ӨСІМДІКТЕР ҰЛПАЛАР

12 февраля, 2015 21:04

ӨСІМДІКТЕР ҰЛПАЛАРЫ

Өсімдіктер ұлпасы атқаратын қызметі, құрылысы, шығу тегі және өсімдіктер мүшелерінде орналасуы ұқсас клеткалар тобы.

Өсімдіктер тіршілігінде физиологиялық ролі және маңызы жөнінен ұлпалардың мынадай түрлері бар: түзуші ұлпалар (меристемалар), ассимиляциялық ұлпалар, қорлық ұлпалар, аэренхима, сорушы ұлпалар, жабындық ұлпалар, заттардың өтуін реттеуші ұлпалар, бөліп шығарушы ұлпалар, арқаулық ұлпалар, өткізгіш ұлпалар.

Өсімдіктердің құрылысы көптеген миллион жылдар барысында күрделенді. Эволюция процесінің барысында жаңа ұлпалар пайда болады, ұлпалар құрамына кіретін әртүрлі клеткалар типтерінің саны да артты. (Мысалы, бактериялар мен примитивті балдырларда барлық клеткалар бірдей, тек клетканың ерекшеленуі ғана байқалады. Мүктерде — 20, папоротниктәрізділерде 40 — қа жуық, ал жабықтұқымды өсімдіктерде – 80 ке жуық клеткалардың әртүрлі типтері бар. 1988 жылы профессор Н.С. Воронин классификациясы:

І. Түзуші ұлпалар (меристема)

  1. төбе (апикальды)
  2. жанама (бүйір)(латеральды)

а) бірінші ретті (прокамбий, перицикл)

б) екінші ретті (камбий, феллоген)

  1. қыстырмалы (интеркалярлы)
  2. зақымданушы (травматич)

ІІ. Ассимиляциялық ұлпалар.

ІІІ. Қор жинаушы ұлпалар.

  1. Аэренхима.
  2. Қорғаныш ұлпалар.
  3. Газ алмасу және транспирация қызметін реттеу және механикалық қызмет атқаратын сыртқы жабындық ұлпа.

а) бірінші ретті (эпидерма)

б) екінші ретті (перидерма)

в) үшінші ретті (қабық және ритидом)

  1. Сору қызметін қамтамасыз ететін сыртқы қорғаныш ұлпа.

а) ризодерма, б) веламен

  1. Заттардың өтуін реттейтін қызметті қамтамасыз ететін ішкі қорғаныш

ұлпа.

а) эндодерма, б) экзодерма, в) жапырақтың өткізгіш шоқтарының клетка лары.

  1. Бөліп шығарушы ұлпалар.
  2. Сыртқы: а) бізді талшықтар (трихондар) және өсінділер (эмергенцы).

б) нектарниктер.

в) гидатодтар.

  1. Ішкі: а) бөліп шығарушы клеткалар (эфир майлы, смолалы, танинді)

VII. Механикалық (тірек қызметі) ұлпа

  1. Колленхима.
  2. Склеренхима, а) талшық, б) склереид.

VIII. Өткізгіш ұлпа.

  1. ксилема (сүрек)
  2. флоэма (өзек)

Меристемадан басқа ұлпалар тұрақты ұлпалар деп аталады.

Эпидерма — (эпи — сыртқы, дерма — тері) -ең сыртқы тобынан құралған жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Эпидерманың басты қызметі- транспирация азайту және газ алмасуды реттеу. Сонымен қатар ішкі ұлпаларды зақымданудан қорғап, мүшелерге беріктік қасиет береді. Эпидерма арқылы сыртқа эфир майы шығады. Эпидерма күрделі ұлпаларға жатады. Құрамына әр түрлі морфологиялық клеткалар кіреді.

  1. Эпидерманың негізгі клеткалары
  2. Усьтиценің түйістіргіш және қосымша клеткалары.
  3. Трихомдар, яғни эпидерма клеткаларының өсінді түріндегі туындылары.

Эпидермада устьице клеткаларының типтері:

  1. Аномоцитті (ретсіз) устьиценің жанама клеткалары болмайды.
  2. Анизоцитті (тең клеткалы емес) устьице 3 жанама оның 2 бірдей, 1 кішілеу клеткаларын қоршаған.
  3. Парацитті (ІІ клеткалар) — 1 немесе бірнеше жанама клеткалар устьиценің ұзындық өсіне ІІ орналасады.
  4. Диацитті (аиқас) устьиценің 2 жанама клеткалары болады, олардың бір — біріне ортақ қабырғасы өзінің, ұзындық өсіне перпендикуляр орналасады.
  5. Актиноцитті (жұлдызша сәулелі клеткалар) — устьице бірнеше жанама клеткалармен қоршалған, олардың ұзындық өсі түйістіргіш клеткаларға радиальды (сәулелі)орналасады.

Эмергенцтер — эпидерма клеткаларына терең жатқан ұлпа клеткаларынан пайда болады.

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Anuar

0
Комментарии: 0Публикации: 17Регистрация: 15-05-2014

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля