Қазақтың бұлбұлы

13 ноября, 2015 11:41

Жүктеу: Қазақтың бұлбұлы — Қазақша слайдтар

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақтың бұлбұлы»

Мақсаты: «Қазақтың бұлбұлы» атанған Күләш Байсейітова өмірі жайлы әңгімелей отырып, шығармашылығымен таныстыру,оқушыларға әуелеп салынған әннің құдіреттілігін сезіндіру,өнерге дегнен сүйіспеншіліктерін арттыру. Қамшының сабындай ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен әнші өмірін үлгі тұту.

Еліміздің атақты өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыппен таныстыру

Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, топтастыру,сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекіліктері: Өнер жұлдызы Күләш Байсейітованың суреттері, бүктеме,слайдтар,сызбалар.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу; оқу – құралдарын, сабаққа әзірліктерін тексеру.

II.Психологиялық дайындық.

Үлкеге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеміз біз.

Тәрбие сағатының жүрісі:

 І.   Мұғалімнің кіріспе сөзі. 

Оқушылар бүгін біз белгілі өнер қайраткері, опера әншісі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.

 

уайцБайсейтова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы  1912-1957 жылдар аралығында өмір сүрген. Байсейітова Күләш Жасынқызы қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің  негізін салушы, қоғам қайраткері.

Күләштің  әншілік  өнерге  бейімділігін  жас  кезінен – ақ  байқала  бастаған. Оның  бойындағы  қабілеттің  ұшталуына  ән мен  күйге  жүйрік  әкесі  Жасынның  да әсері  зор  болды.  Ақтоғайдың  түлегі.    1928 жылы Алматы педагогика техникумын  бітірді.  1930 ж. Қазақтың  тұңғыш   драма  театрының  группасына  қабылданды. Күләш  сахна   өнерінің  қыр – сырына қызыға  ден  қойып,  кешікпей – ақ  театрдың белді  артистерінің  қатарынан  көріне  бастайды.

 

увКүләштің әкесі — Бейісов Жасын, анасы — Зибажан,

қызы — Қарлығаш, жұбайы — Қанабек.

Алматы қаласы. 1938-1939 жж.

 

вс Қанабек (Күләш  Байсейітованың  жұбайы)

Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен қатар махаббат тақырыбына құрылған «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты эпостың жырлары кең тараған. Көптеген жазушылар мен композиторлар осы шығармаларды негізге ала отырып, әдеби – музыкалық шығармалар жазған.

Композитор Е.Г.Брусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде «Қыз Жібек» операсын жазған. Қазақ классикалық операсының тұңғыш туындысы «Қыз Жібек» арқылы Күләш қазақ халқын дүниежүзіне танытса, Жібек ариясы қаршадай қазақ қызын шығармашылықтың шыңына көтерді. Е.Брусиловский қазақтың бірінші операсы «Қыз Жібекті» Күләшқа арнап жазған еді. Күләштің орындауында Жібектің гәккулеткен жоқтауын тыңдаған жұрттың көзі еріксіз жасқа толатын. Опера ең алғаш рет 1934 жылы орындалды.

Операны ең алғаш Күләш Байсейітова орындады.

цвы             вфы          ывчы

Күләш  Қыз  Жібек,             Күләш —  Ақын  Сара            Күләш пен Манарбек

Қанабек   Төлеген  рөлінде                                                «Жалбыр» операсында

 

1934 жылы Қазақ музыкалық театрының әншісі болды.

Ол Жібек, Ақжүніс, Сара,Пүліш, Еңлік, Айман, Шұға, Хадиша, Айша, Ажар, Наргиз, Зере партияларын ойнаған. Бұлбұл, Гауһартас, Қазақ вальсы, Гәкку әндерін, Жалбыр, Ер Тарғын, Алтын астық, Гвардия алға, Терең көл операларын орындаған

 

Небәрі 24 жасында сол кездегі ең жоғарғы марапат – Еңбек Қызыл Ту орденін алды. Тіпті, «КСРО Халық әртісі» деген жоғары атаққа ие болды.

мывя                                                  ивычяыц

«Халық артісі» ордені                        1948-49  жылдары екі мәрте екінші

дәрежелі Сталин сыйлығы

 

Бұл – 1936 жыл еді. Яғни, Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы Онкүндігінде ол бұлбұлша сайрады. Бүткіл Кеңестер Одағының құлағы Күләшта-тын. Өйткені, Күләш Байсейітованың дауысы – құйқылжыған, қайталанбас керемет үн. Бүгінде бұл сөзімізге дәлел жетерлік. Қазақ радиосының «Алтын қорында» оның  шебер орындауындағы 65 әні қалды.

 

4 музыкалық  хабар  және бар. Тыңдап отырып, қайран қаласыз. Солардың ішінде, әсіресе, Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі» – Күләш Байсейітованың өз үні, мәңгілік дауысы сияқты.

Алматыда Күләш Байсейітова атындағы музыкалық училище,көше бар. 1980 жылдан бері қазақ әндерін орындаушылардың Күләш Байсейітова атындағы республикалық бәйгесі 4 жылда 1 рет өткізіліп тұрады.

« Гәкку» әні. Орындайтын: Мекенбаева Н. Қ.

 

Күләш Байсейітованың негізі 4 қызы болған. Қазіргі кезде 2 қызы Раушан мен Қарлығаш өмірде бар, Алматы облысында тұрып жатыр.

Күләш  Байсейітова  өзінің  соңына не  қалдырды?  “Гәкку”, “Қазақ вальсі” сонау 40-шы жылдан күні-бүгінге дейінгі ұрпақтың құлағынан кеткен жоқ. Дегенмен біртуар әншінің ғұмыры қысқа болды. 45 жылдық өмірінде өшпес із қалдырды.

авы    авыв    пвачвы

Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры (Астанада, 2000 жылы берілді)

ыавв

Шығыс  бұлбұлы Күләш Байсейітованың 2007 жылы ашылған ескерткіші.

Күләш Байсейітова атындағы Шың (Алатауда, биіктігі 3450 м);

Алматы, Қарағанды , Талдықорған, т.б.  қалаларда,  Ақтоғай  ауданында Күләш  Байсейітова  есімімен  аталған  көшелер, кітапханалар  берілген.  Сонымен  қатар  Балқаш  қаласында  да  көше бар.

 

 

 

упкувк432 цуа433 4цас

Балқаш  қаласындағы  көше

Күләш Байсейітова туралы Шара Жиенқұлова, Сара Латиева, Қанабек Байсейітов, Қарлығаш, Раушан Байсейітовалар, С.Исаев, т.б. көптеген зиялылар жазған естелік-кітаптар;

цаы куцу укцауцу и пвкц4

 

Күләштің орындаған әндері.

  1. Е. Брусиловский. “Қыз Жібек” операсынан Жібектің әні “Гәкку”.
  2. Е. Брусиловский. “Қыз Жібек” операсынан Жібектің жылауы.
  3. Е. Брусиловский. “Қыз Жібек” операсынан Жібектің ариясы.
  4. Е. Брусиловский. “Жалбыр” операсынан Халдишаның ариясы “Сәулем-ай”.
  5. Е. Брусиловский. “Жалбыр” операсынан Халдишаның ариясы “Жай қоныр”.
  6. Е. Брусиловский. “Жалбыр” операсынан Халдишаның әні”Арман-ай”.
  7. Е. Брусиловский. “Ер Тарғын” операсынан Ақжүністің ариясы.
  8. Е. Брусиловский. “Ер Тарғын” операсынан Ақжүністің әні.
  9. Е. Брусиловский. “Ер Тарғын” операсынан Ақжүністің әні “Шіркін-ай”.
  10. А. Жубанов, Л.Хамиди. “Абай” операсынан Ажардың ариясы т.б.

 

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен  қала күні қарсаңында Алматыда КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ опералық өнерін қалаушылардың  бірі Күләш Байсейітованың 100 жылдық мерейтойына орай бұлбұл әншіге еңселі ескерткіш тұрғызылды.

к4кам к5епм

Мүсінші: Тілеуберді Мелдешұлы

Ескерткіштің  биіктігі 3,5 метр.

Қорытындылай  келе  Күләш  Байсейітова  « Қазақтың   бұлбұлы» деген аты ешбір артығы  жоқ,  дабыры  жоқ  лайықты  алынған. Күләш  Байсейітова  қазақ  еліне емес бүкіл  әлемге әйгілі  болды.  Ұлттық  мінез құлықпен  әлем өнерінен  сусындаған  ондай  талантар  қайталана бермесі  хақ. Күләш  Байсейітованың  әндерін  құрметтеп  бағалап  жүрейік

«Кім көп біледі?» Өнер туралы мақал- мәтелді кім көп біледі?

  1. Өнерлі өрге жүзер.
  2. Өнерлінің өрісі кең.
  3. Өнер бар жерде – жан күйер бар.
  4. өнер алды – қызыл тіл.
  5. Өнерлінің қолы алтын.
  6. Асыл тасқа бітеді, өнер жасқа бітеді.
  7. Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік.

Бекіту сұрақтары:

  1. Күләш Байсейітова қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  2. Күләш қандай рөлдерде ойнағанын білдіңдер?
  3. Күләштың орындаған әндері
  4. К.Байсейітованың ән-күйге әуес болып өсуіне кімдердің ықпалы болған?
  5. Ол «Қыз Жібек» операсын қай жылы орындады?
  6. Оның отбасы жөнінде не білдің?

Қорытынды.

Күміс көмей, бұлбұл үнді әнші Күләш Байсейітова  небәрі 24 жасында КСРО халық артисі атанған тума талант иесі. Атақ-даңқы дүркіреп тұрған 45 жасында Мәскеудің Пекин қонақ үйінде жұмбақ өліммен қайтыс болған тұлғаның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі ұланғайыр. Шынайы дарын иесіне деген халық ықыласы ешқашан суыған емес.

 

Балқаш қаласы, Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4

арнайы мектеп-интернаты КММ А.К.Жумашкина,мұғалім-дефектолог.

Жүктеу: Қазақтың бұлбұлы — Қазақша слайдтар

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля