Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

3 февраля, 2017 16:22

Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі, педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:

“Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы” делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны  оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылымы.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті”, – деп анықтайды.

Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың  М.М.Поташник ұсынған критерийлері:

  • елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;

мектептің дамуы туралы мемлекттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;

  • қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
  • педагогикалық озат тәжірибе;
  • мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
  • мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.

Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:

  • алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
  • жүйелілігі;
  • тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.

Оқытудың қазіргі  технологиялары еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері (Ш.Т.Таубаева мен Б.Т.Барсай бойынша):

  1. Ынтымақтастық педагогикасы.

Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік тұрғысынан қарау мен оқыту мен тәрбиенің бірлігі болып табылады.

Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

Ÿ балаға жеке ізгілік қарым-қатынас;

Ÿ дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені;

Ÿ тәрбиелеу тұжырымдамасы;

Ÿ қоршаған ортаны педагогикаландыру;

  1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)

Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.

Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:

Ÿ жазу-сөйлеу қарекеті;

Ÿ математикалық пайымдау, математикалық түсіну;

Ÿ әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;

Ÿ өзге тілді меңгеру;

Ÿ рухани жетілу т.б әдістері;

Ÿ ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;

Ÿ оқыту арқылы тәрбиелеу.

  1. Ойын арқылы оқыту технологиясы

Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.

Мазмұнының ерекшелігі-білімдік, танымдық, шығармашылық, репродуктивтік. Әдістері-пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік.

  1. Проблемалық оқыту технологиясы

Мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.

Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

Әдістеменің ерекшелігі: алдын-ала белгіленбеген, кенеттен;

Ÿ проблемалық мазмұндау;

Ÿ эвристикалық;

Ÿ проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабороториялық жұмыс;

Ÿ проблемалық жан-жақты эксперимент;

Ÿ мәселені проблемалық шешу;

Ÿ проблемалық ситуация (ойын түрінде)

5.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша)

Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру мен жеке мәліметтеріне (әлеуметтік) қарамастан, барлық баланы оқыту және оқытуды жеделдету

Мазмұнының ерекшелігі:

Ÿ материал ірі мөлшерде енгізіледі;

Ÿ материалды блокпен топтау,

Ÿ оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау.

Кеңестік дәуірде жеке пәндерді оқыту үрдісінде өз заманында оқытудың жаңаша бір әдістемелік жүйесін қалыптастырып, оқытудың жаңа технологиясын мектеп өміріне белсенді түрде ендіріп, оқушылардың білім сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуге қол жеткізгендердің бірі  донецкілік математика пәнінің мұғалімі Виктор Федорович Шаталов болып табылады.

В.Ф.Шаталов оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа оқу материалын игеру алдымен мұғалімнің оқу материалының мазмұнын толық түсіндіруі және оқушылардың оны белсенді түрде тыңдауы  түрінде өтіледі. Сонан соң оқушылар мұғалім үлестірген тірек сигналды, парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) шығармашылық жұмыс орындау және т.б. жүзеге асырылады.

Мұғалімнің оқушылардың өтілген оқу материалын қаншалықты сапалы меңгергендігін бағалау мақсатындағы  оқу тапсырмаларын сұрауы да сол сияқты В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын — оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды бәсең дауыспен магнитофонға ауызша айту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тындау және бағалау — міне, осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың кажеттігін тудырды.

Оқушыға сынып алдында қате жауап беріп, қысылу, өзінің білімсіздігін жұрт алдында көрсету оңай емес.Сондықтан В.Ф.Шаталов өз оқушыларына мұғаліммен бетпе-бет отырғызып, бәсең дауыспен сабақ айтқызған немесе одан да оңайы — оқушыға өз жауабын магнитофонға жазғызған. Білім деңгейі төмен оқушы өзінің магнитофонға жазғанын мүғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабында қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінін жақсы біледі. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететін оқушыларға қаншама рухани күш береді.

Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В. В. Давыдовтьң зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.

Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізеді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.

Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56—60%) болады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз.

Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысты.

 

Назарова Шынар Талғатқызы

Атырау қаласы. Атырау энергетика және құрылыс

колледжінің билогия және химия пәні оқытушысы

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля