ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

12 февраля, 2015 21:17

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тамыр-негізгі вегетативті мүше . Тамыр осьті апикальді мүше немесе төбе меристемасы арқылы ұзындыққа өсетін мүше . Сабақтан айырмашылығы — онда ешқашанда жапырақтар пайда болмайды және апикальді меристема тамыр оймақшасымен қапталған .

Негізгі атқаратын функциясы — су және минералды заттарды топырақтан сіңіру .

Қосымша атқаратын функциясы :

А) Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді, вертикальді өсуіне жағдай жасайды .

Б) Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді ( көптеген аминқышқылдар, гормондар, алколоидтар) және өсімдіктердің басқа мүшелеріне жеткізіледі .

В) Тамырда қор заттар жинақталады .

Г) Тамыр басқа өсімдік тамырларымен, топырақтағы микроорганизмдермен, саңырауқұлақтармен байланысады .

Бір өсімдіктегі тамырлар жиынтығы тамыр жүйесін құрайды . Тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр кіреді. Негізгі тамырдан бұтақтанған тамыр — жанама тамыр . Өсімдіктің жер үсті мүшелері сабақтан пайда болған тамыр қосалқы тамыр деп аталады . Тамыр жүйесінің 2 типі бар кіндік және шашақ. Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы жетілген, қос жарнақтылар класының тұқымдастары (Ranunculaceae, Papaveraceae, Fabaceae). Шашақ тамыр жүйесі –дара жарнақтылар класының тұқымдастары –Liliaceae, Poaceae тұқымдастарына тән.

Тамырдың өсу зонасы. Тамырдың апикальды меристемасының клеткалары тамыр оймақшасымен қоршалған. Тамыр оймақшасының астыңғы жағында бөліну аймағы орналасқан. Клетканың мөлшері –1мм. Бұл аймақтан жоғары -өсу аймағы, клеткалар өте тез ұзынынан ұлғаяды. Тамыр түкшелері орналасқан аймақ сору аймағы деп аталады. Бұл түкшелердің сіңіру беткейі үлкен болады және топырақтан су мен минералды заттарды сіңіреді. Сіңіру аймағы мен сабақтың негізгі аралығы өткізу аймағы.

Тамырдың микроскопиялық құрылысы. .Егер тамырдың сору аймағынан көлденең кесінді жасасақ, мынадай құрылысты көреміз. Ішкі бөлік – орталық цилиндр, сыртқы бөлік – алғашқы қабық . Ол тамыр түкшелері бар клеткалардың бір қабаты– эпиблемамен қапталған. Алғашқы қабықтың сыртқы қабаты –экзодерма, ол тығыз орналасқан, көпбұрышты клеткалардан тұрады. Клетка қабықшасы сүректеніп, қорғаныш функциясын атқарады. Одан соң негізгі паренхима орналасқан, ол алғашқы қабықтың негізгі массасын құрайды. Эпиблема және паренхима – сору қызметін атқарады. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты – эндодерма, ол клетка қабырғалары да сүректенген, алайда эндодерма клеткаларының арасында тірі жұқа қабырғалы -өткізгіш клеткалар болады, ол арқылы су мен минералды заттар –орталық цилиндрге келіп түседі .Өткізгіш клеткалардың цитоплазмасы таңдамалы өткізгіштігімен ерекшеленеді.

Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты перицикл –меристематикалық активті бір қатар орналасқан тірі паренхима клеткасынан тұрады. Перициклден кейде жанама тамырлар түзіледі, кейде оны тамыртүзгіш деп атайды. Орталық цилиндрдің орталық бөлігінде радиальды өткізгіш шоқтар болады.

Тамырдың түр өзгерістері.

Тамыр метаморфозы. Тамырлар кейде ерекше қызмет атқарғандықтан, осыған байланысты қызметі өзгеруі мүмкін (метаморфозданады).

Микориза және бактериялармен бірге өмір сүруі. Көптеген өсімдіктердің тамырлары топырақ саңырауқұлағы мен бірлесіп өмір сүруі мүмкін. Өсімдік тамырлары мен саңырауқұлақ гифтері-микориза түзеді (саңырауқұлақ-тамыр “грибокорень”).

Жоғары сатыдағы өсімдікпен және саңырауқұлақ бір-біріне пайда келтіріп өмір сүреді-симбиоз күйінде. Саңырауқұлақ компоненті тамырдың су мен минералды заттарды алуын жеңілдетсе, саңырауқұлақ өсімдіктерден көмірсулар, органикалық заттар алады.

Егер саңырауқұлақ гифтері тамырдың сыртын қоршап жатса-ол микориза-эктомикориза. Ағаш және бұталы өсімдіктерге тән. Егер барлық гифтер өсімдік тамырының ішінде жатса-эндомикориза деп аталады, шөптесін өсімдіктерде кездеседі (қайың саңырауқұлақтары).

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Anuar

0
Комментарии: 0Публикации: 17Регистрация: 15-05-2014

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля