Қос- және даражарнақтылар тұқымдары мен өскіндерінің құрылысы.

[add-bookmark]

Қос- және даражарнақтылар тұқымдары мен өскіндерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты:Тұқым құрамындағы ұрықтың өсімдік негізі екендігіне көз жеткізу.Қос-және даражарнақтылар дәндері мен өскіндерінің,тамырларының құрылысының ұқсастық ерекшеліктерін

анықтау.

Сабаққа қажетті обьектілер мен құрал-жабдықтар.

алдын-ала жібітілген кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus Vulgaris), жұмсақ бидай (Triticum aestivum), кәдімгі арпа (Hordeum Vulgare), егістік асбұршак (Pisum Sativum) тұқымдары мен алдын-ала өсірілген өскіндері. Қол лупасы,пинцет,сапты инелер. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.

1- тапсырма. Даражарнақты бидай дәндерінің сыртқы құрылысының суретін салып, оның өзара ерекшеліктерін көрсету қажет .

2- тапсырма. Қосжарнақтылар үрмебұршақ дәндерінің сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін көрсетіп, суретін салу.

3- тапсырма. Бидай және бұршақ өскіндерінің морфологиялық құрамын және тамыр түрлерін көрсету.

ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ

1- Тапсырма. Дара жарнақтылардың эндоспермді тұқымы.

Бидай дәнін сыртқы қабыршақтарынан тазартып,шынының үстіне қойып, лупа арқылы қараңыз. Онда тұқымның сыртын жауып, тұқым қабығымен ты-ғыз кіріккен жұқа, жылтыр қабат-бидайдың жеміс серігі көрінеді.Тұқымның анатомиялық құрылысын анықтау үшін,бидайдың жібітілген дәнінен ұзын- нан тіліп, микроскоп арқылы қараңыз (7х8,15х8). Препараттан дәннің екі бөлімі-ұрық және эндосперм жақсы байқалады.

Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда ұрық тамыршасы оның тамыр оймақшасы, тамыр қынабы-колеориза, ұрық сабақшасы (гипокотиль) және бүршік бөлімдері бар. Бүршік-ұрық жапырақшаларымен жабылған сабақтың бой конусы. Сыртқы ұрық жапырақшасы-колеоптиль деп аталады. Ол бүршікті өсу барысында топырақ қабаттарының механикалық әсерінен сақтайды. Түрі өзгерген тұқымжарнақты-қалқанша эндоспермге жанасып орналасады. Редукцияланған екінші тұқым жарнағы -эпибласт қалқаншаға қарама-қарсы, ұрық сабақшасы жағында жатады. Кейбір астық тұқымында эпибласт болмайды.

Препаратты жылжытып, эндосперм шет жағында белоктың майда, түйіршіктерінен, алейрон дәндерінен тұратын алейрон қабатын және бұл қабаттан ішке қарай тұқымның орталық бөліміндегі күрделі крахмал дәндерін қараңыздар.

2-тапсырма Қос жарнақтылардың эндоспермсіз тұқымы.

Қол лупасы арқылы үрмебұршақ тұқымның сыртқы құрылысын қараңыз. Тұқымның сырты тұқым қабығы-спермодермамен жабылған.Тұқымның ойыстау келген бауыр жағын-да ақшыл сопақша тұқымдақты (рубчик) табыңыз. Тұқымдақпен бір сызық бойында тұқым саңылауы (микропиле) көрінеді. Тұқымдақтан төменірек тұқым бүрінің тұқым тірсегімен кірігуінен пайда болған сызат өтеді, ол тұқым тігісі деп аталады.

Бөрткен тұқымның тұқым қабығын сыдырып, ұрық тамыршасы, ұрық сабақшасы және бүршіктен тұратын пішіні бүйрек тәрізді екі тұқым жар-нағы жатады. Тұқымда эндосперм жоқ екенін көреміз. Қоректік заттар ұрықтың тұқымжарнақтарында жиналған, клеткаларында алейрон және крахмал дәндері бар.

3-Тапсырма. Қос жарнақтылардың өскіні.

Әртүрлі мерзімде өсірілген үрмебұршақ және асбұршақ өскіндерін талда-ңыздар. Негізгі тамыр, оның ұрықтың қай бөлімінен өсіп шығатынын;

жанама тамырлар,олардың қайдан жетілетінін; өскіннің тамыр мойнын; тұқым жарнағының астыңғы қылтасын (гипокотиль); тұқым жарнақтары, олардың өскіндерінде орналасу ерекшеліктерін; тұқымжарнағының үстіңгі қылтасын (эпикотиль); саны екеу,алғашқы нағыз жасыл жапырақтарын; буынын; буынаралықтарын; бүршіктерін тауып, салыстырмалы сипаттама берініз.

Даражарнақтылардың өскіні.

Жұмыс барысында қосжарнақтылар өскіндерін талдау бағытында жүргіземіз .Бидай мен жүгері өскіндерінен:негізгі тамыр,жанама тамыр,қосалқы тамыр, колеоптиль және саны біреу жасыл жапырақты тауып, өскіннің жер асты өсуіне жататыны анықталады.

ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тұқым қандай қызмет атқарады.?
  2. Толық жетілген тұқымның бөлімдерін атаңыз.
  3. Тұқым бөлімдері (тұқым қабығы,ұрық,эндосперм) тұқым бүршігінің қандай бөліктерінен және қай уақытта пайда болады.
  4. Ұрықтың мүшелерін атаңыз.
  5. қандай пайда болады,оның эндоспермнен айырмашылығы.?
  6. Колеориза,колеориза,эпибласт қандай өсімдіктер тұқымдарына тән?

7.Тұқымжарнақтарының атқарған қызметі?

  1. Тұқымның өсуіне қажет жағдайлар қандай?
  2. Қосжарнақтылардың өскініне тән бөлімдерін атаңыз?
  3. Тамыр мойыны, гипокотиль, эпикотиль деген не?

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.
  2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.
  3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.
  4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.

5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

  1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
  2. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.
  2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
  3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982
  4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964
  5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980
Рейтинг: 0
+2

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *