Әйтеке би

4 февраля, 2016 1:13

Кіші жүз билері

Әйтеке би

Әйтеке Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Қоканға (1622 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.

Жүктеу: Әйтеке би

Елдің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?
Елінің сағын сындырса,
Ер мұратқа жетер ме?
Ел тірегі Ері,
Ер тірегі Елі бола білген қауымның
Басынан бағы кетер ме?
Есті еріңді ез тұтсаң,
Өзіңді өзің қорларсың.
Есеріңді ер тұтсаң,
Іргемізден жау кетпей,
Төрімізден дау кетпей,
Сойқанға сойқан жолығып,
Сорларсың да зарларсың. Әйтеке би

Ел мұраты көрешек,
Ер мұраты келешек.
Көрешегін күйттеген-
Түбі қоймас сүрінбей.
Келешегін күйттеген-
Түбі қоймас сүрінбей.
Әйтеке би

Суды көп кешсең шалшық,
Сөзді көп сөйлесең тантық,
Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
Көп шайна, аз жұт түйілмейсің.
Көп ойла, аз сөйле жаңылмайсың.
Сөзді асылын бүгін ойлап, ертең айтқан озады.
Кешкі ой тақыл,
Таңғы ой ақыл.
Өнімсіз сөз өлген сөз.
Сөзің өлгенше, өзің өлгенің дұрыс. Әйтеке би

Жетелі ер адаспас-
Бабадан қалған сөз бар ғой.
Жетелі ел адаспас-
Бағыздан қалған жол бар ғой. Әйтеке би

Даңққа тұлпар дүлділдігімен жетеді,
Ер-азамат білгірлігімен жетеді. Әйтеке би

Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би

Бата Құранның анасы,
Айтады ердің данасы.
Атадан бота қалмасын, бата қалсын.
Ботаның құны бір-ақ жұт,
Батаның құны мәңгілік құт.
Жаңбырмен жер, батамен ер көгереді.
Атадан пұл қалмасын,
Елін, жерін ойлар ұл қалсын.

Әйтеке би

Назарларыңызға  рахмет!

Жүктеу: Әйтеке би

0

Автор публикации

не в сети 8 лет

gulziya

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 03-02-2016

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля