Әлемде мейірімділік бар ма? — Дебат

16 января, 2017 12:07

Категории:
Метки:

Приобрели: 59 раз

Бесплатно В корзину

Дебат

Мақсаты: Оқушылардың жан дүниесіне адамгершілік құндылықтарды, ізгі ниетті, танымдық ой қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға әлемде мейірімділік бар екендігі туралы түсініктерін дамыту;
  • Оқушыларға адамның жүрегі мейірімділікке толы болу керектігін ұғындыру;
  • Оқушыларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу;

Жоспар

  • Топтардың таныстырылуы, спикерлер тағайындау;
  • Мұғалімнің сөзі;
  • Спикерлердің сөзі (3 минуттан)
  • Жақтаушылардың сөзі;
  • «Мейірімділік әлемі» атты коллаж дайындау;
  • Сарапшылардың сөзі;
  • Бейнероликтер көру:
  • Қорытынды;

 

Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым-қатынас мейірімнен бастау алады. Ал адам­­ға сүйіспеншілік, мейірімділік, қай­ы­рымдылық – ең әуелі әркімнің отбасы­нан басталады.

Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адам­­дар арасындағы сыйластық, кең пей­ілділік, жанашырлық, ізгі ниет секіл­ді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адам­­ның жоғары адамгершілік белгісі ре­тінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шады­ман тір­шілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

«Мей­ірім­ділік махаббат, қайырымдылық, адал­дық секілді ақ жүректен шығады»

 

Ж.Баласағұн бабамыз «Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең – мейірім­ділік көре­сің» деп мейірімділікке зор мән берген.

«Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығында да терең мағына бар. Мейірімділіктің шуағын ең бірінші анадан аламыз. Себебі бала үшін бәрін жиған, бала үшін бәрін қиған, адам ба­ласына ой берген, сана берген, ақыл бер­ген – ана. Баласын алтыным, асылым деп, аман бол­сын деп күні-түні бала­сы­ның қамын ойла­ған ана жүрегі не деген құдіретті, жаны неткен мейірімді. Ана – әлемдегі ең мейі­рімді жан.

  • Алайда қазір отбасына, балала­рына жүрек жы­луын сыйламақ түгілі зұ­лым­дықты бо­йына дарытып, баласын жы­латып тастап кеткен аналар қаншама?
  • Ал ананың жүрек жылуын, ыстық махаб­батын көр­меген баладан не күтеміз?
  • Ана жылуын көрмесе еліміздің болашағы болар аза­матымыз қайдан болсын?

 

Қорытынды

Өмірде жасалған бір тамшы мейірім­ділік жинала келе жылғаға, жылғадан өзенге, өзеннен теңізге айналады. Сол теңізден мейірім тамшысы әрбір балаға жетіп жатса ұлтымыздың ертеңі айқын, болашағы анық болмақ.

 

Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

2 комментария

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля