Бала әлем аясында

[add-bookmark]
5356

Ата-аналар жиналысы

Бала әлем аясында

Жүктеу: Бала әлем аясында

Абдикадирова Лаззат Казтаевна

Жамбыл облысы

Қаратау қаласы М.Әуезов орта мектебі

Мақсаты:

баланың бойындағы қажетті дағдыларды,адами құндылықтарды,әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру,дамыту

Күн тәртібінде

1.«Бала әлем аясында». Отбасындағы ата-ананың рөлінің маңыздылығы .

2.Ұйымдастыру мәселелері

“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың етене құқығы әрі міндеті”

Қазақстан Республикасының Ата Заңының

27-бабы

Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді.

Ата-ана келеңсіз жағдайларда өзін қалай ұстау керек?

-Баланы түсінуге тырысу;

-Сеніміне қолдау жасау;

-Бәрінің өткінші екендігін түсіндіру және тыныштандыру;

-Жиі мақтап жаман ойлардан арылту;

-Кейімеу,жазаламау;

-Өмірін жақсартып,оны жақсы көру;

-Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру:

-Қорқынышты фильмдер мен шығармаларға уақытша шектеу жасау;

БОЛМАЙДЫ:

-Ашулануға,ренжуге;

-Үнемі бақылап қорқытуға;

-Жазалауға;Қол көтеруге

-Арына,намысына тиетін сөздерді айтуға

Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе…
1- кеңес.

Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқаларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. « Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі»-дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.

2-кеңес.

Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.

3- кеңес.

Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.

Қорытынды.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет …

Назарларыңызға  рахмет!

Жүктеу: Бала әлем аясында

 

Рейтинг: 0
+2

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *