Қызылорда колледжінде кіші Ассамблея орталығы жұмыс істейді

9 февраля, 2015 9:30

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай  М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде «Достықта жоқ шекара» атты  көшбасшы жастардың этно-мәдени сауық кеші өтті. Бұл туралы колледждің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдени шараның ерекшелігі — колледждегі көшбасшы жастардың бұл кешті өз бастамаларымен, белсенділіктерімен, заманауи идеяларымен ұйымдастырғандығында.

Іс-шараның басты мақсаты: «Біз достыққа сенеміз!» — деген ұранмен колледжде білім алып жүрген өзге ұлт өкілдерінің басын қосып, этносаралық толеранттылық мәдениетін  қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» ұғымындағы достық пен татулықтың маңыздылығын айшықтау болып табылды.

 Қазақта «Отаны бірдің — тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Сыр елінің де татулық пен бірлікті сақтауда қосар үлесі мол. Батыр қыз атындағы білім шаңырағында да бірнеше ұлттың өкілдері білім алуда. Ассамблея жылына орай оқу орнында алғаш рет кіші Ассамблея орталығы ашылды. Кіші Ассамблея құрамында өзбек, түрік, шешен, татар, орыс, әзірбайжан, тәжік, чуваш, кәріс ұлттары бар.

Колледжде білім алып, қазіргі таңда өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан   Тамара Бицеева — «Шетел тілі» бөлімінің түлегі. Қазіргі таңда Тамара Жалағаш ауданының  Аққұм ауылындағы № 38  А. Бисенов атындағы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуде.

Максим Тимошенко- «дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алып, қазіргі таңда «Евразия» спорт кешенінде жүзуден нұсқаушы қызметін атқаруда. Осы түлектер іс-шараның басты қонақтары болды.

Бұл кездесуге колледж студенттерінің ата-аналары ШТ-М-13 оқу тобының ІІ курс студенті Минулина Камиланың анасы Минулина Рита Равильқызы және ББ-С-12 оқу тобының студенті Манбаева Екатеринаның анасы Гафарова Наталья Борисовна  да қатысты. Камиланың анасы Рита Равильқызы: «Бұл колледжде білім алу үшін менің қызыма барлық жағдайлар жасалған. Осында басқа тілдерді үйренумен қатар компьютерлік бағдарламаларды да игерді. Камила өз достарымен бірге қазақ тілінде,  татар тілінде ән айтады. Қазақ тілінде таза сөйлеп, ағылшын тілінде эссе жазады. Болашақ педагогтарды тәрбиелеудегі еңбегі үшін колледж директоры Әлима Жақыпқызына рахмет айтамын. Бейбіт заманымыздың арқасында балаларымыздан зор үміт күтеміз»,- деген ізгі ниетін білдірді.

Кештің арнайы қонағы «Славяне» этно-мәдени орталықтың өкілі: Мария Бусыгина: «Жеке тұлғаның толерантты өсуіне «Славяне» этно-мәдени орталықпен тығыз байланысу көп ықпал етеді. Бұл залда бірнеше өзге ұлт өкілдерінің студенттері жиналып отыр. Сіздер болашақ педагог ретінде жас ұрпаққа дұрыс бағдар беріп,  біздің ұлтаралық достығымызды сақтауларыңыз қажет, міне, осы бағыттағы жасап жатқан ұлағатты тірліктеріңізге дән ризамыз. Сіздер білім алып жатқан М.Мәметова атындағы колледжде барлық жағдайлар жасалған, сондықтан осы мүмкіндікті барынша пайдалана біліңіздер», — деген ойлары барлық қатысушы жастарды жігерлендіріп, өз білім ордасына деген мақтаныш сезімдерін арттырды деуге болады.

Этно-мәдени сауық кеші «Жігер» тобының орындауындағы «Алға Қазақстан» әнімен аяқталды.

inform.kz

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля