ФОТОРЕПОРТАЖ: Парадтың тарихи және заманауи бөліміне қатысатын әскери техникалар дайындыққа кірісті

  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11

20 апреля, 2015 18:33

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа дайындық қарқынды жүруде. Доңғалақты және шынжыр табанды техникаларды жүргізу бойынша іс жүзіндегі даярлық басталып кетті. Жеке мен кіші топ құрамындағы жаттығулардан кейін жауынгерлік машина жүргізушілері алаңда ауқымда іс-қимылдарды пысықтауды бастады.

Механикаландырылған лектердің жаттығуы кезінде парадқа қатысатын барлық 230 әскери техника көрсетіледі. Бұрын айтылғандай парад екі– тарихи және заманауи бөлімді қамтиды.

Парадтың тарихи бөлімінде әскери техникалар легін Т-34 танкісі бастап, ЗИС-2 зеңбірегі, ЗиЛ-157және М-30 гаубицасы, танымал БМ-13, РС-30 «Катюша», атақты «Максим» пулеметі,РБД (Дегтяревтың қол оқшашары) ППШ (Шпагиннің пистолет-оқшашары)легінен құралған құрама жалғастырады. Парадта әскери техникалардың заманауи бөлімін қарумен басқарылатын Т-72 Б танкісі бастайды. Сонымен қатар алаңға танктерге қолдау көрсетіп әскери машиналар «Солнцепек», жаяу әскерлер әскери машиналары, БТР-82 бронды транспортерлері, Д-30 гаубицалар, «МСТА», КамАЗ автокөліктері, «Тигр» бронды машина, «Кобра» жауынгерлік барлау көлігі және соңғы жылдары қазақстандық армия қатарына алынған қару-жарақтар мен қазіргі заманғы әскери техникалар өтеді.

ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының қару-жарақ бойынша орынбасары полковник Асылбек Сатыбалдинов парадтың техникалық құрамы бірыңғай механизм болуы тиіс деп атап өтті.

Осы орайда жүргізушілерден жоғарғы деңгейдегі шеберліктерін көрсетуі, сондай-ақ бұйрықты естуі мен бағынуға үйренуі, нақты уақыты мен өзінің қозғалыс жылдамдығын білуі талап етіледі. Астанаға осы мақсатта парадқа қатысу үшін әскери бөлімдерден ең үздік мамандар келді.

 

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля