қатысты құндылықтар мен салт-дәстүрлердің маңыздылығын түсіндіру.  Сіздерді осы мақсатта дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

Жүргізуші: Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын алдымен бейнебаянға назар аударуларыңызды сұраймын.

Жүктеу: Қазақ ханымдары мен арулары

 

«Ұлы дала ханымдары» бейнебаяны көрсетіледі.

 

Жүргізші: Қилы-қилы замандарды бастан кешірген қазақ тарихының талай парақтарын артына өшпес із қалдырған әйел-аналар толықтырып жатыр. Қиын-қыстау кезеңдерде қол бастап, тұтас елге басшы бола білген  әйел-аналар талай толағайларды дүниеге әкеліп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды да ұмытқан жоқ. Қазақ ұлықтайтын талай тұлғаның батырлығы мен тө­зімділігінің, көсемдігі мен ше­шендігінің қайнар көзі — аналар­дан бастау алады. Қазақ халқының тарихында хандық дәуірде өмір сүрген, тарихи кезеңдерде көшбасшы болған қазақтың  әрбір ханының, даңқты жауынгердің, батыл да батыр жігіттің  ақылшысы мен көмекшісі, сенімді серігі, жан досы, жары болған дана да тамаша ана-әйелдер Айбике, Айғаным,  Күнімжан, Бопай ханымдар, атақты батыр ұшқыш Хиуаз Доспанова жайлы және желтоқсан көтерілісінің құрбандары болған аруларымыз Сабира Мұхамеджанова,  Ләззәт Асанова сияқты қайсар қазақ қыздары  қашанда құрметке лайық. Ханға әділдігін айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Фатима ханшалар, жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, есімдері тұтас жұрттың тәрбие бесігіне айналған Ұмай ана, Домалақ ана, Нүрила, Қызай, Қойсана, Қарқабат, Дәулетбике сынды аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай бермек. Өйткені олар – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тәлім-тәрбиенің ұраны мен қағидатына айналған асыл тұлғалар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Әйел — ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым дей келе сіздердің дайындап әкелген баяндамаларыңызды тыңдауға кезек берсек.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамасын тыңдау.

Жүргізуші: Дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген аналарымыз бен апаларымыз, қолға қару алып жауға шапқан қазақ қыздары туралы өз ойларыңызды ортаға сала отырыңыздар.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен пікір алмасу.

Жүргізуші  Мен қазақ қыздарына қайран қалам.
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, -деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай қазақ қыздары әсем де сұлу ажарларымен, батыл да қайсар ержүректіліктерімен, ұяң да балғын нәзіктіктерімен ғасырдан-ғасырға аңыз болып келе жатқандары баршамызға аян. Кешегі өткен Қарашаш, Жібек пен Баян, Еңлік апаларымыз ажарларына ақылы сай асқан арулар болған болса, Әлия мен Мәншүк апамыз ержүрек батырлық, тайсалмас табандылық көрсетіп батыр атанды. Бүгінде ел аузынан түспей жүрген үлкен өнер иелері Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Әмина Өмірзақова, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Айман Мұсаходжаева  сынды апайларымыздың өзі бір төбе емес пе?

Дөңгелек үстелге қатысушыларға сұрақтар қойылады.

1.Қазіргі қоғамдағы басшылық қызметтегі қазақ қазақ қыздарынан кімдерді білесіздер?

2.Бұрынғы аналарымыздың ұстанған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын  қазіргі аналарымыз қаншалықты  деңгейде қолданып жүр деп ойлайсыздар?

  1. Ұлтты тәрбиелеген қазақ аналары мен аруларының есімдерін жаңғыртып, бүгіннің рухани қажетіне жұмсай алуымыз үшін қандай жұмыстар жасауымыз қажет?
  2. Иісі қазаққа аты мәшһүр, халқымыздың қаһарман ұлы, батыры Бауыржан Момышұлының келіні, өзінің инабаттылығы мен кішіпейілділігімен халқының ортақ келініне айналған, үлгілі ана, бақытты әже болып отырған Зейнет Ахметова апайымыз: «Егер біз «ел боламыз, ұлтымызды, тілімізді сақтап қаламыз, ұрпағымыз білімді, парасатты, ертеңгі күнгі елге ес болатын, халыққа сүйеу болатын биік тұғырларға шығатұғын азамат болсын» десек ең алдымен әйел ананың жағдайын түзеуден мемлекет еш нәрсесін аямауы керек» — деген екен «Қазақ елі» газетіне берген сұхбатында. Бұл жайында айтар ой-пікірлеріңіз қандай?

Жүргізуші: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым.Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты,

мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі» — деп Мұхтар Мағауин ағамыз айтқандай біздің аналарымыз ең асыл, ең ардақты.

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақ мемлекеттілігін қалыптастырып, дамытуға үлес қосқан ханымдар мен арулардың ұлт алдындағы еңбегін байыптап, тағылымды өмірлерін өздеріне үлгі тұтар қазақтың аналары арамызда аз емес. Мәңгілік елімізде осы тарихи әйел тұлғалардың  ізбасар қыз-келіншектері көбейе берсін дей келе, бүгінгі дөңгелек үстелімізге қатысушыларға және қонақтарға сөз береміз.

 

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні.

Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып, тұшымды ой білдіргендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз. Қош, сау болыңыздар!

Жүктеу: Қазақ ханымдары мен арулары

0

Автор публикации

не в сети 8 лет

piton94-94

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 02-12-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля