Қосжарнақты және даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

[add-bookmark]

Қосжарнақты және даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

1- тапсырма. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

2- тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

3-тапсырма. Сүректі өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..

Жапырағының көлденең кесіндісі: жоғарғы және төменгі эпидермис, ассимилияциялық ұлпа- мезофилл, өткізгіш шоқтар және арқаулық ұлпаның клеткаларынан тұрады. Жапырағы- бифациальды. Жапырақ тақтасының жоғары бетінде бағаналы, төменгі беткейінде борпылдақ мезофилл орналасқан. Орталық өткізгіш шоқ коллатеральды жабық, склеренхима клеткаларымен қоршалған.

Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Жапырағы бифациальды. Жапырақтың адаксиальды беткейінде 2 қатар бағаналы, абаксиальды беткейінде борпылдақ мезофилл орналасқан. Торлы жүйкелену болғандықтан ортаңғы өткізгіш шоқ ірі, коллатеральды, ол склеренхима клеткаларымен қоршалған.

Жалаң мия, Солодка голая Glycyrrhiza glabra L.

Жапырағы изолатеральды. Эпидермистен кейін 2 қатар бағаналы ұлпа орналасады. Олардың аралығында 3 қатарға дейін борпылдақ ұлпа клеткалары орналасады. Мезофиллде сары- қоңыр түске боялған танниндер бар. Ортаңғы жүйкені ірі, коллатеральды өткізгіш шоқ түзеді. Ол склеренхима клеткаларымен қоршалған.

2- тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

Жаздық бидай Казахстанская раннеспелая сорты жапырағының анатомиялық құрылысының көлденең кесіндісі: жабындық, негізгі және өткізгіш ұлпалар жүйесінен тұрады.

Ортаңғы бөлігінде паренхима клеткалары бір-бірімен тығыз байланыспаған, арасында клетка аралықтары болады. Жапырақ тақтасының барлық клеткаларында хлоропластар кездеседі.

Өткізгіш шоқтар — коллатеральды, ксилема жапырақ тақтасының жоғарғы, флоэма — төменгі беткейіне қарай орналасқан. Өткізгіш шоқ клеткалардың екі қатарымен қоршалған. Арқаулық ұлпа — склеренхима өткізгіш шоқтың жоғары және төменгі жағында орналасқан (сурет 1).

 

Жаздық бидай жапырағының анатомиялық құрылысы

1 — эпидермис; 2 — склеренхима; 3 — өткізгіш шоқ; 4 — мезофилл; 5 — паренхима

Сурет 2

ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Өркен деген не?

2. Өркеннің негізгі бөліктерін кестеден, гербарийден және тірі өсімдіктерден көрсетіңіз.

3. Өркен метамерлілігі деген не?

4. Қандай өркендерді ұзарған және қысқарған өркен деп атайды? Олардың бір-бірінен сыртқы пішіні және атқаратын қызыметтері жағынан қандай айырмашылықтары бар?

5. Өркендер жүйесі деген не және ол қалай түзіледі?

6.Бүршік деген не? Бүршіктің қандай түрлері бар?

7. Вегетативті бүршіктің құрылысы жағынан генеративті және вегетативті-генеративті бүршіктерден айырмашылықтары қандай?

8. Орналасуына қарай бүршіктің түрлерін атап, гербарийден көрсетіңіз.

9. Жапырақ дағы, өткізгіз шоқтар ізі және бүршік сақинасы деген не? Бұлардың бұтақтың жасын,өсімдіктің

10. Бұтақтанудың биологиялық мәні неде?

11. Дихотомиялы бұтақтанудың моноподийлі және симподийлі бұтақтанудан қандай айырмашылығы бар?

12. Дихотомиялы бұтақтанудың жалған дихотомиялы бұтақтанудан айырмашылығы неде?

13. Жапырақтың орналасуының қандай түрлері бар?

14. Өркеннің қандай түрлері бар?

15. Сүректі өсімдіктердің шөптесін өсімдіктерден айырмасы қандай?

16. Сүректі өсімдіктерді ағаш,бұта,бұташық бір-бірінен қалай ажыратады?

17. Шөптесін өсімдіктерді бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық бір-бірінен қандай белгілері бойынша ажыратады

 

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.

2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.

3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.

4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.

5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.

2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.

3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982

4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964

5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980

 

 

 

Рейтинг: 0
+2

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *