Сабақтың тақырыбы:Алдаркөсе мен салт атты

16 января, 2017 11:07

Сабақтың мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып саналатын аңыз туралы түсінік беру,мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру; Әзілдің де адам өміріне тигізетін маңызын ұғыныдыру.

  1. Аңыз туралы алған білімдерін дамыта отырып, сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
  2. Өмірде адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ болуға, өтірік айтпауға, адамдарды алдамау сияқты қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, «Кілттік сөздер» әдісі,талдау-жинақтау, сипаттау, көрнекіліктік, проблемалық ситуация;

Оқыту технологиясы: Блум таксономиясы,тірек сызбалар,сөзжұмбақ,түрлі әдістер,ой-толғаныстар,ішкі

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірме парақшалар.

Психологиялық дайындық:

Мынау менің- жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым –ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

(ендеше жақсы істерді осы қолымызбен атқарайық,жүрегімізбен сезейік)

Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабақтағы әңгімені мазмұндау;

Мағынаны тану

Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбын анықтап алу үшін мына ойын ойнайық: «Іздер» ойыны

Әр аңның ізіне бір сұрақ жасыру.

  1. Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
  2. Аңыз дегеніміз не?
  3. Қандай аңыз адамдарды білеміз?
  4. Алдаркөсе туралы не білесіңдер?

5.Қандай аңыз әңгімелер өттіңдер?

«Кілттік сөздер» әдісі

Әр топқа парақшалар таратамын.Берілген тірек сөздер бойынша әңгіме құрап айтады.

Алдар,жаяу келеді, салт атты, кездеседі, байдың сұрағы, байды алдау,алдауыш ала дорба, үйде қалды,алдаған деген осы.

Оқулықтан әңгімені оқып салыстыру.

-Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз адамдардың бірі – Алдаркөсе қандай адам еді? (оқушы пікірін тыңдау)

— Оның аты неге Алдаркөсе болған?

-Себебі, Алдаркөсенің әкесін бай адамдар алдап кете беріпті. Әкесі өте аңқау, сенгіш, қолы ашық адам болған екен. Ашынған әкесі Алладан ұл тілепті. Өйткені оның баласы болмаған екен. Сөйтіп жүргенде ұлды болып, баланың атын Алдар деп қойыпты.»Менің байларда кеткен өшімді алып берсе екен» деп тілепті. Шындығында Алдар өскенде байлардың қарапайым адамдарға жасаған қиянатын көріп, оларды алдаудың жолын қарастырыпты. Ол есейе келе оған сақал мұрт шықпапты. Сол себепті Алдар атына «көсе» деген атты қосып, Алдаркөсе атаныпты.

— Тарихта өзіндік орны бар, кедейге жаны ашып, тапқан-таянғанын соларға беретін өте жомарт, аңыз адамның бірі – осы Алдаркөсе.

Ой толғаныс

1-топтық тапсырма:

1-топ. Жаңылтпашты оқы. Жатқа айт. Ұлттық киімдер туралы әңгімеле

Киген тоны –

Оңды тон,өңді тон

2-топ. Жаңылтпашты оқы. Жатқа айт. Тон дегеніміз не?

Сенсең,

Бейсенде бар сеңсең тон,

Сейсенде бар сеңсең тон,

Кигендері өңшең тон.

3-топ. Жаңылтпашты оқы. Жатқа айт. Ішік дегеніміз не?

Үш кісі ішік пісті,

Бес кісі ішік пішті,

Қанша кісі ішік пішті?

Сергіту сәті:

Алдаркөсенің әніне билеу

 «Ойлану,талқылау» әдісі

2- топтық тапсырма

1-топ. Алдаркөсеге мінездеме беріңдер.

2-топ. Байға мінездеме беріңдер.

3-топ. Аңыздан не үйрендің?

Рефлексия

Кестені бағдаршам түстеріне қарап боя

 

 

Оқушының аты

Қызыл

Түсінген жоқпын

 

 

.

Сары

Жақсы түсіндім

 

.

Жасыл

Бәрін түсіндім

.

 

 

 

 .

.

.

 

— Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не ұнады? Не ұнамады?

Үйге тапсырма беру:

Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін мәтін мазмұнын сахналауға дайындау)

Бағалау.

Топбасшы бағалауы,топтық бағалау.

5

Автор публикации

не в сети 8 лет

asyl

1
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 29-11-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля