Мейірімділік

16 января, 2017 13:42

Дебатка катысатын спикерелер:

10а –

10б –

 

Сарапшылар: 10 сынып оқушылары

ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқы­на Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назар­баев бала тәрбиелеу – болашақ­қа ең үлкен инвестиция деп атап көрсетті. Де­ген­мен бүгінгі біз өмір сүріп жатқан қо­ғамда «жетім», «тастанды», «жесір» де­ген түсініктердің көбейгені ащы шын­дық. Ата-баба салтына көз салсақ, жетім­ді жы­латпаған, жесірін далаға тас­тамаған халық екендігіміз анық.
Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым-қатынас мейірімнен бастау алады. Ал адам­­ға сүйіспеншілік, мейірімділік, қай­ы­рымдылық – ең әуелі әркімнің отбасы­нан басталады. Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адам­­дар арасындағы сыйластық, кең пей­ілділік, жанашырлық, ізгі ниет секіл­ді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адам­­ның жоғары адамгершілік белгісі ре­тінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шады­ман тір­шілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. «Мей­ірім­ділік махаббат, қайырымдылық, адал­дық секілді ақ жүректен шығады». Қа­зақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейі­рімділік адамдар арасындағы адам­гер­шілік, ізгілік пен ізет­тілік, имандылық пен инабаттылық секіл­ді асыл қасиет­термен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн бабамыз «кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең – мейірім­ділік көре­сің» деп мейірімділікке зор мән берген.
«Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығында да терең мағына бар. Мейірімділіктің шуағын ең бірінші анадан аламыз. Себебі бала үшін бәрін жиған, бала үшін бәрін қиған, адам ба­ласына ой берген, сана берген, ақыл бер­ген – ана. Баласын алтыным, асылым деп, аман бол­сын деп күні-түні бала­сы­ның қамын ойла­ған ана жүрегі не деген құдіретті, жаны неткен мейірімді. Ана – әлемдегі ең мейі­рімді жан. Алайда қазір отбасына, балала­рына жүрек жы­луын сыйламақ түгілі зұ­лым­дықты бо­йына дарытып, баласын жы­латып тастап кеткен аналар қаншама? Ал ананың жүрек жылуын, ыстық махаб­батын көр­меген баладан не күтеміз? Ана жылуын көрмесе еліміздің болашағы болар аза­матымыз қайдан болсын? Ана­ның аялы алақанын көрмеген сол баланың жүре­гіндегі зұлымдықты жеңу үшін мейі­рім­ділік көп болуы керек. Бейбіт өмірдің өзінде елімізде мыңдаған жетім балалар бар. Түсінігімізге жат жетім балалар үйі­нің саны өкінішке қарай, күн санап өсуде. Қо­ғамның дертіне айналған бұл мәсе­ленің шешімін табу кім-кімді болса да ойлан­дыруы қажет.
Ата мен ананың мейірімінен бейбіт күнде айырылған бейкүнә сәбилер біздің қолдауымызға зәру. Ғасыр дертіне ай­нал­ған бұл мәселемен жұмылып жұды­рық, бірігіп білек болып күресуіміз қажет.
Қорытынды:

Өмірде жасалған бір тамшы мейірім­ділік жинала келе жылғаға, жылғадан өзенге, өзеннен теңізге айналады. Сол теңізден мейірім тамшысы әрбір балаға жетіп жатса ұлтымыздың ертеңі айқын, болашағы анық болмақ.

 

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы,

Жаңақазан ауылы,М.Жүнісов атындағы ЖОББМ.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля