ҰБТ өзгермейді

13 мая, 2014 22:49

Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру жүйесінде еш өзгеріс орын алмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.

«Биыл бірыңғай ұлттық тестілеу жүйесі өзгермейді. Біз тест өткізуге толығымен дайынбыз. 155 орын дайын тұр. Қазіргі уақытта оқу бітірушілердің 70 пайызы тіркелген. Яғни, биыл мектеп бітіретін түлектердің 70 пайызы тест тапсыратын болады», — деді ол.

Өз кезегінде Үкімет басшысының әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық бірыңғай тестілеу Министрлер кабинеті отырысында қаралатындығын айтты.

«Бұл мәселе бойынша келесі апта ішінде арнайы үкімет отырысы өтетін болады»,-  деді вице-премьер.

Inform.kz

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля